Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы


БАЛЫҚ КОНСОРЦИУМЫНЫҢ БАЙЫПТЫ ҚАДАМДАРЫ 01.06.2013



бет3/12
Дата15.11.2016
өлшемі4,58 Mb.
#1814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

БАЛЫҚ КОНСОРЦИУМЫНЫҢ БАЙЫПТЫ ҚАДАМДАРЫ 01.06.2013
1 маусым күні Арал аудан әкімдігінде Қырымбек Көшербаевтың төр­ағалығымен «Балық шаруашылығы саласын дамытудың шаралары мен балық консорциумы жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбында мәжіліс өткізілді. Бұл теңіз төс­кейінде ата-баба кәсібінің одан әрі қарқындайтынын дәлелдегендей. Кеңеске республика, облыс көлеміндегі сала басшылары, Арал, Қазалы аудандарының әкімдері, байырғы балықшылар, табиғат пайдаланушылар қатысты.

Облыста Кіші Арал теңізі, Сыр­дария өзеніне қоса балық шаруа­шы­лығына маңызды 158 көл бар. Кіші Арал теңізі 18 учаскеге бөлі­ніп, табиғат пайдалану­шыларға бекі­тіліп берілген. Соңғы жылдары балық аулау көлемінің біршама өс­кендігі байқалады. Әрі оның басым бөлігі Кіші Арал теңізінің үлесінде.



Қырымбек Елеуұлы балық шаруа­­шылығының мәселесі өңірі­мізде әсіресе Арал, Қазалы аудан­дары үшін маңыздылығына, облыс­та ауланатын балықтың 85-90 па­йызы осы аудандардың үлесінде екен­дігіне, балық аулау көлемінің ұлғаюымен қосымша жұмыс орын­дары, жаңадан кәсіпорындар ашыл­­ғанына тоқталды. САРАТС жоба­сының ІІ кезеңінен жұртшы­лықтың күтер үміті зор. Мұндай жағдайда балық шаруашылығы одан әрі қарқынды дамитыны сөзсіз. Облыс басшысы өкінішке орай аталмыш салада бір жүйелілік қалыптаспай отырғанын, ауланған балықтың тікелей көлдің басынан облыстан тыс жерлерге сатыла­тынын, өңір­дегі балық өңдеу кәсіп­орындарында шикі­заттың жетіспеуі орын алатын­дығын атап өтті.

Облыс көлемінде жалпы қуат­тылығы 11,2 мың тоннаны құрай­тын балық өңдеу кәсіпорындары бар. Дегенмен, бұл кәсіпорын­дардың бүгінгі таңдағы шикізатпен қамтылуы мардымсыз. Үкіметі­міздің «Агробизнес – 2020» бағдар­ламасы аясында тауарлы балық шаруашылығын қолдау тетіктері қарастырылғанмен өңірімізде та­у­ар­лы балық өсірудің қолға алынбай келе жатқаны жасырын емес.

Ағымдағы жылы «Байқоңыр» ӘКК, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Арал филиалы, Арал, Қазалы аудандарының балық аулап, өңдейтін шаруашылықтары бірігіп консорциум құрған-ды. Төраға­лығына балық шаруашылығының майталманы «Арал-СДО» ЖШС директоры Әділбек Әйімбетов сай­ланған болатын. Ондағы мақсат – балық шаруашылығындағы маңызды жайттарды кеңесіп шешу. Санаулы уақытта консорциум өзінің қауқары жоғары екендігін танытып та үлгерді. Балық аулау лимитін бөлудің талапқа сай бо­луына үлесін қосты. Балық шаруа­шылығына маңызы бар су айдын­дарын бекітіп беру конкурсына қатысамыз деген ұсыныстары «Арал-Сырдария» облыс­аралық балық шаруа­шылығы инспекциясы тарапынан қолдау тапты.

Су айдындарын балықтандыру негізгі шаралардың бірі. Облыс бойынша бұл іспен «Қамыстыбас балық питомнигі» шұғылданады. Кәсіпорын жылына 15 млн. тұқы, дөңмаңдай, ақ амур тәрізді балық түрлерін өсіріп, айдынға жібереді. Нақты кезеңде бұл жұмыс жемісін беруде. Яғни, шабақтар табиғи өсу деңгейіне келіп, кәсіпшілік балық аулау дәрежесіне жетуде. Дегенмен, питомникте өсірілген балықтың нарықтағы бағасы төмен екендігі қынжылтады. Келешекте Қамыс­тыбас балық питомнигінде балық түрлерін көбейтуді әсіресе, көк­серке, қаяз, бекіре өсіруді Кіші Арал теңізіне қоса өзге де су айдын­дарында қолға алған абзал. Питом­ник мемлекеттік тапсырыс­пен теңіз, теңізге жақын су айдындарын балықтандыруда. Өзге аудандар­дағы балықшылардың шабақ алуға мүмкіндігі жоқ. Питом­никке жы­лы­на республи­калық бюджеттен бөлінетін 200 млн. теңге шабақ өсірудің көлемін арттыруға аздық етеді. Сондықтан қосымша қар­жыландыру жайын шешкен ләзім. Өткен жылға дейін су айдындарын бекітіп беру конкурстарын өткізіп беру, балық аулау лимитін бөлу жергілікті атқарушы органның құзырында болатын. 2013 жылдың қаңтарынан жоғарыдағы шаралар уәкілетті органның құзырына қай­та­дан берілді. Осындай ауыс-түйістің салдарынан ондаған су айдындары иесіз қалып отыр. Бұл балық аулау лимитін толық орын­дауға кедергі келтіруі де ықтимал.



Балық өңдеумен Арал, Қазалы аудан­дарында 8 кәсіпорын айна­лысады. Олар­дың қатарында «Ата­мекен балық өнеркә­сібі» ЖШС меншігіндегі балық зауыты, «Қуаныш», «Арал сервистік дайындау орталығы», «Камбала балық БӨО» ЖШС, «Ақбасты», «Жамбыл» өндірістік коопера­тиві, «Бақыт» шаруа қожалығы бар. Жоғары технологиялық құрал­дармен жаб­дықталған «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-нің балық зауыты шикізаттың жетіспеуінен бар-жоғы 10-15 пайыз қуатты­лығында жұмыс атқаруда. Зауытты «АЭНДБ Арал балық процессинг» ЖШС жалға алып жұмыс жүргізуде. Балық өнімдері негізінен республика аумағына, Ресей, Өзбекстан елдеріне экспортқа шығарылады. Ағымдағы жылдың 4 айында құны 485 мың АҚШ долларын құрайтын балық өнімдері Түркия, Грузия, Польша, Әзер­байжан, Виргиния арал­дарына жөнелтілген. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыс­тырғанда 51 тоннаға артық.

Келесі кезекте хабарлама жаса­ған Табиғи ресурстар және табиғат пайда­лануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Бекжановқа облыс әкімі тауарлы балық шаруашы­лығын ұйымдастырамын деген кәсіп­керлерге жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін айта келе ал­ғашқы кезекте көлдерге су жеткі­зетін каналдар мен гидро­техни­калық құрылыстарды жөндеу, жаңа­дан салу өткен жылы жүргі­зілген мелио­рациялық жұмыстарды одан әрі жалғас­тыруды, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге ұсыныс беруді тапсырды. Арал, Қазалы аудандарының әкімдері Мархабат Жайымбетов пен Бақыт Жахановқа ауланған балықтың кемінде 70-80 пайызын заңға сәй­кес балық зауыттарында өңдеудің мүмкіндігін қарастыруды, таяудағы жыл­дары тауарлы балық шаруа­шылықтарын ұйымдас­тыру­ды, балық өңдейтін кәсіпорын­дарды шикізатпен қамтамасыз ету жүк­телді. «Арал-Сырдария» облы­саралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшы­сының міндетін атқарушы Еркін Өтегеновке резервте тұрған су айдындарын бекітіп беру кон­курсын тамыз-қыркүйекке дейін өткізуді, заңсыз балық аулаушы­лармен күресті күшейту, міндетте­ме­лерін орындамаған табиғат пай­даланушылардан көл­дерді қайта­рып алып, шаруашылық жүргізуге мүмкіндігі бар тұлғаларға кон­курспен бекіту тапсырылды. Салық департа­ментінің басшы­лығына балық шаруа­шылығынан түсетін салықтың нақты көлемін анықтап, заңсыз, салық төлемей балық аулау және саудасымен айналысуға жол бермеудің шара­ларын көру міндет­телді. «Бай­қоңыр» ӘКК-на балық кластерін дамытуды жан­дандыруды, осы бағытта несиелік серік­тестіктерді барлық аудан­дарда ұйымдастыруға нақты көмек көр­сету және жаңадан құрылған консор­циумның ұсы­ныстарына жан-жақты жәрдем жасауды, өнер­кәсіп және кәсіп­керлік басқар­масына балық шаруашы­лығы саласына инвес­тиция тартудың жолын қарас­тыруды тапсырды. Сондай-ақ мәжілісте Қазақстан Респуб­ликасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Балық шаруа­шылығы комитеті төраға­сының міндетін атқарушы Хайырбек Му­са­баев сөз сөйлеп, еңбек ардагері Құдай­берген Саржанов, эколог-жазушы Сай­лау­бай Жұбатыров өз ойларын ортаға салды.



Мәжілісте залдан түскен «Арал-Сырдария» облысаралық балық шаруа­шылығы инспекция­сының орталығын Аралға көшіру туралы ұсыныс та облыс әкімінің назарынан қалыс қалмады. Осылайша көптен бері қозғалып, қордаланған мәселелерді шешуге нақты қадам жасалды.
КҮРІШ МӘСЕЛЕСІН КОНСОРЦИУМ ҮЙЛЕСТІРЕДІ 20.06.2013
20-шы маусымда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Жалағаш ауданында күріш ша­руа­шылығын дамытуға арналған семинар-кеңес өтті. Басқосуда аймағымызда күріш кластерін қалыптастыру бағытында атқа­рылатын жұмыстар айқындалып, өңірдегі күрішшілердің проб­лемалық мәселелері талқыланды. Осы күні «Күріш консорциумы» құрылып, оның төрағасы болып Ораз Қарақожаев сайланды.

Күріш шаруашылығын дамытуға арналған жиынды аймақ басшысы Қ.Көшер­баев ашып, облыстың ауыл шаруашылығы саласында ерекше сергек қарауды талап ететін саланың бірі – күріш өндірісі екенін атап өтті. Иә, ауылдағы ағайынның негізгі кәсібі осы күріш егумен байланысты. Бұған қоса, жерден ризығын терген Сыр өңірінің диқандары еліміздің ішкі нарығын осы өніммен то­лық қамтамасыз етіп келеді. Ірі құры­лымдар сапалы өнімді сыртқа да шыға­ру­да. Алайда, аталған салада өзекті проб­лемалар аз емес. Ол талай жерде айтылып та жүр. Осы түйінді мәселелерді айқын­дап, күріш өндірісін ілгері дамыту үшін жаңадан құрылған «Күріш консорциу­мы­ның» алдына үлкен міндеттер қойылды. Аймақ басшысы сөз басында айтып өт­кен­дей, Сыр диқандары негізгі дақылды жыл сайын 70 мың гектар жерге егуді жү­зеге асырғанымен күріш өнімдерін өңдеу­ді, сақтауды, күріш салысын ақтауды және тиімді сатуды жолға қою бүгінгі күн­нің басты мәселесіне айналып отыр. Басты дақылдың болашағын баянды ету үшін ірі және шағын шаруашылықтар бірі­гіп, күріш консорциумын құратын мезгіл жеткенін айтты. Бұлай жасау өңірде бағалы дақылды өсіруде кластерлік жүйе қалыпт­астыру үшін аса қажет екендігіне тоқталған облыс басшысы мұның алғаш­қы қадамдары жасалғанын атап өтті.



– Аймақта «Күріш кластерін дамыту» жобасы қолға алынуына байланысты «Бай­қоңыр» ӘКК ҰК» АҚ жуырда «Жа­ла­ғаш элеваторы» ЖШС теңгеріміндегі өндіріс ныса­нын сатып алды. Ал, жаңа­дан құ­рыл­ған «Агрохолдинг «Байқоңыр» серіктестігіне осы элеваторды бас­қару құзыреті беріліп отыр. Алдағы уақытта күріш шаруашы­лы­ғын қалыптастыруда осы «Агро­хол­динг» негі­зінде күріш клас­тері қа­лыптастырылады. Оның, әсіресе, майда шаруа­шы­лықтарға тигі­зер септігі мол. Олардың өсір­ген күріші осында өңделетін болады. Ал, алдағы уақытта мұнда күріштен крахмал өнді­ру ісі қолға алынады, – деді облыс басшысы.

Күріш кластерін қалыптастыру үшін бұған қоса, минералды тыңайт­қыш шығару ісі де жолға қойылады. Бұған Жаңақорған ауданын­дағы күкірт қышқыл зауытының өні­мін пайдалануға болады. Серік­тестік жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіреді. Осы өнімнен аммоний сульфаты минералды тыңайтқышын шығаруды қолға алу қажеттігін алға тартқан аймақ басшысы мұны сәрсенбі күні об­лыс­қа келген «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясының басшысы В.Школьникпен талқылағанын жеткізді.

Мұнан соң кезек хабарлама­шы­ларға тиді. Алдымен облыстық ауыл­ шаруашылығы басқарма­сы­ның басшысы Талғат Дүйсебаев сөз алып, «Күріш шаруашылығын да­мы­туда күріш кластерін қалып­тас­тырудың маңыздылығы» тақыры­бын тарқатты. Оның айтуынша, са­лада қордаланған мәселелер жет­кілікті. Сондай шешімі табылмай келе жатқан мәселелерді тізбелеген хабарламашы олардың өнімнің өзіндік құнына әсер етпей қоймай­тынына тоқталды. Басты пробле­ма­ның бірі – инженерлік жүйеге кел­ті­рілген жерлер тоза бастаған. Ирри­га­ция және дренаждық жүйелердің және ондағы гидротехникалық құ­рылыстардың жұмыс істеу қабілеті жылдан жылға төмендеп барады. Сондай-ақ, облыстағы барлық инженерлік жүйеге келтірілген 179 мың гектардан астам жердің 54 мың гектары пайдаланылмай отыр. Ай­налым қаражаты аз кейбір шаруа­шылық құрылымдары несиеге қол жеткізе алмай жүр.

Алдағы уақытта еліміз Дүние­жүзілік Сауда Ұйымына кіруді ме­же­леп отыр. Сол кезде аймағы­мыз­дан сыртқа шығарылатын бірден-бір өнім – күріштің бәсекелестікке төтеп беруі қиындап кететіні дау­сыз. Ал, ауылдағы ағайынның дені нәпақасын осы саладан тауып отыр. Елді мекендердегі жалпақ жұрт үшін әлеуметтік маңызы зор саланың болашағын бүгін қамда­масақ, кеш қалатынымыз анық.



Айта кетейік, облыс­та­ғы осы кәсіппен айна­лысып отырған 371 шаруа­шы­­лық­тың 19-ы ірі шаруа­шы­лық қатарына жатады. Мың гектардан астам жерге негізгі да­қыл­ды егуге қау­қары бар осы ша­руа қожа­лық­тары ғана. Өзгеле­рін­дегі жер көлемі 500 гектар және онан төмен. Сон­дық­тан оларда кү­ріш егу, оны күтіп-баптау кезін­дегі агротехнология әртүрлі. Ал, тиісті технологияны сақтамау өнім­ге тіке­лей әсер ететіні белгілі. Мәсе­лен, үл­гілі шаруашы­лық­тар әр гек­тар­дан 60-65 цент­нер­ден өнім алса, кейбір майда қожа­лықтар 15-25 цент­нер астық жинай­ды. Олар мем­лекеттің жәрдемімен ғана ілдалдалап күн кешуде. Сон­дық­тан үнемі айты­лып жүрген егін­шілердің мәселе­ле­рін шешетін мез­гіл жетті. Т.Дүй­се­баев облыс әкімі­нің тап­сыр­масы шеңберінде жуырда айма­ғымыздағы 17 ірі шаруашылық бірі­гіп, «Күріш консорциумын» құру жөнінде хатта­малық шешім қабыл­дап, шартқа қол қойылғанын жет­кіз­ді. Осы орайда, аймақ басшы­сының бастамасымен балық, энер­гия мәселелері бойын­ша осындай консорциумдар құры­лып, жұмыс жасап жатқанын атап өткен орынды.

Мамандар айтқандай өңірде кү­ріш кластерін қалыптастыруға то­лық мүмкіндік бар. Инженерлік жүйе­ге келтірілген жер біздің бас­ты байлығымыз болып саналады. Бұған қоса, біздегі ірі шаруашы­лық­тарда қуаттылығы 508 мың тонна күріш өңдейтін кәсіпорындарымыз бар. Ал, аймақтың жылдық күріш өндірісі 300 мың тонна. Және бұл кәсіпорындар жоғары стандарт талаптары бойынша сапалы өнім шығару мүмкіндігіне ие. Сондықтан егілген күріш 100 пайыз облыс көлемінде өңделіп келеді. Еліміздегі жалғыз Қазақ күріш ғылыми-зерт­теу институты Сыр елінде орналас­қан. Ендігі жерде консорциум осы ғылыми-зерттеу орталығының мүмкіншілігін толық пайдаланып жатса, ұтылмасымыз хақ.

Аймақ басшысы алдағы уақыт­та Ауыл шаруашылығы және Қор­шаған ортаны қорғау министр­лік­терінің көшпелі мәжілісі облыста өтетінін атап өтіп, өз орынбасары Рзақұл Нұртаевқа тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Мысалы, Қор­шаған ортаны қорғау министрлігінің көшпелі мәжілісінде Солтүстік Арал құрылысының екінші кезеңі мәселесі, аймақтағы су және балық шаруашылығын дамыту, сондай-ақ экология мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Семинар-кеңесте айналым қара­жа­ты аз шаруа қожалықтарына қол­дау көрсетілетіні жөнінде айтылды. Ендігі жерде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ ұлттық компаниясының жанынан құрылған «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС тиімді қаржыландыру көзі ретінде саланың дамуына тың серпін бермек. Бұл туралы «Байқоңыр» ӘКК» ҰК АҚ басқарма басшысы­ның орынбасары Асхат Сүлейменов айтып берді. Ол аймақ басшысының күріш кластерін құру және консор­циум жұмысына қатысу жөніндегі тапсырмасы аясында «Жалағаш элеваторы» ЖШС үлесі сатып алы­нып, оның атауы «Агрохолдинг Бай­қоңыр» ЖШС болып өзгерге­нін, жарғылық қоры 500 млн. теңгені құрайтын мекеме құрылып, жұмы­сын бастап кеткенін жеткізді. Атал­ған серіктестіктің иелігіндегі эле­ва­торға 30-40 мың тонна күріш түсіп тұруы тиіс. «Агрохолдинг Байқо­ңыр» ЖШС шаруа қожалықтарына алдын ала төлем жасап, күрішті келісім-шартпен сатып алады. Өнім­нің орнына жоғарыда айтқа­ны­мыз­дай алдын ала тыңайтқыш пен жа­нар-жағармайды дер кезінде жет­кізіп береді. Яғни, шаруашы­лық­тармен фьючерстік шарттар жаса­лады. Хабарламашы сонымен бірге алдағы уақытта қалдықсыз техно­логия жобалары қолға алынаты­нына тоқталды. Атап айтқанда, кү­рішті өңдеу және терең өңдеу арқы­лы онан күріш майы, қоспа жемдер, отын брикеттерін шығару және күріш сабанынан МДФ-плитасын (жиһаз өндірісіне пайдаланылатын материал) жасау жоспарда бар. Ал, олардың нарықта сұранысқа ие екендігі бәрімізге белгілі. Сонымен бірге «Агрохолдингтің» ұйытқы бо­луы­мен несие серіктестіктері мен шағын қаржылық ұйымдар құры­лып, олар осы элеватордың әкім­шілік ғимаратына орналасады. Атал­ған компания «Агробизнес- 2020» және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламаларында қарас­тырылған мемлекет қаржысы мен өз қаражаты арқылы күріш өндірі­сін дамытуға арналған озық жоба­ларды қаржыландыруды жоспарлап отыр. Хабарлама соңында А.Сүлей­менов мына жаңалықты жеткізді. Ал­дағы уақытта «Жалағаш элева­торы» жұмысын қалыпты жүргіз­ген­нен кейін облыстағы шаруа­шы­лық құрылымдары «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС акционері бо­лып, құрылтайшы ретінде серіктестікті басқаруға қатыса алады.

Мұнан соң «Күріш шаруашы­лығын ғылыми қамтамасыз ету ша­ралары» тақырыбында «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруа­шы­лығы» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының орын­басары Ибадулла Тәутенов хабар­лама жасады. Ол саланы ғылыми қамтамасыз ету бағытында атқары­лып жатқан жұмыс барысы туралы баяндап, өндіріске жаңа сорттар енгізу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Ал, күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының пре­зи­денті Абзал Ерәлиев Ресей күрі­шінің ел нарығына арзан баға­мен кіргеніне алаңдайтынын білдірді. Ол соңғы 4-5 жылда жергілікті күріш бағасының бір бағадан өзгер­меге­нін, ал минералды тыңайтқыштар мен жанар-жағармай, қосымша бөлшектер бағасы жыл сайын өсіп келе жатқанын қынжыла жеткізді. Жаһандану жағдайында бірігіп жұмыс жасағанда ғана нәтижеге қол жеткізетінімізге, сондықтан кон­сорциумға бірігудің уақыт талабы екендігіне тоқталды. Мұнан соң «Мәді қажы» ЖШС директоры Апбаз Камалатдин мен «Ақжар-Агроинвест» ЖШС директоры Са­парбек Асқаров, «Ерәлі» ШҚ бас­шысы Әліби Бекжанов күріш шаруа­шылығын дамытудағы тәжі­рибе­ле­рін айтып, өзекті мәсе­лелерді ше­шуге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылай келе аймақ басшысы аудан, қала әкім­деріне бірқатар тапсырмалар берді. Осы айдың соңына дейін олар ұсақ шаруашылықтарды консорциумға біріктіру жұмысын жалғастыра беруі тиіс. Және мемлекет пен жеке әріптестік негізінде жасалатын кү­ріш шаруашылығын дамыту бағ­дарламасына ұсыныс-пікірлер 15-шілдеге дейін жинақталуы керек. Ал, ауыл шаруашылығы басқар­ма­сы басшысына ведомстволық ор­ган­дар мен консорциуммен бірлесіп атқаратын жұмыстарды үйлестіру және мониторинг жасап отыру жүктелді. «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ күріш өндірісін дамыту үшін инвестициялық жобаларды өнді­ріс­ке батыл енгізуі тиіс. «Қаз­Аг­ро» ҰБХ АҚ облыстық филиалы бас­шысы Ораз Қарақожаевқа облыста сервистік орталық ашуды ұйым­дастыру, ал «Қазсушар» РМК фи­лиал басшысы Болат Арыстанбаевқа күріш өндірушілерге мезгілінде су жеткізіп беруді жүзеге асыру тапсы­рылды. Кеңес қорытындысымен хаттама дайындалып, қыркүйек айын­да өтетін келесі кездесуде жауапты тұлғалардың атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалатын болып шешілді. Аймақ басшысы сөз соңында облысымызда 2008-2010 жылдар аралығында өткізілген «Кү­ріш жәрмеңкесін» қайта жандан­дыру қажеттігін алға тартты. Басқар­ма басшысына Ресейдің Краснодар өлкесіне іссапармен барып, тәжіри­бе алмасуды және жаңа күріш сорт­тарының тұқымдарын жеткізуді тапсырды.








ІІ. Облыстың әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері
Каталог: sites -> default -> files -> documents -> akimat -> Zharshi
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
akimat -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> Ќызылорда облысындаєы
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722
Zharshi -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет