Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым



бет2/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,81 Mb.
#667
1   2   3   4   5

Тілектес ЕСПОЛОВ,Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры,

академик.



Студенттік ассамблея – ел жастары бірлігінің

мызғымас ұйытқысы
Бүгінгі күні егемен еліміздің іргесі берік қаланып, әлем мойындаған мемлекеттер қатарынан орын алдық. Осы жетістікке – еңсесі биік, ой-өрісі кең халқымыз бен іскер де көреген Тұңғыш Президентіміздің кемел саясатының нәтижесінде қол жеткіздік. Мемлекет басшысының ұтқыр ұстанымдары ішкі саясатта ел экономикасының қарыштап дамуына, халқымыздың әлеуметтік жағдайының, тұрмысының жақсаруына жеткізсе, сыртқы саясатта Тәуелсіздігіміздің қауіпсіздігін нығайтуға негіз болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы көпэтносты халықты ынтымақ-бірлікке шақырып, еліміздің экономикасын дамыту бағдарламаларын іске асыруға біріге жұмылуына ұйытқы болып, барлық этностық топтардың келешегіне сенім бере білді. Кеңес Одағынан бөлініп шыққан көптеген елдерде орын алған ұлтаралық жанжалдар мен азаматтық қақтығыстардан мемлекетіміздің аман болуының негізгі себебі де осында екені ақиқат.

Қазіргі уақытта да әлемде түрлі толқулар мен қақтығыс-көтерілістер жиі бой көтере бастады. Бұл ретте Қазақ елі саяси тұрақтылық пен толеранттылықты ту етіп, көпұлтты мемлекетіміздегі ел бірлігін барынша қастерлеп келе жатқаны аян.

Бір шаңырақ астындағы береке

«Береке басы – бірлікте» деген халық даналығын сан мәрте есімізге салып, еліміздегі тыныштықты көздің қарашығындай сақтауға арналған шараларының бірі – Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы. Мемлекет басшысы өзі атап көрсеткендей, бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы таза қазақстандық саяси жаңашылдықтың нәтижесінде қалыптасқан өзіндік бірегей институт деңгейіне көтерілді. Ол этносаралық және конфессияаралық келісімнің басты тетігі ретінде ел тарихында маңызды рөл атқарды және атқарып келеді. Бұл үлкен сенімді білдіреді. Елімізде қалыптасқан этносаралық татулық, саяси тыныштық, ынтымақтастық, бірлік соның көрінісі. Осы құндылықтар Қазақстанның саяси өмірінің шындығына айналды.

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрып отырған еліміздің астанасында алдағы күндері «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен 20 жылдық белеске абыроймен жетіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өткізілмек. Елбасының өзі төрағалық ететін бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан, әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік беріл­ген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфес­сияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Кең байтақ еліміздің көпэтностық бай кеңіс­тігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде елімізде Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.

Осы орайда Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отырғандығын айта кетуіміз керек. Бұл «қазақстандық үлгі» көптеген елдерде өткен халықаралық форумдарда таныстырылып, оң бағаға ие болды. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып, Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп айрықша атап өткенін білеміз.

Қазіргі Қазақстан қоғамының жаңару жолымен тиімді дамуы ең алдымен елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімге тәуелді. Көпэтностық Қазақстан халқының ортақ құндылықтар мен мұраттар төңірегінде топтасуы болмаса, табыс та болмайтындығын ел-жұрт түсінді. Елбасы қо­ғамның тынысын ашатын, әлеуметтік салада ойдағыдай рухани ахуал қалыптастыратын этносаралық татулыққа ұдайы көңіл бөліп келеді. Қалай десек те, біздің алға қойған айқын мақсаттарымыз ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен татулықтың арқасында іске асатындығы ақиқат. Осы маңызды рухани факторды жүзеге асыруда тікелей қызмет істейтін ұйым – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ел қауымының өтінішімен бұл ұйымды Н.Ә.Назарбаев басқарып,

11

оның жұмысының негізгі бағыттарын анықтап отыр. Негізгі мақсат – көпұлтты Қазақстан халқын өзара татулық, әлеуметтік келісім, дінаралық түсіністік және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.



«Достық» ассамблеясына – 10 жыл

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы студенттерге тәрбие беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың тағдырлық маңызын терең түсінеді. Біздің оқу орнында қазір 27 ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралған студенттер мен магистрлар білім жетілдіруде. Университеттегі «Достық» студенттік ассамблеясының құрылғанына биыл 10 жыл толды. Жастар қоғамдық бірлестігі ретінде құрылған ұйымның осы мерзім аралығында жасаған жұмыстары қуантарлық. Ұйымның қызметі студенттік өзін өзі басқару қағидатына негізделген. Ол университеттің студенттік «Достық» ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі туралы ережесін басшылыққа алады. Бакалавриатта, магистратура мен докторантурада оқитын түрлі ұлт өкілдері өз халқының дәстүрлі мерекелерін факультеттер, немесе жалпы университеттік деңгейде атап өтеді. Барлық тәрбиелік өзегі бар шараларды студенттер өздері ұйымдастырып, өздері жүргізіп, ерекше белсенділікпен қатысады.

Бұл ретте жастарды этносаралық достық рухында тәрбиелеу аса маңызды. Бүгінгі күні университетіміз тәрбие жұмысын инновациялық тұрғыдан ұйымдастыруды қолға алды. Мысалы, университет Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып Елбасы идеясынан туындаған «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығын құрды. Студенттік «Достық» ассамблеясының жұмысы да «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығы қоятын талаптар пішініне көшірілді. Жаңа бағыттағы негізгі талап – қазақстандықтардың мемлекетшіл, патриот жаңа буынын қалыптастыру, жеке бастың табысқа жету жолдарын үйрету әдістемесін дамыту, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірлік ұстанымдары, жасампаз қызметі мен болашаққа қызмет ететін идеяларын пайдалану арқылы студенттерді тың бастамаларға қанаттандыру. Мақсат – студенттердің бойында Елбасының мемлекетшілдік, отаншылдық және еңбекқорлық үлгісімен лидерлік, көшбасшылық сапаларды тәрбиелеу, өмірі мен қызметін қазақстандық патриотизмнің негізі ретінде насихаттау.

Хакім Абай айтқан «Кемел адам» болудың қазіргі замандағы бір жолы – өзіңмен қатар өмір сүріп келе жатқан ұлт пен ұлысты білу, олармен достық және сыйластық қатынастар орнату. Ел бірлігі мен татулығы көпұлтты Қазақстанның күш-қуатының қайнар көзіне айналатын тұсы да осы. Ерекше атап өтетін жайт, университетте тәрбие жұмысын, әсіресе, этносаралық мәдениетті қалыптастыру мәселесін Президент атаған жеті жалпықазақстандық басты құндылықтарға сәйкес келетін, «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беретін орталығының алдына қойған міндеттерді тікелей шешуге көмектесетін 7 жаңа тәрбие орталықтары жұмыс істейді. Олар: «Қазақстан тәуел­­сіздігі» студенттердің дебат орталығы, Ұлттық білім мен келісім орталығы, Руханият орталығы, Құқықтық мемлекеттегі инновациялық экономика орталығы, Еңбек қоғамы және саламатты өмір салты орталығы, Мәдениет және тіл орталығы,Ұлттық қауіпсіздік орталығы.

Әрбір орталық Қазақстан қоғамының өміріндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси мәселеге бай­ланысты құрылып отыр. Студенттік ассамблея жұмысы да осы басым бағыттармен үндес. Оқу орнындағы шаралардың барлығы студенттік өзін өзі басқару арқылы жүзеге асырылады. Демек, студенттер саяси өмірді басқарудың дағдыларын осы бастан үйрене бастайды. Әр орталыққа университет жанынан құрылған О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты құрамына кіретін 4 кафедра және мәдениеттану кафедрасы әдістемелік көмек береді. Бұл бағытта университеттегі тәрбие жұмысы инновациялық әдіс-тәсілдермен жүргізілуде.

Университетіміздегі студенттік «Достық» ассамблеясы Алматы қаласындағы орыс, украин, күрд, ұйғыр, корей, чешен, түрік, поляк, белорус этностарының Кіші ассамблеяларымен бірігіп, осы этностардың этнографиясынан, тарихынан, мәдениетінен, шаруашылығы мен дәстүр-салттарынан мағлұматтар беретін жекелеген экспозициялар ұйымдастырды. Кез келген мемлекеттік мереке мен әр ұлтқа тән ұлттық мейрамдар мен атаулы күндердің қай-қайсысы болсын, студенттік ассамблея тарапынан жан-жақты атап өтіледі. Бұған қоса, оқу орнындағы әр ұлттың студенттері төл салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын насихаттап, көрмелер мен түрлі мәдени шаралар, арнайы акциялар өткізіп келеді. Бұл ретте оқу орнында студенттік

12

ассамблея негізінде «Жас аспаздар мектебінің» ұйытқы болуымен ұлттық тағамдар байқауының да табысты ұйымдастырылып келе жатқандығын айта кетуіміз керек. Аталған шаралардың барлығына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, байқауларға қазылық жасайды.



Елдің жаңа дамуы кезеңіндегі идеологиялық міндеттер туралы Президенттің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында кеңінен айтылған. Біз осындағы қағидаттық идеяларды басшылыққа алудамыз. Жастар болашақ маман ретінде күрделі әлемде болатын үрдістерді, қауіптер мен қатерлерді дұрыс түсіне білулері керек. Қазақ елін күшейте түсетін, оның әлемге танымдылығын арттыра түсетін бүгінгі студенттер – ертеңгі ауыл шаруашылығында, агроөндіріс кешенінде жетекші қызмет атқаратын мамандар. Сондықтан да студент жастар үшін, жалпы қоғам үшін ең басты құндылық мемлекеттілігімізді сақтап, дамыту екені даусыз.

Бірлікке бастайтын бағыт

Ұлттық бірлік пен келісім орталығы аясында белсенді қызмет етіп келе жатқан студенттердің «Достық» ассамблеясы университеттің имиджін көтеріп, жастарға патриоттық тәрбие беруде көптеген мәдени-танымдық шаралар өткізуде. Бұл студенттік ұжым тәрбие мен өнерді ұйымдастыруда қомақты нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мысалы, студенттердің өзара тілдік қарым-қатынастарын дамыту аясында университетіміз арнайы байқауға қатысып, «Русский мир» халықаралық қорының грантына ие болған. Аталған грантты ұтып алу үшін білікті қазылар алқасына ТМД елдерімен қатар, Еуропа, Азия, Австралия және Америка елдерінен 405 жоба ұсынылған. Нәтижесінде университетіміздің студенттік «Достық» ассамблеясы дайындаған жоба жеңімпаз деп танылды.

Студенттік ассамблея аясында құрамы түрлі ұлттар өкілдерінен тұратын «Достық» би ансамблі университет, аудан, қала, облыс, республика көлемінде өткізілетін мәдени іс-шараларға, би байқауларына үнемі қатысып, оларды өткізуге белсене атсалысып келеді. Ансамбльдің репертуарында әлем халықтарының 30-ға жуық хореографиялық қойылымдары бар. Аталған өнер ұжымы Ресей мен Түркияның бірнеше қалаларында өткен беделді байқауларда талай мәрте топ жарды.

Университетіміздің бүгінгі мәдени өмірінде студенттік ассамблеяның алатын орны ерекше. Әрбір академиялық топта, факультеттерде, университет көлемінде ассамблея мүшелері өз құндылықтарын насихаттайды. Тәрбие мен білім беру үрдістерін тең ұстай отыра университет еліміздің болашағы саналатын жаңа буынды қалыптастыру жолында аянып отырған жоқ. Оқу үдерісіне Елбасы Н.Ә.Назарбаев өмірі мен қызметі туралы арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар енгізуді жоспарлаудамыз. Ондағы мақсат – студенттерге еліміздің Тұңғыш Президенті жасаған қазақстандық жолдың ерекшелігін және идеологиялық философиясын түсіндіру. Студенттер Қазақстан Тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бері қарай жүргізіліп келе жатқан реформалар саясатының логикасы мен эволюциясын дұрыс ұғынулары маңызды.

Бүгінгі студент – мемлекетімізде қабылданған стратегиялық маңызы бар бағдарламаларды іске асыратын болашақ тәжірибелі маман. Бұл орайда, Елбасымыздың республикамыздың даму стратегиясын айқындап, жүйелеу кезінде жоғары білімнің сапасын бірінші орынға қоюы қолға алған әрбір істің нәтижелі болуына алып келуде. Бұл жолда Елбасы бастамасымен негізі қаланған Қазақстан халқы Ассамблеясына әлі де жүктелер міндет көп. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттік «Достық» ассамблеясы да өз жұмысын үлкен Ассамблея қызметімен ұштастырып, мемлекет қойып отырған межелі мақсаттарды кезең-кезеңімен жүзеге асыруда бар ықылас-ниеті мен күш-жігерін жұмсауда.

//Егемен Қазақстан.-2014-11 сәуір.-6 б.

13

Тлектес ЕСПОЛОВ,ректор Казахского национального аграрного университета, академик НАН РК



Залог сплоченности молодежи

Страна готовится к важному событию в общественно-политической жизни республики – XXI сессии Ассамблеи народа Казахстана.

Процессы глобализации открывают национальные границы государств, имеющих разный уровень экономического, социального, политического и культурного развития. Происходит размывание традиционных ценностей под давлением массовой культуры потребления. Но нужно понимать, что культурное многообразие – ценность, которая не разделяет, а объединяет. Менталитет народа Казахстана, основанный на этническом многообразии, не должен раствориться в мировом потоке культуры, он должен быть сохранен молодым поколением в качестве уникального национального достояния.

Казахстан живет по принципу – единство в многообразии. Укрепление межэтнического и межконфессионального согласия является одной из приоритетных задач политики государства, так как от этого зависит политическая стабильность и дальнейшее развитие страны. Ведь стабильность в обществе приводит к притоку инвестиций в экономику, сказывается на росте материального достатка граждан, укрепляет престиж республики на мировой арене. В этот процесс вносит большой вклад Глава государства Нурсултан Назарбаев, который с первых дней независимости делает все, чтобы в республике царили мир и согласие. Собственно, такая политика сегодня является гордостью Казахстана, а для наших зарубежных партнеров – это опыт, который они стараются изучать.

Говоря сегодня о модели межэтнического развития нашей республики, нельзя не упомянуть об уникальном для мировой практики общественном институте – Ассамблее народа Казахстана. Ее главная задача – реализация национальной политики государства, обеспечение гармоничного развития, взаимодействие с институтами гражданского общества. Проведя свою первую сессию в 90-х годах, Ассамблея и сегодня востребована и актуальна. Ведь своей способностью отражать интересы различных этносов, формировать атмосферу толерантности в обществе, уважения к обычаям других народов, она закладывает прочный фундамент для дальнейшего развития. Ассамблея, созданная по инициативе Президента страны, – это «оригинальный и уникальный институт, состоявшийся в результате сугубо казахстанского политического новаторства».

Символично, что в преддверии XXI сессии АНК студенческой ассамблее «Достык» при Казахском национальном аграрном университете исполняется 10 лет. Развитие современного казахстанского общества в условиях прагматичной рыночной экономики выдвигает совершенно новые требования к воспитанию подрастающего поколения в духе патриотического воспитания. И для нашего университета эта тема сегодня актуальна как никогда. Поэтому на базе вуза был создан воспитательно-образовательный центр «Казахстанский путь», который проводит идеологическую работу совместно со студенческой ассамблеей «Достык».

«Казахстанский путь» работает по семи приоритетам, обозначенным в Послании Президента, и охватывает многие актуальные направления современного обучения и воспитания молодежи. Созданы дебатный центр «Независимость Казахстана», музей «Таза ел», Интеллектуальный центр, Центр языка и культуры, Центр здорового образа жизни и общества труда, Центр инновационной экономики в правовом государстве, Центр национальной безопасности и патрио­тического воспитания и другие.

Основная идея вытекает из необходимости формирования нового поколения казахстанцев, развития методик достижения личного успеха, социализации личности путем всестороннего использования жизненного кредо и творческих, созидательных идей Президента Нурсултана Назарбаева.

Так, школа лидеров организована в контексте поручений Главы государства о создании «социальных лифтов» для молодежи.

Основная цель проекта «Казахстанский путь» – воспитание студенческой молодежи в духе казахстанского патриотизма, любви к своему народу, его обычаям и традициям, формирование у них духовной и нравственной культуры, толерантности. Помогает в этой работе созданный при университете центр «Межэтническое согласие и единство».

В стенах вуза обучаются студенты, магистранты, докторанты – представители 27 национальностей. Здесь царит атмосфера дружбы и понимания. Любой обучающийся независимо от национальности может реализовать свой творческий и научный потенциал.

Передача знаний и подготовка высококачественных специалистов аграрного сектора – не единственная цель нашего университета, насчитывающего 85-летнюю

14

историю развития. Не менее важным видится воспитание в студенте и завтрашнем выпускнике чувства толерантности и уважительного отношения к другим людям, любви к Родине, гордости за свою профессию. И в этом смысле университет вносит свой весомый вклад в укрепление дружбы и взаимопонимания в казахстанском обществе. В рамках договора с Республиканским фондом Ассамблеи народа Казахстана члены студенческой ассамблеи стали делегатами ХІХ сессии Ассамблеи АНК, а сейчас получили приглашение на ХХІ сессию.



Учитывая то, какую большую воспитательную силу имеют примеры выдающихся личностей на молодежь, через воспитательно-образовательный центр «Казахстанский путь» реализуются конкретные проекты. В главном здании университета открыта Галерея героев, куда вошли портреты людей труда, внесших большой вклад в развитие аграрного сектора Казахстана. Думаю, что обращение к судьбам выдающихся исторических личностей поможет нам сформировать у подрастающего поколения подлинное чувство гражданственности и патриотизма.

В течение ряда лет университет выполнял научный проект по гранту международного фонда «Русский мир» «К диалогу культур через русский язык». С участием студенческой ассамблеи «Достык», при творческой поддержке посольства России и Россотрудничества в РК инициатива была успешно реализована.

Члены ассамблеи «Достык» активно участвовали во многих мероприятиях АНК как на городском, так и республиканском уровне, а также выезжали за пределы республики с целью ознакомления с национально-культурными центрами стран СНГ. Познавательной была поездка с культурной программой по маршруту Алматы – Атырау – Астрахань – Самара – Волгоград – Алматы. Были проведены встречи со студенческой молодежью, с представителями национальных культурных центров, а в городах Астрахани и Самаре – с представителями обществ казахской культуры «Жолдастық» и «Ақжол». Наши студенты приняли участие в фестивале молодежи в Самаре, где познакомили своих сверстников с историей и традициями Казахстана, рассказали о нашем университете, организовали концерт, в котором участвовали представители разных национальностей. Университетский многонациональный танцевальный ансамбль «Достык» не раз выступал в России и Турции, завоевывал престижные награды.

В целях реализации программы Президента «Триединство языков» студенческая ассамблея «Достык» ежегодно начинает свою работу среди первокурсников с прекрасной традиции – празднования Дня языков народа Казахстана. Цикл мероприятий «В семье единой», пробуждающих у студентов интерес к языкам, создает климат межнационального взаимопонимания и уважения.

В творческой «копилке» студенческой ассамблеи собрано множество культурно-массовых мероприятий: форумов, «круглых столов», фестивалей, конкурсов, творческих вечеров. Славной традицией стало ежегодное совместное проведение таких народных праздников, как русская Масленица, казахский Наурыз, татарский Сабантуй и праздников других народов, проживающих в Казахстане.

В Школе молодого кулинара часто проводятся конкурсы на самую лучшую национальную кухню. Выступая на таких вечерах, каждый участник обязательно представляет свою страну, культуру. Безусловно, такие мероприятия способствуют укреплению дружеской атмосферы в учебном заведении.

Работа студенческой ассамблеи «Достык» рассматривается нами как одно из важнейших направлений, формирующих толерантное мировоззрение личности, ее способность к межэтническому взаимодействию в обществе. Ведь согласие и взаимопонимание являются главным условием стабильного развития и процветания.

Интеллектуальное достояние страны

Вчера в центре «Ғылым ордасы» собрались представители различных научных организаций, чтобы отметить свой профессиональный праздник – День работников науки.

Как сказал, выступая перед научной общественностью, вице-министр образования и науки РК Такир Балыкбаев, сегодня казахстанская наука – важный фактор развития нашей страны.

– Глава государства поставил перед казахстанскими учеными вполне конкретную задачу – развивать наукоемкую экономику. И это для нас руководство к действию, – отметил вице-министр.

В Казахстане очень многое делается для развития науки. Из года в год растет ее финансирование, увеличившись за последние три года в 2,5 раза. В прошлом году эта сумма составила свыше 52 млрд. тенге. В последние годы начали действовать принципиально новая модель управления наукой и новые механизмы ее финансирования. Введена новая система конкурсного отбора научных проектов:

15

независимая система экспертизы, которую проводят Национальный центр государственной научно-технической экспертизы и 5 национальных научных советов (ННС). И сейчас Министерство образования и науки требует от ученых повышения эффективности научных исследований, особенно в плане выполнения программы форсированного индустриально-инновационного развития отечественной экономики, подчеркнул Такир Балыкбаев.



Сегодня в республике действуют 345 научных организаций. Важно то, что ряды маститых ученых активно стала пополнять молодежь, сейчас доля работников науки в возрасте до 35 лет выросла до 38%. А те, кому до 45 лет, уже составляют большинство, их сегодня 56%. Одна из главных проблем – это продвижение научных результатов в практику, и здесь большая роль отводится отраслевым министерствам, Национальной палате предпринимателей и АО «Самрук-Казына».

Выступившие на собрании отмечали и тот факт, что за последние годы возросло научно-техническое сотрудничество Казахстана с зарубежными странами: на двусторонней основе заключено свыше 30 соглашений в области науки и техники с Великобританией, США, КНР, Кореей, Японией, Египтом, Германией, Италией, Францией, Польшей, Россией, Украиной и другими государствами.

Накануне Дня работников науки прошли также мероприятия в Музее Каныша Сатпаева, расположенном в «Ғылым ордасы», ведь нынешний профессиональный праздник приурочен к дню рождения этого великого ученого-геолога, создателя научной школы металлогении в Казахстане, первооткрывателя богатейших месторождений, первого президента Академии наук Казахской ССР, основоположника многих направлений науки республики. На встрече говорили о том, что Каныш Сатпаев – это поистине личность ренессансного типа, для которого служение «божественной» науке было делом всей его жизни. Он был безмерно счастлив, когда в ясное утро 12 апреля 1961 года, в день его рождения, с его родной казахской степи полетел в космос первый человек – Юрий Гагарин. Эта дата для всех землян стала символом победы человеческого разума.

По складу своего ума, по дерзости мысли, по способности заглядывать в будущее Каныш Сатпаев тоже был поистине космической личностью. Не случайно 31 июля 1974 года, когда крымские ученые открыли в далеком космосе новую планету, они дали ей имя Сатпаева. И сейчас мы еще и еще раз убеждаемся в правоте нашего великого соотечественника, говорившего, что будущее его любимого Казахстана – за наукой.

//Казахстанская правда.-2014.-12 апреля.- С.8

16

Қызылорда облысының ғылымы, білімі



және мәдениеті
ҚМУ-дың баспасөз орталығы,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті аккредиттеуден сәтті өтті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушы бакалавриаттың 15, магистратураның 9, докторантураның 2 мамандықтары үстіміздегі жылдың 24-ші ақпаны мен 1-ші наурызы аралығында білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің мамандандырылған аккредиттеуінен сәтті өтті.

Осыған сәйкес 2014 жылдың 29 наурызында Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредиттеу кеңесінде (БСҚТҚА) «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін аккредиттеу» туралы шешім қабылданды.

Аккредиттеу мақсаты – жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органының өткізетін бағалау процесі.

Мамандандырылған аккредиттеу барысында білім беру қызметі, оқу бағдарламаларының сапасы, мемлекеттік стандарттар мен білім беруді ұйымдастырудың және жүзеге асырудың нормативтеріне сәйкестігі бағаланды. Аккредиттеу шеңберінде халықаралық және отандық сарапшылар тобы білім ордасының оқу ғимараттары мен танысып, жоғарыда аталған мамандықтар бойынша білім алушылармен, оқытушы-профессорлар құрамымен, жұмыс берушілермен, түлектермен және бітірушілермен кездесті. Сонымен қатар, сарапшылар тобы аккредиттеу аясында университеттің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасында болып, жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу орталықтары мен материалдық-техникалық база, профессор-оқытушылар құрамы, университеттің республикалық, шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік байланысы, білім алушы бакалавр-магистр-докторлардың білім сапасына сарапшылар тобы жоғары баға берді.


//Сыр бойы.-2014.-1 сәуір.- 3 б.

17




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет