Машығы бойынша есебі



бет1/7
Дата12.05.2020
өлшемі1,17 Mb.
#67367
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЕСЕП КШК


Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің

3п ҚМҚ тобы студенттерінің 13.01.2020 – 22.02.2020 жыл аралығында өткен дипломалды

машығы бойынша есебі.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің 3п ҚМҚ тобы 18 студент 2019-2020 оқу жылының 13.01.2020 – 22.02.2020 жыл аралығында 5-9 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дипломалды машығынан өтті. Машыққа кетер алдында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен әдіскерден әдістемелік нұсқаулар алып, дипломалды машығына үлкен дайындықпен кетті, яғни колледж базасында күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мен ҚМЖ (қысқа мерзімді жоспар) сабақ жоспарлары, сыныптан тыс шаралар алдын-ала даярланды.

Студенттердің 2-еуі қала мектебінен, 13-сі аудан мектептерінен өтсе және 3 студент басқа облыс мектептерінен машықтан өтті. Олар: Орал қаласынан А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ Қайыржанова Альбина және №46 ЖОББМ машықтан Мухитова Кенжегүл.

Казталов ауданы бойынша 2 студент- Ермекқалиұлы Н, Кушегалиев А. Сырым ауданы бойынша 1 студент – Мухатова Р. Теректі ауданы бойынша 4 студент- Аманбаева А, Барасова А, Мурадымов Б, Сундетова М. Жаңақала ауданы бойынша 2 студент- Қисымова Ә, Төлеу А.



Бөкей орда ауданы бойынша 1 студент- Дүйсенгалиева З. Ақжайық ауданы бойынша 1 студент- Маулетова А. Бәйтерек ауданы 1 бойынша студент – Құбаш Р. Қаратөбе ауданы бойынша - Мизамова Г. Маңғыстау облысы бойынша 1 студент – Есенбаева Ж. Атырау облысынан 1 студент – Досқалиева А. Ақмола облысы бойынша 1 студент – Хибатова Н машықтан өтті.

Машықкерлерге мектептің пән мұғалімдері және оқушыларымен тіл табысуында қиындық болған жоқ. Машықкерлер алдын-ала бекітілген кесте бойынша пән мұғалімдерінің күнтізбелік тақырыптық жоспарларына сәйкес өткізетін сабақ тақырыптарын алды. Топтағы 18 студенттің әрқайсына 44 сағат қазақ тілі, 36 сағат қазақ әдебиеті пәнінен сағаттары бекітілді. Жоспарланған сағат саны орындалды. Машықкерлер сабақ берген уақытта жауапкершілікпен жұмыстанды. Сабақтарын бір күн бұрын бекітіп отырды. Қолданған көрнекілік құралдары, топшамалары талапқа сай жасалды. Машықкерлер сабақ беру үрдісінде барлық элементтерді қамти алды, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту бағытында ауызша жаттығулармен қатар ойын элементтері, қосымша логикалық жаттығулар қолданылды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет