Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануын көрсету Білімділік



Дата25.12.2016
өлшемі48,42 Kb.
#4340
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы (лексикалық тақырыбы: Қала

Грамматикалық тақырыбы: Көмекші есімдер)

6 - сынып

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануын көрсету
Білімділік: Менің қалам тақырыбы төңірегінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Осы тақырып бойынша өткен сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдану. Көмекші есімерді дұрыс қолдана білу.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау, тыңдай білу қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: сөздік қорды молайту, байланыстыра сөйлеу қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру, жазу, тыңдау, топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлері, карточкамен, суретпен жұмыс.

Пәнаралы қ байланыс: әдебиетпен.

Көрнекілігі: жаңа сөздер, карточкалар, қала суреттері, сабаққа байланысты тест (көмекші есім) сұрақтары.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме! Құрметті мұғалімдер,оқушылар! Сабақты бастауға рұқсат етіңіздер. (тақтада сабақтың тақырыбы, күні жазылған)

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қайталау сабағы», яғни өткен модуль бойынша қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты: осы модуль бойынша алған білімдеріңді көрсету.

- Қазір нешінші сабақ?

- Екінші сабақ қай сабақ?

- Қазір жылдың қай мезгілі?Қыс айлары?

- Бүгін нешінші желтоқсан?

- Желтоқсанда қандаай мереке, мейрам болды?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Кеше аптаның қай күні болды?

- Ертең аптаның қай күні болады?

-Ауа – райы қандай?

- жердің үстінде не жатыр?

-Балалар үстінде деген сөз қандай есім деп аталады?

-дұрыс көмекші есім

-тағы қандай көмекші есімдерді білеміз?

3 мин.

1.Тіл дамыту кезеңі: модульді оқып үйрену барысында біз жаңа сөздермен таныстық. Енді көмекші есімдерді қайталап, еске түсіреміз.

(фонет жат)Қайталаңдар: Көмекші есімдер (тақтадағы сызба бойынша)

-үсті, үстелдің үсті, алды, лицейдің алды, жаны, кітапхананың жаны, сыныптың іші, асты, орындықтың асты, арты, үйдің арты, қасы, лицейдің қасы, сырты, үйдің сырты, маңы, ауылдың маңы.

(сөдермен жұмыс)

--Ленаның жанында кім отыр?

-Настяның артында кім отыр?

-Коляның алдында кім отыр?

-Мұсаның қасында кім отыр?

-партаның үстінде не жатыр?

-қаламсауыттың ішінде не бар?

-Сыныптың ішінде кім бар?

-Оқушының портфелінің ішінде не бар?

-Әр оқушы алдында, артында, жанында кім отырғанын айтады.(диалог)

-Лицейің сыртында не бар?(аула, футбол алаңы, ағаштар) Рахмет, жақсы жауап бердіңдер. 5 мин

-

  • Тапсырма. (Аудирование) балалар, қазір Максим қазақша әңгіме айтады, сендер түсініп орысша аударасыңдар. Мәтіннен көмекші есімді табу керек. Максимнің әңгімесі.(Алтын қасық)Тыңдаңдар!

3 мин

-Мәтін не туралы?(мазмұнын орысша айту)

- Көмекші есім мәтінде бар ма?(менің алдымда)

Яғни, бүгін сабақта көмекші есімдермен жұмыс істейміз.

Рақмет, қазір сергіту сәтін өткіземіз. Тұрыңдар!(сергіту сәті)

Оңға, оңға түзу тұр

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Біз де батыр болайық

Отырыңдар, рахмет!

Біз қазір топпен жұмыс істейміз.(топтағы оқушылардың атын айту)
1- топ « »

2- топ « »

3-топ « »

2. Топпен жұмыс. (құм сағатын пайдалану)

  • Тапсырма: (Қаланың суреттері таратылады)

Сурет бойынша әңгімелеу (Әр оқушы сөйлем айтуы тиіс, көмекші есімді пайдаланып айту) Сендерге 2 минут уақыт беріледі.(компьютерде жәй музыка ойнайды ) жауаптары тыңдалынады. 2мин



  • Тапсырма: «Менің қалам» туралы диалог құрастыру (58 бет)



( жауабын тыңдау) 4 мин



  • Тапсырма: Тұрғын, адам,оқушы сөздеріне жіктік жалғауын жалғауын жалғау. Сөйлем құрастыру.

2мин


  • Тапсырма: Жаны, қасы сөздеріне тәуелдік жалғауын жалғау 2мин

Сөйлем құрастыру


  • Тапсырма: «Лицейдің алды, «қаланың іші» сөзін септеп, сөйлем құрастыру керек.

( Неше бала болса, сонша жауап болу керек) 4мин

3.Қорытындылау

- Сонымен қандай көмекші есімдерді біз білеміз?

4.Үй жұмысы: Күнделіктеріне міндетті түрде жаздыру.

(Орысша да айту) Көмекші есімдерді пайдаланып қала туралы әңгіме құрастыру.

(бағаларын айтып үлгеру, күнделікке міндеті түрде бағасын қою.)

1 – мин.

5.Рефлексия: (таратып беру)

- Бүгін саған сабақ ұнады ма?

- Саған не ұнады?

  • Маған бәрі ұнады.

  • Маған ойын ұнады. 2 мин

Сабақтың соңында: Құрметті ұстаздар келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Сабақ аяқталды. Сіздерге көп рақмет


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет