Математика сабағында «ҮШ Өлшемді әдістемелік жүЙЕ» технологиясын қолдану арқылы оқушы білімін арттыру жолдары



Дата27.02.2020
өлшемі33,87 Kb.
#59178
Байланысты:
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҮӘЖ
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҮӘЖ
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА «ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ БІЛІМІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

Шораева Нәзігай Оразқызы



Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің математика пәнінің мұғалімі

 

Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі-жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсарту болып табылады. Дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туады.

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту және  әр оқушыны дара тұлға ретінде қарастыру, қиыншылықтан жол тауып шығу, сыныпта, әрбір сабақта психологиялық ахуалды жақсарту, оқуға құштарлықты ояту және оқу мен тәрбиені ұштастыра білуде педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары екені даусыз.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.

Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі». Олай болса осындай технологиялардың бірі «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы.

Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы дегеніміз – оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технология үш деңгейде берілген. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік туады.

Сонымен қатар дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға толық мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен есте сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін білім сапасын дамытуға көмектеседі. Осыған орай сабақ барысында әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне қарай міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаймын. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады.



  1. Оқушылық деңгей:

1)      Жаттап алуға лайықты болу керек.

2)      Өткен сабақта меңгерген білімді қайталап пысықтау

3)      Жаңа тақырыптағы тапсырмалар өмірмен байланысты болуы керек

Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл бөлу керек.



  1. Алгоритмдік деңгей:

1)      Өткен сабақтағы оқу материалдарын жүйелеуге берілген тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырамаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдаланады.

2)      Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар.



  1. Эвристикалық деңгей:

Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.

1)      Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығаруға берілетін тапсырмалар

2)      Оқушылардың белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, икемділігін байқататын дүние жасауы (теорема дәлелдеп, заңдылықтарды қорытып шығарады).


  1. Шығармашылық деңгей:

1)      Олимпиада есептерін шығару

2)      Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындайды.

Демек, бұл тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

Күнделікті сабақ жоспарының барысын төмендегідей үлгіде жасаған тиімдірек.

 

Кезеңдері

Оқушыларға берілетін тапсырмалар

1-ұйымдастыру кезеңі

«Көпір»

тапсырмалары



Мақсаты:

а) Ұйымдастыру сәтін өткізу

б) Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды кім қаншалықты аяқтап келгенін тексеру әдісі.

в) жаңа тақырыпты меңгеруге қажет болатын өткен материалдарды қайталау

әдісі: сұрақ – жауап

формасы: жекеше, фронталды.

 


ІІ кезең  (топтық жұмыс)

Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары



«Білу»

тапсырмалары



Мақсаты:

 

а) Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу. Мазмұнын жұмыс дәптерінен қарау.



б) Мұғалімнің көмегімен а) пункітінде берілген жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды бірге талқылап, оқушылардың өзіне ереже, анықтамаларды қорытып шығарту.

«Түсіну»

тапсырмалары

 


Меңгерген теориялық білімдерін қарапайым мысалдармен бекіту сәті, яғни жаттығулар орындау, мысал-есептер шығару.

ІІІ кезең (жеке жұмыс)

Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау кезеңі



«Кері байланыс»Теория «Білу»

І деңгейдің есептері

Практика

Оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.

2 деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

«Түсіну» тапсырмалары

ІІ деңгейдің есептері

Практика

Оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.

3 деңгей (9 балл + 3 балл =12 балл)

«Жинақтау» тапсырмалары

ІІІ деңгейдің есептері

Бағалау

Жаңа тақырып бойынша дұрыс орындаған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілетіп отыру, сабақтың соңында жинаған ұпайларын қорыту, оларды  оқушылардың жеке журналына тіркеу, қалған тапсырмаларды үйде орындап келуге беру.

 

Бұл технологияны пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттері ашылады.

Бұл әдіс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне, сөйлеу шеберлігінің артуына оқушының өз бетімен жұмыс жасауына үлкен ықпал етеді және оқушының өзіне деген сенімі артады, үлгермей қалу үрейі жойылады.

—          Әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы шешіледі.

—          Оқушыны бағалаудағы әділетсіздікке жол берілмейді.

—          Оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру мүмкіндігі туады.

—          Оқушылардың мемлекеттік стандартқа сай білім алуы қамтамасыз етіледі.

Математика сабағында «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» әдісін қолдану жайлы мынадай қорытынды жасауға болады.

Қорытынды:

1)      Өз тәжірибемнен үлгерімі нашар оқушылардың өзі ең болмағанда «Оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеретініне көз жеткіздім.

Себебі, кез келген оқушы «оқушылық» деңгейдің тапсырмаларын толық, дұрыс орындамаса келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне-өзінің сенімі артады.

2)      Оқушының даму бағдары анықталып, өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптасады.

3)      Саралап деңгейлеп оқыта отырып оқушылардың орындаған тапсырмалары арқылы олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім оқу материалының оқушы үшін қай жері қиындық туғызғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы білім деңгейін арттыруға жағдай жасайды.

 

Ұсыныс:

1) Оқытудың қай түрін қолдансақ та ең бастысы – оқушыға деген сенім, сондықтан оқушының өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оған деген сенімді арттыру.

2) Жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.

Бұл айтылғандар жаңа педагогикалық технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқа да талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжірибемізден анықтай беретінімізге сенеміз.

 

 



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. 1.         Ж.У.Кобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру   (саралап деңгейлеп оқыту)

  2. 2.         Ж.Қараев Ж.Кобдикова. Технология негізінде педагогикалық жүйені модернизациялау мәселелері.

  3. 3.         «Математика және Физика» журналы  №2. 2011 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет