Мазмұны Глоссарий Дәріс оқулар Зертханалық сабақтар соөж студенттің өздік жұмысы Глоссарийлар



бет1/3
Дата21.04.2017
өлшемі0,72 Mb.
#14242
  1   2   3

ПОӘК 042-14.01.20.58/01-2015

№1 басылым

20 беттің 1 беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӨК 042-18-22-1.39/01 -2015




ПОӘК

«Жануарлар морфологиясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



Басылым № __

«__»_____20__ж.






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Адам және жануарлар анатомиясы»

5В060700– «Биология» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2015


Мазмұны

1.Глоссарий


2. Дәріс оқулар
3.Зертханалық сабақтар
4. СОӨЖ
5. Студенттің өздік жұмысы


  1. Глоссарийлар

1.1.Аборальный- ауызға қарамарсы бағыт

1.2.Акромион- жаурының дистальді өсінідісі

1.3.Аксон- жүйке жасушасының ұзын өсіндісі

1.4.Анастомоз- қан тамырларының өз-ара қатысуы

1.5.Ангиология- тамырлар тұралы ілім

1.6.Апикальный- төбеде орналасуы

1.7.Афферентный- әкелгіш, сезгіш

1.8.Бифуркация- кенірдектің екі бронхтарға бөлінуі

1.9.Бурса- капшық

1.10.Вагус- кезеген

1.11.Васкуляризация- қанмен көректену

1.12.Вентральный- құрсаққа бағыт

1.13.Вертебральный- омыртқалық

1.14.Волярный- алақан беті

1.15.Ганглий- түйін

1.16.Дентин— тістің негізгі заты

1.17.Депрессор- төмендететің

1.18.Десмоз- байлам

1.19.Диафиз- түтүкті сүйектің денесі

1.20.Дилятатор- кенейткіш

1.21.Дорсальный- арқаға бағыт

1.22.Иннервация- жүйкелендіру

1.23.Инспирация- дем алу

1.24.Интима- қан тамырларының ішкі қабаты

1.25.Кардиа- өнештің асқазанға кіреберсі

1.26.Конституция- дене құрылысың анатомо-физиологиялық жиынтығының ерекшелігі

1.27.Кутикула- шәштің сыртқы қабығы

1.28.Лакуна- ойық

1.29.Леватор- көтергіш

1.30.Лимфа- лимфа тамырларындағы сүйықтық

1.31.Медиальный- ортаға жақын бағыт

1.32.Медианный- ортада орналасқан

1.33.Миология- бұлшықет тұралы ілім

1.34.Овуляция- жұмыртқалықтан жетілген жұмыртқа жасушасының шығуы

1.35.Остеоцит- сүйек жасушасы

1.36.Париетальный- қабырғалық

1.37.Перикард- жүрек қабы

1.38.Пилорус- Асқазаның ішектерге ашылуы

1.39.Пронация- аяқтын ішіне қарай айналуы

1.40.Септа- аралық

1.41.Синдесмология- сүйектердің байланысуы

1.42.Синовия- бүын қуысының сүйығы

1.43.Синус- қуыс

1.44.Сома- дене

1.45.Сомит- мезодерманың дорсальді бөлімі

1.46.Спермиогенез- сперматозоидтің дамуы

1.47.Трабекула- саты

1.48.Фасция- дәнекер ұлпадаң түзелген қабық

1.49.Фолликулы- көпіршектер

1.50.Фронтальный- мандайлық

1.51.Хоаны- мұрын қуысынаң жутқыншаққа ашылатың тесіктер

1.52.Экспирация- дем шығару

1.53.Экстензия- бүгілдіргіш

1.54.Эндокард- жүректің ішкі қабаты

1.55.Эпистрофей- екінші моыйн омыртқасы


2.Дәріс оқулар
Дәріс 1. Кіріспе. Жануарлар организмінің құрылысындағы анатомиялық ерекшеліктер.
Дәріс сабақтың мазмұны: 1. Анатомия әдістері және манызы. 2. Жануарлар организмнің құрылысының заңдылықтары.
Анатомия ғылымы организмді жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Оларға сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функционалды, динамикалық, антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомиялар жатады. Анатомиялық білімді меңгеру адамдар мен жануарлар арасындағы айырмашылықты дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Зоологиялық классификация бойынша адам барлық омыртқалылармен бірге хордалылар типіне жатады, себебі эмбриональдық даму кезінде де редукцияланған хорда қалыптасуына байланысты омыртқалылардың тармақтарына осьтік қаңқасы – омыртқа жотасы болады.

Жануарлар омыртқалылардың ішіндегі тірі туатын және ана сүтімен қоректенетін – сүтқоректілер класына жатады.

Организмнің тұтастығы оның жеке бөліктерінің құрылымдық қосындысы мен олардың байланысы арқылы жүзеге асады. Ал байланыс оның түрлі тамырларында қуыстықтары мен кеңістіктеріндегі ағып жатқан сұйықтықтар мен организмдегі барлық процестерді реттеп отыратын нерв жүйесіне байланысты. Организм бөліктерінің сұйықтығы арқылы байланысын гуморальды байланыс деп атаса, нерв жүйесі арқылы реттелуін нерв регуляциясы деп атайды. Сонымен бірге организм тұтастығы вегетативтік және анимальдық, психикалық және соматикалық процестердің бірлігіне де байланысты.

2. Дене мүшесі деп, дененің белгілі бір құрылысындағы, пішініңдегі өзіне тән қызмет атқаратын дене бөлігіне айтылады. Мүшеге сүйек, бұлшықет, без, асқазан т.б. жатады. әрбір мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады. Сол ұлпа мүшенің негізгі қызметің атқарады. Кейбір мүшенің құрылысында екіө үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады. Денедегі барлық мүше- құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді.

  1. Қимыл жүйесіне барлық сүйек, оларды жалғаушы шеміршек, буын мен бүлшық ет кіреді.

  2. Ас қорыту жүйесі- тағамды қабылдайды ұсатады, жұтады, қорытады, сініреді.

  3. Тыныс алу жүйесінің қатынасуымен ішкі және сыртқы тыныс алу, газ алмасу құбылыстары өтеді. Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, көмекей, кенірдек, өкпе, плевра қатысады.

  4. Несеп шығару жүйесі. Денеде тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады.

  5. Жыныс жүйесіне көбею мүшелері кіреді. Жыныс мүшелері мен несеп шығару мүшелерінің дамуы тығыз байланысты.

Денедегі жүйелер мен мүшелердің қызметі бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Жануар денесінің бүтіндігін сақтауға қан айналу жүйесінің манызы зор. Қан және лимфа тамырлары арқылы, қан бүкіл денеге жайылып, көректік заттарды, гормондарды, ферментерді жүйелер мен мүшелердің қызметің реттейтің заттарды тасымалдайды. Жануар денесінің бір тұтастығын сақтауда жүйке жүйесі негізгі қызмет атқарады. Бұл жүйе мүшелер мен жүйелердің қызметің реттейді.
Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;

3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.
Дәріс 2. Біліктік қаңқаның морфологиясы.
Мазмұны: 1.Жануарлар қаңқасының морфофункционалдық сипаттамасы.Қаңқаның бөліктерге бөлінуі. 2.Біліктік қаңқаның құрылысы.

Дәнекер, шеміршек, сүйек ұлпалары арқылы белгілі бір заңдылықпен өзара байланысқан сүйектер мен шеміршектердің жиынтығын- қанқа деп атайды. Сүйек адам және жануар денесіндегі негізгі жанды мүше болып табылады. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет атқарады. Сүйекте негізінен сүйек тканінен басқа нерв және дәнекер тканьдері болады. Олар сүйек құрылысында қан, лимфа тамырларын және нерв талшықтарын түзеді. Сүйек сүйек қабығынан, сыртқы жалпы қабығынан, остеондардан, сүйектің саңылау қуыстарынан тұрады.

Сүйекті сыртынан дәнекер тканьнен тұратын сүйек қабы қоршап жатады. Ол қан тамырлы болады, осы қан тамырлары арқылы сүйек қоректенің отырады. Қан тамырлары мен нерв талшықтары сүйек ішіне арнаулы тесіктер арқылы еніп, қоректенуімен қатар нервтендіреді, сонымен бірге қорғаныштық қызмет атқарады. Ол екі қабаттан түзілген. Сыртқы қалың дәнекер ткані және ішкі остеобласт қабаты. Сүйек қабының ішкі қабаты сүйек жасайтын клеткалардан – остеобластардан түзілген. Осы сүйек клеткаларының көбею нәтижесінде сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, сүйекті көлденең өсіреді.

Қаңқа біліктік және шеттік болып екіге бөлінеді. Біліктік қаңқа бас, мойын, тұлға және құйрық сүйектерін біріктіреді. Жануар қаңқасының құрылысы дене мүшелеріне сәйкес топтасып, тұлға, қол-аяқ және бас сүйектеріне бөлінеді. Тұлға сүйектері омыртқа жотасы мен мен көкірек клеткасынан құралады. Омыртқа жотасы бой тізбектеле орналасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Көкірек клеткасы алыдынан төс сүйегімен, арт жағынан көкірек омыртқаларымен шектелетін 12 жұп қабырғалардан түзілген.

2. Біліктік қанқа бас, мойын, тұлға және құйрық сүйектерін біріктіреді. Омыртқа бағанасы- омыртқалардың өзара байланысу нәьтжесінде түзілген. Ол өзін құрайтын омыртқалардың түрлеріне сәйкес мойын, арқа, бел, құйымшақ және құйрық бөлімдерінен тұрады. Көкірек керегесі- арқа омыртқаларынан, қабырғалардаң және төс сүйегінен құралып, көкірек куысының сүйектік негізі болып табылады. Бас қанқасы бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған. Бас сүйектері негізінен ми сауты және бет бөлімі болып екіге бөлінеді.
Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;

3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.
Дәріс 3. Шеттік қаңқаның морфологиясы.
Мазмұны: 1.Шеттік қаңқаның жалпы сипаттамасы. 2.Қол-аяқ сүйектерінің құрылысы.

Шеттік қаңқа немесе алдыңғы аяқ қаңқасы (кеуделік) және артқы (жамбастық) аяқ сүйектерінен құралған. Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі ( жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.

Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады. Жамбас сүйегі қимылсыз байланысқан үш бөліктен түзілген: мықын, шонданай, шат сүйектері. Осы үш сүйектің біріккен жеріндегі ойысты ұршық ойысы деп атайды. Оған ортан жіліктің ұршық басы енеді. Ортан жілік адам сүйегінің ішіндегі ең ұзын, ең ірісі. Оның денесі –диафизі және екі шеті – эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі деп атайды. Сирақ сүйектері екі сүйектен түзілген: асық жілік, шыбық сүйегі,табан сүйектері ұзынша келген бес сүйек. Әрбір табан сүйегінің орта бөлігін денесі, арт жақ тегіс келген жерін негізі, ал алдына жұмырлана біткен бөлігін басы дейді.

2. Аяқ сүйектері екі бөлімнен құралады: 1/ еркін қозғалмайтың бөлім немесе иық жамбас белдеу; 2/ еркің қозғалатың бөлім. Иық белдеуге жаурын жатады. Жаурынө жалпақ келген, үшбырышты сүйек. Оның латеральдік және қабырғалық беттері, дорсальдік, краниальдік, каудальдік жиектері және үш бұрышы болады. Жамбас белдеуі- бірөбірімен шеміршек арқылы жартылай түтаса байланысқан қос жамбас сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқтың еркің қозғалатың бөлігіне: тоқпан жілік, білек сүйектері, аяқ басы қанқасы жатады. Артқы аяқтың еркің қозғалатын бөлігіне: ортан жілік, сирақ сүйектері, артқы аяқ басы қанқасы жатады.
Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;

3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.
Дәріс 4. Синдесмология.
Мазмұны:1.Сүйектер байланысының түрлері. Синартроз. 2.Диартроз және буындардың қозғалыстары.

1. Сүйектердің байланысы қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі бір заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар қаңқаларындағы сүйектер байланысы екі түрге бөлінеді: тұтаса (үздіксіз) байланыс, буындық (үздікті) байланыс. Егер сүйектер бір-бірімен тікелей саңылаусыз, қимылсыз қосылса олар синартрозды байланыстар деп, ал бір-бірімен аралық саңылау қалдырып қимылды қосылса диартрозды байланыстар деп атайды. Тұтаса байланыстарға: синостоз (сүйек ұлпасы арқылы байланыс), синсаркоз ( ет ұлпасы арқылы байланыс), синхондроз(шеміршек ұлпасы арқылы байланыс), синдесмоз (дәнекер ұлпасы арқылы байланыс), синэластоз (эластикалық талшықтар арқылы байланыс) жатады. Сүйектердің түтаса байланыс түрінде сүйекаралық қозғалыс шектеулі түрде жүреді немесе ол мүлдем болмайды.

2. Буын құрылысына қатысатын сүйек санына қарай жай және күрделі буындар деп бөлінеді. Әрбір буын буын бетінен, оны жауып жатқан буын шеміршегінен және буын қапшығынан түзілген. Буын беті деп екі сүйектің бір-біріне қараған, буындасқан жерін айтады. Буындасушы сүйектердің беттері бір-біріне сай келеді. Сүйектердің буын беттері шеміршекпен жабылады. Буын қуысы дегеніміз – екі сүйек аралығындағы саңылау қуыс. Ол екі қабаттан тұрады: сыртқы (фиюброзды), ішкі (синовиальды). Буындарды шар, эллипс, ер, шығыршық, цилиндр тәрізді, жазық пішінді деп бөлеміз. Буындық байланыстар дененің кеністіктегі қозғалуын болмаса оның бөліктерінің бір-бірімен салыстырмалы жағдайдағы қимылын іске асырады. Соңдықтан, оларды қозғалмалы байланыстар деп атайды.
Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;

3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.
Дәріс 5. Миология.
Мазмұны:1. Бұлшық еттердің маңызы, түрлері. 2.Бас, мойын, тұлға және аяқ бұлшық еттері.

1.Бұлшық ет дененің барлық қимылына қатысады. Бұлшық ет - өзіне тән пішіні,атқаратын қызметі бар дененің мүшесі. Ол бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақ және қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады. Оның негізі – бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық ет ұлпасының екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы. Қаңқаның бұлшық еті – көлденең жолақты.Бұлшық еттер пішіні мен көлеміне қарай қарапайым, күрделі және қауырысынды болып үш топқа бөледі. Атқаратын қызметіне қарай бүлшық еттер динамикалық және статиқалық топтарға бөлінеді. Бұлшық еттің жұмысы негізінен оның жиырылғыштық, тітіркенгіштік және серпімділік қасиеттерінің байланысы арқасында жүзеге асады. Тұлға бұлшық еттері – арқа, кеуде, іш бұлшық еттері болып бөлінеді. Арқаның бұлшық еттері: беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді. Бұлшық еттердің қосымша құрылымдарына кілегейлі қалталар, кілегейлі қынаптар, қатпарлар, сесам сүйектері, ет шандыры жатады. Бұлар бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуіне көмектесіп отырады. Шандыр жапқыштар жеке етті немесе еттер тобын (бүгетін, жазатын) және дененің бөлек еттерін (иық, сан, балтыр, білек еттерін) қаптап қоршап жатады. Сесам сүйектері көбінесе ет пен буын сіңірлерінің арасында кездеседі.

2. Бас бұлшық еттерің ымдау және шайнау топтарына бөледі. Ымдау бұлшық еттердің бір ұшы табиғи тесіктердің қабырғаларында аяқталып, олардың ашылып-жабылу, кенею, таралу сияқты қызметтерің жүзеге асырады. Шайнау бұлшық еттеріне: үлкен шайнау бұлшық ет, самайлық бұлшық ет, қанаттық бұлшық ет, қосқұрсақтық бұлшық ет жатады. Иық белдеуінің бүлшық еттері: трапеция тәрізді бұлшық ет,ромб тәрізді, вентральдік тісті бұлшық ет, төс-бас бұлшық ет,арқаның тым жалпақ бұлшық ет жатады. Көкірек бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: инспираторлар / дем алу бұлшық еттер/ және экспираторлар /дем шығару бұлшық еттер/. Құрсақ бүлшық еттеріне: құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті, құрсақьың ішкі қиғаш бұлшық еті, құрсақтын көлденең бүлшық еті және тік бүлшық еті жатады.
Әдебиетер:
Дәріс 6. Тері жабыны және оның туындылары.
Мазмұны:1. Терінің құрылысы және қызметтері. 2.Тері бездерінің құрылысы мен қызметі.

1. Тері жабыны, немесе жалпы жабын – организмнің сыртқы ортамен тікелей жанасатын сыртқы қабығы. Ол қорғаныш қызметін атқарады (денені зақымданудан сақтайды, организмнің суды босқа шығындауына және оған ауру тудырушы микробтардың, бөгде заттардың енуіне жол бермейді). Тері сезім мүшесі. Оның сезімталдығы оның қорғаныш қызметіне тікелей байланысты. Мұнымен қатар тері ыдырау өнімдерін сыртқа шығару, дене температурасын үнемі бір қалыпта ұстап тұру және аз мөлшерде болса да дем алу қызметін атқарады. Тері үш қабаттан тұрады: оның үстіңгі жұқа қабаты эпидермис деп аталады. Ол көп қабатты мүйізделетін жалпақ эпителийден тұрады. Эпидермистің астында негізгі тері қабаты – дерма жатады. Дерманың өзі емізікше және торлы қабаттардан түзілген. Емізікше қабат – эпидермистің астында орналасып, одан негіздік мембрана арқылы бөлінген. Бұл қабатты борпылдақ дәнекер және торлы ұлпалар араласа түзеді. Емізікше қабат эпидермисті қоректендіруші қан тамырлары мен жүйке ұштарына өте бай.

2. Тері бездеріне май, тер және сүт бездері жатады. Май бездері құрылысы жағынан қарапайым көпіршікті бездерге жатады. Без өзегі түк түбіріне ашылады. Без көп қабатты эпителийден құралған. Май бездері дерманың емізікше қабатында түк түбірлеріне жақын орналасады. Тер бездері құрылысы жағынан қарапайым түтікше бездерге жатады. Түтікше қабырғасы жалаң қабат куб тәрізді эпителийден тұрады. Без өзекшесі түк түбіріне немесе терінің сыртқы бетіне тікелей ашылады. Тер арқылы артық су, ыдырау өнімдері, зәр, керексіз тұздар сыртқа шығарылады. Сүт бездері құрылысына байланысты күрделі көпіршекті- түтүкті бездерге жатады.
Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;

3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.

Дәріс 7. Ас қорыту жүйесі.
Мазмұны: 1.Ішкі мүшелердің жалпы сипаттамасы. 2.Ас қорыту мүшелерінің жалпы морфофункциональдік сипаттамасы.

1. Ішкі мүшелерге ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс мүшелері мен ішкі секреция бездері жатады. Бұл мүшелер жүйелері көкірек, құрсақ және жамбас қуысында жататындықтан оларды ішкі мүшелер деп атайды. Дененің негізгі бөліктері: бас, мойын, тұлға, қол және аяқ. Тұлға кеуде және іш (құрсақ) қуыстарынан тұрады. Олардың арасын көкет бөледі. Іш қуысының төменгі жағын «жамбас қуысы» деп атайды. Ішкі мүшелердің шекарасын анықтау мақсатында денені шартты сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлеміз. Іш қуысы екі горизонталь сызық арқылы 3 аймаққа бөлінеді. Жоғарғы сызық оң және сол жақтағы онекінші қабырғаның ең төменгі нүктесінің аралығын, төменгі сызық мықынның алдыңғы жоғарғы қыры аралығын қосып, іш қуысын 3 аймаққа бөледі. Олар-жоғарғы құрсақ үсті, ортадағы құрсақ, төменгі құрсақ асты. Іштің тік бұлшық етінің сыртқы шетінен жүргізілген сызық әрбір аймақты үш бөлікке бөледі. Жоғарғы құрсақ аймағы – оң, сол және ортаңғы, ал құрсақ аймағы – оң, сол бүйір және кіндік. Құрсақ асты аймағы оң, сол мықын және шат бөлігінен тұрады.

Ішкі мұшелерді құрылысына қарай паренхиматозды және қуысты болып екіге бөледі. Қуысты мұшелердің өзі түтүкті және қабатты қатпарлы болып бөлінеді. Бәрлық түтүкті қуысты мұшелердің қабырғасы үш қабықтан түрады: 1/ кілегейлі, 2/ бұлшық етті, 3/ сірілі. 2. Ас қорыту жүйесі ұзына бой жатқан түтік тәрізді. Оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты келеді. Бұл мүшелер арқылы сыртқы орта мен организм арасында зат алмасу процесі өтеді.

Қарынасты безі аралас бездер қатарына жатады. Бауыр – адам денесіндегі ең үлкен без, оның салмағы 1,5 кг-ға дейін барады. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында диафрагма күмбезінің астында, төменгі қабырғаларға таяу жатады. Бауырдан шыққан бауыр өзегі өт шығарып отырады. Бұл өзек қапшық өзегімен жалғасып, жалпы өт өзегін түзеді де, қарынасты безінің өзегімен бірігіп, онекі елі ішекке ашылады. Егер ас қорыту процесі . Ас қорыту аппаратының бірінші бөлімі ауыз қуысынан басталады. Ол көмей тесігі арқылы жұтқыншақпен байланысады, одан кейін өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек, ең соңынан тік ішекпен аяқталады. Ас қорыту аппараты топографиялық орналасу жағдайына қарай бас, мойын, көкірек, құрсақ және жамбас бөліктеріне бөлінеді. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы қоректенетін тамақ ерекшеліктеріне қарай түзілген. Мысалы тек өсімдік, немесе етпен қоректенетін жануарларға келсек, олардың ас қорыту мүшелері өте ерекше құрылыста келеді. Ал адам тағамның әр түрін қабылдағаннан кейін оның ас қорыту мүшелерінде белгілі бір тағамға бейімделген ерекшелігі болмайды. Ас қорыту жүйесінің әр түрлі бөлігі түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де түрліше болып келеді. Оның жалпы ұзындығы 8-10 метрге дейін жетеді. Тағамды механикалық майдалау, шайнау ауыз қуысының қызметі болып есептелінеді. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің ішінде тек қана осы бөлігінің негізі сүйектен түзілген. Ас қорыту мүшелерінің көбі қуысты, олардың кенересі үш қабаттан түзілген. Оларға: кілегейлі (ішкі), бірыңғай салалы ет (ортаңғы) және сір (сыртқы) қабаттары жатады. Кілегейлі қабаты – барлық ас қорыту органдарының ішкі бетін астарлап, асты қорыту және оны сіңіру қызметтерін атқарады. Сондықтан да кілегейлі қабат өте күрделі эптиелий, жазық ет және кілегейасты қабаттардан түзілген. Мұндай құрылыс ішектің оңай созылып, кеңейіп тұруына, ішіндегі тағамдардың қорытылуына жағдай жасайды. Бұл қабатта қан, лимфа тамырлары және нерв талшықтары тарамдалып жатады. Кілегейлі қабаттар өздерінен сөл (секрет) шығарып тұратын бездерге де бай келеді. Бірыңғай салалы ет қабаты – кілегей және сір қабаттарының аралығында орналасқан. Ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөліктері ғана көлденең жолақты ет ткандерінен түзілсе, ал қалған бөліктері өңештің ортаңғы бөлігі, қарын, аш ішек және тоқ ішек органдарының қабырғасы бірыңғай салалы ет ткандерінен түзілген. Бұл мүшелердің ет талшықтары негізінде екі бағытта орналасқан. Ішкі талшықтары – көлденең, сыртқы талшықтары ұзына бой жатады. Осы ет талшықтарының жиырылуына байланысты тағам жылжиды және механикалық түрде сөлдермен араласып қорытылады. Жалпақ ішек қимылын толқынды (перистальтикалы) қимыл дейді. Сір қабат – ішкі мүшелердің сырт жағын қоршап, қорғаныс қызметін атқарады. Оның ішімен қарынға, ішекке тамырлар мен нервтер өтеді. Бұл қабат кілегей бөліп, мүшенің сыртын ылғалдап тұрады. Сонымен бірге ас қорытуға сілекей бездері, қарынасты безі, бауыр белсене қатысады. Сілекей бездері үш жұп болады: шықшыт, тіласты, жақасты. Олардың шығаратын сөлін сілекей сөлі деп атайды, ал олар өз аттарына сай жерде жатады. Қарынасты безі асқазанның астыңғы жағында (ІІ) беломыртқа тұсында сір қабықшамен жабылып жатады. Бас бөлімі жуандап, онекі елі ішектің иініне кіріп орналасқан. Денесі бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанға жанаса жатады. Құйрық бөлімі көкбауырға дейін жетеді. Қарынасты безінен тәулігіне 2 литр шамасындай сөл шығарылады, оны панкреат сөлі деп атайды. Қарынасты безінің жүрмесе, өт қапшығына жиналады.
Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;

3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.

Дәріс 8. Тыныс алу жүйесі.
Мазмұны: 1.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметтері.
Тыныс алу мүшелерінің организм тіршілігінде маңызы зор. Олар газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметтерін атқарады. Тыныс алу аппаратына мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар және өкпе жатады. Мұрын қуысының негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, сыртқы терімен жабылып, ішкі беті кілегей қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының кілегей қабаттары қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Сонымен қатар көптеген бездері де болады. Мұрынға енген шаң-тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады, ал бездерден бөлінген кілегей микроорганизмдерді өлтіріп отырады. Көз жасы арнаулы түтік арқылы мұрын қуысына еніп, кілегейлі қабатын ылғалдап тұрады. Көмекей тыныс жолының ғана емес, сонымен бірге сөйлеу аппаратының ды бір бөлігі болып табылады. Көмекей мойынның алдыңғы жағында орналасып алдынан және екі бүйірінен бұлшық еттермен жабылған. Көмекейдің қалқандық қыры тері астында білініп жатады. Оның шеміршектері өзара бұлшық еттермен байламдар арқылы қозғалмалы түрде қосылысқан. Құрамында бірнеше гиалин және серпімді шеміршектер бар. Оның тақ шеміршектеріне: қалқанша шеміршегі, оймақ тәрізді шеміршек және көмекей қақпақшасы, ал жұп шеміршектеріне қалақша және мүйізше шеміршектер жатады. Көмекей шеміршектерінің филогенетикалық жетілу тегіне қарасақ, олардың ең алғашқысы қалақша және оймақ тәрізді шеміршектер болып есептелінеді. Қалақша шеміршек пен көмекей қақпақшасы өте жас орган, сондықтан олар тек сүтқоректі жануарларда ғана кездеседі. Жалпы алғанда, көмекейдің құрылысы өте күрделі, әсіресе ол адамда сөйлеу қызметіне байланысты күшті дамыған. Кеңірдек және бронхылар. Кеңірдек төменгі мойын омыртқалар тұсынан көмекейді оймақ тәрізді шеміршегінен басталып, көкірек қуысымен түсіп, өңештің алдыңғы жағынан оң және сол бронхыларға бөлінеді. Кеңірдек 16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады, оның ұзындығы 9-15 см болады. Кеңірдектің гиалин шеміршегінен тұратын жартылай сақиналары сақина тәрізді сіңір байламдары арқылы байланысып жатады. Оның мұндай құрылыста болуы қабысып қалмай, ауаның еркін өтуіне жағдай жасайды. Сақиналы байламдар мойынды қимылдатқанда кеңірдектің ұзаруына, қысқаруына себеп болады. Кеңірдек ІҮ көкірек омыртқа тұсында бронхыларға (оң және сол) бөлінеді, оларды негізгі бронхылар деп те атайды. Мұның да іш жағындағы кілегей қабатының беті кірпікшелі эпителиймен жабылған. Оң жақ бронхы қысқа әрі жуан, ұзындығы 3 см, 4-7 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Сол жақ бронхы ұзын, әрі жіңішкелеу, мұның ұзындығы 4-5 см, 7-12 сақинадан тұрады. Әрбір бронхы өз өкпелеріне енгеннен кейін бронхы бұтақтарына тармақталады. Өкпе – көкірек қуысын алып жатқан конус тәрізді орган, ал олардың көлемі мен пішіні көкірек клеткасына байланысты. Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу процесінсіз адам тіршілік ете алмайды. Адамның жасы және атқаратын жұмысы өкпенің көлемі мен пішініне әсер етеді. Өкпе жаңа туған балада көкірек қуысының үштен бір бөлігін алып жатады, оның өсуі алғашқы үш айда, толық жетілуі жеті жаста аяқталады. Осыдан кейін өкпе денемен қатар өседі. Өкпе салмағы жаңа туған кезде 80-90 гр, ересек адамада 1 кг болады. Терең тыныс алғанда өкпеге 4500-5000 см3 дейін ауа сияды, бұл өкпенің өмірлік сиымдылығы деп аталады. 3500 см3 –дей ауа өкпеде қалады, мұны қалдық ауа деп атайды. Өкпенің көлемі әр түрлі, сол өкпеге қарағанда оң өкпе үлкендеу келеді.

Өкпені жауып жатқан сір (сероздық қабықша) плевра деп аталады, ол осы мүшелерді орап жатқан жұқа, жылтыр қабықша. Егер плевра өкпенің сыртын жауып жатса, оны өкпелі (висцеральды) плевра қабықшасы, ал егер көкірек қуысының қабығын астарлап жатса, оны қабырғалық (париетальды) плевра қабықшасы деп атайды. Екі қабықшаның арасындағы саңылау кеңістікті плеврааралық қуыс деп атайды. Бұл қуыстың қысымы сыртқы атмосфера қысымынан төмен болады, әрі осы қуыста плеврааралық үйкелісті азайтатын сероздық ылғал болады.
Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;

3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.

Дәріс 9.Несеп шығару аппараты.
Мазмұны: 1.Несеп шығару мүшелерінің жалпы сипаттамасы. 2. Несепе шығару мүшелерінің құрылысыжәне қызметі.

1.Несеп шығару жүйесі жыныс мүшелерімен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланыста келеді. Несеп шығару жүйесінің қызметі организмде пайда болған зәрді организмнен шығару болса, жыныс жүйесі көбею функциясын атқарады. Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады. Себебі еркек малдарда зәр шығару және тұқым шығару жолдары бірігіп жалпы ортақ жол құрайды. Ал ұрғашы малдарда екі жүйенің жолдары екі бөлек болғанымен ортақ несеп-жыныс аппаратын түзеді және бір-бірімен тығыз байланыста жатады. Несеп шығару мүшелері- организмдегі зат алмасу процесінің соңғы ыдырау өнімі- несепті организмнен сыртқы ортаға шығарады. Несеп шығару мүшелері екі бөлімге бөлінеді. Олар: негізгі несеп түзуші мүшелер- жүп бүйрек және несеп шығарушы жолдар- несепағар, қуық, несепшығар /уретра/.

2. Зәр шығару мүшелеріне бүйрек, несепағар, қуық және несеп каналы жатады. Бүйрек – құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан. Бір-біріне бас жақтарымен жақын жатады. Бүйректің орналасуы жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты келеді. Әйелдерде төмендеу, жас нәрестелерде одан да төмен, жамбас ішіне түсе орналасқан. Сырт жағынан тығыз фиброзды, оңай сыпырылатын дәнекер тканьді қапшықпен қапталған. Бүйректер құрсақ қабырғасына жақсы бекіген. Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды органмизмнен шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады. Бүйрек жұмысы нервтік және гуморальдық жолмен реттеліп отырады. Бүйрек құрамында екі түрлі нерв талшықтары кездеседі: симпатикалық және парасимпатикалық. Симпатикалық нерв импульстері арқылы қан тамырлары таралып, зәр бөлу азаяды. Ал парасимпатикалық нерв талшықтарының импульстерінің әсерінен керісінше, несеп бөліну процесі көбейеді. Бүйректе лимфа жүйесі де жақсы жетілген.

Несепағар – бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып қуыққа келіп жалғасады. Оны құрсақ және жамбас бөлігіне бөледі. Несепағар қабырғасы үш қабаттан түзілген: ішкі кілегей қабат іш жағын астарлап ұзына бойына қыртыстана жатса, ортаңғы қабаты жазық ет тканінен түзілген. Мұның өзі екі бағытта жатқан ет талшықтарынан тұрады: сыртқы – сақиналы, ішкі – ұзына бой. Ет талшықтарының жиырылу нәтижесінде бүйректен бөлініп шыққан несеп әрдайым қуыққа қарай ағып отырады. Қуық – зәр уақытша жиналып тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Оның түбі, ұшы, денесі болады. Қуық түбінен несеп каналы басталады. Ол жоғарғы және артқы жағынан сір қабатымен қапталған, ортаңғы қабаты үш бағытта жатқан ет талышқтарынан түзілген. Оның сыртқы және ішкі талшықтары ұзына бой жатса, ортасындағысы оралып, көлденең орналасқан. Бұл ет талшықтарының жиырылу нәтижесінде қуық несептен босатылады. Несепағардың қуыққа ашылар тұсында кілегей қабықшасы қатпар түзеді. Ол қатпар қиғаштанып, клапан тәрізденіп несепағардың аузын жауып, несептің кейін кетуіне кедергі болады. Несеп каналы – қуықтың зәр шығаратын түтігі.
Әдебиетер: 1Жанабеков К.Ж.,Махашов Е.Ш. Жануарлар анатомиясы. Алматы, Білім 1996; 2.Акаевский А.И. и др. Анатомия домашних животных, М., 1984 г;

3.Глаголев П.А., Ипполитова В.И. Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии. Москва. «Колос», 1977г.

Дәріс 10. Көбею мүшелері.
Мазмұны:1.Аталық және аналық жыныс мүшелерінің морфофункционалдық сипаттамасы. 2. Жыныс жүйесінің маңызы
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет