Математика пәнінде жеті модульді ықпалдастыра отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру



Дата18.02.2017
өлшемі57,38 Kb.
#9840
Математика пәнінде жеті модульді ықпалдастыра отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті, І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сейтжанова Лайла Базарбайқызы
Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу бұл білім берудегі басты мәселе болып табылады. Кезінде қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек» деп ескерткен. Осы ойды негізге ала отырып сабақтарымда оқушыларыма еркіндікті ескере, бағыт-бағдар бере отырып өткізуді ұйғардым. Бұл сабағымда Бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып жүргіздім.

«Функцияның графикпен берілуі. Есептер шығару» тақырыбында сабақ өткіздім. Бұл сабақтың мақсатын SMART-қа сәйкес жоспарладым. Сабақтың мақсаты: функцияның ұғымы туралы біліп, формуласын талдап, дербес жағдайларда функция кестесін пайдаланып функцияның графигін салып есептерді шығару. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: «Жасырылған сұрақтар», «Миға шабуыл», «Көктем келді, гүл терейік», «Семантикалық карта», «Графиктер сөйлейді», «Т сәйкестендіру кестесі», «Сатушы» ойыны. Бұл әдістерді таңдаған себебім топтық жұмыста диалог арқылы білім беру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, әр түрлі түсті шарларда жазылған 1, 2, 3 сандары арқылы оқушыларды топтарға біріктірдім. Топта оқушылар өздері топбасшыны, хатшыны, таймкиперді, бақылаушы рөлдерін бөліп алуды өздеріне тапсырдым.

Сабақты бастамас бұрын ынтымақатық атмосферасын қалыптастыру үшін «Шаттық шеңбер» әдісін пайдаландым. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздер білдіріп, сабақты жағымды көңіл-күймен бастады. Үй тапсырмасын тексеруде әр топта шардың ішінде өтілген тақырып бойынша сұрақтар және есептер берілген әр топ шарды жару арқылы сұрақтарды топпен талқылап жауап берді, есептерді жұп болып бірін-бірі тексереді.

Функцияның графикпен берілуі тақырыбына есептер шығару барысында диалог арқылы білім беру әдісін пайдаландым.

Сұрақ-жауап арқылы тапсырма ұйымдастырып оқушылар арасында диалогты пайдаландым. Диалог арқылы жабық сұрақпен қатар ашық сұрақты да пайдаландым. Сол арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыттым. Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастырдым. «Көктем келді, гүл терейік» ойыны арқылы оқушыларды белсенді әрекетке тартым. Яғни оқулық бойынша №1309-№1315 есептерді шығарды.

Тақырыпқа байланысты сергіту сәтін ойын ретінде ұйымдастыруды жөн көрдім. «Сатушы» ойынын ойнату арқылы оқушылардың функцияның тәуелділігіне байланысты сыни ойлауын дамыттым. «Сатушы» ойыны арқылы оқушылардың сатып алған затының функциясының формуласын жазып бергенде функцияналдық тәуелділікті жете түсінгенін білдім. Сатушы мен сатып алушы арасында сұрақтар қойылып және оған жауаптар қайтарылып формуланы өз дәрежесінде жазып бергенде оқушы мен оқушы арасындағы диалогтік оқыту өрбіді.

«Графиктер сөйлейді» әдісіне «бірлескен ой» идеясы арқылы оқушылар берілген тапсырманы орындап, шығару жолын түсіндіріп графигінің салу жолдарын қорғап түсіндіріп берді. Семантикалық карта әдісін қолдану барысында есептерді бірінші, қатесіз және бірнеше тәсілмен шығарған оқушылар көзге түсті. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен әдістерді және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнелеп отыр. Осы аталған мәселелерді мен сабағымда кіріктіруге тырыстым.

Бұл сабақта «Семантикалық карта» әдісі «Т» кестесі арқылы сыни тұрғыдан ойлауларына ықпал жасадым. Сергіту сәті бойынша «Сатушы» ойынында С деңгейіндегі оқушымның сыни ойлауда белсенділік танытқандығын байқадым.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Формативтік және суммативті бағалау арасындағы айырмашылық нақты анықталмаған. Дегенмен, білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.

Есептер шығару сабағымда стрелкалы стикер арқылы балл берілді. Оқыту үшін бағалауды ескеріп , ынталандару мақсатында саудаға заттар қойып оларды білімдері арқылы сатып алуды ұсынып отырдым. Мен оқушылар тақырыптырды қай деңгейде меңгергендігін анықтау мақсатында «Т» кестесі арқылы анықтадым. Оқыту үшін бағалауды ескеріп формативті бағалау жасап отырдым. Оқушылар өздерінің жауаптарын сыныптастарымен бөлісіп бірін –бірі үйретті. Осы «Т» кестесі арқылы жауабына қарап оқыту үшін бағалау жүзеге асты.

АКТ-ны пайдалану барысында мұғалімнің тарапынан берілетін тапсырманың барлығы компьютер арқылы жазылған. «Т» кестесін сәйкестендіру етіп алып сабақты қорытындыладым. Интербелсенді тақтадан үлгісін көрсетіп, оқушыларға кестені тараттым. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын , түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады .

Сабақта бағалау кезеңін тақтаға 3 флипчат ілінді стрелка стикері арқылы оқушыларға балл бердім көшбасшының көмегі арқылы. 6-7 баллдық стикер жинаса «5», 5-6 балл стикер жинаса «4», 3-4 баллдық стикер жинаса «3», 2-1 баллдық стикер жинаса «2» деген баға қойылды. Әдеттегідей сабақ соңында кері байланыс алдым. Онда оқушылардың ұсыныстары, сондай-ақ осы сабақ барысындағы эмоциялары жазылған. «Бізде әрқашан осындай сабақтар көбейсе», «Маған сабақ өте қатты ұнады», «Топпен жұмыс ұнады, себебі , әркімнің ойын білуге болады» , «Көптеген жаңа мәліметтерді жинадым» деген сияқты тілектер жазылыпты. Сонымен қатар сабақта оқушылар не білгенін және не білгісі келетіні туралы ойын жазып берді. Бұл арқылы оқушылар білім алуда қай сатыда тұрғандығын біледі. Ал, мен сол арқылы қандай деңгейде екенін түсінемін. Түсінбеген оқушыларға қөмек көрсетемін.

Бағдарламаның әдіс-тәсілдерін жан- жақты меңгеру арқылы сабақ өткізу оқушылардың зияткерлік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, сонымен қатар өзін - өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бағдарламаны сабақта қолданудың тиімділігі:

1. Оқушыларға ойланып- толғануға, ойын ашық айтуға мүмкіндік беріледі.

2. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

3. Оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау.

4. Оқушылар еркін атмосферада жұмыс істейді.

5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады

6. Кез- келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру.

7. Оқушы өз бетінше ізденуге дағдыланады

8. Сапалы тәрбие береді, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге дағдыланады.

Бағдарламаны сабақта қолдану – мұғалімге ұтымды болады, сабақты тиімді жоспарлауға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бұл әдіс- тәсілдер оқушыларға да тиімді, себебі олардың тақырып бойынша танымы, ізденісі кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясының өзгерістері үнемі енгізіліп отырса, болашақта білім сапасы көтерілетініне сенімдімін.

Не сәтті болды? Оқушылар топтық ережені сақтады. Диалогтық оқыту арқылы оқушылар өз ойларын еркін айтты. Топқа бөлу арқылы оқушылардың белсенділігі жоғары болды.

Не сәтсіз болды? Оқушыларды бағалауда мұғалім мен көшбасшының ғана болғандықтан ба балл бергенде жиынтық бағасын шығару қиынға соқты.

Нені өзгерткім келеді? Уақытты тиімді пайдалану. Оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан дамыту үшін сабаққа ашық сұрақтар дайындап келу керек.

Нені дамыта аламын? Ашық сұрақтар қою арқылы (өмірмен байланыстырып) диалог арқылы оқушылардың сыни тұрғыда дамыта аламын. Оқушылардың білім алуында формативті (қалыптастырушы) бағалауды басшылыққа аламын. Алдағы сабақтарымда оқушыларға жеке тапсырмалар беру арқылы және критерий арқылы жиынтық бағаны шығарамын.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

  2. Математика оқулығы 6 сынып

Каталог: materialy -> makala
makala -> С. торайғыров шығармашылығы дуйсебаева Жанар Канатовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Созақ ауданы, Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектебі
makala -> Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы
makala -> Ана тілі пәнінде интербелсенді оқытудың Қолданудың тиімділігі
makala -> Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
makala -> 1. Отан, туған жер туралы
makala -> Бөрібай Ұлбосын Арыс қаласы «Жиделі» жом қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көркем әдебиеттің өмір танытушылық маңызы
makala -> Нартаева Нилуфар Абдувахабовна
makala -> Кансеитова Алтынай Баглановна Төлеби ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау жом, бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы Игембаева Бибигул Сарсенбиевна білім беру ұйымдарында оқушылардың функционалдық шығармашылығын дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет