Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу Үшбұрыштарды шешу деп, үшбұрыштың белгілі қабырғалары мен бұрыштарына сүйеніп белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табуды айтамыз.
Өткен параграфта біз бірнеше тік бұрышты үшбұрыштарды Пифагор теоремасын қолданып шештік. Бірақ ол үшбұрыштың тек қабырғаларын ғана байланыстырып тұр. Енді тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарын да байланыстыратын теңдіктерді қарастырамыз.