Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар: тақырыптың ашылуы; тақырып бойынша ой жүйесі; стилі

Дата15.09.2017
өлшемі253,57 Kb.
#32663
түріМазмұндама
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.

Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:

  1. тақырыптың ашылуы;

  2. тақырып бойынша ой жүйесі;

  3. стилі;

  4. емлелік қателер;

  5. тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  6. мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.

Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша, пікір алмасу, сөйлесу түрінде өткізіледі. Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.

1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.

  1. мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  2. мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  3. мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  4. мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  5. мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.

4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.

Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.

2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.

8 сынып

I тур

Мазмұндама
Түлкi мен ит

(кабардин ертегiсi)
Бiр күнi  аң аулау кезiнде ит түлкiнi көрiп, қуады.
Түлкi тез жүгiредi, ал ит одан да тез жүгiредi.
"Мiне, түлкi жақын, қазiр үлпiлдек құйрығынан ұстап аламын", -деп ойлайды ит.

Түлкi құйрығын бұлғаңдатады да, бар күшiмен жүгiрiп, iнге кiрiп кетедi.

Түлкi iнде жатып, сұрақ қояды:

Құлақтарым менiң, менi құтқару үшiн не iстедiңдер?

– Бiз әр тысырды тыңдадық, бiз иттiң даусын бiрiншi естiдiк.
– Шын айтасыңдар. Көздерiм менiң, менi құтқару үшiн не iстедiңдер?
– Мұқият қарадық, бiз иттi  бiрiншi көрдiк.
– Шын айтасыңдар. Аяқтарым менiң, менi құтқару үшiн не iстедiңдер?

– Бiз сенi иттен алып кеттiк.

– Ол да шын. Ал сен, менiң үлпiлдек құйрығым, менi құтқару үшiн сен не iстедiң?
–Мен бұлғаңдап, иттi алдадым.
– Өтiрiк айтасың, оңбаған құйрық! Сен әрбiр бұтаға, тiкенекке iлiндiң, маған кедергi жасадың. Сен маған керек емессiң!

Түлкi құйрығын iннен шығарады. Ит оның құйрығынан ұстап алып, түлкiнi iннен суырып алады.

8 сынып

I тур Тест
1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

A) әңгімеге

B) қойып

C) кірісейік

D) ашық

E) бәрін

2. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз.

A) келу

B) бал

C) ара

D) қар

E) теп

3. Үндестік заңы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.

A) саудагер

B) дәріхана

C) достар

D) адамгершілік

E) кішкентай

4. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрғансөзді көрсетіңіз.

A) тұрасың

B) тұратынсың

C) тұрғанмын

D) тұрарсың

E) тұрмын

5. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз. Нағыз теңіз романтикасы деген осы.

A) зат есім

B) одағай

C) есімдік

D) үстеу

E) етістік

6. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

A) ашық, қысаң

B) еріндік, езулік

C) жуан, жіңішке

D) үнді, жуан

E) ұяң, қатаң

7. Келер шақтағы етістікті табыңыз.

A) кешікті

B) айтар

C) отыр

D) жүзді

E) айтты

8. Пысықтауыштың қай түріне жататынын табыңыз: Мен бүгін жолға шықтым.

A) мақсат

B) қимыл-сын

C) мезгіл

D) себеп

E) мекен

9. Адамның шашы қандай болатынын көрсетіңіз.

A) қатал

B) арық

C) биік

D) үлкен

E) қысқа

10. Мәтелдің жалғасын табыңыз. Сегіз қырлы, бір...

A) өнерлі

B) нұрлы

C) сырлы

D) жырлы

E) ақылды

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.

Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:

  1. тақырыптың ашылуы;

  2. тақырып бойынша ой жүйесі;

  3. стилі;

  4. емлелік қателер;

  5. тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  6. мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.

Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша, пікір алмасу, сөйлесу түрінде өткізіледі. Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.

1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.

  1. мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  2. мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  3. мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  4. мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  5. мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.

4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.

Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.

2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.

9 сынып

I тур

Мазмұндама

Маймыл мен көзілдірік

Маймылдың қартайған шағында көзi бұлдырап, нашар көре бастайды.

Ол адамдардан "басқа түскен мұндай бақытсыздықтан құтылудың жолы - көзiлдiрiк алу" дегендi естиді.

Маймыл көзiлдiрiктiң бiрнешеуiн алады. Көзiлдiрiктердi олай да, бұлай да айналдыра бастайды. Бiресе басына, бiресе құйрығына кигізеді. Оларды иiскеп көредi, тіпті жалайды да. Көзiлдiрiктің ешқандай әсерін сезбейдi.

"Туу, адамдардың өтiрiк сөзiн тыңдап жүрген нағыз ақымақ екенмiн», -дейді маймыл. - Көзiлдiрiк туралы айтқандары бос сөз болды ғой. Олардан тиер түк пайда жоқ".

Маймыл ызаланып,  көзәйнектердi тасқа лақтырады. Көзiлдiрiктер быт-шыт болып сынады.

Өкiнiшке орай, заттың қаншалықты пайдалы екенiн бiлмейтiн адамдар да бар. Надан пайдасын бiлмей, оны тек жамандыққа жориды. Егер асқан надан болса, онда ол қолындағы дүниені тiптi лақтырып тастайды.

9 сынып

1 тур

Тест сұрақтары
1. Тура мағыналы сөз тіркесін табыңыз.

A) ақ жол

B) алтын бесік

C) өткір тіл

D) киім дүкені

E) жұлдызды сәт

2. Мақсат сөзінің синонимін табыңыз.

A) жау

B) даңқ

C) қысқа

D) орман

E) мұрат

3. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

A) шағын – ірі

B) жоғары – биік

C) тамаша – әдемі

D) көйлек – көншек

E) қисық – қыңыр

4. Көп нүктенің орнына керекті есімдікті қойыңыз. ... жолдасың ұзақ күтті.

A) Сіздікі

B) Бізге

C) Олар

D) Сені

E) Саған

5. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз.

A) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.

B) Адал достық алтыннан да қымбат.

C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

D) Ашуың келсе, қолың тарт.

E) Татулық – табылмас бақыт.

6. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.

A) келісімпаз болу

B) көп тіл білу

C) сөзге тапқырлық

D) көп сөйлеу

E) өзін көрсету

7. Сырға, білезік, алқа жасайтын адамды қалай атайтынын белгілеңіз.

A) ұстаз

B) зергер

C) жүргізуші

D) шебер

E) оқытушы

8. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін табыңыз

A) көрді

B) көрер

C) көрме

D) көрмекпіз

E) көрген

9. Салыстырмалы шырайды табыңыз.

A) үп-үлкен

B) тым әдемі

C) ептірек

D) қалпақты

E) өте жақсы

10. Қате жазылған сөзді табыңыз.

A) доб ойнау

B) өзенге

C) бара алмады

D) құлын

E) жібек
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.

Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:

  1. тақырыптың ашылуы;

  2. тақырып бойынша ой жүйесі;

  3. стилі;

  4. емлелік қателер;

  5. тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  6. мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.

Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша, пікір алмасу, сөйлесу түрінде өткізіледі. Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.

1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.

  1. мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  2. мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  3. мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  4. мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  5. мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.

4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.

Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.

2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.

10 сынып

1 тур

Мазмұндама
Қайырымды әпке

Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Мамасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге ескертті.

Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне су құйды. Қатқыл тартқан гүл түптерін босатты.

Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады.

Су бетіндегі қалытқы тұңғиыққа тастай батып кеткенде, қармағына іліккені жайын балық болатын. Ал табан балықтар қалытқыны тартқылап, Дәуреннің епшілдігін сынағандай болды. Дәурен бос келген жоқ. Әсіресе, биылғы жылы қолының ебі бар екендігін достары да байқап, өзара әңгіме арасында мақтайтындарын айтсаңшы! Дәурен бұған мәз.

Балық аулаймын деп күннің түс ауып кеткенін Дәурен кеш байқады. Мамасының сөзі есіне түсті:

–Ау, достарым, мен үйге қайттым. Мамам «малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.

Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.

– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.

– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.

– Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.

– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп.

Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.

Жұмыстан оралған мамасы Гүлнәр мен Дәуреннің үйді ұқыпты ұстағанына, малдарды тоқ тұтқанына, әрі тазаланған балыққа көңілі жадырады. Дереу кешкі тамаққа әзірленді. Енді бір сәтте Дәуреннің қайырымды әпкесі темір табаға май құйып, балықтарды қуырып жатты.

10 сынып

1 тур

Тест сұрақтары

1. Білім туралы мақалды белгілеңіз.

A) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

B) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

C) Жеті атасын білмеген – жетесіз.

D) Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

E) Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім.

2.Себеп-салдар салаластың шылауларын табыңыз.

A) өйткені, сол себепті, бірақ

B) сондықтан, және, әрі

C) өйткені, сондықтан, сол себепті

D) дегенмен, әйтсе де, ал

E) немесе, бірде, кейде

3. Көзді ашып-жұмғанша тұрақты сөзтіркесінің мағынасын белгілеңіз..

A) әдемі

B) жай жүру

C) лезде

D) алыс жер

E) момын

4. Антонимді көрсетіңіз.

A) алыс – төмен

B) ұсақ – биік

C) жеңіл – биік

D) әлсіз – үлкен

E) сау – ауру

5. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) – Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма? деп, сұрады ол.

B) – Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма? – деп сұрады ол.

C) – Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма? деп сұрады ол.

D) – Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма?, деп сұрады ол.

E) – Сыныптарыңда тәртібі нашар оқушылар бар ма? деп – сұрады ол.

6. Сөз жасаушы жұрнақтың дұрыс қолданылғантүрін көрсетіңіз.

A) білімсек

B) білгер

C) білек

D) білгек

E) білгіш

7. Көнерген сөзді табыңыз.

A) Өзі оңбаған ант ұрған.

B) Ол жанын шүберекке түйді.

C) Отаның мен халқыңа еңбек ет.

D) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.

E) Сексен түйе үстінде алтын жағлан орнаған.

8. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.

A) себебі, секілді

B) сондықтан, сол себепті

C) көрікті, көңілді

D) қала, шаһар

E) және, бірақ

9.Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз.

A) нүктелі үтір

B) қос нүкте

C) көп нүкте

D) үтір

E) нүкте

10. Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.

A) Бурабайға адамдар көп келеді.

B) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.

C) Хамиттың жүзі өзгеріп кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.

D) Ержан далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты.

E) Теледидарда кино да, айтыс та, ән де кезектесіп жүріп жатады.

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша өтетін оқушылар олимпиадасын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқау

Бұл пән бойынша олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур жазбаша: оқушыларға мазмұндама және тест тапсырмалары өткізіледі.

Мазмұндаманы бағалауға қойылатын талаптар:

  1. тақырыптың ашылуы;

  2. тақырып бойынша ой жүйесі;

  3. стилі;

  4. емлелік қателер;

  5. тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;

  6. мазмұндаманың өзіндік ерекшеліктері

Мазмұндамада оқушыға қойылатын негізгі талап – тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен дұрыс жеткізе білу. Оқушы мәтінде берілген сөйлемді сол қалпында қайталамай, оны жаңаша түрде жеткізе білсе, бұл оның қазақ тілін еркін меңгергенін, қазақша сөз байлығының мол екенін көрсетеді. Сонымен қатар оқушы тақырып мазмұнын мәтін бойынша әңгімелеумен бірге оны жан-жақты тереңдете суреттеп, өзінің білімінің, ойлау жүйесінің кең екенін аңғартатын болса, бұл – оқушының өзіндік ойлау жүйесінің, ой тереңдігінің куәсі. Әрине, мазмұндама сөздік қорымен ғана емес, сауаттылығымен, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысып, дұрыс орналасуымен де ерекше бағаланады.

Оқушының қазақ тілінен алған білімін жете бағалау үшін, мазмұндамаға қоса 1-турда лексикалық-грамматикалық тест өткізіледі. Тест он сұрақтан тұрады. Әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады. Түзетілген жауаптар дұрыс жауапқа саналмайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары қаламмен белгіленуі тиіс.

Сонымен, бірінші турда мазмұндама бойынша қойылатын ең жоғары балл – 30, тест бойынша – 20. Мазмұндама мен тест тапсырмаларын орындауға оқушыға 2,5 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.30-да аяқталуы тиіс.

Екінші турдың тапсырмалары оқушының өзіндік қабілетін жан-жақты танытуына негізделіп, жартылай ауызша, пікір алмасу, сөйлесу түрінде өткізіледі. Бұл турда оқушы 4 түрлі тапсырманы орындайды.

1. Мәтінмен жұмыста оқушының тілді қатынас құралы ретінде меңгеру қабілеті, ой жүйелілігі байқалады. Бұл тапсырма 20 ұпаймен бағаланады.

  1. мәтінге ат қою – 4 ұпай;

  2. мәтіндегі негізгі ойды анықтау – 3 ұпай

  3. мәтін бойынша жоспар құру (немесе мазмұнын толықтыру) – 3 ұпай;

  4. мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру – 3 ұпай;

  5. мәтінге қатысты өз ойын білдіру – 7 ұпай

2. Арнаулы тақырып бойынша әңгіме деп аталатын екінші тапсырмада оқушының қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді терең түсінуі, оларды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра білуі, жүйелі түрде қазақша сөз саптауы тексеріледі. Оқушы жауабы ауызша тыңдалады. Бұл тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

3. Грамматикалық тапсырманы орындау барысында оқушы жазбаша түрде түрлі грамматикалық талдауларды дұрыс жүргізе білуі тиіс. Әсіресе, синтаксистік талдаудың толық болуына ерекше мән беріледі. Бұл тапсырма да 10 ұпаймен бағаланады.

4. Қазақша сөйлеу әуезділігі деп аталатын 4-тапсырмада оқушыға өз өнерін, жеке қасиетін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы өзінің сүйікті өлеңін немесе прозалық шығармасынан үзіндіні мәнерлеп, тыңдарманға әсерлі болатындай етіп жатқа айтуы тиіс. Тапсырма 10 ұпаймен бағаланады.

Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 50 ұпай. Бірінші оқушының дайындығына 20 минут уақыт беріледі, әр оқушымен сұхбатқа 15 минут бөлінеді.

Республикалық қазылар алқасына жіберілген оқушының облыстық олимпиададағы нәтижелері дәлелді болуы үшін, барлық жауаптарын оқушы қағаз бетіне түсіруі тиіс. Республикаға жіберілген жұмыстарда жауаптар толық болмаса, оқушы бағасы кемітілуі мүмкін. Ешқандай қосымша балл қосуға болмайды. Оқушы жауабы қосымша ұпайлармен сүйемелденбей, талаптарға сай бағалануы тиіс.

2 турдың қорытындысы бойынша кем дегенде 85 ұпай жинаған оқушылар олимпиада жеңімпаздары бола алады. I орын біреуден артық болмауы тиіс.

11 сынып

1 тур

Мазмұндама

Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді.Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді:

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайрылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты.

- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын; аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.

11 сынып

1 тур

Тест сұрақтары

1. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

A) Баласы өсті.

B) Бұл ойды мен өсірген емеспін.

C) Өсу жолы – бұл емес.

D) Халық саны өсуде.

E) Сен өсіріп сөйлеме.

2. Тарс сөзі қай сөз табына жататынын белгілеңіз.

A) көп мағыналы сөз

B) қос сөз

C) еліктеу сөз

D) кәсіби сөз

E) біріккен сөз

3. Қажетті септеулікті көрсетіңіз. Үш ай қыстан ... көктем келеді

A) дейін

B) қатар

C) сайын

D) кейін

E) қарай

4. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.

A) Зал кең.

B) Дала жазық.

C) Кең зал.

D) Үй жап-жарық.

E) Тұрмыс жақсарды.

5. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.

B) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.

C) Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден,аурудан, жоқшылықтан құтқарады.

D) Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.

E) Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.

6. Қарсылық мәндегі жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

A) бірақ, себебі

B) сондықтан, алайда

C) бірақ, алайда

D) себебі, сондықтан

E) және, немесе

7. Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз.

A) үлкен-кіші

B) ала жаздай

C) жалт қарады

D) көкпеңбек

E) он бес

8. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз.

A) Сөйлем мүшесі бола алады.

B) Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады.

C) Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.

D) Сөйлем мүшесі бола алмайды.

E) Тек бас әріппен жазылады.

9. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.

A) себебі, секілді

B) сондықтан, сол себепті

C) көрікті, көңілді

D) қала, шаһар

E) және, бірақ

10. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.

A) үтір

B) сызықша

C) қос нүкте

D) нүктелі үтір

E) дефис
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені

2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана

Достарыңызбен бөлісу:

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет