Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту Түрі: саяхат сабақ



Дата27.12.2016
өлшемі13,27 Kb.
#5341
  • Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру
  • Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту
  • Түрі: саяхат сабақ
  • Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Power Point бағдарламасындағы слайд, карта, үлестірмелі қағаздар, жануарлардың суреттері, қайшы.
  • Ойынның шарты:
  • Әр топ белгілі бір түстермен берілген әріптермен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген сөз құрастырылады. Әрбір тапсырманы орындаған соң жеңіске жеткен топ өз әріптерін Еуразия картасына орналастыру қажет. Саяхат соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады және қай түстегі әріптер картада көбірек болса, сол топ жеңіске жеткен болып саналады.
  • Ұ – Дала жануарларын әңгіме желісі бойынша орналастыру
  • Л – Жол, сауда, базар, ақша жөнінде мақал-мәтел
  • Ы – қала (Испиджаб)
  • Ж – Тауарларын өткізу
  • І – қала (Тараз)
  • Б – Дәмдеуіштерді анықтау
  • Е – қала (Отырар)
  • К – ұлттық киім үлгісін көрсету
  • Ж – қала (Баласағұн)
  • ООю-өрнек ойып, мәнін түсіндіру
  • Л – қала (Яссы, Түркістан)
  • Ы – Ұлттық ойын ережесін таныстыру
  • Жаздың аптапты ыстық күндері сырттай қарағанда даладан ешбір тіршілік нышанын байқай алмайсың. Анда – санда бұта түбінен пыр етіп ұшқан бозторғай мен аспада қалықтаған бүркіттен басқа ештеңе көзге түсе қоймайды. Сонымен қатар даланың нағыз сәні – дуадақ.
  • Шөл даланы мекендейтін тасбақа, кесіртке, тышқан, саршұнақ, қоян сияқты жануарлар азықтың құрамындағы ылғалмен сусындайды. Құлан, бөкен, сияқты желдей жүйрік жүретін жануарлар суды жер-жерді шарлап, іздеп, тауып ішеді.
  • Иен даладан түлкі, қарсақ, қасқыр сияқты жыртқыштарды да кезіктіруге болады.
  • Бір көпестің сауда сапарын ортағасырлық Шығыс ақыны Фирдауси былай деп суреттейді:
  • Таңдаулы мыңға жуық түйе тізген,
  • Жүк артқан келе жатыр бай керуен.
  • Жүз жирен түйесіне дирхем артқан,
  • Тағы да қырық түйе динар артқан.
  • Мускус пен таңдаулы алой теңдері бар,
  • Қызықтырып сәндікпен жібектер сал.
  • Осыларды Шын мен Мысыр, Иран сатып,
  • Керуенге ерген отыз түйе алған артып.
  • Ия, керуен жолдары, базар алаңдарындағы сауда мен ақша айналысы бізге тек ақындар мен жазушылардың шығармалары арқылы ғана емес, өмірден түйген ойлары халық даналығы - мақал-мәтелдер түрінде де жеткен.
  • Әлем айнасы – Шығыс базарларында түрлі халықтардың өкілдері бір-бірімен түсінісу үшін тілмаштарың көмегіне жүгінген. “Жеті жұрттың тілінбіл, жеті түрлі білім біл” деген мақал осы кезеңнен туындаған болса керек.
  • Олай болса, жол, базар, сауда, ақша жайлы мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндігімізді сынап көрелік.
  • Зерттеушілер қала топонимінің этимологиясына байланысты соғды тілінен алынған “Ақ су” деген мағынаны ұсынады.
  • Кейінірек, М.Қашғари былай дейді: “әл-Мәдине әл Байда”.
  • Бз-дың І-ХІХғ аралығында өмір сүрген бұл қала тарихи-археологиялық нысанның бірі ретіде “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасына енді.
  • Ірі қалалық орталық болған бұл қала алғаш 629 жылы Сюань Цзянның сапарнамасында “Ақ өзен бойындағы қала” ретінде аталады.
  • Испиджаб
  • Ұлы жібек жолында қызықты жайлар көп, бастысы базарлар еді. Шығыста базар басты тіршілік орталығы болып табылды.
  • Тіпті көшелер де базарларға келіп тірелетін. Базадан небір тауардың түрін кезіктіруге болатын: шыны, жібек, айна, ыдыстар, әр түрлі асыл тастар, кілемдер, алтын-күміс әшекейлер, жасмин суы ...
  • Бұлардың бәрін санап, атау мүмкін емес еді.
  • Таңның атысымен көпестер өз тауарларын жайғастырып,
  • осыншама заттарын тұтынушыға жеткізу үшін мақтай жөнелетін.
  • Сіздерге мынадай тапсырма,
  • кез келген 2 тауарды таңдап алып,
  • оны сатып алатындай етіп мақтауларың қажет.
  • Бұл қала жазба деректерде VІ ғ бастап белгілі. VІІғ өзінде-ақ қала Ұлы Жібек жолының торабындағы орталық ретінде маңызды роль атқарған. 568 ж түрік қағаны Дизабул Иштемидің қол астындағы осы қалаға Византия императоры ІІ Юстинианның Земарх Киликийский басшылық еткен елшілігі келген.
  • Қала алдымен Түргеш, кейін Қарлұқ қағанатының орталығы болған.
  • Тараз
  • Көпестердің тауарларының ішінде экзотикалық хош иісті заттар – жасмин суы, амбра иіс майы, кардамон астатымы, мускат жаңғақтары, сонымен қатар женьшень, дәрі дәрмек, киім-кешек, бояулар, бағалы асыл тастар, қару-жарақтар тб заттар болған.
  • Шығыс қалалары Батыс пен Солтүстікте кездесе бермейтін дәмдеуіштерімен атақты еді.
  • Сондықтан да сіздер жұмулы көзбен иіскеу арқылы дәмдеуіштердің қай түрі екенін анықтауларың қажет.
  • Керуен жолдарының түйіскен жерінде орналасқан бұл қаланы VІІІ ғ араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд” дет атаған.
  • Отырар
  • Мұндай Отырарлық тәрізді өркениет із түзсіз кетпейді. Мамандардың есептеуі бойынша мұнда ширек миллион халық тұрған. Базар алаңдарында жиналған әр түрлі халықтың киімдерінде өзіндік ерекшеліктер де болған.
  • Сіздер осы базар алаңдарында келіп сауда жасайтын ұлттардың біріне тоқталып, олардың киім үлгілерін көрсетулерің қажет.
  • Қаланың аты алғаш рет салжұқ уәзірі Низам әл-Мулуктің дерегінде аталады. Х ғ аяғында Әл-Макдисидің дерегі бойынша “игі жақсылығы көп үлкен елді-мекен”.
  • 1218 ж бұл қаланы моңғолдар соғыссыз басып акіріп, ол “Гобалық” – “жақсы қала” деген атау алады.
  • Баласағұн
  • Ортағасырлық қолөнер бұйымдары – құмыра, сырсандық, майшамдар, зергерлік бұйымдар, киімдер, ат-әбзелдері тб заттар әлем қалаларына тарап жатты. Бұйымның қай елдікі екенін шебер өнімдерінің сапасынан ғана емес, тек сол еле тән ою-өрнектері арқылы білуге болатын.
  • Сіздер қазір ұлттық оюды өрнектеп, оның мағынасын түсіндірулерің қажет.
  • Парсы саяхатшысы Рузбихан дерегі бойынша “қалаға тауарлар мен қымбат бағалы бұйымдар әкелінетін, сол жерде саудаласты және ол қала көпестердің жүктерін жан-жаққа таратып, саяхатшылар тобын алыс елдерге аттандыратын орын болған”
  • ХVІ-ХVІІІ ғ қазақ хандарының резиденциясы болған.
  • Бұл қалада сопылық жолмен жүрген, белгілі ақын, дін уағыздаушысына ХІVғ оның мүрдесінің үстіне Әмір Темір бұйрығымен ұлағатты кесене салынды.
  • Яссы, Түркістан
  • Біз тағы да қаланың жұмыс орталығы базар алаңына келіп жеттік. Базарларда тек сауда жасалып қана қоймай, жылдамдықты, ептілікті шыңдайтын сайыстар өткізіліп отырды.
  • 1
  • 2
  • 3
  • Жамбы ату
  • Көкпар
  • Ханталапай

Каталог: uploads -> doc -> 0514
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0514 -> Сабақ мақсаты: а білімділігі:


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет