Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



Дата28.01.2018
өлшемі88,8 Kb.
#34640
БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ

Шопанова Гүлшат Ғалымқызы

Атырау қаласы

Боран нысанбаев атындағы

Орта мектебінің тарих –география пәнінің мүғалімі

Атырау-2016 жыл

Мазмұны:


І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:
Блум таксономиясы – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың тиімді жолы.

а) Блум таксономиясына негізделген әдіс-тәсілдер


ә) Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары

б)Блум таксономиясын қолдану іс –тәжірибемнен



ІІІ. Қорытынды.

«Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен

инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек

еткен,талмай ғылым іздеген, жалықпай техника

меңгерген адам озады. »

Н.Ә.Назарбаев


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы жолдауы және 2010 жылғы 7 желтоқсанда«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында» көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде, білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдылану, ақыл–ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы жариялаған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгеріп, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.Бір сөзбен айтқанда білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып отыр. Бұл Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы маңызды тетіктерінің бірі.

Жалпы құзыреттілік дегеніміз –алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Латын тілінен аудармасы «competens» белгілі бір сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандайда бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. Яғни оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.Сондықтан келешек ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық, ғылыми – педагогикалық іс әрекетті меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Олай болса білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мен инновациялық технологиялар ішінен «тарих сабағында Блум таксономиясы мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбын алдым.

Алдыма қойған мақсатым: Тарих сабағын оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып,оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру арқылы теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай міндеттерді алға қойдым:



  • Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, өз бетімен ақпараттар іздеуге дағдыландыру;

  • Жеке тұлғаны және оның шығармашылық қасиеттерін, ойлау қабілетін дамыту;

  • Оқушыларды қазіргі заманғы жаңа техникаларды меңгере білуге дағдыландыру, оны оқу үрдісінде кеңінен қолдану;

Күтілетін нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытуда жеке тұлға әр сапада көрініп, өзіне ғана тән жеке тұлғаға қажетті қалыптасатыны анық.

Блум таксономиясы бойынша тарих сабағында қолданған категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмаларымның үлгісі.

 І. Білу.

Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.  Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Шәкірт:


  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

  • Тарихи оқиғаларды біледі

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

*хронологиялык кезеңдерді біледі

Тапсырмалар түрі:

Кім Қашан? Қайда? Атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Мысалдар:

- тарих ұғымы нені білдіреді

- тарихты окып білу не үшін қажет

- адамды кім жаратты

- тас дәуірі .қола дәуірі . темір дәуірі.      



ІІ. Түсіну.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.  Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, ағылшын тілінде берілген командалар атын қазақшаға аудару; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Шәкірт:


  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрі:

            Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; суретті түсіндіріп беріңіз.

Мысалдар:

- алғашқы адамдардың шығу тарихы

- тас дәуірі мен қола дәуірі

- Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;

- Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;

 ІІІ. Қолдану.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.  Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда тарихи ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Шәкірт:


-          Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

-          Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

-          Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.

Тапсырмалар түрі:

            Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

Мысал:


Оқушыларда бума мен файл туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар бума құрып, онда файлды орналастырып беруi керек.

 ІV. Талдау.

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.  Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

Шәкірт:


-          «Сандар сөйлейді» кестесі арқылы тарихи оқиғаларды ашады;

-          Тарихи сынақ хат арқылы мәлімет алады

-           Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

-          Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

Тапсырмалар түрі:

Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

Мысалдар:

- Ежелгі заман тарихы мен орта ғасыр тарихын салыстырыңыз.

- Тарихи кезеңдердің бір бірінен айырмашылығы қандай?

- Антропология дегенді қалай түсiнесiз?



V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. .Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Шәкірт:

-          Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;



-          Тарихи құндылықтарды дәріптеудің жоспарын ұсынады;

-          Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.

Тапсырмалар түрі:

Өз шешіміңізді табыңыз, зерттеңіз, зерделеңіз, мағынасын ашыңыз, тұлғаны таныңыз.

Мысалдар:

1.Эссе, шығарма, өлең жазу шешендiк (ораторлық) сөз, батырлар, лиро эпостық жырларын жаттау.

2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).

VІ. Бағалау.

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. 

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Шәкірт:


-          Оқу материалы құрылымының жазбаша түрде бағалайды;

-          Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

-          Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.

Мысал:


«Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа мыңжылдық талабына сай, мұғалім–бақылаушы емес, бағалаушы да емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Қазір менің алдымда орта буын оқушылары отыр. Сөзім дәйекті болу үшін жоғарыда көрсетілген блум таксономиясын өз тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма тоқталайын.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет