Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы



бет12/12
Дата15.11.2016
өлшемі4,58 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың аймақтағы ескерткіштерді түгендеу, мемлекеттік тізімге алынбаған ескерткіштерді анықтау, олардың жай-күйіне зерттеу жұмыстары туралы жиында сөйлеген сөзінен үзінді

10 маусым 2013 жыл Қызылорда қаласы

Бүгінгі мәжілістің күн тәртібінде бір ғана мәселе – облыс көлемінде орнатылған ескерткіштерді түгендеу, мемлекеттік тізімге алынбаған ескерткіштерді анықтау, олардың жай-күйіне зерттеу жұмыстарының қорытындысын талқылау.

Осыдан бір ай бұрын мен облыстық мәдениет басқармасына арнайы комиссия құрып, аудандарды аралап ескерткіштерді түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берген болатынмын.

Бүгін сол жұмыстардың нәтижесін тыңдап, тиісті шаралар қабылдаймыз.

Ескерткіш – ел тарихы, адам үшін қажетті рухани құндылықтарымыздың бірі. Әрбір ескерткіште тұнып тұрған терең тарихымыз, алар тәлім-тәрбиеміз, үйренер үлгі-өнегеміз жатыр. Облысымызда ұлы тарихи тұлғаларымызға, халыққа, елге танымал азаматтарымызға арналып қаншама ескерткіштер қойылып жатыр.

Бірақ, олардың қойылуында белгілі бір тәртіп бар ма?

Сіздер, әкімдер, аймақтарыңызда орналасқан ескерткіштердің жай-күйімен оншалықты жақсы таныс еместіктеріңіз жаңа көрсетілген слайдтардан белгілі болды. Ескерткіштерге нақты зерттеулер жүргізілмеген, сараптаулар жасалмаған, назарларыңыздан тыс қалып қойған.

Белгілі бір тұлғаның мерейтойы келгенде міндетті түрде оған ескерткіш қоюды өзімізге мақтан көреміз.

Кейбір ескерткіштер демеушілер арқылы бюджеттен тыс қаржы көздерінен салынуы мүмкін. Бірақ, оның заңдылықтарға сай, сай еместігіне неге көңіл аударылмайды?

Бұл аудан әкімдерімен келісіліп, бірлесе жасалып жатқан жұмыс емес пе? Олай болса, аудан әкімі, архитектура, жер бөлімдері қайда қарап отыр? Ескерткіштің архитектуралық шешімі, ситуациялық сызбалары неге келісілмейді?

Облысымыз мықты мүсіншілерден кенде емес. Республика көлемінде танымалдары да жетіп артылады. Оларға да айтылар сын көп.



Қарапайым адам сәулетшінің, мү­сіншінің жасаған туындысына тамсанбаса, онда ол – сәтсіз шыққан дүние. Бізде бүгінде мұндай дүниелер қаптап кетті. Белгілі бір тұлғаның өмір­баянын, тарихын, өмір сүрген қоғамын білмей жатып оған асығыс-үсігіс мүсін жасалынады. Бұл арада мүсіншілеріміз көп жағдайда өзінің материалдық жағдайын ойлағаны көрініп отырады.

Әрине, қаражат барлығына керек. Бірақ, сол қаражатқа қызығып, бір-бірінен аумайтын, мән-мағынасы жеткіліксіз, заңды айналып өткен ескерткіш мүсіндер жасау сол мүсіншілердің абырой-беделін төмендетпей ме?

Облыс көлеміндегі ескерткіштердің бүгінгі жағдайы ешқандай сын көтермейді. 138 ескерткіш тізімге алынбаған, 54-і талапқа сай келмейді. 84-і қайта қалпына келтіруді қажет етеді. Соңғы 5 жыл ішінде салынған 25 ескерткіштің 4-еуі ғана заңға сәйкес орнатылған. Бұл нені білдіреді?



Кеше ғана 9 мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңісі күнін атап өттік. Бірақ, осы даталы күнге арналып жасалған ескерткіштердің жай-күйіне ешқандай мән берілмеген, мүшкіл жағдайда тұр. Мүлдем қараусыз қалып, жан-жағы тазартылмай, ешқандай күтімсіз қалғандары да жетерлік. Бұл - ата-бабалар рухын қалай «құрметтеп» отырғандарыңыздың үлкен көрінісі.

Жастар бұдан қандай тәлім-тәрбие алады, ертеңгі болашақ ұрпаққа қандай мұраны аманаттап қалдырамыз? Осыны ойландыңыздар ма?



Облыстағы әрбір 4-ші ескерткіш заңсыз орнатылған. Комиссияға ұсынылмай, көпшіліктің арасында талқыланбай, құжаттары заңдастырылмай, бір ғана адамның талғамына сүйеніп жасалған ескерткіштен қандай идеялық мазмұн күтуге болады?

Сапасыз материалдардан жасалып, бетоннан құйылған, тұғыры кірпішпен өріліп, тұрмыстық кафельмен қапталған Ыбырай Алтынсариннің, Зейнолла Шүкіровтың, Қасымтай Ізтілеуов, тағы басқа тарихи тұлғаларымыздың ескерткіштерін көргенде дана тұлғаларымызды, ата-бабаларымызды бұлай құрметтеп, ескерткіш салғанымыздан салмағанымыз артық еді деген ой туады.

Орналасатын жерлері дұрыс таңдалмай, қорғау аймақтары, қауіпсіздік ережелері сақталмай орнатылған ескерткіштер де баршылық. Мысалы, Арал ауданындағы Жетес би, Қызылорда қаласындағы Бұқарбай батыр ескерткіштері (авторы Жәркен Исмағұлов) көшенің қақ ортасында тұр. Халықтың жүріп-тұруына ситуациялық жағдайы ескерілмеген.

Неге лауазымды азаматтардың көңілін аулап, шенеуніктіктің көзқарасымен бағалап, халықтың үні де, пікірі де, жағдайы да ескерілмей отыр? Бұлайша мән бермейтін болсақ, ескерткіштерді кім үшін, не үшін орнатып отырмыз? Үлкен сұрақ.



Ескерткіш тірілер үшін керек. Ұлттық идеологияны дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беруде ескерткіштердің маңызы зор. Сондықтан ескерткіштерді орнатуда немқұрайлы көзқарас болмауы қажет.

Сырттан келген адам жоқ, бәріңіз де осы өңірдің азаматтарысыздар. Біріншіден, тарихи-мәдени мұраларға жан ашып қарау бәріміздің парызымыз. Екіншіден, олардың заңға сәйкестігін қамтамасыз ету - Сіздердің тікелей міндеттеріңіз. Алдағы уақытта бекітілген заңдылықтарға сәйкес жұмыс жасаңыздар.

Менің блогыма осы ескерткіш жайында тұрғындардан көптеген өтініштер келіп түсуде. Олардың барлығында ескерткіштің тұлғасына, орналасуына қатысты көптеген өкпе-реніштер бар. Теміржол вокзалы арқылы күніне қаншама жолаушылар өтеді, сырттан қаншама адам келеді. Сыр халқы туралы қандай ойда қалады? Облысымыздың имиджін түсіріп отырғандарыңызды білесіздер ме? Халық арасында түсіндірме жұмыстар жүргізіп, саяси науқан тудырмай, не алып тастаңыздар, не талапқа сай қайта орнатыңыздар. Бұл басқа әкімдерге де қатысты.

Ескерткіш – ел рухы. Өткенді қастерлеу арқылы болашағымызды баянды етеміз.

Жеке абырой-бедел үшін емес, әр ескерткіштің тарихына аса мән беріп, идеялық маңыздылығына, эстетикалық кескін-келбеті мен өлшемдерінің сәйкестігіне қарай орнатуды қолға алыңыздар. Елді мекендердің архитектуралық кескін-келбетінің талапқа, талғамға сай болуы да осы ескерткіштермен тығыз байланысты. Ескерткіш орнатудың негізгі мақсаты – қаланың сәнін ашу, рухани-мәдени тәрбие беру. Сондықтан осы жағын баса ескеріңіздер.



Тапсырмалар:

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері:

  • «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану» туралы Заңы мен «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау» Ережесін басшылыққа алып, жұмыс жасасын;

  • Мемлекеттік тізімге енгізілген аудан және қала аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің төлқұжаттарын жаңалап, қорғау тақталарын орнату жұмыстарына қаржы қарастырып, жыл соңына дейін аяқтасын;

  • Мемлекеттік тізімге енгізілген қала құрылысы және сәулет ескерткіштерін теңгерімге алу жұмыстарын ұйымдастырсын;

  • Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафтты аймақтарының шекарасын бекітсін;

  • Мемлекеттік тізімге енгізілмеген, мемлекеттік комиссияның келісімінсіз орнатылған, сәулеттік-көркемдік келбеті эстетикалық талғамға сай келмейтін, тұлғаның бет-бейнесі ашылмаған ескерткіштерге арнайы іс-шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырсын (орнын ауыстыру немесе жою);

  • ескерткіштер орнату мәселесінде облыстық құрылыс, қала құрылыс және сәулет, жер қатынастары басқармаларымен бірлесе отырып, заңдылықтар аясында бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізсін.


Қызылорда қаласының әкімі (Н.Нәлібаев):

  • Ы.Жахаев, Абылайхан, Т.Жүргенов бюстілерін және Ғ.Мұратбаев ескерткішінің орындарын ауыстырылуын қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жүргізсін;

  • Арай мөлтек ауданындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған» ескерткіштің қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафтты аймақтарының шекарасын бекітуге ұсыныстар енгізсін;

  • Алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген С.Әлжіков, З.Шүкіров, Ы.Алтынсарин бюстілеріне қайта жөндеу жұмыстары жүргізсін.

Арал ауданының әкімі (М.Жайымбетов):

Арал қаласындағы эстетикалық талғамға сай келмейтін, тұлғалық бет-бейнесі ашылмаған Бекмырза хан, Жетес би, Үш биге арналған ескерткіштерге арнайы іс-шаралар жоспарын жасап, нақты шешім қабылдасын, қаланы дамыту жоспарының перспективасын ескере отырып ескерткіштерді қайта жаңғыртсын.



Қызылорда облысының мәдениет басқармасы (Е.Абдрахманов):

  • Облыс көлемінде орнатылған ескерткіштерді заңдастыру, рәсімдеу, қайта жаңғырту, жаңа есткерткіштердің орнатылуына қатаң бақылау жасап, облыс әкімдігіне тоқсан сайын ақпарат ұсынсын.

Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы (С. Нәметша):

  • 2015 жылы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл толуы қарсаңында облыс көлемінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіштердің жаңа үлгідегі эскиздік жобасын дайындап ұсынсын.

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы (Ш. Қойшыбаев):

Облыс аумағында орналасқан ескерткіштердің жер телімдерінің заңдастырылуын қадағаласын.

Осы тапсырмалардың орындалуын бақылауды және тиісті жұмыстарды үйлестіруді облыс әкімінің орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызына тапсырамын.

 Қосымша кімде қандай ұсыныс-пікір бар?

Мәжіліс аяқталды, қатысқандарыңызға рахмет.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың облыстық ассамблеяның кезекті сессиясында сөйлеген сөзіні желісі

12 маусым 2013 жыл.Қызылорда қаласы



Құрметті облыстық ассамблея мүшелері!

Құрметті әріптестер!

Татулық, бірлік, саяси тұрақтылық. Елбасы қалыптастырған дәл осы ұстаным Тәуелсіз Қазақ елінің сыртқы және ішкі саясаттағы басты бағыты болып қала бермек.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында еліміз көптеген экономикалық ауыртпалықты бастан өткерсе де сындарлы сәтте Елбасы саясаты мен халық тілегі ұштасып, ортақ мақсаттар жолында ел бірлігі, қоғамдық келісім қалыптасып, мемлекетімізді бірлесе құруға тарихи мүмкіндік берілді.

Дана халқымыз «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» деген, біз осы жолмен жүріп, елдің берекесін бірігіп еселей түстік.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, елде барлық этностардың құқығы тең. Тәуелсіздігіміздің нығайып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміздің артуына барлық этнос бір үйдің баласындай бірлесе атсалысып келеді.

Биылғы жылы құрылғанына 18 жыл болған Қазақстан халқы Ассамблеясы дербес саяси институтқа айналды. Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты, қазіргі таңда, ол халықаралық қауымдастықта Н.Ә.Назарбаевтың үлгісі деп бағаланды.

Тарихтың әрбір парағы адамзат баласының жүріп өткен жолын көрсетер болса, 20 жылдан сәл ғана асатын уақыт ішінде біз өз жолымызды таңдадық.

Біз қазір дүбірлі өзгерістер белесінде тұрмыз. Көп жағдайда алдымызда не күтіп тұрғанын бағамдай бермейміз.

Тарихтың бірқалыпты ағымы аяқталды.

Қазақстан – шексіз дүниеден бөлектенген оңаша отау емес. Қазіргі кездегі дүниежүзіндегі түрлі өзгерістер, дамыған елдердегі экономикалық дағдарыстар өз салқынын тигізбей қоймайды. Әлемнің бір бөлшегі ретінде біз де болатын өзгерістерді барынша сезінетін боламыз.



Президентіміздің «Қазақстан 2050» Стратегиясы - осы бір қиын сәттерде біздің бағдарымызды айқындар құбылнамамыз болмақ.

Биылғы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуы да тектен тек емес.

Біз - бір шаңырақтың астындағы мүддесі бір, мақсаты ортақ халықпыз.

Жүріп өткен жолымызды тоғыстыратын, армандарымызды орайластыратын ортақ келешегіміз – тәуелсіз Қазақстан.

Ал, осының барлығына қоғамның бірлігі қажет.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген халық даналығы бар.

Соңғы уақыттарда әлем елдерінде болып жатқан түрлі саяси оқиғалар, қанды қақтығыстар тұрақты татулығымыз бен берекелі бірлігімізге сына қағылмауы үшін бізден одан әрі жұдырықтай жұмылуды талап етеді.

Уважаемые участники сессии ассамблеи!

24 апреля текущего года в Астане состоялась юбилейная ХХ сессия Ассамблеи народа Казахстана, которая стала крупным событием в политической жизни страны.

Глава государства, Председатель Ассамблеи народа Казахстана Н. А. Назарбаев в своем выступлении на сессии выдвинул перед Ассамблеей приоритетные задачи на предстоящий период, вытекающие из Стратегии «Казахстан – 2050».

Он дал высокую оценку деятельности Ассамблеи народа Казахстана, достигшей в этом году совершеннолетия. Ассамблея доказала свою жизнеспособность, ибо сумела адекватно ответить на вызовы времени, найти пути решения проблем в сфере межэтнических и межконфессиональных отношений, внести огромный вклад в укрепление общественно-политической стабильности.

По своему конституционному статусу, составу, структуре, широкому представительству и активной деятельности Ассамблея стала эффективной формой участия в делах государства всего полиэтничного и многоконфессионального казахстанского общества.

Именно поэтому Нурсултан Абишевич Назарбаев на ХХ сессии АНК с полным основанием заявил, что ассамблея является общегражданским институтом нашей нации, надежным и прочным фундаментом стабильности и общественного согласия.



В предстоящий долгосрочный период деятельность ассамблеи будет сопряжена с задачами реализации Стратегии «Казахстан – 2050».

«В 2050 году Казахстан, я уверен, будет единым сплоченным народом, образцовым национальным государством. Общественное согласие должно стать главной чертой единого полиэтничного народа, государства и институтов гражданского общества, политических партий, религиозных конфессий», - отметил Н. А. Назарбаев.

Гражданский мир и межэтническое согласие не достигаются раз и навсегда. Они требуют целенаправленной и напряженной работы по их сохранению и укреплению.

Казахстан не живет изолированно от глобализирующегося мира, в котором происходят сложные, во многом противоречащие друг другу процессы. В начале XXI века в мире отмечается рост межэтнической и межрелигиозной напряженности. Европейские лидеры признали крах политики мультикультурализма. Возникают новые угрозы и риски, которые могут негативно повлиять на обстановку в различных странах, вызвать в них конфликтную ситуацию, раскол и брожение. И, как показывает мировая практика, такое возможно в тех государствах, где нет большого взаимного доверия между властью и обществом, где нет внутреннего единства народа.

Об этом свидетельствуют произошедшие за последние годы события в Тунисе, Ливии, Египeт, Сирии, вылившиеся в кровавые столкновения.

В эти дни весь мир с беспокойством следит за ситуацией в Турции, где поводом для беспорядков послужила несложная проблема, которую можно было решить путем конструктивного диалога.

Не так давно произошли акции неповиновения властям в Кыргызстане, в основе которых лежат разногласия в трудовых отношениях.

Сейчас в мире назревает новый финансово – экономический кризис, который, как мы видим на примере Греции, Кипра и других стран, ухудшает социальное положение людей и вызывает волну протестного движения.

Все эти процессы могут негативно сказаться и на Казахстане. Мы должны сознавать, что за социально – политическую стабильность и гражданский мир в стране ответственны все мы: как государственные органы, так и институты гражданского общества, в том числе Ассамблея народа Казахстана.

Думаю, не лишне напомнить высказывание римского историка Саллюстия: «При единении и малое растет, при раздоре величайшее распадается».



Трудно переоценить своевременность принятия Концепции развития Ассамблеи народа Казахстана до 2020 года, утвержденной указом Президента страны.

Этот документ, имеющий стратегическое значение, определяет основные направления деятельности Ассамблеи народа Казахстана на среднесрочный период.

Взяв его за основу, мы должны принять Концепцию областной ассамблеи с учетом региональных особенностей и этнодемографической ситуации. Поручаю секретариату облАНК совместно с областными управлениями внутренней политики, образования, культуры, развития языков и молодежной политики до 15 августа 2013 года подготовить проект Концепции.

Хочу напомнить, что мною был утвержден план мероприятий по реализации Концепции развития Ассамблеи народа Казахстана на 2013-2014 годы. Все соответствующие областные управления и другие ведомства должны обеспечить в полной мере и в намеченные сроки его выполнение.

На предстоящий период нам предстоит работа по выполнению поручений Главы государства Н. А. Назарбаева, данных на ХХ сессии АНК.

Прежде всего, областная ассамблея народа Казахстана должна усилить разъяснительную, информационно-пропагандистскую и воспитательную работу в свете современных требований.

Следует убедительно раскрыть значение, место и роль Ассамблеи народа Казахстана как общегражданского и общенародного института, являющегося важнейшим стержневым элементом политической системы страны. Необходимо сосредоточить внимание на формировании и укреплении толерантности как нравственной нормы нашей жизни.

Эта работа должна иметь комплексный, целенаправленный характер и охватить различные слои населения. К ней необходимо привлечь все государственные органы и ведомства, трудовые коллективы, учреждения образования всех уровней, неправительственные организации, этнокультурные объединения и средства массовой информации области.

В связи с этим возрастает ответственность секретариата областной ассамблеи, являющегося ее рабочим органом. На него возлагаются полномочия координации деятельности всех соответствующих областных управлений, которые осуществляют государственную национальную политику в рамках своей компетенции.

Следует признать, что до настоящего времени секретариат областной ассамблеи в основном ограничивался работой в пределах областного центра, где действуют этнокультурные объединения. Сейчас расширяются сфера и пространство, функции и содержание деятельности ассамблеи. Поэтому секретариату необходимо повысить активность, а его работникам следует чаще бывать в районах и трудовых коллективах, оказывать им методическую и организационную помощь.



Требует дальнейшего улучшения научно-экспертное сопровождение деятельности областной ассамблеи народа Казахстана. Научно – экспертной группе при облАНК нужно провести работу по изучению процессов, происходящих в межэтнической сфере, подготовке и изданию очерков по истории межэтнических отношений в регионе, методических разработок по формированию толерантности у подрастающего поколения и т. д.

По поручению Президента страны Н. А. Назарбаева во всех районах и городах, а также на крупных предприятиях должны быть созданы советы общественного согласия. В их состав должны войти представители политических партий, НПО, профессиональных союзов, средств массовой информации. Рабочими органами этих советов призваны стать отделы внутренней политики.

Хочу подчеркнуть, что за формирование и деятельность советов общественного согласия несут персональную ответственность акимы районов и г. Кызылорды.

Одной из главных задач ассамблеи является воспитание молодежи.

Сегодня современная молодежь увлечена Интернетом, масс-культурой, которые формируют общественное сознание, задают во многом чуждые нам поведенческие образцы и нормы, насаждают нетерпение и агрессию. Мы должны понимать, что социальные сети могут стать идеологическим оружием массового поражения.

Наступающее политическое время – это борьба за умы, прежде всего молодежи. Экстремистские, радикальные религиозные и националистические силы, которые включились в эту борьбу, выступают с мощными идеологическими доктринами. Мы должны уметь противостоять в этой борьбе за умы, вырабатывать новые интеллектуальные подходы.

В активный политический возраст вступило поколение молодых, сформировавшееся за годы независимости на новых ценностях. Весьма важно укреплять среди молодежи национальную идентичность, культивируя присущие нашему народу духовно – нравственные идеалы и ориентиры.

Секретариату областной ассамблеи, этнокультурным объединениям совместно с областными управлениями по вопросам молодежи и образования необходимо принять меры по вовлечению молодежи, студентов и школьников в мероприятия ассамблеи, направленные на укрепление межэтнического согласия, формирование толерантного сознания и поведения.



В областную ассамблею народа Казахстана входят 11 этнокультурных объединений, которые вносят свой вклад в общее дело укрепления общественного согласия, утверждения атмосферы дружбы и взаимопонимания.

Хочу выразить признательность руководителям и активистам этнокультурных объединений за их бескорыстный и подвижнический труд.

Укрепление общественного согласия, достижение национального единства – это наше общее дело.

Құрметті әріптестер!

Қоғамда Ассамблея төңірегінде аз-кем тар ауқымды пікірлер айтылып қалады. Кейбір зиялы қауым өкілдерінің Ассамблея тек этномәдени бірлестіктердің, түрлі этностардың мәдениеті, әдет-ғұрпы мен тілін дамыту мен сақтау бойынша ғана жұмыс жасайтын сала деген түсініктері бүгінгі күні ескірді.

Ассамблеяның 20-сессиясында Елбасының: «Ассамблея – бүкілхалықтық өкілдік! Бүгінде Ассамблея – бұл барлық 17 миллиондық қазақстандық» деп айтуы – осының дәлелі.

Сондықтан, Ассамблеяның көпқырлы аспектілерін тұрғындар арасында, соның ішінде зиялы қауымның салиқалы ой қалыптастыруына тереңірек түсіндіру жұмыстарын жүргізуге баса назар аудару қажет.

Елбасының тапсырмасымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстар тұрақты жүргізіліп, жыл соңына дейін жергілікті жерлерде қоғамдық келісім кеңестері құрылатын болады.

Аудан әкімдері жергілікті жерлерде өзге этностардың аздығына қарамастан олардың басын біріктіре отырып, «Ынтымақ», «Бірлік», «Достық» деген секілді қоғамдық ұйымдар құруға ықпал жасаулары қажет деп есептеймін. Бірлестіктердің жұмысына демеу беру үшін әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландыруды жолға қою керек.

Жергілікті мемлекеттік органдар этностық топтардың жалпыазаматтық сәйкестілігін қалыптастыру бағытындағы жұмысты күшейту бойынша шараларды тұрақты жүргізіп отыруға тиіс.

Құрметті облыстық ассамблея сессиясына қатысушылар!

Елбасы айтқандай, «Үдеудің сыры – бірлікте, Жүдеудің сыры – алауыздықта». Сондықтан әр уақытта бірлігімізді сақтап, өзгелердің арамызға сызат салуына мүмкіндік бермей, алауыздықтан алшақ, бейбіт ел ретінде өмір сүруге өз үлесімізді қоса берейік дегім келеді.



Ынтымағы жарасқан, ауызбіршілігі мығым, саяси ахуалы тұрақты, көп этносты мемлекетіміздің әлем мемлекеттеріне әлі де талай үлгі бола беретіні анық.

Назар салып, тыңдағандарыңызға рахмет!



Қызылорда облысының әкімі

Қырымбек Көшербаевтың

Байқоңыр қаласы мәселелері

бойынша өткен мәжілісте

сөйлеген сөзі

18 маусым 2013 жыл.


Байқоңыр қаласы – өзінің ма­ман­­да­нуына орай құрылуы мен да­муы жөнінен негізінен жеке құрыл­ған қала. Заңдылығында ірі орта­лықтар­дан айтарлықтай алыс орна­ласқан мұндай қалалардан әскери­лердің ке­туі сөзсіз бірқатар қиын­дықтар ту­ғы­зады. Сондықтан да болар, оларда бір­қатар әлеуметтік пробле­малар­дың жинақталып қа­луына таңға­луға да болмайды.

Сонымен қатар бүгінде біз мұн­дай проблемалардың жинақталып қалмауына жол бермеуге, керек де­сеңіз, оны өз мүмкіндігімізге пайда­лануымызға болады.

Ойлап қарасаңыз, Қазақстан мен Ресей үшін екі жаққа тиімді бәрін де қалпына келтіруге бір өтпелі ке­зең керек. Ол бір кездері миллиард­таған қаржыға салынған бұрынғы өндірістік кәсіпорындар негізінде қазіргі заманғы өнеркәсіп кешенін салуға жол ашады.

БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА НЕ БАР?

Полигонды электрмен жабдық­таудағы ішкі жүйе құралдарының шамадан тыс қуаты (жоба бойынша – 150 мВт, бүгінде барынша тұты­натыны – 65 мВт).

Су қоры да жеткілікті. Өйткені өнеркәсіп кешені жанынан Сырда­рия өзені ағып жатыр.

Қалыптасқан тұрғын үй-комму­нал­дық құрылымы бар.

Жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастыратын алаңдар да жеткі­лікті.

Байқоңырдағы пайдаланылма­ған нысандар тартымды инвести­ция­лық алаңдарға айналып, біз үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік береді.

Біріншіден, не істеу қажет деген­ге келсек, онда жалға беру жө­нінде жұмыс жасап жатқан келісім-шарт шеңберінде бар активтерді мақсатты пайдалану үшін заңды механизмін табу керек.

Мысалы, Ресей жалға беруші ре­тінде «Байқоңыр» кешенінің нысан­дарын біздің Үкіметпен келісе оты­рып қайта жалға бере алады.



Мұнан басқа Ресей жағы пайда­ла­нылмай жатқан нысандар мен мүліктерді және жер учаскелерін жалға алудан бас тартуға құқылы.

Осы орайда біз қызығушылық танытып отырған осы мәселелерге байланысты мүліктер мен жер учас­келерінің тізімін жасап, жинақтауы­мыз қажет.

Мұнан әрі бұл нысандарды қайта жалға берушілерді анықтау қажет. Мысалға, ол «Байқоңыр» ӘКК бо­луы мүмкін. Ол инвестицияларды, со­ның ішінде ресейліктерді де тар­тып, сол нысандар базасы негізінде өнеркәсіп паркін құра алады.

Сонымен қатар біз Ресей жағы­ның жалға алып, пайдаланылмай жатқан жер учаскелері мен мүліктік нысандарынан бас тартуына бай­ланысты жұмыстарды да қолға алу­ды бастауымыз керек. Анығында онда көптеген нысандар пайдала­нылмауда. Оны заңды түрде рәсім­деп, әрі қарай жылжуымыз қажет.



Екіншіден, негізгі мақсат – Бай­қоңырдағы босаған нысандар база­сында өнеркәсіп өндірісін құрып, оларды мемлекеттік Үдемелі инду­стриалды-инновациялық даму бағ­дарламасына енгізу керек.

Бұл бағытта біз инвесторлармен жұмыс жүргізуіміз қажет.

Бұл не болуы мүмкін? Техноло­гиялық кешеннің барлық түрін мон­таждау, яғни – автокөліктерді жи­нақтау, өнеркәсіп контейнерлерін жи­нақтау, тұрмыстық ғимарат­тарды жинақтау, қоқысты өңдейтін комбинаттарды дайындау, суды дайындау мен өнеркәсіп және тұр­мыстық ағынды суларды өңдеу жүйе­­сін жинақтау, тұрмыстық және өнеркәсіп құралдарын дайын­дау, өнеркәсіптік және тұрмыстық бұй­ымдарды тігу мен қалыпты және пластмасса құюды жүзеге асыруға болады.

Мысалға, «Байқоңырэнергоның» базасында металл мен ағашты өң­деуге арналған кішігірім станок пар­кі бар. Мұнан бөлек, өз қуаттылы­ғында жұмыс істемей тұрған өнді­рістік алаң да бар. Мамандар пікі­рінше бұл паркті қосымша станок­тармен жарақтандырып, оны фи­тингілер дайындап, механикалық өң­дейтін, бұйымдар түрлері мен жылу орағыш элементтерін, сондай-ақ, қазандық агрегаттарының жоғарғы жағындағы ысталған бөлігін жөндеу, технологиялық труба құбырларын дайындау, өнеркәсіптік жарақтан­дыру мен қондырғыларды шығара­тын бүтін бір жеке кәсіпорынға айналдыруға болады.



«Көркейту және коммуналдық қызмет» МУК базасы негізінде асфальт-бетон өндірісін жеке құры­лымға бөліп, мақсатты түрдегі қа­зіргі заманғы жол пайдалану кә­сіпорнын құруға болады. Ол Төре­там мен Ақай қоныстарға, қалаға, полигонға, «Жосалы-Қазалы» авто­трассасы учаскесіндегі жолдарға қызмет көрсетеді. Осы кәсіпорында бетон ерітінділері шаруашылығы түріндегі бетонды өндірісті дамытуға болады.

Қалаға жақын жерде нақты түр­де жоспарланған қуатты өнеркә­сіптік кәсіпорын алаңы бар. Оның жанынан газ құбыры мен электр беруші жоғары желі тартылған. Оның өндірістік өнім үшін қуатты­лығы қабылдауға және газтурби­налық электрстансадан жіберу мүмкіндігі де бар. Сонда жылуды тұтынушылар өнеркәсіп кәсіпорын­да­рымен қатар Ақай қыстағының тұрғындары да оның игілігін көре алар еді.

Қаладағы «Бәйтерек» кәсіпорны­ның әкімшілік алаңы базасында электртехникалық және АТІ өнім­дерін жинақтап, шығаратын кәсіп­орын құруға да болады.

«Водоканал» базасы негізінде эко­ло­гиялық бағыттағы жергілікті жи­нақтау жүйесі мен тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды бей­тараптандырып дайындауды және жіберуді жүзеге асыратын өнеркә­сіптік құрылым құруға болады.

Бұл алғаш кезектегі бірқатар шы­ғынды аз қажет ететін мүмкіндіктер.

Сонымен қатар қазіргі заманғы ірі ғылыми түрде негізделген кәсіп­орындарды құру мәселесін де шешіп алу қажет. Бұл жұмысқа «Атаме­кен» одағы мен ресейлік өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағын тартуға болар. Сондықтан да ресейлік ор­талық машина жасау технологиясы ғылыми-зерттеу институты мен металлургиялық машина жасауды жобалау-конструкторлық институ­ты­ және басқалармен келіссөз жүргізу қажет.

Электр энергия, байланыс және телекоммуникация, робот құрылы­сы, техника жүйесі және АТІ техно­логиясы, сондай-ақ, экологиялық және метео-мониторинг көздері не­гізінде ғылыми түрдегі орталықтар­ды жаңғыртуды бастау керек.



Үшіншіден, кіші және орта бизнесті дамыту жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыру қажет.

Мұнда шағын несиелендіруге на­зар аудара отырып, қала төңірегінде азық-түліктік белдеу құру мәселесін жасау қажет. Сөйтіп, Төретам және Ақай қыстақтары тұрғындарына мақсатты түрде бағытталған бизнес идеялары мен бизнес жоспарларына «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнес­тің жол картасы-2020» және басқа да бағдарламалар бойынша қаржы алуларына көмек көрсету керек.

Байқоңыр қаласында қызмет көр­сету жүйесін дамыту мүмкіндіктерін зерттеу қажет.

Бүгінде қалада біздің елдің 5 мың­нан астам азаматы жұмыссыз. Осы мақсатта жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарын дайын­дау қажет.



Мұнан басқа әлеуметтік және ме­дициналық қамтамасыз ету бағ­дар­ламасын дайындауды бастап, Ре­сей азаматтарын Қазақстанның ға­рыш кешені нысандарында жеңіл­дікпен жұмысқа орналастыру қа­жет. Бұл бізге білікті мамандардың бір бөлігін қабылдауға жол ашады.

Төртіншіден, Байқоңырға жұ­мыс істеуге келетін инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жа­сау қажет. Мысалға, Байқоңыр қа­ласында жүзеге асырылатын инвес­тициялық жобалардың басым ба­ғыт­тарының тізімі бойынша мемле­кет инвестициялық жеңілдіктер береді. Сөйтіп, инвесторлар әкелген қондырғылары үшін кедендік алым­нан, корпоративтік табыс салығы мен мүлік пен жер салығынан бо­сатылады.

Егер де біз инвесторларға инвес­тициялық жеңілдіктер жасасақ, онда Байқоңыр қаласының экономикасын дамытуға ынталандыратын қосым­ша жақсы мүмкіндіктерге жол ашы­лады.

Бесінші.

Біз Байқоңыр қаласындағы жоға­ры оқу орындарын, оның ішінде Мәс­кеу авиация институтының фи­лиалын сақтап қалуға және дамы­туға тиіспіз. Мәскеудің авиация инс­ти­туты Ұлттық зерттеу университеті мәртебесін алған Ресейдің 12 жоға­ры оқу орындарының біріне санала­ды. Мұнда 450-ден астам ғылым док­торлары жұмыс істейді! Зымыран­дық және ғарыштық жүйелерден басқа, азаматтық және көліктік әуе күштерінің, тікұшақ техникасының, пилотсыз ұшу аппараттарының, бар­лық әуе техникалары күш-қуат қон­дырғыларының, сондай-ақ ақпарат­тық телекоммуникациялық техноло­гиялардың (байланыс жүйелері, мәліметтерді беру, телеметрия, на­вигация, интеллектуалдық басқару, радиолокация, оптикалық және оп­тикалық электронды жүйелер) ма­мандарын дайындайтын басым ба­ғыттағы институттың бірінен сана­лады.

Бұл технопарктің бірегей жүйесі болып табылады, онда оқу аудито­рия­ларымен бірге ғылыми білім беру орталықтары, ресурстық орталық­тар, конструкторлық бюролар, көп­теген зертханалар, тәжірибе экспе­риментальды зауыт, т.с.с. шоғырлан­ған. Осының барлығы институтқа әлемдік деңгейдегі кадрлар дайын­дауға мүмкіндік береді. Демек, біз өзіміздің мүддеміз үшін универси­тет­пен ынтымақтастықты дамытып, Мәскеудің үздік ғалымдарын тар­туы­мыз қажет. Себебі, осында дай­ындалған кадрлар экономиканың көп­теген салалары үшін жоғары сұ­ранысқа ие болады.

Институттың филиалы қазіргі уақытта Байқоңыр кешенінің және аймақтың кәсіпорындары, ұйымда­ры мен сынақ орталықтары үшін зы­мырандар мен ғарыштық аппарат­тар­ды ұшыру, оларды пайдалану мен дайындау жөніндегі басым ба­ғыттар бойынша мамандар дайын­дай­ды.



Мәскеудің авиация институты­ның фи­лиалы бүгін біз үшін маман­дар­дың қаншасын дайындай алады? Олардың көпшілігінің Ресей мен Қазақстанның ірі қалаларына кетіп қалатыны неліктен? Университет Байқоңыр қаласындағы өз филиа­лын дамытуды қалай жоспарлайды? Біз институтқа өзара ынтымақ­тастықтың қандай үлгісін ұсына аламыз? Міне, осы және басқа да сауалдарға қажетті жауап алу үшін біз осы бастан тыңғылықты жұмыс істеуіміз қажет деп санаймын.

Сонымен бірге колледждерді да­мыту мәселесі барынша маңызды бо­лып табылады. Олар өңірге қа­жетті, әзірге жетіспей отырған білікті мамандарды дайындауы қажет. Сондай-ақ Байқоңыр аумағын және облысты тұтастай алғанда оқу орын­­дары түлектерінің жергілікті жерде тұрақталуы жөнінде Жоспар жасау қажеттігі туындайды. Мысал үшін, айталық, Мәскеу авиация инсти­туты филиалының Б2 факуль­тетінің түлектері ғылыми бағыттағы маман­дар дайындауға бейімделген. Олар­дың білімдерін өңір экономи­касының салаларын дамытуға пай­да­лану маңызды мәселе болып табылады.

Алтыншы.

Байқоңыр – жас қала. Сондық­тан ол ауылдан гөрі қалада өмір сүруге құштар біздің жастарымыз­ды өзіне тартатын орталыққа ай­налуы тиіс. Бұл жерде қаланың бү­кіл инфра­құрылымы орналасқан, олардың қатарында 600-ге жуық бос пәтер, ба­лалар бақшалары, мә­дениет ме­кемелері, ойын-сауық орындары бар.

Мектеп бітіруші түлектер ара­сын­да кәсіби бағдар жөнінде әңгіме жүргізгенде Байқоңыр қаласындағы жоғары және арнайы маманданды­рылған орта оқу орындарының мүм­кіндіктерін насихаттау барынша ес­керілуі қажет. Бұл жерде аймаққа қажетті кадрлар дайындалуы тиіс.

Байқоңыр көпмақсатты ірі мүлік­тік кешен болып табылады. Қаланың инфрақұрылымы қазіргі уақытта Ресейдің әскери қатысуының қыс­қаруы және әскери қалашық нысан­дарының қайта құрылуына байла­нысты біршама босап жатыр. Сон­дықтан ол Қызылорда облысының өңірлік экономикасын дамыту мақ­сатына пайдаланылуы қажет деп есептеймін.




Выступление акима области К.Кушербаева на встрече

В. Школьника с местными

товаропроизводителями

19 июня 2013 года

в Шиелийском районе
Уважаемые участники встречи !

Уважаемый Владимир Сергеевич!
Как известно, национальная атомная компания «Казатомпром» входит в число ведущих уранодобывающих компаний мира. Является национальным оператором по импорту-экспорту урана, редких металлонв, ядерного топлива для атомных электрических станций, специалього оборудования, технологий и материалов двойного назначения.

По итогам 2012 года,  АО «НАК «Казатомпром» сохранило мировое лидерство в производстве урана. Объемы Компании на мировом рынке природного урана с учетом доли во всех дочерних и зависимых предприятиях составляют более 20%. 

По итогам I квартала т.г. объем добычи урана группой предприятий АО «НАК «Казатомпром» составил 4 979 тонн.

На сегодня в компании работает свыше 25 000 человек.

Только недавно мы торжественно отметили 30 лет деятельности известного в нашей области и атомной промышленности предприятия - Рудоуправления № 6, являющегося дочерним предприятием АО «НАК «Казатомпром».

Сегодня здесь работают около 400 человек и получают стабильную заработную плату.

За первый квартал 2013 года объем произведенной продукции составил свыше 2, 0 млрд. тенге и внесено налогов на сумму свыше 211,0 млн. тенге. В сравнении с соответствующим периодом прошлого года заметен рост данных показателей.

Также предприятие оказывало поддержку социальному развитию поселка Шиели. За эти годы построены интернат для детей-инвалидов на 50 мест, оснащенный необходимым оборудованием, стадион на 150 мест с действующим футбольным, волейбольным, теннисным и другими полями, оказана помощь в ремонте ряда социальных объектов района.

Учитывая результативный итог работы, предприятие всегда отмечалось наградами, медалями, грамотами.

И вот сегодня на базе данного предприятия и при поддержке АО «Национальная Атомная Компания «Казатомпром» проводится встреча с предприятими области и организована выставка продукции местных товаропроизводителей.

Сама тема встречи «Диалог между «Казатомпром» и предпринимателями Кызылординской области» предполагает совместную работу предприятий нашей области с потребителями их товаров, работ, услуг.

Как вы знаете, Главой государства поставлена глобальная задача по вступлению Казахстана в ВТО.

А также действующий Таможенный союз между тремя государствами требует соответствия продукции наших товаропроизводителей требованиям стандарта качества продукции, евростандартам и другим международным стандартам, чтобы товары, работы, услуги были востребованы крупными компаниями, в том числе и предприятиями, входящими в национальные компании.



Мы сердечно благодарим за участие в сегодняшнем мероприятии руководство АО «Национальная Атомная Компания «Казатомпром» и лично Владимира Сергеевича Школьника.

Учитывая эту уникальную возможность, предлагаем участникам встречи, нашим производителям заполнить нишу потребности своими качественными товарами, работой и услугами высокого уровня.

Кроме того, мы надеемся что в дальнейшем будут рассмотрены варианты сотрудничества и с простаивающими предприятими региона. В целом данное мероприятие позволит наладить долгосрочные взаимовыгодные отношения.

Сегодня мы ознакомились с продукцией местных товаропроизводителей, необходимых предприятиям разной сферы, начиная от спецодежды, постельных принадлежностей и до готовых строительных материалов - труб, стеновых материалов, железобетонных изделий и других, а также продуктов питания местных производителей.

Также очень важно отметить, что впервые в Кызылординской области проводится такая встреча, когда участвуют все дочерние и зависимые предприятия компании «Казатомпром». При этом немаловажно отметить, что компания добывает более 70 процентов от общего объема уранового сырья в Кызылординской области.

Кроме того, в области работают сервисные компании, оказывающие транспортные услуги, услуги в исследовании скважин, проводят горно-подготовительные и другие работы.



Также хочу проинформировать, что на базе предприятий находящихся в Шиелийском и Жанакорганском районах специализирующихся на производстве различных металлов (месторождения ванадия и сопутствующих продуктов и свинцово-цинкового рудника Шалкия) мы планируем создание металлургического кластера. Учитывая специализацию и новые направления работы Вашей компании в последние годы, работы по редкометалльному и редкоземельному направлению, а также проводимые научно-исследовательские работы, предлагаю принять активное участие в реализации данных проектов. Мы можем совместно инициировать отдельную программу по извлечению новых продуктов на базе разрабатываемых месторождений, по некоторым проектам по ванадиевому направлению уже налажено сотрудничество с вашими компаниями, например по созданию ванадиевых аккумуляторов. Для нас важным направлением является развитие предприятий химической отрасли, и реализация проектов на основе месторождений соли, предлагаем компании принять участие в реализации проекта «Производство кальцинированной соды». Данный проект можно рассмотреть в рамках реализуемого вами химического кластера. Мы бы хотели иметь более широкое сотрудничество и по другим направлениям. В этой связи, нами проводится масштабная работа по поддержке новых производств, ведется работа по созданию индустриальных зон в целях повышения инвестиционной привлекательности региона, со стороны акимата проводится работа по подведению внешней инженерной инфраструктуры.

Так, на сегодняшний день в городе Кызылорда создана индустриальная зона общей площадью 760 гектаров.

В данное время к индустриальной зоне подведена автомобильная дорога, на стадии завершения строительство систем водоснабжения, канализации, электроснабжения, линии связи.

В текущем году планируется завершить строительство объектов газоснабжения. Прорабатываются вопросы строительства железнодорожной ветки и теплоснабжения.

На территории индустриальной зоны планируется разместить ряд промышленных объектов, таких как стекольный завод, новая ТЭЦ и другие объекты промышленности.

Также, в Жалагашском и Шиелийском районах создаются индустриальные зоны. На сегодняшний день отведены земельные участки под индустриальную зону, разрабатывается ПСД для обоснования бюджета на проведение инженерной инфраструктуры к индустриальным зонам.

Здесь должны активно работать акимы Шиелийского, Жалагашского районов, где создаются индустриальные зоны.

По другим районам области рассматриваются возможности создания индустриальных зон.

Со своей стороны акимат области выражает готовность полностью обеспечить создаваемые индустриальные зоны всей необходимой инженерной инфраструктурой.

В этой связи, Владимир Сергеевич, просим Вас рассмотреть возможности создания совместных или смежных производств на базе действующих предприятий, которые мы можем разместить также в создаваемых индустриальных зонах.

К примеру: рассмотреть возможность налаживания производства сульфата аммония на базе завода по выпуску серной кислоты, мы знаем, что у Вас такие планы есть и мы готовы всячески содействовать продвижению данного проекта.

На сегодняшний день, мы в недостаточной мере используем имеющиеся возможности удовлетворения потребностей предприятий АО «НАК «Казатомпром» силами местных производителей.

Изучение данного вопроса показало, что между заказчиками, в лице градообразующих предприятий региона, входящих в группу компаний АО «НАК «Казатомпром» и представителями малого и среднего бизнеса региона, способными обеспечивать своей продукцией, отсутствует необходимая диалоговая площадка.

И сегодняшнее мероприятие послужит подспорьем в решении данных вопросов.

В этой связи, для изучения потребностей АО «НАК «Казатомпром» просим предоставить информацию по необходимой номенклатуре товаров, работ и услуг для более глубокого изучения и внесения предложений по сотрудничеству.

И сегодня же мы предлагаем подписание меморандумов между предприятиями Кызылординской области и предприятиями АО «Национальная атомная компания «Казатомпром».

Разрешите пожелать вам всем удачи и больших достижений в нашей совместной работе.

Спасибо.


Қызылорда облысының әкімі

Қырымбек Көшербаевтың

күріш шаруашылығын дамыту

жөнінде өткен семинар-кеңесте

сөйлеген сөзінен үзінді.

20.06.2013

Облыста күріштің 40 мың гектар­дан астамы немесе жалпы егіс көле­мінің 60 пайызы 500-ден 3000 гек­тарға дейін егетіндердің ірі күріш шаруашылықтарының үлесіне келеді. Осы шаруашылықтар көктемгі дала жұмыстарына қажетті қаржыны фьючерстік негізде 4-5 күріш өңдеуші компания арқылы әр тоннасын 30 мың теңге есебінен қаржыландырады. Бұл баға күріштің өзіндік құнына теңдес. Сондықтан шаруашылықтар пайдасыз жұмыс жасап, әрі қарай дамуына мүмкіндік болмай отыр.

Көктемгі дала жұмыстарына қа­жет­ті қаржыны әр гектарына 70 мың теңгеден есептегенде бұндай келісім­шарттың жалпы құны 2 млрд. 800 млн. теңгеге жетіп, күріш салысына есептегенде 90 мың тонна құрап, облыс орталығында өңделеді.

Күріш салысының әр тоннасынан ақталып сатылғаннан кейін орташа 8,0 мың теңге пайда болса, өңдеуші кәсіпорындар 720 млн. теңгеге жуық пайда көреді, басқаша айтқанда оның тиімділігі 30-40 пайызды құрайды. Бұл қаржының саланы немесе әлеу­меттік саланы дамытуға ешқандай пайдасы болмай отыр.

Шаруашылықтар бұл қаржылан­дыру жүйесінің тиімсіздігіне қарамас­тан, амалсыздан осы қадамға баруға мәжбүр. Себебі:

1. Екінші деңгейлі банк талапта­рының жоғарылығы, кепілдік мүлік­тің жетіспеуі, сұранысты қарау мер­зімінің ұзақтығы және банктің 3 жылдық оң балансты талап етуі;



2. Өңдеуші кәсіпорынмен фьючер­стік келісімшарты бойынша кепіл­діктің қажеті жоқ, қаржыландыру мә­селесі тез шешіледі және келісілген кестеге сәйкес қаржы қолма-қол бе­ріледі.

3. Басқа қаржыландыру көздерін іздеуде белсенділік байқалмайды. Се­бебі шаруашылықтарда қаржы ма­ман­дарының біліктілігі және ақпарат­тануы төмен деңгейде қалып отыр. Көп жағдайда шаруашылық басшы­сы өз еркімен бірыңғай шешім қа­былдайды.

***

«Агрохолдинг «Байқоңыр» ЖШС элеваторын жоспарлы 35-40 мың тон­на күрішпен қамтамасыз ету жағ­дай­ында, бұл егістің 10 мың гектар алқабын қамтиды немесе жалпы егіс­тің 15 пайызы ғана. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл барлық күріш нары­ғына қатысушыларды ығыстыруға ықпал жасай алмайды. Дегенмен, «Агрохолдинг «Байқоңыр» ЖШС бә­секелестік жағдай тудырып, қалып­тасқан күріш салысының бағасына оң ықпал етіп, шаруашылықтарға ти­імді бағаны ұсынады,олардың қосым­ша табыс табуына жағдай жасайды.



***

Көптеген шаруашылық басшыла­ры мен мамандары фьючерстік негіз­де қаржыландырып отырған кәсіп­орындарды «инвестор» деп атайды. Негізінде оларды «инвестор» деп атауға болмайды. Себебі «инвестор» өндіріске,оның дамуына инвестиция тартады және пайдасын бірге көреді. Өкінішке орай, көп жағдайда пайданы тек өңдеуші кәсіпорын көруде.

***

Облыс көлемінде 2001-2010 жыл­да­ры мысалға екі ірі күріш компа­ниясы жұмыс істеген. Олар жыл сайын 25 мың гектар егін еккен «Дихан» және «Шапағат» компания­лары. Түрлі себептермен осы қос компания жұмысын тоқтатып,15-тен астам шаруашылық, қаржыландыру көзінен айырылып, егін егу, өндірістік қызметін жалғастыру мүмкіндігінен шектелді. Агрохолдингтің құрылуы осындай жағдайда көптеген шаруа­шы­лық­тар үшін тиімді жұмыс жасау­ы­на және дамуына зор мүмкіндік береді.



***

Осыған орай біздің бренд «Ақ Мар­жанның» республика көлемінде отандық тұтынушылар арасында сапасы мен маркетингтік әлеуеті әлі де жоғары деп есептеймін. Өңірлер­дегі тұтыну­шы­лар ең жақсы күріш – «Ақ Мар­жан» деп біледі, сондықтан брендті одан әрі дамытуға болады.

«Қазақстан нені мақтан тұтады – ол «Ақ-Маржан» күріші !!!»

Бізде негізінен «Маржан» сорты­ның элитасын «Түгіскен» тұқым шаруашылығы шығарады. Алай­да бүгінгі таңда шаруашылық­тың қаржылық жағдайы өте төмен. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Р.Нұртаевқа Т.Дүйсе­баев, А.Сүлейменовпен бірлесіп осы шаруашылықты сауықтыру жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырамын. Біз «Түгіскен» тұқым шаруашылығын жетелеуге дайынбыз.

***

Қазақстан жылына орта есеппен 100 мың тонна күріш жармасын пайдаланады, оның ішінде 20 мың тонна өзге елдерден импортталады. Әрі қарай республикада күріштің жалпы өнімінің есебі 330-350 мың тонна болса, тиісінше жарма шығысы орташа 45 пайызды құрайды немесе 150 мың тонна жарма, жарманың профициті шамамен 50 мың тон­надай. Осы қалыптасқан жағдайда саланың ахуалы, сатылу динамикасы жарманың экспорттық бағасына тәуелді. Сыртқы және ішкі нарықта басты және басым бәсекелес Ресей күріші.

***

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында күріш саласының бәсекелестігін арттыру мақсатында:



Күріштің егіс көлемін оңтайлан­дырып, орнына басқа (жүгері, мақса­ры) дақылдарын ауыстыру және аг­роөнеркәсіптік кешеннің оң әсерін тигізетін өзге (мал шаруашылығы, өсімдік майын өндіру, құрама жем) салаларын дамытуды, сонымен қатар күріштің өнімділігін көтеру бағытын­да су пайдалану­ды азай­ту, басқару­ды жетілдіру мақсатында күріш егіс көлемдерін оңтайлан­дыру, агротехно­логиялық операция­лар­дың саны мен сапасын жақсартып, шығындарды оңтайлан­дыру бағытын­да кешенді шаралар қабылдауды тапсырамын.

2008-2010 жылдар аралығында облыс әкімдіктерінің өкілдерімен, ӘКК, ірі сауда компанияларымен, трей­дерлермен үш рет «Күріш жәрмең­кесі» өткізіліпті. Жәрмеңке барысын­да тауар өндірушілер трейдерлермен қарым-қатынас жасап, өнім түрлері­мен танысыпты. Неге жақсы идея жалғассыз қалған?!

Зауыттарда технологиялық өңдеу жұмыстарының барысында басқа об­лыстардың кәсіпорындарымен об­лыстық ауыл шаруашылығы басқар­масы арасында меморандумдар, келісімшарттар жасалған. Жәрмең­кеде көтерме сауда жеткізушілердің нарық талаптарына сәйкес талап тілектері тыңдалады. Бүгінгі күні сау­да өкілдері арқылы көршілес мем­лекеттер нарықтарының шеңберінде экспорттық әлеуеттілікті, елшіліктер мен консулдықтардағы экономика­лық кеңесшілерді ортақ іске тартуға болады.





V. Әдістемелік ұсынымдар
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: мақсаты, негізгі бағыттары және ерекшеліктері

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың маңызды талаптарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасының көрсеткіштері болып табылады.

Яғни, мемлекеттік қызмет көрсетудің бүгінгі деңгейін анықтау барысында қызметтің са­пасы, оның уақытында орындалуы, қолжетімділігі, шағым жасау шаралары, электрондық форматта көрсетілуі сынды тұстар қаперге алынады.

2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заң 6-тарауды, 31-бапты қамтиды.

Заң шеңберінде мемлекеттік қызметтер субъектілерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауына, сондай-ақ, жалпы мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға бағытталған түрлі құралдарды енгізу көзделген.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет стандарт жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мен бекітудің тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және электрондық нысанда көрсету тәртібі қарастырылған.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша мемлекеттің азаматтармен кері байланысын қамтамасыз ететін жеке тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдардың катысуымен мемлекеттік қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг алғашқы рет енгізілді.



Заңның мақсаты – тұрғындардың мүдделері мен сұраныстарына бағытталған сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызметтер көрсету.

Заң шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұғымы айқындалды, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізілімге енгізіледі, содан кейін 3 ай ішінде оның стандарты бекітіледі. Стандарт бекітілгеннен кейін 1 ай мерзім ішінде регламент бекітіледі.

Мемлекеттік көретілетін қызмет стандарт пен регламент шеңберінде көрсетіледі. Заңда стандарт пен регламент ұғымдары нақты айқындалды.



Сонымен қатар, Заңда қызметті алушылардың құқықтары да нақты айқындалған. Негізгілерін атап айтқанда, ол – тиісті жергілікті атқарушы органның, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану, толық және анық ақпарат алу. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысу құқықтары айқындалды.



Жалпы мемлекеттік қызметтер саласын дамыту және үйлестіру үшін уәкілетті орган болып ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі – мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауды және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган.

Ал, электрондық форматтағы қызметтерді көрсетуді бағалайтын және «электрондық үкімет» порталының қызметіне басшылық жасайтын – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі белгіленді.



Заң аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі анықталды. Яғни, ХҚКО арқылы қызмет көрсету кезінде құжаттардың қабылданған күні мен беру күні есепке алынбайды.

ХҚКО қызметкері тұтынушыда тек толық құжаттар топтамасы болған жағдайда ғана оның өтінішін қабылдауға міндетті. Егер құжаттар толық болмаса өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі және сыртқы бақылау, қоғамдық мониторинг жүйесі енгізілген. Бұл ретте, әрбір қызмет көрсетуші орган өз тарапынан қызметтер көрсету процесіне ішкі бақылау жүргізеді.



Ал, коммерциялық емес ұйымдар, басқа да жеке тұлғалар өз бастамасы бойынша және өз есебінен қоғамдық қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізіп, нәтижесімен тиісті ұсыныстарымен қорытынды жасайды. Қорытындыны қажетті шаралар қабылдау үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және қызмет көрсетуші органдарға жолдайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы бұзу фактілері жауапкершілікке әкеп соғады. Атап айтқанда, қызметтердің белгіленген мерзімдерінің сақталмауына орай, негізсіз қызметтен бас тарту фактілері орын алса, қызмет көрсетуге қатысты шағымдар қарау тәртібі бұзылса, тисті лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады.



Жалпы, осы Заңның қабылдануына орай 2013 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасының 10 заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының толық мәтінін www.zakon.kz сайтында, сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 20 сәуірдегі № 111 және «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 20 сәуірдегі № 139-140 сандарында көруге болады.



VІ. Кадрлық тағайындаулар
2013 жылғы 6 мамырында:
Облыс әкімінің өкімімен:

-«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Абдуалиев Айдар Сейсенбекұлы тағайындалды.


****
2013 жылғы 10 маусымда:
Облыс әкімінің өкімімен:

-Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бекжанов Еркебұлан Маратұлы тағайындалды





VІІ. Заңнамалық база

2013 жылдың І тоқсанында қабылданған

Қызылорда облысының әкімдігі мен Қызылорда облысының әкімі актілерінің

ТІЗІМІ





Актіні қабылдау күні (күні, айы, жылы)

Актінің нөмірі

Актінің толық атауы



01.04.2013

62

«Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи- мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссия құру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 29 маусымдағы № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы



01.04.2013

63

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1001 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



01.04.2013

64

«Облыстың коммуналдық мүлігін мақсатты және тиімді пайдалану жөніндегі облыстық комиссия туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы №31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



01.04.2013

65

ҚБПҮ



01.04.2013

66

«Қызметтік жеңіл автокөліктің лимиті және арнайы жеңіл автокөліктің тиістілік табелін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2005 жылғы 8 тамыздағы № 525 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



03.04.2013

67

2013 жылғы арналған Қызылорда облысы әкімінің іс-қимыл жоспары туралы



03.04.2013

68

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



03.04.2013

69

Аудандық коммуналдық мүлік құрамына сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығына ие болу туралы



03.04.2013

70

Мүлікті облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



03.04.2013

71

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1001қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



03.04.2013

72

Жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңес құру туралы



03.04.2013

73

«Қызылорда облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1000 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



03.04.2013

74

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы



05.04.2013

75

2013 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы



05.04.2013

76

«Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kyzylorda.kz ресми web-порталының регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 маусымдағы №440 қаулысының күшін жою туралы



08.04.2013

77

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 235 қаулысына толықтырулар енгізу туралы



08.04.2013

78

«Қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазасын өтегенадамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның құрамын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 30 қазандағы №57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы



15.04.2013

79

«Қызылорда облысының тіректі ауылдық елді мекендерінің тізімін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 352 қаулысына толықтыру енгізу туралы



15.04.2013

80

«Кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және бизнеске түсетін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы №470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



15.04.2013

81

Мүліктерді облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен Жалағаш аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



15.04.2013

82

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы



18.04.2013

83

Мүліктерді Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



18.04.2013

84

«Жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмыс тобы туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 609 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



18.04.2013

85

«Қызылорда облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 902 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



18.04.2013

86

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру туралы Қызылорда облысының өңірлік комиссиясын құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 23 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



18.04.2013

87

«Қызылорда облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



18.04.2013

88

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы



18.04.2013

89

«Облыстық бюджеттік комиссия құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 344 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



18.04.2013

90

Коммуналдық мүліктің кейбір мәселелері туралы



18.04.2013

91

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы



18.04.2013

92

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы



18.04.2013

93

«Қызылорда облысының білім басқармасының «Аймақтық дене тәрбиесі орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы



18.04.2013

94

«Сәулет-қала құрылысы кеңесін құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 798 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



22.04.2013

95

«Қызметтік жеңіл автокөліктің лимиті және арнайы жеңіл автокөліктің тиістілік табелін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2005 жылғы 8 тамыздағы № 525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



22.04.2013

96

«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №61 шешіміне өзгерістер мен толқтырулар енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы



23.04.2013

97

«Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы



25.04.2013

98

Әкімшілік-аумақтық құрылыстың кейбір мәселелері туралы



26.04.2013

99

«Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін республикалық меншікке беру туралы



30.04.2013

100

«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы 12 сессиясының № 61 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 704 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



30.04.2013

101

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы



30.04.2013

102

Жер учаскелеріне құқық табыстау туралы



30.04.2013

103

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы



30.04.2013

104

Мүлікті облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



30.04.2013

105

Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі №406 «Қызылорда облысының әкімдігі жанынан кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі облыстық кеңес құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы



30.04.2013

106

«Облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қызылорда облысы әкімиятының 2005 жылғы 5 мамырдағы № 414 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



02.05.2013

107

«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы 12 сессиясының №61 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 704 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



06.05.2013

108

«Қызылорда облысы бойынша аң аулайтын алқаптарды жануарлар әлемін пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы №630 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



06.05.2013

109

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы



06.05.2013

110

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы



06.05.2013

111

Мүліктерді облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



06.05.2013

112

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



06.05.2013

113

Мүліктерді облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



06.05.2013

114

Қызылорда облысының коммуналдық мүлік деңгейінен республикалық меншікке мүліктерді беру туралы



08.05.2013

115

Қызылорда облысының залалды әлеуметтік мәні бар маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссиясын құру туралы



08.05.2013

116

Ветеринариялық препараттарды облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



08.05.2013

117

Ветеринариялық препараттарды облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



13.05.2013

118

2013 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы



13.05.2013

119

«Қазалы көлік - техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы



13.05.2013

120

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1012 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



13.05.2013

121

«Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы30 желтоқсандағы № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



13.05.2013

122

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



13.05.2013

123

«Қызылорда облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



13.05.2013

124

«Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 999 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



13.05.2013

125

2013 жылдың 4 айындағы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы



13.05.2013

126

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің2009 жылғы



13.05.2013

127

«Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1007 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



14.05.2013

128

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы



14.05.2013

129

«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



14.05.2013

130

«Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 8 қазандағы № 249 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы



14.05.2013

131

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1001 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



14.05.2013

132

ҚБПҮ



14.05.2013

133

«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2013-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №739 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



14.05.2013

134

«Қызылорда облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



14.05.2013

135

Аң аулайтын алқаптарды жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіп беру туралы



14.05.2013

136

«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1008 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



15.05.2013

137

«Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 389 қаулысына өзгеріс енгізу туралы



15.05.2013

138

«Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1009 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



15.05.2013

139

«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы №286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 ақпандағы №8 қаулысын жою туралы



17.05.2013

140

«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №993 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



17.05.2013

141

Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы



27.05.2013

142

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы



27.05.2013

143

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеңесін құру туралы



27.05.2013

144

«2013 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



27.05.2013

145

«Облыстық ономастикалық комиссия туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 маусымдағы №153 қаулысынаөзгерістер енгізу туралы



27.05.2013

146

Мүлікті облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен Қазалы аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы



27.05.2013

147

Коммуналдық мүліктің кейбір мәселелері туралы



27.05.2013

148

Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы жалпы көлемі 980 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту туралы



30.05.2013

149

«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы 12 сессиясының № 61 шешімініске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 704 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы



30.05.2013

150

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы



30.05.2013

151

Тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы



31.05.2013

152

Сараптамалық комиссия құру туралы



31.05.2013

153

«Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі облыстық жұмыс тобын құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



04.06.2013

154

Облыстық коммуналдық мүлік құрамына сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығына ие болу туралы



05.06.2013

155

Облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу туралы



05.06.2013

156

Мүлікті Қызылорда облысының коммуналдық мүлік деңгейінен республикалық меншікке беру туралы



05.06.2013

157

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 991 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



06.06.2013

159

«Қызылорда облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1000 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



11.06.2013

160

«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы 12 сессиясының № 61 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 704 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы



11.06.2013

161

Сәулет-қала құрылысы кеңесін құру туралы



12.06.2013

162

Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес құру туралы



12.06.2013

163

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы



18.06.2013

165

Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы



20.06.2013

166

2013-2014 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы



20.06.2013

167

«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Стадион» коммуналдық кәсіпорнын қайта құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 985 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы



20.06.2013

168

«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мұз айдыны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы



20.06.2013

169

«Облыстық бюджеттік комиссия құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы №344 қаулысына толықтырулар енгізу туралы




Қызылорда облысы әкімінің шешімдері



12.04.2013

5

«Қызылорда облысының әкімдігі туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2008 жылғы 27 маусымдағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы



29.05.2013

6

Тауар өндірушілердің жиынтық тізімін бекіту туралы



06.06.2013

7

Қызылорда облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Ережесін бекіту туралы



10.06.2013

8

«2010 – 2014 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 38 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

«Қызылорда облысы әкімдігінің жаршысы» басылымын шығару



бойынша редакциялық алқа құрамы


Жайсанбаев Қанатбек Бахытұлы

-

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, алқа төрағасы;

Делмұханов Марат Нұрсайынұлы

-

Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, алқа төрағасының орынбасары;

Алқа мүшелері:

Ақдаулетова Марал Баймұратқызы

-

құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы;

Ақжігітова Индира Сансызбайқызы

-

электронды әкімдікті интеграциялау және дамыту бөлімінің басшысы;

Бәкіров Ерлан Әмірханұлы

-

кадр жұмысы бөлімінің басшысы;

Биманова Сәуле Сапабекқызы

-

мемлекеттік қызметтердің мониторингі және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың жүргізілуін үйлестіру бөлімінің басшысы;

Есжанов Асқарбек Темірбекұлы

-

ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы;

Жаңабаев Ғабит Жұмабекұлы

-

бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы;

Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлы

-

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы;

Жұмабаев Асылбек Теңелұлы

-

Қазақстан халқы облыстық Ассамблея хатшылығының басшысы;

Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;

Өмірсеріков Бауыржан Серікбайұлы

-

Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі - мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тобының басшысы;

Ысқақов Руслан Сұлтанұлы

-

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

Соңғыбаев Нұрлан Қазиұлы

-

облыс әкімі аппаратының бас инспекторы - баспасөз хатшысы

Қызылорда облысы әкімдігі

120001, Қызылорда қаласы,

Жақаев көшесі, 76

e-mail: oblakimat@orda.gov.kz

Жаршының электронды нұсқасын облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы мына мекенжай бойынша алуға болады: http://www.e-kyzylorda.gov.kz/kk/content/aymak







ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ЖАРШЫСЫ/ №2/2013




Балық консорциумының байыпты қадамдары 01.06.2013
Тұрғын үй құрылысы
По остальным пунктам
Ответственные исполнители по показателям рейтинга кызылординской области по динамике социально-экономического развития

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> akimat -> Zharshi
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
akimat -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722
Zharshi -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет