Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет



бет2/7
Дата04.11.2016
өлшемі1,21 Mb.
#319
1   2   3   4   5   6   7

Раушан ШУЛЕМБАЕВА,

Войти в клуб космических держав

Первый в стране учебный Центр управления полетами космических аппаратов (ЦУП) открылся в КазНТУ им. К. Сатпаева.

Почетным гостем торжественной церемонии открытия стал председатель Национального космического агентства Республики Казахстан, генерал-лейтенант авиации, Халық Қаhарманы, Герой России, член-корреспондент Национальной академии наук Талгат Мусабаев. В своем выступлении он отметил, что открытие учебно-образовательного ЦУПа такого высокого уровня соответствует задачам, поставленным Главой государства в развитии национальной космической отрасли. Новая концепция вхождения Казахстана в число 30 развитых стран мира, представленная Президентом Нурсултаном Назарбаевым в Послании, открывает, как подчеркнул генерал-лейтенант, огромные перспективы для небывалого развития технического образования и науки в Казахстане, в том числе в деле подготовки специалистов по космической технике и технологиям.

– Важно, что в КазНТУ создан такой центр, так как университет определен одним из базовых по подготовке специалистов для нашей развивающейся космической отрасли, – продолжил Т. Мусабаев. – Кроме того, вуз одним из первых получил лицензию на подготовку бакалавров по специальности «космическая техника и технологии». Здесь уже создана специализированная кафедра, функционирует Национальная лаборатория информационных и космических технологий и другие учебные центры.

Такими достижениями, по словам генерал-лейтенанта, может похвастаться далеко не каждый вуз даже центральных городов России. Он выразил уверенность, что новый ЦУП даст толчок развитию космических технологий в Казахстане и наращиванию научного и производственного потенциала самого вуза. По его словам, это важно, поскольку космическая деятельность является постоянно развивающимся источником инновационных технологий практически для всех сфер современного жизнеобеспечения. То есть от развития космической деятельности в прямой зависимости находятся многие отрасли производства. Неудивительно, что самые передовые страны мира стремятся наращивать свой потенциал в этой сфере. Казахстан также придает огромное значение развитию своей космической отрасли. И в скором будущем, выразил уверенность Талгат Мусабаев, наша страна войдет в клуб космических государств.

Летчик-космонавт ознакомился с учебно-образовательным ЦУПом. Студенты рассказали, как они проводят прием телеметрической информации и осуществляют управление космическими аппаратами учебного назначения, а также о работе по планированию, приему и обработке данных с казахстанских и иностранных космических аппаратов дистанционного зондирования Земли. Талгат Мусабаев живо интересовался научной работой студентов, и его вопросы, по сути, экзаменовали будущих космических специалистов.

Председателю агентства представили также имитатор движения космического аппарата связи, феррозондовый магнитомер, приемо-передающий комплекс студенческого научно-образовательного наноспутника «Политех-1» и другую сложную аппаратуру. К слову, запуск наноспутника планируется в конце нынешнего года. Другой крупной задачей ЦУПа является создание действующего макета солнечной космической электростанции, которую КазНТУ представит на ЭКСПО-2017 в Астане. Следует добавить, что концепция космической солнечной электростанции предусматривает автономные спутники и лазерные каналы передачи энергии. Главной целью этого проекта является создание в перспективе космической энергетики гигаватного класса для решения проблем глобального энергетического и экологического кризисов. Кроме того, это поможет вхождению Казахстана в международный рынок космического электричества и в развитии несырьевого сектора экономики.

Талгату Мусабаеву как почетному гостю вручили диплом профессора КазНТУ им. К. Сатпаева и решением ученого совета университета утвердили его научным руководителем ЦУПа.

//Казахстанская правда.-2014.-18 апреля.-С.5


10

Қорғанбек Аманжол,



Мақсат – ғарыштық мемлекеттер клубына кіру

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Ғарыш аппараттары ұшуын басқару жөніндегі тұңғыш оқу орталығы (ҰБО) ашылды

Салтанатты рәсімге Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, авиация генерал-лейтенанты, Халық Қаһарманы, Ресей Батыры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Талғат Мұсабаев құрметті қонақ ретінде қатысты. Өз сөзінде ол мынадай жоғары деңгейдегі оқу-білімдік мақсаттағы ҰБО-ның ашылуы Мемлекет басшысы ұлттық ғарыш саласын дамыту орайында алға қойып отырған міндеттерге сай келетінін атап өтті.

– Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында айқындалған Қазақстан әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына енуінің жаңа тұжырымдамасы Отанымызда техникалық білім мен ғылымды қарышты дамыту үшін, соның ішінде ғарыштық техника мен технологиялар бойынша мамандар даярлау ісінде де зор мүмкіндіктер тудыруда. Олай болса, – деп жалғастырды Т.Мұсабаев, – ҚазҰТУ-да осындай Орталықтың құрылуы өте маңызды. Өйткені, университеттің өзі Қазақстанның дамушы ғарыш саласы үшін мамандар даярлау жөніндегі базалық оқу ордаларының бірі ретінде айқындалды. Сондай-ақ, осы жоғары оқу орны «Ғарыш техникасы мен технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар даярлауға лицензияны алғашқылардың бірі болып алды. Мұнда қазірдің өзінде мамандандырылған кафедра құрылған, Ұлттық ақпараттық және ғарыштық технологиялар зертханасы жұмыс істейді, ғарыштық күн электрстансасының тұ­жырымдамасы мен көрсетпелі макетін және студенттік геофизикалық наноспутник әзірлеу жөніндегі жобалар орындалуда.

Генерал-лейтенанттың айтуынша, мұндай жетістіктерді, тіпті, Ресейдің орталық қалаларының кез келген жоғары оқу орны алға тарта алмайды. Ол жаңа ҰБО елдегі ғарыш технологияларын дамытуға және оқу орны өзінің ғылыми-өндірістік әлеуетін ұлғайтуға серпін беретіндігіне тоқталып: «Өйткені, ғарыш қызметі іс жүзінде осы замандық тіршілікті қамтамасыз етудің барлық салалары үшін инновациялық технологиялардың тұрақты қайнар көзі екендігі сөзсіз. Яғни өндірістің көптеген салалары ғарыш қызметінің дамуына тікелей байланысты. Немесе тәуелді десек те болады. Әлемнің ең алдыңғы қатарлы елдері нақ осы саладағы ғылыми һәм өндірістік әлеуетін ұлғайтуға ұмтылуы тегін емес. Қазақстан да өз кезегінде өзінің ғарыш саласын дамытуға үлкен маңыз беруде», деді. Осылай дей келе, Талғат Мұсабаев таяу болашақта біздің еліміздің ғарыштық мемлекеттер клубына енетініне сенім білдірді.

Бұдан әрі ұшқыш-ғарышкер оқу-білім орталығымен танысты. Студенттер өздерінің теле­метрикалық ақпаратты қалай қабылдайтындарын және оқу мақсатындағы ғарыш құрылғыларын басқаруды қалай жүзеге асыратындарын, сондай-ақ Жерді қашықтан шолатын қазақстандық және шетелдік ғарыш аппараттарының мәліметтерін жоспарлау, қабылдау және өңдеу жөніндегі жұмыстары жайында айтып берді. Т.Мұсабаев студенттердің ғылыми жұмыстарына қызығушылықпен көңіл бөлді.

Сонымен қатар, агенттік төрағасына ғарыштық байланыс аппараты қозғалысының имитаторы, феррошолғылық магниттік өлшеуіш, «Политех-1» студенттік ғылыми-біліми хабар қабылдаушы-таратушы наноспутник кешені және басқа күрделі аппаратуралар таныстырылды. Наноспутникті ұшыру осы жылдың аяғына жоспарланып отырғанын айтқан ләзім. ҰБО-ның тағы бір ауқымды міндеті ғарыштық күн электрстансасының қолданыстағы макетін жасау болып табылады. Оны ҚазҰТУ Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсынбақшы. Бір айта кетерлік жай, ғарыштық күн электрстансасының тұжырымдамасы энергия берудің дербес спутниктері мен лазерлі арналары болуын қарастырады. Бұл жобаның басты мақсаты жаһандық энергетикалық және экологиялық дағдарыс қиыншылықтарын шешу үшін келешекте аса жоғары санаттағы ғарыштық энергетика құру болып табылады. Өз кезегінде бұл жайт Қазақстанның ғарыштық электр көзінің халықаралық рыногына кіруіне және экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуына көмектеспек.

Талғат Мұсабаевқа құрметті қонақ ретінде Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорының дипломы табыс етіліп, университет Ғылыми кеңесінің шешімімен ҰБО-ның ғылыми жетекшісі болып бекітілді.
//Егемен Қазақстан.-2014.-18 сәуір.-15 б.
11

Серік ПІРӘЛИЕВ,Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры

Этносаралық ынтымақ – ел тірегі

Бүгінде Қазақстан Республикасының аумағы – тарихи тағдыр тоғыстырған 120-дан аса ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы жарасқан мекеніне айналып отыр. Мұндай күйге жету біздің ел үшін де оңай болған жоқ. Кеңес Одағының ыдырау үдерісі басталған кезде жан-жағымыздағы ұлттық республикалардың барлығы да өздерінің тәуелсіздіктерін жариялап, дербес мемлекеттерін құру қамына көшіп жатқанда, Қазақстан КСРО-ның ең соңғы көшінде қалды.

Мұның өзі, бүгінде популизммен әуейіленіп жүрген әлдекімдердің айтқанындай, сол кездегі Қазақстанның «орталыққа» адалдығынан немесе одан қорыққандығынан туындаған жоқ еді. Оның тамыры тереңде жатты. Мұның негізгі себебі – сол кездегі Қазақстандағы демографиялық ахуал мен қазақ халқының әлеуметтік әлеуеті болатын. Оның үстіне қайта құру жылдарында болған өзге ұлттық республикалардағы этносаралық қақтығыстардан сабақ алу қажет болды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ұлт мәселесіне қатысты орнықты саясатын қалыптастырған, оны барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық мүдделеріне сәйкестендірген әлемдегі бірден-бір мемлекет болып табылады. Бұл саясаттың негізі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда қаланып, оның «Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы» деп аталатын 2-тарауында анық жазылды. Міне, сол күннен бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім туралы айтудан шаршаған емес. Өйткені, ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім – өзара түсіністік пен болашақ жолындағы мүдде бірлігіне негізделетінін, ұлт мәселесінде күштеуге жол беруге болмайтынын Елбасымыз бірінші күннен бастап анық түсінген еді.

Алғашында халыққа ой тастап қойып, ол идея санада пісіп-жетілген кезде оны жүзеге асыратын әдетімен Елбасымыз Н.Назарбаев 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері арада өткен 19 жыл ішінде Ассамблея Қазақстан Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган дәрежесінен конституциялық органға дейін өсті. Елбасының ел бірлігін нығайту мен ұлтаралық татулықты күшейту жолындағы шараларына барынша қолдау білдіріп келе жатқан Ассамблея қызметін одан ары дамыта түсу аса маңызды.

1985 жылы басталған қайта құру саясаты аясында жүргізілген «жариялылық» ұраны астындағы әдебиет пен тарихтағы «ақтаңдақтарды» зерттеуге жол ашу нәтижесінде ұйыған айрандай болып көрінген кеңес қоғамының тас-талқаны шықты. Ұлттық әдебиет пен тарихтың зерттелуі тұншығып жатқан ұлттық идеяның оянуына, ұлттардың өзін өзі билеуге ұмтылысына алып келді. Мұның өзі империяда ортақ идеология болғанымен, барлық ұлттардың тең құқықтылығы сақталмаған жерде ортақ ұлттық идеяның болмайтынын нақты көрсетіп берді. Осыны жадына жақсы тұтқан Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, Қазақстандағы барлық этностың ұлттық идеяларына қайшы келмейтін, олардың ұлттық идеяларындағы ортақ мүдделерге негізделген мемлекеттік идеология қалыптастыра білді. Бұл идеология «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!» ұранымен қалыптастырылды.

Барлық ұлттар үшін маңызды нәрсе – тіл! «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дегенде Ахмет Байтұрсынов ешқандай жаңалық ойлап тапқан жоқ еді. Тек қана ащы шындықты ашып айтты. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі барлық ұлттардың ана тілінде оқуына, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға мүмкіндік жасай отырып, олардың өгей баланың күйіне түспеуін қамтамасыз етіп отыр. «…Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс. Бұл мәселе мен үшін декларативті емес. Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептеу керек» деген Елбасы Н.Назарбаевтың тұжырымы – қазақстандық халықтар теңдігі мен достығын, олардың бірлігі мен болашағын қамтамасыз ететін идеология. Біздер қазақ халқының әрбір өкілінің осыны терең түсінгенін қалар едік.

12

Келесі құндылық – діни наным-сенім. Қазақстан барлық этностық топтарға діни ұстанымы бойынша еркіндік беріп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төрт съезін Астанада өткізе отырып, гуманистік идеяларды насихаттауда белсенділік танытып келеді. Мұның барлығы да біздің халқымыздың жарқын болашағына бағытталған игілікті шаралар екені түсінікті.



Қазақ мемлекет құраушы ұлт ретінде барлық қазақстандық ұлттар мен ұлыстардың этнос ретінде дамуына жағдай жасап, олардың болашағына кепілдік беріп отыр. Бүгінгі таңда алдымызда біртіндеп Қазақстандағы барлық этностық топтардың мүддесін ескере отырып, қазақтың ұлттық идеясын жүзеге асыратын идеология жасау міндеті тұр. Ол идеология – мемлекет құраушы ұлттың ұлттық идеясы басымдыққа ие болған жағдайда ғана жалпыұлттық идеология бола алады. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы дамыған 30 елдің қатарына ену идеясы барлық қазақстандықтарды ұйыстыратын, оны ұлы мақсаттарға жетелейтін болады. Өйткені, Елбасымыз атап көрсеткендей, қазақстандық 125 ұлт пен ұлысқа, 17 конфессия үшін ортақ құндылықтардың іргетасы қаланып, барлық этностық топтардың ұлттық идеясына қайшы келмейтін міндеттер қойылды.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында: «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Біздің мерейтойлық сессиямыз – бүкіл қазақ­стандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!» деген болатын.

Бүгінгі Қазақстан халқының алдында тұрған ұлы міндет – мемлекетіміздің тәуелсіздігін одан ары нығайтып, ортақ үйімізді өркендету!

«Көпұлттылық кемшілігіміз емес, артықшылығымыз», деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлағатты сөзінде үлкен астар жатыр. Мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқы елімізді мекен еткен барлық ұлттар мен ұлыстардың дамуына жағдай жасап келеді. Бұл бағытта біздің университетімізде де мазмұнды іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, біздің университетте халықтар достығына арналған фестивальдар, ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу игі дәстүрге айналған. Оқу үдерісіне толеранттылық курсы енгізілген. Бұл пәнді оқыту барысында Қазақстанды мекендейтін ұлттар мен ұлыстарға құрметпен қарау, олардың тілін, салт-дәстүрін сыйлау және т.б. мәселелер жан-жақты оқытылуда.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында 2011 жылдың сәуір айында университетімізде «Бірлік» атты Студенттік ассамблея құрылды. Ассамблеяның ережесі жасалып, өзге ұлт өкілдерінен кеңес құрамы бекітілді. Аталған ұйым құрылған сәттен бастап өзге ұлт өкілдері студенттерін университеттегі барлық іс-шараларға тарту жолында үлкен қызмет атқарып келеді. Сөйтіп, «Бірлік» Студенттік ассамблеясы Елбасының ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ынтымақтастық саясатын оқу орнында жүзеге асыру мақсатында жастар саясаты мен ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру ісіне өз үлесін қосуда.

Мемлекеттік идеология билік пен халық жақындасқанда, өзара түсінік пен үйлесім қалыптасқан кезде орасан зор күшке ие болады. Идеологияның күші оның халыққа әсерінен көрінеді. Олай болса, өсіп-өркендеген Қазақстанды құру идеологиясы халықтың көңіл-күйі мен бүгінгі заман талабына сай келген сарабдал саясат болады деген ойдамыз.

//Егемен Қазақстан.-2014.-18 сәуір.-5 б.
13
Серік ПІРӘЛИЕВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Шағын мектептердің үлкен проблемасы

Шағын жинақты мектептер (ШЖМ) негізінен ауылдық жерлерде орналасқан.

Сол себепті мұндай мектептер білім беруді жүзеге асырумен қатар әлеуметтік міндеттерді де қоса атқарады. Ауылдың сақталып қалуы осындай мектептердің келешегіне тәуелді.

Сондықтан шағын жинақты мектептерді әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету кезек күттірмес міндеттердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары демографиялық құлдыраудың және халықтың ауылдан өндірісті қалаларға көптеп қоныс аударуының салдарынан шағын жинақты мектептер үлкен-үлкен елді мекендерде де пайда бола бастады. Олар біздің елдегі мектептердің жалпы санының 56,5 пайызын, оның ішінде, ауылдық жерлерде 68,6 пайызын құрайды, іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-де жұмыс істейді, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы осындай мектептерде оқиды.

Елбасы саясатына байланысты бүгінде елімізде шағын жинақты мектептерге жіті көңіл бөлініп, нақтылы шаралар жүзеге асырыла бастады. Қазіргі таңда ШЖМ-нің құқықтық-нормативтік базасы мен жүйесін дамыту тұжырымдамасы жасалуда, оның қызметінің ерекшеліктері мен қазіргі жайы анықталуда; проблемалары, болашағы туралы халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілуде; білім беру сапасын арттыру мәселелерін негізінен тірек мектептер (ресурстық орталықтар), интернаттар есебінен шешу, ал ШЖМ мұғалімдерінің теориялық дайындығын жетілдіру және кәсіби шеберлігін ақпараттық-қатысымдық технология арқылы іске асыру көзделуде.

Осындай шаралар аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бірнеше бағытта жұмыс жүргізілуде. Бірінші және ең негізгі бағыт – ШЖМ проблемасына қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу қолға алынды. Бұған профессор-оқытушылар әлеуетін жүйелі түрде бағыттауға тура келіп отыр. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретінде бірқатар өзекті мәселелерді анықтауға қол жетті.

Біздің елдегі ШЖМ: сыныптардың әрқайсысы өз алдына жеке, бірақ та олардағы оқушылар саны аз; біріктірілген бастауыш сыныптары бар, бірақ та басқа сыныптары өз алдына жеке әрі оқушылар саны аз; біріктірілген бастауыш сыныптары бар және басқа сыныптарының ішінде де біріктірілгендері болатын орта білім беретін мектептер мен сыныптардың әрқайсысы өз алдына жеке, бірақ та олардағы оқушылар саны аз; сыныптары біріктірілген және әрқайсысындағы оқушылар саны аз, яғни «таза» шағын жинақталған бас­­тауыш мектептер сияқты топтарға жіктеледі.

ШЖМ-ді осылай жіктегенде әр мектептің өзіндік мәнді белгісі мен ерекшелігіне сәйкес педагог кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу-тәрбие үдерісін оңтайлы ұйымдастыру, білім сапасын арттыру және т.б. шараларды іске асырудың алғышарттары жасалады.

Әлеуметтік ортаның, әріптестермен қарым-қатынас жасаудың, пікір алмасудың, тәжірибе жинақтаудың шектеулілігі шағын жинақты мектептердің бәріне тән ортақ қиыншылықтар десек, артық айтқандығымыз емес.

«Сынып-жинақтамалары аралас, біріктірілген сыныптары бар» мектептер үшін педагогикалық үдерістің оңтайлы моделін педагогика ғылымы мен тәжірибенің қазіргі деңгейіне орай теориялық тұрғыдан негіздеп беру және оны іске асыратындай оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу қажеттігін біз жақсы түсінеміз.

ШЖМ мұғалімдерінің теориялық дайындығын жетілдіру және кәсіби шеберлігін ақпараттық-қатысымдық технология арқылы шыңдаумен қатар, өркениетті елдердің тәжірибесіндегідей, бірнеше туыстас пәндерден сабақ жүргізе алатын арнайы педагог кадрлар дайындау керек болып отыр.

Жұмыстың екінші бағыты – ШЖМ жағдайында жұмыс жасай алатын мұғалімдер дайындау. Осы тұрғыдан бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындау мәселесі біздің университетте толық шешілген деуге негіз бар. Осыған байланысты біздің университетте бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау, оларды бірнеше мамандық бойынша оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Студенттеріміз бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі бакалавры ғылыми дәрежесін алады, ағылшын тілі, музыка және информатика пәндерін оқыту технологиясы бойынша қосымша білім, білік дағдыларын игереді. Сондай-ақ олар бастауыш мектептің оқу жоспарын­дағы пәндерді оқытудың әдістемелеріне қоса, оларды біріктірілген сыныптарда оқытып-үйрету технологиясын, педагогикалық үдерістің ерекшелігіне лайықталған тиімді жоба жасауға, оны іске асыруға үйретіледі. Ал сыныптардың әрқайсысы өз алдына жеке, бірақ та оқушылар саны шамалы орта білім беретін ШЖМ жағдайында жұмыс жасай алатын педагог кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды саралап оқытуды

14

жүзеге асыруға баса назар аударатын және бірнеше туыстас пәндерден (математика мен физика, химия мен биология, тарих пен география) сабақ жүргізе алатын мұғалімдер дайындауға бет бұрдық.



Жұмыстың үшінші бағыты – ШЖМ жағдайында бастауыш мектеп мұғалімдеріне нақты практикалық көмек көрсету. Бұл Абай атындағы ҚазҰПУ-да «On line режимін қолдану арқылы Қазақстан Республикасындағы шағын жинақты мектеп мұғалімдерін дайындау және олардың біліктіліктерін үздіксіз арттыру технологиясын жүзеге асыру» ғылыми жобасы бойынша шағын жинақты мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерге білім беру қызметін көрсету арқылы жүзеге асырылуда. Университет серверінде алғаш рет құрылған «Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектеп академиясы» порталы 2008 жылдан бері «Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің өздігінен білім алуына арналған теориялық материалдар», оn-line режимі бойынша «Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының күнтізбелік жоспары («шебер сынып»)», «Шетелдегі шағын жинақты мектеп туралы ақпарат», «Шағын жинақты мектептегі жаңашыл ізденістер» айдарлары үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Республикамыздағы 8 облыстың 14 шағын жинақты мектептерімен ғылыми-педагогикалық бірлестікте жұмыс жасау туралы келісімшарт жасалып, олармен тығыз байланыс орнаттық.

Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамының оn-line режимі бойынша білім беру қызметі мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің тиімді технологияларын іздестіруге және жүзеге асыруға бағытталуда. Соның нәтижесінде ШЖМ жағдайына лайықталған оқыту технологиясының тұжырымдамасы бойынша пәнді оқыту технологиясының ШЖМ-ге тән ерекшеліктерге сәйкестік, білім мазмұны моделі жобасын түзудің және оны қарастырудың және оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдаудың тиімділігі анықталды. Сондай-ақ ғылыми негізделген және практикада қолданбалы оқыту технологиясының ШЖМ ерекшеліктерімен үйлесімділігі, оқыту техноло­гиясының бейімделгіштігі, оқу пәндерінен білім беру үдерісін және сабақтың технологиялық картасын біріктірілген сыныптардағы пәнді оқыту технологиясы ерекшеліктеріне сәйкес түзу сияқты ұстанымдар айқындалды. Сонымен қатар оқу пәндерін оқыту үдерісі жобасы­ның моделі жасалды, біріктірілген сыныптар үшін оқу пәндерінен сабақ жобасын жасау және өткізуге қатысты әдістемелік нұсқаулық құрастырылды.

Осы уақыт ішінде «Қазақстан Республикасы шағын жинақты мектеп академиясы» порталындағы теориялық, ақпараттық материалдар мен on-line режимі бойынша жүргізілген бейнеконференция, ғаламтор-дәріс, шеберлік сынып, тәжірибе алмасу сабақтары шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің біліктіліктерін жетілдіруіне мүмкіндік жасады және бұл іс келешекте де жалғаса бермекші. Бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы оқытушыларының шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларымен өткізген шеберлік сынып сабақтары (2012 жылы – 22; 2013 жылы – 40 сабақ) «Хабар» агенттігі арқылы түсіріліп, «Білім» телеарнасының «Оn-line мектебі» бағдарламасынан көрсетілді.

Жұмыстың төртінші бағыты – халықаралық және отандық деңгейде тәжірибе алмасу және үйрену. Осы мақсатта «Мәңгілік елге – ақпараттық мектеп – шығармашыл педагог – бәсекелестікке қабілетті оқушы» Республикалық слетін (25 сәуір 2014 жыл) өткізу жоспарлануда. Слетке ҚР ШЖМ тәжірибелі және озат директорлары мен мұғалімдері, жоғары оқу орындарының педагогтары, облыстық (аудандық, қалалық) Білім басқармаларының, білім бөлімдерінің мамандары, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері қатыспақшы. Слетте ШЖМ проблемасымен айналысатын педагогтарды біріктіретін инновациялық білім кеңістігін құру, шығар­машыл педагогтарды іздеу және қолдау, мұғалімдердің үздік педагогикалық тәжірибелерін таратуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, проблемаларды шешуге отандық және шетелдік ғалымдарды тарту сияқты міндеттерді шешуге назар аударылмақшы. Слет жұмысы барысында қашықтықтан оқыту үлгісінде өткізілген конкурс жеңімпаздарының тәжірибесімен танысу және халықаралық, отандық деңгейде тәжірибе алмасу жүзеге асырылады. Жоғарыда қарастырылған бағыттарда жүргізілген жұмыстарды мұғалімдер қауымы қолдауда және кері байланысқа шығуда, жұмыс түрлері мен мазмұнына қатысты өздерінің оң пікірлерін білдіруде. Мұның өзі біздің жұмысымыздың нәтижелі болғанын көрсетсе керек.

//Айқын.-2014.-23 сәуір.-4 б.
15




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет