Мастер-класс сценариі тақырыбы: «Қазақстандағы ғылымның дамуы. Шоқан – көрнекті ғалым»



Дата09.12.2016
өлшемі56,92 Kb.
#3527
түріСценарий
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


РЭТ-13-2 тобының азаматтық патриоттық тәрбиеге байланысты



МАСТЕР-КЛАСС СЦЕНАРИІ

Тақырыбы: «Қазақстандағы ғылымның дамуы. Шоқан – көрнекті ғалым»

Куратор: Ныгиметжанова С.Қ.

Дайындаушылар: Ныгиметжанова С.Қ.

Оразалина М.Б.

Қарағанды 2014 ж.



Мастер-класс

«Президент және Жастар саясаты»
Жүргізушілер (Мақпал, Сатжан)

Өткізілетін іс-шаралар:

1. Мәнерлеп оқу (Айболат)

2. Слайд «Қазақстандағы ғылымның дамуы. Қазақстан ғалымдары» (Айсұлу, Жамбыл, Сәрсен Асқар)

3. Слайд «Шоқан-көрнекті ғалым» (Сая, Орал, Абай, Айдана)

4. Күй (Мөлдір)

5. Сөзжұмбақ шешу (Айнара, Қайырбекұлы Асқар, Дәурен)

6. Көрермендермен ойын (Зарина, Әсел, Руслан)

7. Ән, хор (Балнұр, РЭТ-13-2 тобы)

8. Сыйлықтарды табыстау



Сценарий

Көрнекі құралдар: слайд-презентация, бейнекөріністер, Шоқан Уәлихановтың фотосуреттері, энциклопедиялар, кітаптары, суреті, нақыл сөздер.

Куратор: Құрметті ұстаздар, университет кауымы мен студенттер! Бүгінгі «Қазақстан ғылымының дамуы. Шоқан – көрнекті ғалым» атты ашық кураторлық сабағымызға қош келдіңіздер!

Өзімді таныстыра кетсем, мен Телекоммуникациялар, Энергетика факультетінің РЭТ-13-2 тобының кураторымын (аты-жөнім). Топ студенттері өте белсенді, жан-жақты дамыған, университетіміздің қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласады. Оқу үрдісінде болып өткен келесі іс-шараларда жетістіктерге жетті:

- «Жастар Сарайында» 1-курстар арасында өткізілген «Дебют первокурсников» атты концертте белсене қатысты;

- «Жас Орда» өткізген дебатта – 3 орын;

Құрметті қауым, бүгінгі ашық сабағымызды «Шоқан көрнекті ғалым» деп атағанымыз тегін емес. Себебі, осындай ұлы адамдарымыздың еңбектерін паш етіп отыру, оларды еске алу ешқашан да артық етпейді.

Ендеше, келесі сөз кезегі студенттерге беріледі.


Жүргізуші 1: Армысыздар құрметті студенттер мен қонақтар. Бүгінгі біздің «Ш.Уәлиханов-көрнекті ғалым.Қазақстанның ғылымының дамуы» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!


Жүргізуші 2: Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді.

Жүргізуші 1: Орта ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және қолөнершілерімен ғана емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшілерімен, бай кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүниежүзіне мәлім болды.

Жүргізуші 2: Қазақстандағы ғылымның дамуына өзүлестерін қосқан, оның дамып, жетілуіне зерттеулер жасап, ой-пікірлерін білдірген ғалымдар жайлы, Мұхамедиева Айсұлу түсіндірмек. (презентация)

Жүргізуші 1: Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп,    адамдар дүниеден өтіп жатады.

Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады, іс қалады, сөз қалады демекші,- бүгін біз небәрі отыз жыл ғана өмір сүрседе, артынан мол із қалдырған қазақтың талантты да, көрнекті ғалымы ШоқанУәлиханов жайлы сөз етеміз.

Шоқан атамыздың өмірі жайлы, Әбжат Сая өзінің дайындаған презентациясы мен бейнекөрінісін ұсынбақ. Тамашалаңыздар! (презентация, видеоролик)

Жүргізуші 2: Шоқан Уәлихановтың балалық кезі жайлы, оның өнері,білімге деген тапқырлығын,ол кісінің Сібір кадет корпусындағы өмірі жайлы аз да болса, жетерліктей мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймын. Сонымен қоса, өз білгендеріңізді, түсінгендеріңізді айтып берсеңіздер...(Жамбыл «Суретші Шоқан, Сәрсен Асқар «қызмет жолы»)


Жүргізуші 1: Бәрекелді, сіздер де Шоқан атамыз жайлы аз білмейдіекенсіздер! «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» демекші, ендігі кезекті,әсем әуенге арнайық.

Күй: Сәкен Мөлдір, «Наркезген» күйі

Жүргізуші 2: Шоқан Уәлиханов - ұлы саяхатшы, суретші, тарихшы, әдебиетші,зерттеуші, географ, ойшыл, ағартушы – демократ, Европаға қазақ әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы. Айта берсек, сөз жетерлік емес. Шоқанның шығармашылығы, оның сапарлары жайлы ойларыңызды, өз білгендеріңізді айтып өтсеңіздер...(Орал «еңбектері», Дәурен «Психологиядағы көзқарасы», Айдана «Манас жыры»)

Мәнерлеп оқу: «Таң демалысына» атты туындыдан үзінді, Қойшыбай Айболат


Жүргізуші 1:

Шоқанның жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын. Ол кадет корпусында оқып жүргенінде, кейіннен ғылыми жолында да орыс достары аз болмады. Олар Шоқанның зеректігін, білімділігін жоғары бағалай білген.

Сол кездегі Шоқанның достары мен олардың Шоқан жайлы ойларын айтуға Шондыбаева Асель мен Нұрмағанбет Серікті ортаға шақырамыз.

Жүргізуші 2: Тамаша! Біз Шоқан жайлы бірнеше ақпараттар алдық, көрдік, өз ой-тұжырымдарымызды толықтырдық. Енді сабағымыз қызықты өтсін деп ойын жүргізсек.

Көрермендермен ойын: Ойынымыздың аты «Математикалық ойын». Екі топтан бір-бір баладан шықсын, қазір біз сіздерге сұрақ қойып есептер көрсетеміз, сіздер тезірек есепті шешіп жауабын айтуға тырысыңыздар.
1. Шоқанқаншажасынанбастап хат таныған?
(50 : 5) - (30 : 5) = 4
2. Шоқан кадет корпусынқаншажасындабітірді?
(57 - 50) + (7 + 4) =18

3. ҚайжылыШоқан М.М. Хоментовский басқарған әскери ғылыми экспедицияғақатысып, қырғызелін жете зерттеп, Ыстықкөлаймағыныңкартасынжасасады?

(410*5)-(582:3)=1856
4. Шоқаннешежасындадүниеденөтті?
(250 - 200) – 20 =30
5. Ә.Марғұлан Шоқанның еңбектерінқаншажылдықтойынаарнапқұрастырды?
(100 * 3) - (10 * 15) =150


Жүргізуші 1:

Енді екі топтың алғырлықтарын білу үшін сөзжұмбақ шешкізсек. Екі топтың да мүшелері қатысып, жауабын қолдарыңызды көтеріп айтып отырыңыздыр.

Жүргізуші 2: Сөзжұмбағымызды аяқтадық, енді сабағымызды қорытындылай келе, Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы күндері жайлы, ол жайлы тарих пәнінің кандидаттары мен докторларының ойлары айтылатын «Соңғы сұлтан» атты бейнекөріністі тамашалаймыз!

Куратор: “Сүйер ұлың болса, сен сүй”, деп Абай атамыз айтқандай, Шоқан қолпаш­тауға да, қошеметтеуге де тұратын, қалай мақтаса да сиятын, соған лайықты кісі; ортасынан ойы озған, қатарынан қалпы озған азамат. Ол мақтаудан бұзылатын жастан өткен. Бұзылмайды да. Артық айтып та жатқанымыз жоқ.

Мінекей осындай аса құрметті де, ардақты жандарымыздың есімдері өшпей, мәңгілікке жадымызда қалсын! Қазақ халқымызда Шоқандардай азаматтар көбейе берсін дейміз! Ендігі кезекте, тобымыздың атынан әсем әнді тамашалаңыздар! Әбдірәсіл Балнұр және РЭТ-13-2 тобының орындауында «Атамекен» әні.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет