Мазмұндама -оқушының сөйлеу тілін дамытудың негізгі құралы



Дата17.06.2018
өлшемі14,1 Kb.
#42283
түріМазмұндама
Республика Казахстан

Павлодарская область Лебяженский район

с.Черное

ГУ «Потаниская средняя общеобразовательная школа»

Учитель казахского языка и литературы

Калиева Идалия Муллахматовна



Мазмұндама –оқушының сөйлеу тілін дамытудың негізгі құралы

Орыс тілде оқылатын мектептерде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы екі түрлі бағытта іс жүзіне асырылады. Осы уақытқа дейін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ болып келеді. Ал қазір тіліміз мемлекеттік мәртебе алып,күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында,өндіріс пен шаруашылықта,ғылымның барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану өрісі кеңейіп,іс қағаздарды қазақша жүргізіп жатқанда, мемлекеттік тілде тек ауызекі сөйлеумен шектелудің жеткіліксіз екені айқын байқалуда.Сондықтан ауызекі сөйлеумен қатар , сауатты жаза білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге арта түсуде,өйткені адам өз ойын жазбаша , сауатты , әдеби-көркем тілде жеткізе білгенде ғана , тілді толық меңгеретін болып саналады.Бұл нәтижеге жетуге көптеген жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері жүргізілуі қажет. Оқушылардың жазбаша тілін дамыту әдісі де жаңадан дамып келеді. Оқушылардың тілдік нормаларын айту,сөзді қолдану, сөйлем құрастыру біле отырып,жазбаша,ауызша өз ойларын жеткізуге,тілдік құралдарды қолдануға талпыну керек. Осыған байланысты оқушылардың тілін дамыту үш бағытта жүргізіледі : 1.Оқушының сөздік қорын байыту.Жаңа сөзбен толықтыру, сөздің мағнасын, қолдану аясын кеңейту.2.Қазақ тілінің әдеби нормаларын меңгерту. Бұлт сөздерді дұрыс айтуға, сөз тіркестерінің , сөйлем құрылысын білуге, сөз таптарының стильдік мүмкіндіктерін , синтаксистік құрылымын білуге дағдыландыру.3.Оқушының ауызша және жазбаша өз ойларын мазмұндауға үйрету.Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш сыныптан басталады.Тілдік жаттығуларды жазбаша түрде орындау оқушының жазбаша тілін дамытудың алғашқы басқышы деуге болады. Диктант түрлері жазбаша тілдің негізгі шартты белгісінің бірі болып саналады. Дегенменде оқушының тілін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен шығарманың орны ерекше. Әдетте мазмұндама оқыған мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуден басталады да жазбаша мазмұндауға ауысады.Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі арқылы көрінеді.Мазмұндама - сөйлеу жаттығуларының өте бір ұтымды түрі. Мазмұндама сөйлеуге, ойын екінші тілде білдіруге жаттықтырады.Сондықтан оқушы зер салып тыңдай білуге, айтылатын ойдың негізін аңғаруға,естігенін,оқығанын сөз сөзімен баяндап,әңгімелеп беруге және оларды ықшамдап жаза білуге үйрету - жазылым әрекеті арқылы сөйлеуді қалыптастырудың негізі. Оқушылардың жазу тілдерін дамыту ұзақ та , қиын жұмыс, оның нәтижесіне жету ең алдымен мұғалімге байланысты. Сабақта өткізілген әр түрлі жазбаша жұмыс түрлері мұғалімнің қиялы мен шығармашылық шеберлігіне , білім біліктілігіне байланысты. Сабақты түрлендіре, оқушыны өз пәніне қызықтырып, жазылым арқылы мемлекеттік тілді үйретуге баулу ұстаздың шеберлігіне байланысты.Әр сабаққа жан-жақты,кешенде түрде, әдістемелік тұрғыдан дұрыс пайдаланып, шәкірттеріне күнделікті білімді жүйелі , тиянақты меңгеруге зор жетістікке жеткізеді. Сондықтан жұмыстарымызды қазіргі қазақ тілін озық технологиялары мен әдістеменің барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып тәжірибеміз бен талантымызды көрсете білуіміз керек
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет