«Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»



бет1/3
Дата21.04.2017
өлшемі458,88 Kb.
#14521
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

______ Г.Е. Берікханова

«___»________2013ж.

5B010900 «Математика» мамандығы бойынша

оқитын 3 курс студенттеріне арналған

«Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»

пәнінің оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

Семей - 2013
Құрастырған: _____________ п.ғ.к., профессор Е.Қ.Есенжолов

Кафедра отырысында бекітілді:


хаттама №____ «_____» __________ 2013ж
Кафедра меңгерушісі _________________ О.М. Жолымбаев

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында талқыланды:


хаттама №____ «____» ___________ 2013ж.
Төрайымы _____________ Қ.А.Батырова

1. ПӘННІҢ ОҚУ ПРОГРАММАСЫ – SYLLABUS
1.1 Оқытушы туралы мәлімет:

Есенжолов Ерғали Қабдоллаұлы – профессор, п.ғ.к.

Оқытушымен байланыс: № 3 оқу ғимараты, №226 аудитория.

1.2 Пән туралы мәлімет:

Атауы: «Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»

Кредиттер саны: 5-семестр – 3; 6-семестр - 3

Сабақтың өтетін жері - № 3 оқу ғимараты.

5В010900 мамандығы бойынша оқитын студенттердің оқу бағдарламасынан көшірме:



Курс

Семестр

Кредит

Дәріс сағ

Практ.

сағ


СОӨЖ


СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

3

5

3

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан

6

3

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан



1.3 Пререквизиттер: Студент мектеп математика курсының және математикалық анализ, алгебра және сандар теориясы, аналитикалық геометрия пәндерінің материалын және математикалық әдебиеттермен жұмыс істей білуі керек.

1.4 Постреквизиты: Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің мақсаты болашақта математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді нақты білімдермен, практикалық дағдылармен қаруландыру және студентердің педагогикалық ой-өрісінің дамуына көмектесу болып табылады. Болашақ мұғалімнің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды білуінің әдістемелері мен түрлерін меңгеруіне, оқушымен педагогикалық жұмыстағы қарым-қатынастың әртүрлі талаптарын меңгеруге оқушылардың математикалық ойлауын дамытудың әртүрлі әдістерін, әсіресе есептер шеше білудің әдістерін, теоремалар дәлелдеуге қойылатын әдістемелік талаптарды меңгеруі, сабақ өтуге қажетті әдістер мен тәсілдерді ұйымдастыра білуге үйрену.

1.5 Курс бойынша қысқаша мағлұмат: математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін үйрену арқылы орта мектептегі математиканы оқытудың әдіс-тәсілдері мен білік, дағдыларын меңгереді. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бағдарламасының маңызды міндеті – болашақ математик мұғалімдердің кәсіптік-педагогикалық дайындығын беріктеп, олардың алған теориялық білімінің қолдану аясын кеңейту, бұл білімдердің мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктеріне сай баяндалуы мен қалыптасуының тәсілдерін қазіргі студентке меңгерту болып табылады. Ол үшін орта мектепте математиканы оқытудың ғылыми негіздерін жан-жақты құрап, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны практикалық есептер шеше білуге қолдану қажет.

«Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» курсының мақсаты: орта арнаулы оқу орындары мен гимназия, физика-математикалық мектептерде, 12-жылдық мектептерде математиканы оқыту әдісі мен ұйымдастыру ерекшеліктерін оқыту, жоғары оқу орындарындағы математикалық пәндерді оқыту әдістерінің ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру. Бұл педагогикамен, психологиямен, философиямен, математикамен және т.б. байланыстарды үйрету мақсатын көздейді.

Курстың алға қойған міндеттері: сабақ өткізудің практикалық дағдысына ие болу, үй тапсырмасын тексеру әдістемесі, өзбетіндік жұмыс, жаңа материалды үйрену әдістемесі, өтілген сабаққа талдау жасаудың түрі және сабақтың барысын жазу т.б. Өтілетін сабақты жоспарлай білу, оған сабақ мазмұнына қарай оқытудың техникалық құралдарын қолдана білу. Стандартты және стандартты емес есептерді шеше білу. Орта және жоғары оқу орындарында сабақтан тыс жұмыстар: үйірме, олимпиада, математикалық кештер, жарыстар, ғылыми қоғамдардың жұмысын пәрменді түрде жүргізу және т.б.

2. САБАҚТЫҢ ГРАФИГІ
2.1 5-СЕМЕСТРГЕ АРНАЛҒАН КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыптың мазмұны


сағат саны

дәр

пр

СОӨЖ

СӨЖ

1

МОТӘ пәні, мазмұны, мақсаты, міндеттері; МОӘ-нің тарихы, қазіргі жайы, даму перспективалары.

1

1

1

3

2

Математиканы оқытудың ғылыми әдістері

2

1

1

3

3

Математиканы оқытудың дидактикалық принципі

1

1

1

3

4

Математиканы оқытудың әдістері

1

1

1

3

5

Математиканы оқытуды ұйымдастыру

1




1

4

6

Есептер математиканы оқыту құралы ретінде

1

1

1

3

7

Математиканы оқытудың дифференциациясы

1




1

3

8

Мектеп математикасының практикалық бағыттылығы

1

1

1

3

9

Оқушылар білімін бақылау және бағалау жүйесі

2




1

4

10

Мектеп математикасын жалпылау және жүйелеу

2

1

1

3

11

Оқыту технологиялары

1

1

1

3

12

Математикалық ұғымдар, анықтамалар және теоремалар

2




1

4

13

Сандық жүйелер

1

1

1

3

14

Теңбе-тең түрлендірулер

1

1

1

3

15

Мектеп математикасындағы теңдеулер мен теңсіздіктер

2

1

1

3,5

16

Есептеуді ұйымдастыру. Жуықтап есептеулер.

Жуықтап есептеулерді оқыту әдістемесі. (Шекара әдісі, қателіктердің шекара әдісі, жуықтап есептеудің практикалық тәсілдері).



2

1

1

3

17

Мектеп математика курсындағы функционалдық жолдар.

5-6 сыныптардағы функционалдық пропедевдика. Функция ұғымын енгізудің әртүрлі жолдары. Тоғыз-жылдық мектепте функция ұғымын енгізу әдістемесі. Функция қасиеттерін игеру әдістемесі. Табиғат пен техникадағы функциялар.



2

1

1

4

18

Тригонометриялық және кері тригонометриялық функцияларды оқыту әдістемесі.

Тригонометриялық және кері тригонометриялық функцияларды енгізу әдістемесі. Функциялар қасиеттерін оқыту, функциялар графиктері.



2

1

1,5

4

19

Тригонометриялық теңбе-теңдіктер.

Тригонометриялық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін оқыту әдістемесі

Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді, теңсіздіктерді шешу әдістемесі. Тригонометриялық теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу тәсілдері.

Кері тригонометриялық функцияларды қамтитын теңдеулер мен теңсіздіктерді оқыту әдістемесі




2




2

4

20

Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды оқыту әдістемесі

Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды енгізудің әртүрлі жолдары.

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қасиеттерін оқыту. Көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін оқыту әдістемесі.


2

1

2

4

Барлығы

30

15

22,5

67,5


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет