Математикалық пәндерді оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану 1



Дата22.03.2017
өлшемі31.85 Kb.
Математикалық пәндерді оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану

1Исмагамбетова И. Х., 2Орумбаева Н.Т.,

1КГУ «Гимназия города Балхаш»,

2Карагандинский государственный университет имени академика Е.А. Букетова, Казахстан

OrumbayevaN@mail.ru


Кейінгі жылдары оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып оқыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік Білім беру стандарты бойынша кең таралған. Мұндай оқыту оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырады [1,2].

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде қолданудың себебі – бір жағынан, оқытушының кең көлемді ақпаратты, бөлінетін сағаттар санына енгізу болса, екінші жағынан, оқу процессіне қашықтан оқыту сияқты оқытудың жаңа түрін енгізу болып табылады. Қашықтан оқыту білімнің қол жетімді болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік материалдар мен оқу құралдарын таңдауға ерекше көңіл бөліну қажет. Мұндай мәселені шешудің бір жолы – мультимедиялық көрсетілімдерді құру. Мультимедиялық көрсетілім – қазіргі ақпараттық технологиялардың даму кезеңінде нәтижелі әдістердің бірі деуге болады. Мультимедиялық технологиялары қолданылған компьютерлік көрсетілімдер оқу процессін жан-жақты жүргізуге мүмкіндік береді.

Мультимедиялық технологиялар – анимациялы компютерлік графикамен, мәтінмен және жоғары сапалы дыбыспен, қозғалыстағы бейнемен жұмыс жасауды қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологиялар.

Компьютерлік көрсетілімдерді қолдану тәсілдері бойынша екі топқа бөлуге болады: интерактивті сабақ жүргізу және жоба бойынша жұмыс жасау.

Алғашқысын сабақ барысына қолдану – әр түрлі объектілерді, фигураларды, графиктерді, диаграммаларды, туындының немесе интегралдың таблицаларын көрнекті түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Екінші топ – жоба бойынша жеке жұмыс жасау –бағытталған жекелеген оқытудың маңызды бір бөлігі болып табылады. Мұндай оқыту оқушы немесе студенттің шығармашылық белсенділігін арттырады, кредитті технология шарттарында өз бетімен ақпаратпен жұмыс жасауға, қажеттісін бөліп алуға, талдауға үйретеді.

Математика сабағында электронды оқу құралдарын қолдану математика сабағына деген қызығушылығын арттырады, сабақ барысындағы тәртіпті ретке келтіреді, оқушының зейіні мен есте сақтау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Оқытуды ақпараттандыру – оқушы мен оқытушының компьютерлік сауаттылығын талап етеді. Компьютерлік сауттылық деп, есептеуіш техника мен информатиканың негізгі ұғымдарын, компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін білуді, кейінгі операциялық жүйелерді меңгеріп, олардың негізгі командаларын қолдануды айтамыз.

Қазіргі мультимедиялық технологияларды тақырыпты жариялауда, материалды түсіндіру барысында, ақпаратты-оқыту құралы ретінде, білімді бақылау барысында қолдануға болады.



Тақырыпты жариялау – сабақтың тақырыбы слайдтарда жазылып, талданатын материалдың негізгі моменттері, мақсаты, міндеттері көрсетіледі.

Материалды түсіндіру барысында – қысқа мәтіндері бар мультимедиялық конспект-көрсетілімдер, негізгі формулалар, схемалар, суреттер, графиктер мен бейнелі үзінділер беріледі.

Ақпаратты-оқыту құралы ретінде – оқушылар немесе студенттердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыру барысында қолданылады.

Білімді бақылауда компьютерлік тестіледі қолдану оқыту процессінің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Тестілеу аяқталғаннан кейін оның дұрыс, әрі бұрыстығын білдіретін бейнелерді келтіруге болады.

Мультимедиялық технологияларды математика сабағында қолдану келесі оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:



  • білім сапасының жоғарылауына;

  • берілуге қажетті ақпараттың сиымды болуына;

  • пән аралық байланысты информатикамен, физикамен, сондай-ақ, басқа да пәндермен байланыстыруға.

Сонымен, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білім берудің сапасын арттыратын қазіргі заманғы оқу үдерісінің бөлінбейтін бір бөлігі және оны оқу процессіне қолдану заманның бірден-бір талабы екенін ескергеніміз жөн.
Литература

1. Панюкова С.В. Информационные и коммуникационные технологии в личностно ориентированном обучении. М.: ИОСО РАО - 2008.



2. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании. М., 2003-162 с.
Каталог: sites -> default -> files -> conf
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
conf -> Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін интеллектуалдық үрдіс
conf -> Математиканы оқытуда интербелсенді әдістемесінің Қолданылуы
conf -> Информатиканы оқытуда білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын интеграциялау әдістемесі
conf -> Білім алушылардың танымдылық белсенділігін электрондық ОҚулықтарды пайдалану арқылы арттыру
conf -> Co-teaching alesson in chemistry-nis aktobe рсымбетова А. У., Catalina Roncancio
conf -> Электронды тірек дабылдарын оқу процесінде қолдану тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет