Мазмұндама және шығарма дәптері. Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жартыжылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек



Дата10.06.2017
өлшемі248,56 Kb.
#18436
Қазақ тілі дәптерін жүргізу тәртібі
Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларда 4 жеке дәптері болуы шарт.
- 2 жұмыс дәптері
- 1 сын жұмысы дәптері
- 1 мазмұндама және шығарма дәптері.
Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жартыжылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек:

Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2 сыныпта кіші жол дәптерлеріне, ал 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет. 3 сыныптың 1 тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған жөн.


Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- жазуы ұқыпты;
- 1, 2 және 3 сыныптың 1 жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол ортасынан жазылады;
- 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.
- Күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.

Қазанның тоғызы.


Қазанның 9-ы.

Сынып жұмысы


- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
- 1 сыныптың 3 тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу;
- Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала
бақа
барыс
- Сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- Мәтін азат жолдан басталады;
- Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- Талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- Ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.

Көркем жазу жұмыстары


Көркем жазуға әр сабақ сайын 5-7 минут бөлінеді. Тақтада түсіндіре отырып жазу үлгісі көрсетіледі. Көркем жазу жұмыстарының көлемі:
1-2 сыныпта-1-2 жол
3 сыныпта – 3 жол
4 сыныпта-3-4 жол
Тексерген соң мұғалім 3 жолдан аспайтын түзетуге бағытталған үлгі жазуды көрсетеді.
Бастауыш оқытуда 4 жыл бойына жүйелі түрде (міндетті) әріп элементтерін дұрыс қосуға бағытталған жүйелі жұмыс жүреді.
Сынып, үй жұмыстарын тексергенде дұрыс жазылмаған әріптерді түзетіп тұру қажет немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсету қажет. Бұндай әріптер мен әріптер байланысуын түзету жұмыстарын жазуға беру керек.

Сабақтағы сөздік жұмысы


Сөздік жұмыс әр сабақтың міндетті кезеңі деп саналады. Сөздік сын жұмысы аптасына 1-2 рет бақылау үшін жүргізіледі.
Сөздік сын жұмыстарының көлемі:
1 сынып – 3-5 сөз
2 сынып – 8-10 сөз
3 сынып – 10-12 сөз
4 сынып – 12-15 сөз

Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі


Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:
- Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;
- Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;
- Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;
- 1, 2 сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, сөз, сөйлем жазылады;
- 3-4 сыныптарда (дәптер шетіне) жазылады (/)- емлелік қате, (V) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;
- Баға тапсырманың сол жағына қойылады;
- Мадақтау жазуларын жазуға рұқсат;
- Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;
- 2, 3, 4 сыныптарда мазмұндамаларға, шығармаларға 2 баға қойылады;(журналдың 1 тор көзіне екі баға қойылады)
- Жазба жұмыс дәптерлері күнбе-күн тексерілуі керек;
- Қатемен жұмыс жасалынады;

Қазақ тілінен жазба жұмыстарының көлемі


Сын жұмысы мәтіндерінің мөлшері
1 сынып ------------- 2 сынып ------------ 3 сынып --------------4 сынып
І ж. ж. ІІ ж. ж. ----- І ж. ж. ІІ ж. ж. ------ І ж. ж. ІІ ж. ж. ------ І ж. ж. ІІ ж. ж.
10-12 15-20 ----- 30-35 35-40 -----40-50 50-65 ------ 65-70 75-80

Сабақтағы (1сыныпта) үздіксіз жазудың жалпы ұзақтығы 3 минуттан, 2 сыныпта 10 минуттан, 3, 4 сыныпта 20 минуттан болуы мүмкін.


Үй тапсырмасының көлемі сынып жұмысының 1/3 бөлігінен аспауы керек.
3 сынып жұмысының көлемі сын жұмысы көлемінен (+,-) 5сөз болуы тиіс.

Сын жұмысын бағалау мөлшері

Баға Жіберілген қателер мөлшері
1 сынып (ІІ ж. ж.), 2-4 сыныптар.
«5» Қатесіз орындалған жұмысқа, жазуы көркем, таза, анық, нормаға сай. Түзету (оқушы өзі түзеткен жағдайда) 2-ден артық емес;
«4» 2 қате, 2 түзету бар жұмыс үшін немесе 2 тыныс белгі қатесі;
Жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер ара қашықтығы аздап бұзылған.
«3» 2-3 емле қатесі, 2-3 тыныс белгі қатесі бар. (4 емле, 2 тыныс белгі немесе 5 емле, 1 тыныс белгісі) көлбеулік сақталмаған, кейбір әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
«2» Сын жұмысы жоғарыдағы талаптардан төмен жағдайда. Қате саны 6-7.
«1» Жұмыс өте лас, түсініксіз, ұқыпсыз жазылған жағдайда.

Қателер деп есептелмейтін жағдайлар:


- Сын жұмысы алынғанға дейін оқылмаған ережелерге сәйкес сөздер, тыныс белгілері;
- Келесі сөйлем бас әріппен жазылып, бірақ нүкте қойылмаса;
- Мәтін мазмұны бұзылмайтындай етіп басқа сөзбен ауыстыру жағдайы бір рет кездескенде;
- Тасымалдауда алдыңғы жолда сөздің бір бөлшегі келесі жолда қайталанып жазылса;
- Бір сөзді қайталап жазып қойса.

1 қатеге есептелетіндер:


- екі орфографиялық бірдей қате;
- ұқсас екі тыныс белгі қатесі;
- 2 өрескел емес қате;
Мысалы: орыындық, қаала тектес.

Өрескел емес қателер:


- Сөздегі әріптің екі рет қайталануы;
- Бір сөздің екі рет қайталануы;

Ескерту: бақылау сын жұмыстарын алғанда мұғалім бір орында тұрып оқу, жазғызу қажет. Әрі-бері жүріп, оқушылардың зейінін шашыратуға болмайды. Сөздерді артық қайталай беру де оқушының сауатты жазуына кері әсер етеді. Барлық жұмысты әдістемесін дұрыс сақтай отырып жазғызған тиімді.

Шығармашылық жұмыстарды бағалау мөлшері

2, 3 сыныптарда мазмұндама мен шығармаларда 1 баға мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін қойылады;(екі баға бір тор көзге қойылады)

Шығармашылық жұмыстарды бағалау

Мазмұны үшін:


«5»-автор мәтінін (мазмұндама) жүйелері дұрыс баяндағаны үшін қойылады. Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс. Сөздік қолданыста 1 қате жіберілген.

«4»-мәтіндегі негізгі ойды толық бере алған. (мазмұндама) Тақырып ашылған, бірақ та ойды жүйелі беруде аздаған кемшіліктер, мәліметтер беруде, сөз қолданыста кішігірім қателері бар. Сөздік қолданыста 3 қатеге дейін жіберілген.

«3»-мәтін мазмұнында ауытқушылықтар жіберілген (мазмұндама), тақырыптан алшақтаған, негізінен дұрыс қолданғанымен ойды жүйелі жеткізуде, 2-3 сөйлем құрылысында кемшіліктері бар. Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателері бар. Мәтін құруда және ойды жүйелі жеткізуде 5-тен аспайтын қателері бар.

«2»- қорытынды мазмұндама мен шығармаларға мазмұнынан көбірек алшақта, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң. Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате жіберілген.

Сауаттылығы үшін:
«5»- емле қатесі жоқ, тыныс белгіден қате жоқ, 1-2 түзету жіберілген.
«4»-2 емле қатесі, 1 тыныс белгі қатесі, 1-2 түзету жасалған.
«3»-3-5 емле қатесі бар, 1-2 тыныс белгі қатесі бар, 1-2 түзетулер жіберілген.
«2»-6-дан көп емле қатесі, 3-4 тыныс белгі қатесі, 3-4 түзетулер жасалған.

Мектептің бастауыш сатысында шығармашылық жұмыстар үйретушілік сипатта болады. Сондықтан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда ол оқушылармен мұғалім жеке жұмыстар жасауға міндетті. Өте төмен баға журналға қойылмайды.

МАЗМҰНДАМАЛАР жинағы 4-сынып

Диктант жұмысы.

 

 



Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен білім,білік дағдыларының меңгеруінің бағыттық нәтижесін зерттеу.

 

 



 

 

Жауын.

 

    Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді.Жарты аспанды бүркеп қалды.Күн күркіреді.Құйын соғып өтті.Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран-асыр үйіліп кетті.



    Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді.Найзағай жарқылдап,күн күркіреді.Жауын ағыл-тегіл құйын кетті.

    Ормандағы бүрі қалың,бұтақты шыршаны паналап тұру да рақат.Шыршаның панасы жанға жайлы,құп-құрғақ.

 

 

 



 

 

 



Грамматикалық тапсырмалар:

 

1.Сөз құрамына қарай талдау:



     Өзеннің, бұтақтардан, жапырақтар.

2.Фонетикалық талдау: жауын.

3.Сөйлем мүшелеріне қарай талдау:

     Жауын ағыл-тегіл құйып кетті.

 

 

 



 

 

 



 

                               Бағалау критериясы:

 

Сауат ашу:                                                               Грамматикалық тапсырма:

«5»-1 жеңіл қатеге.                                                         1-деңгей «3»

«4»-2ор.2пунк.немесе                                                    1-2деңгей «4»

1орфог.3пункт.                                                               1-3деңгей «5»

«3»-3-4орфог.4пункт.

  «2»-5-8орфог.



Қазақ тілі. 4 сынып.

Жат жазу.

 

Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен білім,білік дағдыларының меңгеруінің бағыттық нәтижесін зерттеу.

 

 

 



 

Ақбөкендер.

 

    Қысқы жайылымнан мың шақырым Сарыарқаға ақбөкендердің бір шағын тобы келіпті.



    Ақбөкендер шағын-шағын үйірмен таңертең және кешке жайылады.Ал күн қызған кезде көбінесе жатады.Ақбөкендер бір орында қимылсыз ұзақ жатпайды.Олар орындарынан көтеріліп,он-он бес минут тұрады да,қайтадан жату үшін жаңа орынға ауысады.Осылайша олар өздерін ыстықтан қорғайды.

    Ақбөкендер сексеуіл мен бұталы құмға қарай беттесе,жақында боран болады екен.

    Бораннан бір күн бұрын ақбөкендер паналайтын жер іздейді.Олар ауа райының бұзылатынын алдын ала сезеді.

 

 



 

 

 



 

Грамматикалық тапсырмалар:

І-деңгей.

1.Мәтіннің қай түрі.

2. 2-ші сөйлемдегі зат есім қай септікте тұр ?

3.Қарсы мәндес сөздерді тап.



ІІ-деңгей.

4.Мәтінге жоспар құр.



ІІІ-деңгей.

5.Қос сөздерді теріп жаз.

 

 

 



                               Бағалау критериясы:

 

Сауат ашу:                                                               Грамматикалық тапсырма:

«5»-1 жеңіл қатеге.                                                         1-деңгей «3»

«4»-2ор.2пунк.немесе                                                    1-2деңгей «4»

1орфог.3пункт.                                                               1-3деңгей «5»

«3»-3-4орфог.4пункт.

  «2»-5-8орфог.

 

Қазақ тілі. 4 сынып.



Жат жазу.

 

Мақсаты: зат есім,оның септелуі бойынша игерген білімдерін тексеру.

-сауаттылыққа төсілдіру.

-қайырымдылыққ тәрбиелеу.

 

 

 



 

Бөдене.

   


    Қыс суық.Ініміз екеуіміз жол жағалап келеміз.Кенет шиқ-шиқ еткен дыбыс естілді.Біз дыбыс шыққан жерге жақындадықБұл қанатымен қар сабалаған бөдене екен.Мен оны аяп кеттім.Қойныма тығып,үйге әкелдім.Оң қанаты сыныпты.Оны таңып қойдық.Бөдене күннен-күнге оңала бастады.

    Көктемге дейін үйде асырадық.Терезеден сыртқа қыт-қыттап қарай береді.Күн әбден жылынған соң,оны ұшырып жібердік.Бөдене қуанып,бізге алғыс айтып бара жатқандай болды.

    Ініміз екуіміз қол бұлғадық.

 

 



 

Грамматикалық тапсырма:

І-деңгей.

1.Қос сөздерді теріп жаз.

2.Атау септігіндегі сөздердің астын сыз.

ІІ-деңгей.

3. «Бөдене» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

4.Соңғы сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.

ІІІ-деңгей.

5.Мәтін түрін анықта.

6.Мәтінге жоспар құр.

 

 



 

                               Бағалау критериясы:

 

Сауат ашу:                                                               Грамматикалық тапсырма:

«5»-1 жеңіл қатеге.                                                         1-деңгей «3»

«4»-2ор.2пунк.немесе                                                    1-2деңгей «4»

1орфог.3пункт.                                                               1-3деңгей «5»

«3»-3-4орфог.4пункт.

  «2»-5-8орфог.

 

 

 



Қазақ тілі. 4 сынып.

Жат жазу.

 

Мақсаты: сөз таптары бойынша меңгеруге тиісті білім,білік,іскерлік дағдыларының нәтижесін тексеру;

-сауатты жазуға баулу;

-табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

 

 

 



Қаңтар айы.

 

    Қаңтар айында көптеген аң ұзақ ұйқыға беріледі.Ағаштың қуысына кіріп,алып жарғанат та ұйықтайды.Сарышұнақ,атжалман,суыр,қосаяқ сияқтылар өздерінің інін паналайды.Қар үстінде көзге түсе қоймайтын ақ тышқандар жорғалайды.Оларды аңдып жүрген сасықкүзен жем етеді.Балықтар да бұл кезде ұйықтап тұрады.Көксер-



ке балық ұйықтаған күйінде судың ішінде тұрады.Құстар күздігүні жылы жаққа ұшып кеткендіктен,аз болады.Олар қар қалыңдаған кезде жемді ауыл маңынан іздейді.

    Ал кейбір аңдар,мысалы,борсық,қоңыр аю,қыстың жылы кезеңдерінде анда-санда ұйқыдан тұрады.  (78 сөз)

 

 

 



Грамматикалық тапсырма:

 

І-деңгей.

1.Мәтінге тақырып қой.

2. «Жарғанат» сөзінде үгдестіктің қай қай түрі бар ?



ІІ-деңгей.

3. 3-сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.

4.Мәтіндегі негізгі ойды анықта,оны жаз.

ІІІ-деңгей.

5.Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жаз.

6. «Қалың» деген сөзді тіркестіре отырып,синонимдік қатар құра.

 

 



 

 

                               Бағалау критериясы:



 

Сауат ашу:                                                               Грамматикалық тапсырма:

«5»-1 жеңіл қатеге.                                                         1-деңгей «3»

«4»-2ор.2пунк.немесе                                                    1-2деңгей «4»

1орфог.3пункт.                                                               1-3деңгей «5»

«3»-3-4орфог.4пункт.

  «2»-5-8орфог.



Қазақ тілі. 4 сынып.

Мазмұндама.

 

Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру.

-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту.

-мейірімділікке тәрбиелеу.

 

 

 



 

 

Аналық жүрек.

 

 

    Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.



    Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай,еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.    

 

 



  Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек,үлпілдек,мамықтай,

жатсынбай,еміренген.

 

 

 



Мазмұндама жоспары:

1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.

2.Үйге алып келуі.

3. «Мамықтың» бауырына салуы.

4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазақ тілі. 4 сынып.

Мазмұндама.

 

Мақсаты: -жоспар бойынша мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру,мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.

 

 

 



 

 

Бұлақ басындағы оқиға.

 

    Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық.Бір күні папам,сіңілім Жанар үшеуіміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық.Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп.Қойды тоғытып болып,үйге қайтып келе жатқанбыз.Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.



Дыбысы аянышты шығады.Алғаш онша мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік.Байқасақ,бір лақ бақпаққа батып,тұра алмай талпынып жатыр.Папам екеуіміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті-басы батпақ-батпақ болыпты.Оны бұлақтың суымен жуып тазарттық.Біз Жанар екеуіміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қатты қуандық.  

 

 



 

  Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:қой тоғытуға,көк майса,батпаққа батып,

талпынып жатыр,ұйықтан шығарып алдық.

 

 



 

 

 



Мазмұндама жоспары:

1.Жайлауға бару.

2.Қой тоғыту.

3.Ешкінің бақылдаған дауысы.

4.Бақпаққа батқан ешкі.

5.Лақты ұйықтан шығару.

6.Қатты қуану.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақ тілі. 4 сынып.



Мазмұндама.

 

Мақсаты:мәтінді рет-ретімен баяндап жазуға машықтандыру;

-сөздік қорын дамыту;

-батылдыққа тәрбиелеу.

 

 

 



 

 

 



Қорқақтық жараспайды.

 

    Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады.Жаңбыр жауып,күн күркірегенде кірерге жер таппайды.Бірде күн бұлттанып,майда жауын сіркіреп жауа бастады.Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз.Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп,абыржи бастады.Ретін тауып ойыннан шыққысы келді.Сөйткенше болмай,аспан жарқ-жарқ ете түсті.Асанның зәресі ұшты,балалар ойынды тоқтатып,қақпаның жанында үйіріліп тұрды.Асанды найзағайдан қорықпауға,жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды.Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды.Қанша қорықса да,шыдауға бекінді.Біраздан кейін жаңбыр басылды.Ойын қайта жалғасты.



 

 

 



   Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: майда жауын,дегбірсізденіп,абыржи,

Үйіріліп тұрды,өткінші жауын,сабырға шақырды.

 

 

Мазмұндама жоспары:



1.Асанның қорқақ атану себебі.

2.Жауын басталғандағы Асанның дегбірсізденуі.

3.Асанның жарқылдаған найзағайдан қорқуы.

4.Ойынды тоқтатуы.

5.Асанның шыдамдылығы.

6.Жаңбыр басылып,ойынның жалғасуы.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қазақ тілі. 4 сынып.

Мазмұндама.

 

Мақсаты: сөздерді дұрыс қолдана отырып мәтін мазмұнын  дұрыс баяндап жазуға төсілдіру;

-сөз тіркестерін қолдану дағдыларын тексеру;

-жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

 

 



 

 

 



Аю мен бөрене.

 

    Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып,аузынан сілекей шұбырып,оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды.Қара күшіне сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді.Аюдың құлағы шыңылдап,басы айналды.



Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып,ағаштан ұшырып түсірді.

 

 



 

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тамсанып,сілекейі шұбырып.

 

 



 

Мазмұндама жоспары:

1.Аюдың бал арасына кездесуі.

2.Балға ұмтылған аю.

3.Аюға кедергі жасаған бөрене.

4.Аюдың ажалы.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ана тілі. 4 сынып.

Мазмұндама.

 

Мақсаты:жоспар бойынша мәтін мазмұнын,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;

-сөздік қорын дамыту;

- мейірімділікке,қамқорлыққа баулу.

 

 

 



 

 

 



Жолда.

 

    Бұзауымды өріске айдап тастап,үйге қайтып келе жаттым.Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп,тұра ұмтылдым.Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті.Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам,



жапырақтың арасында бұғып,көзі жылт-жылт етіп бүрісіп жатыр.Бұл-менен жасырынған түрі,Шыбын-жанын қоярға жер таба алмай дір-дір етіп,ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті.Таптап тастамақ болып көтере берген аяғымды кейін тартып алдым да,бұрылып жүре бердім.Кетіп бара жатып артыма қарасам,тышқанның баласы да жасырынған жерінен шығып,әрі қарай жорғалап барады екен.

 

 



 

  Түсіндірілетін сөзер мен  сөз тіркестері: жолдың жиегі,жан сауғалап,шыбын-жанын,мүшкіл халі,таптап.

 

 

Мазмұндама жоспары:



1.Өріске бұзау айлап баруы.

2.Қайтып келе жатып,тышқанның баласын көруі.

3.Оның жан сауғалауы.

4.Тышқанның аянышты халі.

5.Таптап тастамақ болған аяғын қайтып алуы.

6.Тышқанның жөніне кетуі.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ана тілі. 4 сынып.

Мазмұндама.

 

Мақсаты:мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру.



-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;

-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.

 

 



 

 

 



 

Емші құмырсқалар.

 

    Күн ыстық,көптен жаңбыр жаумай тұр.орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен,себет ала шыққанмын.Аралап келемін,ештеңе кезіге қоймады.Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді.Соған таяндым.Мұндай жерден ылғи да бір құбылыс-



тар ұшыратуға болады,үстінен тұстім.Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр.Бұл не ? Әлде жараланып,илеуге жығылған соң,құмырсқалар талап жатыр ма ? Байқаймын,олай емес.Қарға біресе бір жамбасына,біресе екінші жамбасына аунап түседі де,күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды.Құмырсқа жабыла таласа да,соған шыдап баққан тәрізді.

    Қара қарға онымен қоймай,құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып,қанатының астына тығады.Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да,бір бұтаққа барып қонды.Сонан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да,қауыр-

сындарын тарақтап болып ұшып кетті.

    Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады.Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл да,қан сорғыш насекомдарды жойып жібереді.

    Құмырсқа – құстардың нағыз емшісі.Бұл да табиғат қажеті.

 

 



 

  Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: алаңқай,құмырсқа илеуі,қан сорғыш насекомдар.

 

 

 



Мазмұндама жоспары:

1.Күн қандай ?

2.Қарға қайда аунап жатыр ?

3.Қарға құмырсқа илеуін не үшін пайдаланады ?

 

 

 



 

 

Ана тілі. 4 сынып.



Мазмұндама.

 

Мақсаты: мәтін мазмұнында сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастыру;

-сауатты жазуға төсілдіру;

-ұқыптылыққа,еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

 

 

 



 

 

 



 

Ақ тоқаш.

 

    Түс кезі.Екі дос мектептен қайтты.Қызу әңгімелесіп,тым көңілді келеді.Екеуінің қолында ішінде шұжығы бар ақ тоқаш.Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп,



қаужалап қояды.Қажыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап,сөмкесіне салып қойды.Ал Болат өзі тойғаннан кейін тоқашының қалғанын бір кескен шұжығымен жолға қарай лақтырып жіберді.Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп,

қуалай жөнелді.Нанды домалатып біраз жерге апарып тастады.Қажыкен досын қуып жетіп,оған ұрысты.Ағыл-тегіл байлық,мыңдаған адамдардың еңбегі,маңдай тері соны бағалай біліп,нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді.Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып,артта ілбіп келе жатты.

 

 

 



Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қаужалап,шұжығымен,қуалай жөнелді.

 

 



 

Мазмұндама жоспары:

1.Көңілді екі дос.

2.Ақ тоқаш пен шұжық.

3.Жол жиегінде «доп» болған нан.

4.Қажыкеннің ақылы.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ана тілі. 4 сынып.



Мазмұндама.

 

Мақсаты: жоспар бойынша мәтін мазмұныны,түсінгенін сауатты жазуға үйрету;

-сөздік қорын дамыту;

-қызығушылығын арттыру.

 

 

 



 

 

 



Алтын адам.

 

    Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.Балалар мұражайларды аралап,көп қызықтады,әсіресе археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.



    Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді.Археологтар табылған еңбек құралдары,ыдыстар,

әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп,немен шұғылданғандарын анықтап отыр.Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді.Онда жас ханзада-сақ жауынгерінің бастан-аяқ әдіптелген киімі қойылған.

Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың,құстардың,ағаштардың,

таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейленген.

    Осы жауынгер киімі Есік қорғанында екі мың жылдан астам уақыт жатса да,күні бүгінге дейін жақсы сақталған.  

 

 



 

  Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: археология мұражайы,экспонаттар,тайпа-лар жас ханзада-сақ жауынгері,әдіптелген,дулығасы,

кіреуке сауытын,көне зергер,Есік қорғаны.

 

 



Мазмұндама жоспары:

1.Балаларға қандай экскурсия ұнады ?

2.Мұржайдағы экспонаттар нені білдіреді ?

3.Қазақстан археологиясы нені анықтады ?

4.Балалар қай экспонаттың жанында ұзақ тұрды ?

5.Онда кімнің  киімі қойылған ?

 

 

 



 

 

 



 

 

Ана тілі. 4 сынып.



Мазмұндама.

 

Мақсаты: жоспар бойынша мәтінді ретімен жазуға төсілдіру;

-сауатты жазуға үйрету;сөздік қорын дамыту;

-білім-білік дағдыны қалыптастыру.

 

 

 



 

Алматы апорты.

 

    Алматы апортының өзіндік тарихы бар.Өткен ғасырдың орта шамасында Алматыға Орал уезінен Редько деген шаруа көшіп келді.Ол от-арбамен Алматыға бір жыл жол жүріп жеткен екен.Ол Оралда апорт алмасын өсірген.Соның бір жаз бұтағын құмыраға отырғызып,баптап-күтіп ала келеді.Алматы жеріне отырғызады.



Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашына айналып,жеміс береді.Бір ғажабы,жаңа қонысында біл апорт көлемі мен дәмі жағынан өзінің ата-мекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі.Сөйтіп,ойда жоқта апорттың жаңа сорты пайда болып,көбейтілді.Жер шарында Алматыдан басқа жерде мұндай апорт түрі өспейді.

 

 



 

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: Орал уезінен,Редько деген орыс,

апорт,сорт.

 

 

 



 

Мазмұндама жоспары:

1.Алматыға кім көшіп келді ?

2.Ол құмыраға отырғызып не әкелді ?

3.Жаңа қоныста ағаш қандай жеміс берді ?

4.Басқа жерде апорттың бұл түрі өсе ме ?

5.Сендер Алматы апортын жеп көрдіңдер ме ?

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ана тілі. 4 сынып.

Мазмұндама.

 

Мақсаты; мәтінді түсінігі бойынша жазуға дағдыландыру;

-сауатты,көркем жазуға үйрету;

-еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

 

 



 

 

Түнгі шайқас.

 

    Түн.Қараңғылық қоюлана түскен шақ.Жапалақтап қар жауып тұр.Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан.



    Жылқылар кенет үріккендей болды.Қасен сескеніп қалды.Мылтығын оқтай салып,

Жылқының үріккен шетіне қарай шапты.Жеті қасқыр жылысып келе жатыр.

Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты.Жағдай қиын,өйткені,қасқыр жетеу,ал Қасен-

нің оғы үшеу-ақ.Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек ?Қасен не де болса бар қаруымен,бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді.Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды.Қалған бесеуі бөлтіріктер екен.Олар қашып кетті.Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.

 

 

 



  Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қоюлана түсу,жапалақтап,үйірілі жылқы,түнгі тебінге,арлан бөрі,қалпақтай ұшты.

 

 



 

Мазмұндама жоспары:

1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.

2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет  кездесуі.

3.Қасқырды айламен атуы.

4.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.

5.Қасеннің сыйлық алуы.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ана тілі. 4 сынып.

Мазмұндама.

 

Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;

-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;

-дүниетанымын қалыптастыру.

 

 

 



 

Еділбай қойы.

 

    Ерте кезде Каспий теңізінің жағасында Еділбай деген жас қойшы болады.Ол бала күнінде күнде әкесімен бірге бетпақ далада қой жайысады.



    Қойларының денесі кішкентай,жүні аз,еті татымсыздау екен.Бір күндерде қойларының ішінен салмағы сегіз пұттық,үлкен құйрықты қойлар кездеседі.Тегі,

басқа бір жерден адасып келіп қосылса керек.Еділбай бұл қойларды жеке бағады.

Қойлар тез көбейе бастайды.Кейіннен бүкіл Қазақстанға тарайды.

    Оны халық «Еділбай қойы» деп атап кетеді.Қазақы тұқымды Еділбай қойы шөлейт далаларда қыс бойы қар астындағы шөпті теуіп жейді.Бұларға шөпті көп жинаудың қажеті жоқ.Құйрығының өзі он-он бес килограмм тартады.Саулықтары көбінесе егіз қозы табады.Мал шаруашылығы үшін Еділбай қойының маңызы зор.

 

 

 



  Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: бетпақ дала,татымсыздау,сегіз пұттық,

қазақы тұқымды,шөлейт,саулықтары,егіз қозы.

 

 

Мазмұндама жоспары:



1.Еділбай деген қойшы қай теңіздің жағасында тұрған ?

2.Ол бала күнінде күнде не істеген ?

3.Қойлары қандай болған ?

4.Өз қойларына қандай қойлар қосылып кетеді ?

5.Еділбай қойларды қалай бағады ?

6.Кейіннен қой тұқымы қайда тарайды ?

7.Оны қалай деп атап кетеді ?

8.Саулықтары қанша қозы табады ?



9.Еділбай қойының мал шаруашылығы үшін  маңызы қандай ?

 
Каталог: uploads -> doc -> 0cc1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cc1 -> Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет