Мазмұны кіріспе 1 бет I бөлім Жер асты суларының маңызы мен пайдасы 2-11 бет II бөлім Қатынас ыдыстар мен су құбырының ашылу тарихы 11-16 бет III бөлім Қатынас



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,62 Mb.
#32872
1   2   3   4   5   6

Тоқырауын-Саяқ су құбыры


Тоқырауын-Саяқ су құбыры, Токырауынның тұщы жер асты суын Саяқка су құбыры арқылы жеткізу максатында 1972 жылы салынған, ұзындығы 180 км. Токырауыннан Саяқка су жеткізу үшін 5 скважина бұрғыланып, үш деңғейлі биіктікте суды айдайтын үш насос бекегі орнатылған. Саяқтағы су коймасының биіктігі теңіз деңгейінен 530 м биіктікте орналасқан. Сондықтан Саяқ тұрғындарының пөтерлеріне ас суы өз ағысымен келіп жетеді.

Преснов су құбыры — Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облыстары және Ресейдің Қорған облысы жеріндегі тармақталған құбыр жүйесі. 1975 ж. пайдалануға берілген. Құбыр Тобыл өзенінен басталады. Жалпы ұзындығы 3334 км, оның 2121 км-і Қазақстан аумағында. Тәуліктік орташа су ағымы 85,2 мың м3, ал ең жоғарғы су ағымы 104,8 мың м3.

Дарбаза су құбыры


‎Дарбаза су құбыры – Сырдарияның бір саласы Келес өз алабындағы жер асты су қорына негізделген су құбыры. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы жерінде. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1975 ж. салынды. Шатқал жотасының Шардара даласына ұласатын етегіндегі Абай бұлағынан басталады да солтүстіктегі Дарбаза аулына дейін 174 км-ге созылады. Бастауындағы су ағымы 9300 м³/сағ. Сорғы станцияларының торабы Абай аулында орналасқан. Құбыр 14 елді мекенге ауыз су таратады және 63,5 мың га жайылымдықты суландырады. Оңтүстік Қазақстан облысында 1977 ж. іске қосылған. Келес және Сарыағаш аудандарының 34 елді мекенін сумен қамтамасыз етеді. Құбыр ұзындығы — 198 км, қамту ауданы — 21 мың га. Негізгі су көзі — Абай артезиан алабы. Алабына су жинау Келес ауданының Абай аулындағы 11 ұңғыма арқылы жүзеге асырылады. Тәулігіне 32 мың м3 су береді. Құбыр төңірегінде 55 мың халық мекендейді.

Тоқырауын-Саяқ су құбыры


Тоқырауын-Саяқ су құбыры, Токырауынның тұщы жер асты суын Саяқка су құбыры арқылы жеткізу максатында 1972 жылы салынған, ұзындығы 180 км. Токырауыннан Саяқка су жеткізу үшін 5 скважина бұрғыланып, үш деңғейлі биіктікте суды айдайтын үш насос бекегі орнатылған. Саяқтағы су коймасының биіктігі теңіз деңгейінен 530 м биіктікте орналасқан. Сондықтан Саяқ тұрғындарының пөтерлеріне ас суы өз ағысымен келіп жетеді.

 Өзіміз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген шайнектің шүмегін салыстырып қарасақ олардың деңгейі бірдей биіктікте тұрады. Ал ол шайнекке су құятын болсақ, құйылған судың деңгейі де бірдей деңгейде болады. Күнделікті өзіміз қолданып жүрген шайнек қарапайым қатынас ыдысқа мысал бола алады. Мұндай ыдыс пішіні әр түрлі болуы мүмкін.
Өзара резеңке түтікпен жалғасқан ыдысты қатынас ыдыстар деп атаймыз.
Мысалы: Шайнек, құмған, лейка т. б. Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты болатыны белгілі, бірақ оң жақтан да, сол жақтан да бірдей қысым түскенде тепе - теңдікте болады. Екі ыдыста да сұйық бағаны бірдей болады.


4 - сурет. Қатынас ыдыстар (шәйнек)

Енді әр түрлі пішінді қатынас ыдыс алып, сұйық құйсақ онда да сұйық деңгейі бірдей болады. Енді түтіктің екі жағына екі түрлі сұйық құйсақ, қай сұйықтың тығыздығы жоғары болса сол түтіктегі сұйық биіктігі кіші болады.
Сұйықтың ыдыс қабырғасымен жанаспайтын бетін сұйықтың еркін беті деп атаймыз.
Біз сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігі мен оның тығыздығына тура пропорционал екенін білеміз. Демек, P1=P2 болғанда тығыздығы үлкен сұйық бағанның биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанның биіктігінен кем болады.

а) ә) б)


5 - сурет. Қатынас ыдыстар

5-суретте бірнеше ыдыс кескінделген. Олардың пішіндері әр түрлі болғанымен бәріне тең бір ерекшелік ыдыстарды бір-біріне ұқсатады. Қандай? Жақсырақ қарағанда олардың құйылған бүліктері бір-бірімен жалғанғаны байқалады.

Сұйық құйылған бәріне ортақ бүлігі бар (оларды жалғайтын) ыдыстар қатынас ыдыстар деп аталады. Тәжірибе жасайық. Екі шыны ыдысты резина түтікпен жалғап, оның ортасын қысып, ыдыстың біріне су құяйық (5, а-сурет). Енді қысқышты ашып судың бірінен екіншіcіне, оған қатынасқан ыдысқа ағуын бақылайық. Біз судың екі түтікшедегі деңгейлері теңелгенше ағатынын байқаймыз (5, ә-сурет). Егер бірін штативке бекітіп, екіншісін көтеріп не төмен түсірсек, сұйықтың қозғалысы тоқтағанда, екі ыдыстағы сұйықтардың деңгейлері теңелетіні байқалады (5,б-сурет).

Қатынас ыдыстар заңы:Қатынас ыдыстардағы біртекті сұйықтың беті бір деңгейге ие болады.

Бұл заңда айтылатын ыдыстардың диаметрі өте кіші болмауы тиіс, себебі бұл кезде капиллярлық құбылыстар байқалады. Бұл заңды дәлелдеу үшін, ыдыстар жалағанған жердегі сұйықтың бөлшектерін қарастырамыз. (5, а-сурет). Бұл бөлшектер (қалған барлық басқа сұйықпен қатар) тыныштықта болғандықтан, оған сол және оң жақтарынан әсер ететтін қысым күштері бір-бірін теңгереді. Бұл күштер қысымға, ал қысым осы күштер әсер ететін жақтағы сұйық бағанының биіктігіне пропорционал. Сонда қарастырылатын күштердің теңдігенен қатынас ыдыстардағы сұйық бағанасының теңдігі шығады. Осы кезге дейін біз екі қатынас ыдыстарға бірдей сұйықтар құйылған жағдайды қарастырдық. Ал егер осы ыдыстың біреуіне бір сұйық (мысалы, тығыздығы ρ1 су), ал екіншісіне басқа сұйық (мысалы, тығыздығы ρ2 керосин) құйылса, онда ыдыстағы сұйықтар деңгейі әр түрлі болады. Бірақ бұл кезде сұйықтар тыныштыққа болғандықтан бұрынғыдай сұйықтардың оң және сол бағаналарының қысымдары тең деп саналады (мысалы, суреттегі АВ деңгейі): p1 = p2 Бұл қысымдардың әрқайсы гидростатикалық қысымның көмегімен өрнектеледі. p1 = ρ1gh1, p2 = ρ2gh2

Бұл өрнектерді теңестіріп мынаны аламыз. ρ1gh1 = ρ2gh2 одан ρ1h1 = ρ2h2.

Осы теңдіктен, егер ρ1 > ρ2 болса, h1 < h2 екендігі шығады. Бұл әр түрлі сұйықтар құйылған қатынас ыдыстардағы тығыздығы жоғары сұйық бағанасының биіктігінің тығыздығы аз сұйық бағанасының биіктігінен кем болатыны білінеді. Бұл кезде сұйық бағаналарының биіктігі, олардың бір-біріне тиіскен беттерінен бастап саналады.



Каталог: uploads -> doc -> 03e3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03e3 -> Сабықтың тақырыбы
03e3 -> Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия Сабақтың мақсаты: Білімділік
03e3 -> «Білімді мыңды жығар» мұғалімдерге арналған интеллектуалды сайыс Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет