Мазмұны Кіріспе 1 Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы 2 Ыбырай шығармаларындағы оқу тәрбие мәселелері. 3 Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе



Дата25.12.2016
өлшемі326,42 Kb.
#4883

Мазмұны

Кіріспе


1 Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы
2 Ыбырай шығармаларындағы оқу тәрбие мәселелері.
3 Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары.
Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер




Кіріспе
«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше

үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз».

(Ы. Алтынсарин)

Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.

Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы.

Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі.

Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы , қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. Оның үстіне осындай ізгілікті іске қараңғы орта –облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтыны, оқу мен білімге деген надан әкімдердің енжарлығы да болды. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады , ағартушылық идеямен қанағаттанған Ыбырай халықтың мұң-мұқтажы мен арман тілегін орындау мақсаты оның көздеген мақсаты болып сол арманға жетуге құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел-елді аралап қаражат жинауға кірісті.

Сонымен, Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұнғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу-құралдарын дайындады.

Ұлы педагог қазақ ортасында үстемдік құрған қоғамдық әділетсіздікке қарсы болды. Надандық пен зұлыымдықтарды тудырушыларды әшкереледі. Феодалдық -рушылдық езгі мен патшалқ самодержавиенің қаратүнек заманында Алтынсаринның өлеңмен айтылған жоғарғы идеялары жастарды рухтандырып, халыққа жалынды үндеу тастады.Бұл қазақ даласындағы бүкіл қауымға қағылған алғашқы қоңырау болатын. Ол ел жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып ғана емес, сол игілік істі жүзеге асыруға да көпшілік арасында қыруар жұмыс атқарып, үлкен үлес қосты Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашты. 1864 жылдың қаңтар айының 8-жұлдызында ұлы ағартушы ашқан Торғай уезіндегі тұнғыш оқу орнының дүниеге кенлуі тек Ыбырай үшін емес, жалпы қазақ даласындағы аса маңызды оқиға болды.

Бұл мектептерге орыс альфавиті негізінде оқулықтар жазумен бірге, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер даярлауға да күш салды.

Алтынсариннің тұсында Қазақстнда педагогика ілімінің негізі Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық, педагогикалық ғылыми көзқарастарының қалыптасуына белгілі ориенталист ғалымдар В.В.Григорьев, И.И.Ильминский, Я.П.Яковлев секілді орыс достарының ықпалы ерекше болды. Л.Н.Толстойдың, И.П.Паульсонның, К.Д.Ушинскийдің оқулықтарын өз хрестоматиясына үлгі етті.Ыбырай жаңа типті мектептер үшін оқулық жасау мәселесін 60-жылдардың басында-ақ қолға алды. Себебі қазақ арасында діни оқудың кең орын алғандығы, діни кітаптардың көптігі Ыбырайдың қазақ жастарына шын мәнінде білім мен тәрбие беруі үшін жаңа оқулықсыз жұмыс жүргізудің мүмкін еместігіне көзін жеткізді , жаңа оқулық жасау мәселесіне үнемі итермеледі. 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясының» негізін осы кезеңнен ойластырған. Хрестоматияның пайда болуы Ыбырайдың ағартушылық қызметімен тығыз байланысты , бұл кітаптың жаңа ашылған мектептерге арналып жазылуының өзі мұны дәлелдейді. Ыбырай Алтынсарин бұл еңбегінде көркем шығармалары арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсетіп насихаттады.

Украин халқының белгілі шығыстанушысы А.Е. Крымский «Қазақстан түріктерінің әдебиеті» дейтін мақаласында ағартушы-педагогтың хрестоматиялық еңбегі жөнінде мынадай құнды пікір білдірген болатын «Через учителей и учеников хрестоматия Алтынсарина и вне школы получила самое широкое распространение и сильно послужило к возбуждению национального духа у казахского народа».

«Қазақ хрестоматиясы « К.Д. Ушинскийдің «Балалар жемі» және басқа да (мысалы Л.Н.Толстой «Әліппе жазу және оқу кітабы». Б.Ф.Бунаковтың «Грамматикалық элементарлық курсы, Тихомировтың) орыс классикалық педагогикасының үлгісінде жасалып, мынадай бөлімдерден тұрады.


  • тақпақтар, балаларға арналған әнгіме ертегілер , оқушылырдың туысқандарына хат жазуы үлгісі.

  • үлкендерге арналған әңгімелер.

  • ауыз әдебиеті үлгілері.

  • мақал мәтелдер.

Хрестоматияға енгізілген шығармалар балалардың жас ерекшелігін ескеріп , жоғарыда айтып өткен оқу, еңбек тақырыптарына толық тоқталған.

Ы. Алтынсариннің хрестоматиясының бірінші бөлігін жазған кездегі өріс алған әдеби творчествосы өзі болжағаннан асып түсті. Бұл жайлы профессор Қ. Жұмашев пен жазушы С. Мұқанов былай деп жазған еді: «Абай Құнанбаев пен Ы. Алтынсарин шығармаларында негізгі әдіс реалистік әдіс болып табылады».



1 Ы.Алтынсарин және ұлттық мектептер туралы
Ы. Алтынсарин-қазақ өлкесіндегі тұнғыш халық мектептері орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы.Ол қазақ халқына жоғарыда айтылғандай білім берудің системасын жасап, оны мүмкіндігінше жүзеге асырды. Ол системаның бүгінгі таңда маңызы зор.

Алтынсарин системасында екі класстық орталық училище негізгі орын алды.Алты жыл оқитын екі кластық училищелер ұйымдастыру идеясыда өте орынды болды.

Осы сияқты білім беру жүйесі жақсара бастаған бастауыш мектептер көбейе бастады.70-жылдары төрт жыл оқытатын бастауыш мектеп типін чуваш бастауыш мектебі бойынша инспектор И.Я. Яковлев жасады. Чуваштың Симбирскідегі мұғалімдер даярлайтын орталық мектебі 6 жыл оқытатын 3 кластық еді. Ал Алтынсарин мектебі жалпы білім беруді мақсат етті.

Торғай уезіндегі 4 әрқайсысынан бір-бірден орталық училище ашты. Бұл училищелердің әрқайсысында 30 орындық қазақтың ер балаларына арналған интернат болды. Торғай , Ырғыз мектептері орыс қазақ мектебі деп аталды , себебі бұл жерде екі ұлт балалары оқитын. Тройцкідегі екі кластық және Ақтөбедегі бір кластық мектептерінде қазақ балалары ғана оқыды.

Осы 4 орталық училище қазақтың ең алғашқы мәдениет ошағы болды.Бұл мектептерді ашудағы Алтынсариннің ролін толық көрсететін , оның бұл істі жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтарды баяндайтын материалдарға тағы бір тоқталайық. 1876 жылы Орынборға бұрынғы халық ағарту министрі граф Толстой Орынбор оқу округіндегі оқу орындарыын тексеруге келгенде, бұл өлкедегі қырғыздарға білім беру мәселесі талқыланды. Мұнда қырғыздарға орысша оқи- жаза білгізу, ол үшін қырғыз тіліне орыс алфавитін енгізу мәселесі негізгі әңгіме болды. Бұл кеңеске Орынбор өлкесінің бұрынғы генерал- губернаторы генерал- адъютант Крыжановский, Орынбор оқу округінің қамқоршы өкілі Лавровский, Қазақстандағы мұғалімдер семинариасының директоры Ильминсий және Торғай, Орал облыстарының губернаторлары орыс алфавитін қырғыз тіліне қолдануға әбден болатынын айтты. Бірақ далалық болыстарда ашылмақшы орыс- қырғыз мектептерінде оқу жұмысын жүргізе алатын қырғыз тілін білетін мұғалімдер жоқ еді. Ал мұндай мұғалімсіз жұмыс істеу балдармен қиын еді. Сол себептен Торғай, Орал облыстарындағы жақын қалалардың бірінде қырғыз мұғалімдер мектебін ашу жайлы қаулы алынды. 1879 жылы мектеп инспекторлығына Алтынсарин шақырылды. 1881 жылы Орск қаласында мұғалімдер мектебі құрылды.

Алтынсарин алғашқы кезде бірден орталық училище болып, мұнда 50 қазақ баласы және жергілікті орыс балалары жататын интернат болуын айтты. Бұл оқу орнына ол Қазан мұғалімдер семинариясын бітірушілерді мұғалімдікке шақыруды ұсынды. Мұнымен қатар Алтынсарин бұл орталық училищелер барлық жағынан, сыртқы көрінісінен де, оқу жұмысы жағынан да үлгілі болуын талап етті. Сонда алыс түкпірде ашылатын болашақ бастауыш мектептері бұлардан оқыту әдісінің жақсысынан үйреніп, онда жүретін сабақ түрлерінен, шаруашылық жағынан үлгі алар еді деп көрсетті. Сол себептен Алтынсарин болыстық мектеп қаражаттарын орталық училищелерге арналған берік тас үйлерге және оны жабдықтауға арнады. Барлық уездік қалаларда бір- бірден 2 кластық училищелер 5 жыл ішінде ашылып бітті. Бұл училищелер мұғалімдері өзі ұсынған Қазандағы мұғалімдер семинариясын бітірген мұғалімдер болып, ол өз істеріне өте жауапкершілікпен қарап адал істеп , жақсы нәтижеге жетіп отырған. « Қазақ даласында орыс- қазақ мектептерін көбейту мәселесін қызу қолға алу қажет, ол мектептер дүниеге ғылыми көзқарастың ұрығын сеуіп, халықтың дамуына кедергі болатын соқыр сенімдерді жоюға себепші болады. Бұл әлі де келе жатқан еш бір діннің ықпалына ұшырамаған халықтың әдет- ғұрпымен бірге салт- сананың сақталуына әсер етеді»- деп Алтынсарин жасаған оқу жоспарлары мен мектеп программалары әдеттегі бастауыш мектептердің оқу жоспарынан анағұрлым терең еді. Мысалға алар болсақ орыстың екі кластық мектебі мен қалалық училищесінің « қалыпты»оқу жоспарын келтірейік: 1) дін заңы 2) шіркеу жыры 3) шіркеу және азаматтық баспасөзді оқу 4) арифметикадан алғашқы мәліметтер.

Қалалық училищелердің оқу оқу жоспарында мынадай пәндер болды: 1) дін заңы 2) орыс тілінде оқу және жазу. 3) арифметика практикалық геометрия 4) сызу және сурет 5) отандық тарих және география.

Алтынсарин 4 орталық мектеп ашумен қатар болыстық және ауылдық мектептер түрін белгіледі. Ауылдық мектептерде берілетін білім дәрежесі болыстық мектептердің бірінші және екінші бөлімдерінен алатын білім дәрежесіндей болды. Ал қазақ қыздарына арналған тұңғыш мектеп 1887 жылы ашылған 20 орындық ырғыз қыздар училищесі еді. Мұнда білім берумен қатар қолөнерді де үйретті. Алтынсарин қазақ мектептері үшін мұғалімнің маңызы мен оны дайындау туралы мәселеге орасан зор көңіл бөлген «Біздің жұмысымызда,- деп жазды Алтынсарин,- қырғыз мектептерінің бүкіл болашағы, көбінесе қазір басталып отырған іске байланысты,- сол себепті мен қазір дүниеде жақсы мұғалімді бәрінен де жоғары бағалаймын. Халық мектептері үшін мұғалім бәрін шешеді».

Орскіде ашылған қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі оның қол тумасы еді. Бұл мектепті 1886 жылы 12 мұғалім тұңғыш рет бітіріп шықты.

Халық училищелерінің инспекторы болған кезінде ол өзін мұғалімдердің ағасы досы деп санап, оларды жұмысқа шебер жұмылдыра білді: « Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін- өзі кінәлауға тиіс.Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлесуге тиіс: шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек.

Алтынсариннің пікірінше, педагогикалықжұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге және орыс тілін білуге ынтасын мейлінше арттыруға тиіс.

Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу және орындау саласында Алтынсарин үлкен табысқа жетті. Ол мектепте ұйымшылдық және тәртіп орнатып, оқу процесінде қатаң режим және оқушылар арасында тәртіп болуын талап етті. Алтынсариннің міндеттері мұғалімнің туралы нұсқаулары- оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі- оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігінескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді.

Алтынсарин қандай да болмасын оқулықтардың құнды жақтарын меңгеріп, оларды қазақ мектептерінде пайдалануға бар күштерін салды. Қазақтың тұңғыш педагогтарының бірі болған ол Ушинскийдің кітаптарын өте жоғары бағалады. Оның « Балалар әлемін алғаш рет баспадан шыққан кезінде – ақ, ол оны өзінің оқытушылық жұмысында пайдалануға асықты. Оның пікірі бойынша бұл оқулық әсіресе орыс емес балаларды оқытуға арналған деп тапты.

Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін. а) оқыту методтары- балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қортындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды.

Сол заманның жағдайында, қазақ даласында, жапан түзде алдыңғы қатарлы орыс мектептерінің үлгісімен бірінші рет « халық мектебі» ашылған кезде, ол орыс білімінен, орыстың алдыңғы қатарлы мектебімен берік байланыс жасағанда ғана халықтың тіршілік тілегіне жауап берерлік мектеп бола алады.

Қазақ жастары үшін орыс оқу орындарына түсу орыстың бай мәдениеті мен ғылымын меңгеру—орыстың тілі мен әдебиетін білгенде ғана мүмкін еді. Осындай пікірді Алтынсарин да Абай Құнанбаев та айтқан болатын « орыс мектебі, орыстың ғылымы мен техникасы—бүкіл болашағымыздың кілті міне осында» .

Абай Құнанбаев бұл сөздерді Алтынсарин ашқан мектептерде оқыту тілі туралы мәселені шешуде анықтаған формула болды.

Абай Құнанбаев пен Алтынсарин жастар үшін өз ана тілін білуі және сонымен қатар орыс тілін меңгеруді де қажет деп санады.

Алтынсарин бастауыш мектепте және екі класты училищелерде сабақтың екі тілде жүргізуін ойластырды. Барлық оқу жылдарында оның жасаған хрестоматиялары бойынша орыс тілімен қатар қазақ тілі де оқылуға тиіс. Қазақтан шыққан мұғалімдер оқыту кезінде қазақ тілінің құралы етіп орысшадан қазақшаға және керісінше аудару арқылы пайдалануы керек.

Мектепте қазақ тілі мен орыс тілін қатар оқыта отырып, үш- төрт айдың ішінде айтарлықтай жақсы табыстарға ие болды. Егер орысша сөйлеу, орысша жазу және оқу оның өзінен асқан шеберлікті, қажырлылықты талап етсе, бұл міндетті орындауда ол « баланың соңынан қалмау керек» деп есептеді, ал ана тілін оқытуда ол оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге ерік беруге болады дедеі.

Оның жеке ескертулерінен ( теориялық оқытумен тым әуестенбей, істі оқушылардың табыстарына, қабілеттілігіне қарай жүргізу) біз мынандай қорытынды шығарамыз : ана тілін меңгеру сауаттану, өзге тілді үйренумен салыстырғанда, оқушы үшін едәуір оңай міндет. Сонымен қатар көбінесе орыс- қазақ мектептеріне сегіз жастан емес, едәуір кешірек кейде 15-17 жастағылар түсетінін ескерту керек, кейбір оқушылар мектепке келгеннің өзінде- ақ сауатты болатын.

Алтынсариннің мектебінде ана тілін үйрету әжептеуір жоғары дәрежеде басталды. Балаларға неғұрлым түсінікті заттарды таныстырудың, осы заттарды қарапайым түрде суреттеудің қажеті болған жоқ. Алтынсариннің оқулығы неғұрлым қиын мазмұнды суреттеулер мен баяндаулардан басталады.

Балаларға оқу үшін ана тілінде қарапайым, қызықты, көңілді әңгімелерді, ертектерді, мысалдарды, өлеңдерді ұсына отырып Алтынсарин оларды осылар арқылы қызықтырды. Алтынсариннің хрестоматиясы тақырыптарының байлығымен және жанрлардың әр алуандығынан көзге түседі.

Балаларды ана тілінде оқытуда Алтынсарин белгілі мөлшерде Л. Н. Толстойдың методикалық көзқарастарын ұстады, сөйтіп ана тілінде оқуға және жазуға үйретудің дайындық сатысында көп тоқтау қажетсіз деп санады. Мұндай дайындық оқушылырда өзінен- өзі пайда болады. Оқушылар өздері ең жақсы жол іздеп табады.

Әрине баланың рухани күші мен мүмкіншіліктеріне тым сенушілікпен келісуге болмайды, оның салдарынан ана тілі қажетті системалы жаттығулар жүйесінсіз және грамматикалық формалар системасыз оқытылады. « Тіл сезімін» дамыту, оқушылардың мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, әрине оқушының басқаруымен сабақ пен жаттығудың әбден ойланған системасын талап етеді. Алтынсарин мектептегі оқытуда орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті( әліппені) тұңғыш рет қолданды. Бірақ жаңа алфавитке көшудің табысты болуы, оның пікірінше, бұл алфавит нағыз бұқаралық баспасөзде—халыққа арналған оқу құралдарының қаруы болғанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін еді.

Ол халыққа арналған кітаптардың араб алфавитімен басылуы мүмкіншілігін теріске шығарған жоқ.Айта кететін бір жай, сол замандағы мектептерде оқушылар шариғат ( дін) негіздерін өтуге мәжбүр болды, соған байланысты араб жазуын меңгеруде қажет етеді, бірақ мұның өзі мұғалімнің міндетіне кірмейді.

Орыс тілін оқыту жөнінде Алтынсарин, өзінің замандастарын грузин, армян, татар, чуваш мектептерінің алдыңғы қатарлы қайраткерлердің бәрі дәл осындай көзқараста болған еді.

« Балаларды үйде сөйлейтін сөзімен оқыта бастайды, -- деп жазды Ушинский--- бұл күмән жоқ ақылға сиымды іс, сонымен қатар мұның адамгершілік мәні де аз емес». Оның пікірінше өзге тілді үйрету, « балалардың бойына ана тілінің әбден сіңіскені байқалғанша ешбір басталмауға тиіс.

Орыс тілін алғашқы оқытудың методикасын Алтынсарин өзінің « Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту жөніндегі оқу құралында» баяндаған ( ол Орынбор қаласында 1897 жылы басылып шыққан) Қазіргі кезге дейін өз құнын жоймаған Алтынсариннің оқытушыларға арналған құралынан негізгі методикалық нұсқауларын келтіріп өтейік: Орысша бірден- бір сөз білмейтін қырғыз балалары орыс мектептеріне оқуға түскенде оқытушылар әдетте оларға орыс тілін үйретуден неден және қалай бастау жөнінде қиыншылыққа ұшырайды. Өзінің ана тілін білетін орыс балаларына арнап жазылған құралдар әрине бұл тілді білмейтіндерге сай емес, сол себепті және лайықты оқу құралдарының жоқ болуына байланысты мұғалімдер оқуға жаңа түскен оқушылар үшін қолжазба сөздіктер құрастырады, немесе оларға түсінбеген жерлерін сұрай отырып, орыс кітабын оқытқызады.

Ал оқытудың мұндай тәртібі, бір жағынан, оқытушылардың жұмысын өте ауырлатып, істі мейлінше баяулатады, екінші жағынан оқушылардың тек оқу қабілетін дамытып, орыс тілін үйренуіне барынша зиянын тигізеді, асылында орыс тілін үйрету орыс- қырғыз мектептері мұғалімдерінің басты міндеті болуға тиіс.

Біздің пікірімізше, қазақ балалары үшін олардың орыс кітаптарын оқып және оқығанын түсіндіріп айтып беруден бұрын, жеке сөздерді және сөздерді және негізгі грамматикалық ережелерді түсінуге бірсыпыра системалы әзірлік керек. Мұндай алдын- ала жасалған дайындық болмайынша оқушылардың ұғымы шатасып кетуі мүмкін: балалар қандай болмасын грамматикалық ерекшелікке байланысты анық ұғым жасай алмайды. Олар көп уақытқа дейін « она» деудің орнына « он» деп «иду» деудің орнына « шел» деп сөйлейтін болады.

« Оқу құралы бойынша оқытқанда,- деп жазады Алтынсарин өзінің мұғалімдерге берген нұсқаулары мен кеңестерінде – балалар берілген сабақты және грамматикалық негізгі ережелерді, қазақ тілінің ережелеріне ұқсас мысалдар мен теңеулер арқылы неғұрлым оңай сөздермен түсіндірілетін грамматикалық негізгі ережелерді, қазақ тілінің ережелеріне ұқсас мысалдар мен теңеулер арқылы неғұрлым оңай сөздермен түсіндірілетін грамматикалық негізгі ережелерді үлгермейінше алға кетпеу керек: Көркем жазуда оларды анық жазу қабілетіне, әріптердің формасын жақсылап жазбайынша алға жібермейміз.

Оқыту жұмысы мағынасыз болмауы үшін біз оқылған сабақтың мағынасын түсіндіреміз, ал таныс емес сөздерді жаттап алуы үшін оларға таныс емес сөздерді жазып алатын дәптер береміз, бұл бірақ оқушылар емін- еркін оқи алатын болса ғана ( мұғалім А. А. Мозохинге 1881 жылғы 17 апрельде жазған хаттан).

Сол заманның көрнекті методистері – Н. А. Корф, В. В. Водовозов, Д. И. Тихомиров., Н.Ф.Бунаков- тек орыс мектебінде бастауыш оқыту методикасының дамуына үлкен роль атқарып қана қойған жоқ, сонымен қатар, олар орыстан өзге халықтар мектебінің алдыңғы қатарлы қайраткерлеріне де өзіндік ықпалын жасады.

Қазақ балаларына орыс тілін оқытуға арналған дербес оқу құралын жасай отырып, Алтынсарин кітап бойынша жаттауды керек деп санамайды. Орыс тілін алғаш үйрету, оның пікірінше дұрыс сөйлей білуді, көрнекті сөз запастарын жинақтауды қамтамасыз ететін қызықты әңгіме айту, сөйлесу құралдарынан, сабақтарынан құралуға тиіс. Оқушы сөйлеу материалының белгілі бір мөлшерде меңгеріп орыс сөздерінің ең жеңіл ерекшеліктерін ажырата білу керек. Тек осындай алдын- ала жасалған дайындықтан кейін ғана әліппеге көшуге болады.

« Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы, олар қазақ даласының кез- келген жеріне ретсіз орнатыла салатын болса, ешбір пайда келтіре алмайды. Артта қалған халықты білімге қызықтырып, тарту үшін мектеп бітіргендерге қай жағынан болса да бір артықшылық берілуі керек, қазақ халқының келешегі тек осыларда» деп Алтынсарин мектеп жағдайының жақсы болуына алаңдап, сапалы білім беру үшін мұғалімдердің өз дәрежесі болуына артық мүмкіншіліктер туғызуын талап етті. «Сонда ғана оқушылардың саны тез арада өсетіні даусыз, ал Ордада мұндай оқушылар көбейіп, ғылымды бойға сіңірсе, дүниеге деген көзқарасын түзетсе, олар бүкіл халыққа да әсер етеді, сонда фанатизмнің күл талқаны шығады» дейді 1871 жылдың 31 тамызында Н. И. Ильминскийге жазған хатында .

Ұлы ұстаз мектеп ашып оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуде орыстың сол кездегі Бунаков ашқан Петин мектебі ( Воронеж мектебі) Н. А. Корфтың бастамасы мен Екатеринослаф губерниясының Александр уезінде ұйымдастырылған мектептер және А. Н. Толстойдың Ясная Полянадағы мектептерін үлгі тұтты.

2 Ыбырай шығармаларындағы оқу-тәрбие мәселелері

Ыбырай Алтынсарин балаларға сапалы білім ғана беріп қойған жоқ , саналы тәрбие берді. Тәрбиенің әр-түрлі бөліктеріне –адамгершілік , еңбек және дене тәрбиесіне баса назар аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпта алғаш рет талдады.

Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа , тазалыққа , отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін»-дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп , оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл , еңбексүйгіш , әдепті , қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді.

Ата-ананы сыйлау , құрмет тұту ана қадірін түсіну , жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әр-бір тәрбиешінің міндеті дейді. «Ананың сүйюі» деген өлеңі бала жанын тебірентіп , ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді.

Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетінжеткізе отырып , аналық мейірімнің молдығын асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Ата-ананы сыйлай білген , оның қадір-қасиетін өз ата-анасындай құрметтей алатын болып өседі деген тұжырымды білдіреді. Сол сияқты «Аурудан-аяған күштірек» деген әңгімесін де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың , шыдамдылық , төзімділік , имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері сипатталады. Аяғын сындырып алған бала қиналғанын анасына білдірмейді. Бұған таң қалған сынықшы:--Аяғың ауырмай ма , қабағыңды да шытпайсың ғой—деп сұрайды. Қасында шешесінің жоғын көрген бала «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр , бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе , әжем де қиналып , жүдемесін деп шыдап жатырмын»-депті.

Ал, «Асыл шөп» деген әңгімесі балаларды ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Бірдей жәшік көтерген екі қыздың бірі мазысданып :-Сен неге қуанып , мәз болып келесің?-деген сұрағына Бәтима:



  • Мен жәшігімнің ішіне жеңілдететін шөп салып алдым , аты «сабыр» дейді. Қысқа да нұсқа әңгіме мазмұны балалрға үлкен ой тастайды. «Бір уыс мақта» деген әңгімесі жастарды ұқыптылыққа тәрбиелесе , «Жеміс ағаштары» әңгімесінде бала тәрбиесінде дұрыс бағып қағудың , дұрыс бағыт берудің маңызды екенін ашып көрсетті.Аталған әңгіменің оқытушылар мен оқушылар үшін де тәрбиелік мәні зор. «Баланы жастан» дегендей жас кезінен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң, қисығын түзеу қиынға түседі. Баласының:

--- Мына ағаш неге тіп- тік, ана біреуі неліктен қисық біткен? – деген сұрағына әкесі:

-- Түзу ағашты қисық бұтақтан кесіп бағып қағумен өсірген, ал қисық ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен. Мұнда көп мәні бар. Сен де жас ағашшың, саған да күтім керек:- мен сенің қате істеріңді түзеп пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып орнына келтіресің, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деп жауап береді.

Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы үшін қай заманда болсын құнын жоймайды.

Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы- ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Еңбек етсең ғана көздеген мақсатыңа жетесің. Өмірдің ащысы мен тұщысын еңбек еткен адам ғана біледі. Солардың кейбіреулерін мысал келтірейік:

« Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде әрқайсысы өзінше тамақ табумен шұғылдануда, еңбек етуде, өмір сүру үшін күресуде. Әңгімеде атасы өзінің кішкентай баласымен осы жөнінде кеңеседі.

-Анау өрмекші көремісің не істеп жүр?

---Көремін өрмек тоқып жүр.


  • Анау құмырсқа көремісің?

  • Көремін аузында бір нанның уалшығы бар.

  • Жүгіріп кетіп барады.

  • Жоғары қара аспанда не көрдің?

  • Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

  • Сонда атасы айтты:

  • Олай болса шырағым, бұл кішкентай жәндіктер саған әбірет. Өрмекші, маса шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етуге, құмырсқа бала- шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей аузына тістеп, қуанып үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жаратпаған жұмыс, жұмыстауға әдеттенуге керек»- деді.

« Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде оңай келетін олжаға қызықпай, қиналып тапқан дәулеттің баянды болатыны айтылады. Ұрлықпен күн көріпжүргенде қолға түсіп, ағасын балгісіз біреулер өлтіріп кетеді. Ал ерінбей егін салып, еңбек еткен Сейітқұл отыз үйлі кедейге кетпен ұстатып, кәсіп меңгертеді. Ынтымақты, іргелі ел болып, сол жерді шаһарға айналдырады. Оқушыны жаман істен жирендіріп, қиындықтан қашпай, аянбай еңбек етсең ғана абыройың артады дегенді дәлелдейді.

Ы. Алтынсариннің негізгі тақырыптарының бірі- талап. « Сәтемір хан», « Талаптың пайдасы», « Лұқпан әкім» сияқты әңгімелерінде талап етіп талпынбаса адам баласы алға баспаған болар еді, деген тұжырымға келеді. Жастық шақ жігер қайраттың толы кезінде бойдағы жасырын талант, өнерді жарыққа шығарып қалатын кез болады.

Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өз қабілет ыңғайыңды таны. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап- жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі мүмкін.Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дейді.

« Надандық», « Жамандыққа жақсылық», « Салақтық», « Таза бұлақ», « Әдеп» деген әңгімелерінің негізгі идеялары жастарды тазалыққа, адалдыққа, әдептілікке, қарапайымдылыққа, мейірбандыққа үйрету еді. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, тәкәппарлықты, надандықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті.

Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі- өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік, оларды іс- әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.

Сонымен қатар Ыбырай қазақ ауыз әдебиетінің шығармаларын да тәрбие мақсаттарына пайдалана білді десек артық айтпаған болар едік. Өз кітабының мазмұнын балаларға саралай отырып, Алтынсарин қазақ халқының бай қазынасына үлкен назар аударды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті творчествосынан өзінің кітабына жеке ертегілерді, мысалы батырлар жырының үлгісі « Қобыландыны» алсақ. Қобыланды батыр—халқы үшін ең қиыншылық кезеңде тамаша ерлік көрсеткен жаудан елін қорғаған батыр. Бұл дастанда балаларға әсіресе батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты ұнайды.

Қазақ халқының ауыз әдебиетінің бірі аңыз әңгіме негізінде жазылған. « Бай ұлы» шығармасында Алтынсариннің назарын аударған сірә екі баланың, бай ұлы мен кедей ұлының, достығы болу керек. Хрестоматияға енген барлық басқа шығармаларында бай ұлы жағымсыз образ ретінде көрсетілетін. Дегенмен балалар арасындағы достық, олардың ойын үстіндегі ниеттестігі мұнымен ерекшеленбейді. Әңгімедегі басты кейіпкер бай ұлы ауыл көшкенде тай міне алмай, түйеге мінетінін біліп жылап тұрған кедей баласына әкесінен өзіне арналған тайын балаға беруін сұрайды. Мұнда бай баласының мұндай « қайырымдылық» көрсетуі қажетті екендігін көрсеткісі келген. Сол уақытта бір ақсақал бай ұлының әлгі қайырымдылығын көріп сыртынан « Е, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер»- деп батасын берген екен.

Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында бай ұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болды. «Он екі ата бай ұлы» содан шықты деседі. Бұл әңгіменің тәрбиелік, адамгершілік мәні бүкіл ғасыр бойы керектігі айқын көрініп тұр. Қазіргі жастарымыз да осы кішкентай мысалдан үлкен мағына тапса керек. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер»деген мақалға осы әңгіме дәлел іспетті.

Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінен мазмұн әсерлілігін стильінің жанды тартымдылығы кейде юмордың кездесетіндігін анық байқауға болады. Иесіне қайсысы көп пайда келтіретін жануарлардың дауласқаны деген атақты шығарма өзінің өңдеуімен ауыз әдебиеті материалымен әдемі үйлескен. Жан- жануарлар туралы осы әңгімесінде ескі қазақ халқының жыл есебі туралы мағлұмат берілген. Осы әңгімеден үзінді:

Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және басқа жан- жануарлардың бәрі жыл басы болуға таласады дейді. Олар жыл басын кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп ұйғарды. Таласта түйе күшіне, бойына және шаруашылықта бәрінен көп пайда келтіретініне сеніп, менен өзге кім жыл басы бола алады деп тәкаппарланады. Тышқан не дерін білмейді. Сөйтіп тұрғанда тышқан өрмелеп түйенің өркешіне шығып алады да 12 жылдың жыл басы « тышқан» аталады.

Хрестоматияға енген тәлім- тәрбиелік мәні өте үлкен шығармаларына шолу, талдау жасауды аяқтай отырып, бұл шығармалар ұсақ болғанымен таза ақыл беретін, өзіне тән белгілі тәрбиелік идеясы бар шығармашылық екенін айта кеткен жөн.

Тағы да айта кетсек осындай ақыл үйрететін шығармаларға мыналар жатуға тиіс. « Әке мен бала»( жалқаулықты сынайды) « Асыл шөп» ( сабырлықты) « Шеше мен бала» ( қайырымдылықты) « Кішіпейілділік», « Түлкі мен ешкі» ( өтірікшілікті) « Жаман жолдас» ( қара басының қамын ойлауды) « Баланың айласы» , « Алтын шеттеуік» ( момындықты) « Қисық ағаш» ( қыңырлықты) « Таза бұлақ» ( адалдықты уағыздайды) т.б.

Халық мақалдарынан да орын алған хрестоматияға енген мақалдар да бар. Олардан кейбіреулерін мысал келтірейік: « Ерте тұрғанның ырысы артық», «Ойнақтаған от басады», « Ұят өлімнен күшті», « Талаптыға нұр жауар», « Саяқ жүрсең таяқ жерсің», « Ащы мен тұщыны татқан білер», « Алыс пен жақынды жортқан білер», « Кім жүгірсе сол озады» , « Жатқанға жан жуымас», « Кім жүгірсе сол озады», « Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», Еңбегі ештің күні кеш» т.б.

3 Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы.

Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.

Оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласына енгізетін тұңғыш педагог болды.

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол « Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді, ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: ., ... мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» - десе , « Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесіңә деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Алтынсариннің мектептегі татарша діни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, олардың халықтық дәстүр, аңыз әңгіме, мақал- мәтел негізінде оқытып тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге жақсы адамгершілік қасиаттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізеді.

Ы. Алтынсариннің демократиялық- ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер д даярлауға, оларға күнделікті ғылыми- әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.Үшіншіден шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде ,болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан- жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық зорлық жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады.

Қазақ халқының келешегі тек өнер білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл, кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып , өз мақсатына жете білді. Ол қазақ даласында татар молдалары таратқан діни оқуға, сондай-ақ патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген христиан дінін таратуға қарсы болды.

Ы. Алтансарин қазақ тілінде кітаптар жазып , оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері-деп жазды ол – қазақтарға татар фанатизмнің ықпалын тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан ұқұтқару үшін мазмұны бабалдың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде , олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді. «Ұлан байтақ қазақ даласында дүнияда мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол: «Орыс-қазақ мектептері – қазақтарға білім берудің басты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір) білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған , әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар фанатизмнің де күлі көкке ұшады» деп дала халқына ағартушылық идеяның нұрын себе бастады.

Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.

Батыс Сібір генерал- губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министіріне жолдаған жолдамасы да»... Торғай лблысының халық мектебінің инспекторы Алтынсарин өзі орыс алфавитін қолданып жазып, қазақтардың халық өлеңінің текстін маған әкеп тапсырды. Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек. Бұл жұмыс Ильинскіге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильинский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені анықталды.

Ал Ильинский орысалфавитін орыс-қазақ мектептеріне Ыбырайдың есімін бетке ұстап насихаттауда көздеген мақсаты, бірінщіден , ғасырлар бойы ислам діні жайлаған қазақ даласында сол елдің оқыған зиялы азаматының атымен ұсыну нанымдырақ деп есептесе , екіншіден орыстандыру саясатын біреудің қолымен от көсеу арқылы да насихаттады, іске асыру тактикасы болды. Н. И. Ильинский миссионерлік пиғылын өз жақтастары арқылы да айтты. Мысалы, өзінің бұрынғы шәкірті, Ор мұғалімдер курсінің менгерушісі А. Бессонов арқылы жүргізген. Бұл жөнінде Ыбырай Алтынсарин: «Бақсам, ол мұғалімдер мектебінің 3 және 4 кластарында оқушылардың қарсы болуына қарамастан , бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде ол, екінші жағынан оқушылар одан бас тарта бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін және кластан жетелеп шығаруға дейін барыпты» деп жазды. Осы оқиғадан соң Ы. Алтынсарин төтенше бұйрық жазып, мұғалімдер дін сабағын жүргізуді мүлдем тоқтатсын, ал орыс-қазақ мектептерінде дін сабағында, қазақ балалары жекеленсін деп мұғалімдерге ескертеді , ал Краснауфимск қаласындағы ауыл-шаруашылық мектебінде оқып жатқан қазақ шәкірттері наразылығын естіп ызаланған Ыбырай өзінің досы В.В. катаринскийге жазған хатында «тағы бір наразылық , яғни қазақ оқушыларының наразылығы , Краснауфимскіде шошқа етін асып беру, оқушыларға бақтыру , орыс балаларымен бірге ғибрат еткізу деседі. Мұнің бәрі ұнамсыз нәрсе ғой... Сондықтан іс әзірше насырға шаппай тұрғанда сонда барып, оқушыларға түсіндіріп , наразылықты жойғым келеді, қажет болса директормен де сөйлескім келеді» деп хабарлады.

Осы факторлардың бәрі Ыбырайдың патша әкімдерінің отарлау , жергілікті халықты орыстандыру саясатына іштей наразылығын , оның ашық қарсылық білдіруіне шамасы келмей , туған халқын осы кесапаттан аман алып қалу үшін дипломатиялық саясат ұстауға еріксіз мәжбүр болғанын дәлелдей түседі.

Орыс- қазақ мектептерін әр облыс сайын ашуды өкімет орындары алдына бірнеше рет қойған және осындай мектептердің миссионерлік саясаттан тысқары болуын талап еткен . Ы. Алтансаринді орыс шенеунигі ұнатпаған Орынбор генерал- губернаторы Проценко оны қудалап, мұндай , мектептерді жауып, Ыбырайды инспекторлық қызметтен босатып, сотқа беруді ұйғаруы да тектен тек емес. Бұл жөнінде Ы. Алтынсарин « Генерал сол мектептерге көп қаржы шығын болды деп есептейді, осыған шыққан қаржының мөлшерін өзі білмейді деп жазды.

Оқу ағарту ісін ұйымдастыруда үнемі патша әкімдерінен кедергілеріне ұшыраған Ыбырай өзінің Н. И. Ильинский 1881 жылы қарашаның 4-де жазған хатында : «Қазақ халқы оқу-білімге сусап отырған халық әттең , бұл іске оқыған адаидардың ғана жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің. Бұл жағынан алып қарағанда , кейде жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз. Қандай қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір, өз ойымызды орындап келеміз» деп ренжіді.

Ы. Алтынсарин акғартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тигізді. Инспекторлық қызметке кіріскеннен кейін ол дүниеауи мектептерді ашуды мықтап қолға алды. ол Елек, Николаевск (Қостанай) Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық қазақ-орыс мектептерін ашты, олардың жанынан мектеп кітапханасын ұйымдастырды. Бұдан соң Алтынсарин болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды . Генерал-губернатордың атына «болыстық қазақ мектептері туралы записке» жазды. Мұнда осындай мектептердің тек қазақ даласында ғана емес, Ресейдің барлық жазда көшіп , қыста отыратын аймақтарына қолайлы екенін айтып, мектептің жаңа түрін ашу жөнінде ұсыныс жасайды. Ол оқытушы кадрларын даярлау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Бұл жөнінде 1882 жылы шілдеде Н.И. Ильинскийге жазған хатында «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушысы Тамаша, жақсы педагогика құралы да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да , әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды,- жазды. « Мұғалім өз шәкірттерінің жан-тәнімен жақсы көрсе , оқу-тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес,оның беделі тек шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата-аналар, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертіп былай дейді. «.. Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай білу қабілеті , адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты».

Алтынсарин мұғалім даярлау ісімен бірге оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Оның ұсынуымен орыс қазақ учищелерінде К. Д. Ушинский «Балалар дүниесі». Л.Н. Толстойдың «Әліппе жазу және оқу кітабы» Б. Ф. Бунаковтың «Әліппесі мен оқу құралы» Тихомировтың «Грамматикалық элементарлық курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педаогогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы. Алтынсариннің өзі екі оқу құралын» Қазақ хрестоматиясын (1889) және қазақтарға орыс тілін уйретудің бастауыш құралын» (1889) жазып, бұларды мектептерге төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін , балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді орыс жазушылары Крылов, Толстой, Паульсон әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударды, енгізді. Ы. Алиынсарин өз хрестоматиясын екінші бөлімінде жаратылыстану , жағрапия, тарих, химия, физика сондай-ақ техника саласынан түсінік бергісі келетінін, сөйтіп білімді жан-жақты алып топтап беруді көздйтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы күнге дейін табылмаған. Ы. Алтынсариннің оқыту әдісі мәселелеріне де еерекше мән берді. Өзінің А. А. Мазохин. Ф. Д. Соколов Ғ. Балғынбаев т.б мұғалімдерге хаттарында балабалға тиянақты білім, беру, оқыту әдісін жетілдіруді айтады.

Қорытынды
Ыбырай Алтынсарин-тұңғыш халық мұғалімі, Қазақстандағы халық мектептерін бірінші ұйымдастырушы және қазақ халқынан шыққан тұңғыш педагог-теоретик. Алтынсариннің қызметі біз үшін қоғамдық ойды дамыту тұрғысынан оның халық ағарту ісі мен қазақ әдебиетінің тарихындағы орны біздің көңілімізді ерекше аударып тұрады.

Қазақ балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер мен өлеңдер жазған Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында Абаймен қатар жазушы- суреткер ретінде тиісті орын алды. Оның шын ниетімен, жан-тәнімен жазған шығармаларының соншалықты ол күні бүгінге дейін жастарды жалықтырып, ескерген жоқ.

Алтынсарин өз халқының игілігі үшін қажымай еңбек етіп, дарындылығын, мәдениетке қабілеттілігін дәлелдейді. Ол жастарды жарқын болашақ үшін қажымай күресуге , көршілер ( орыстар) мәдениетін қабылдап, ұғынуға жол көрсетті. Ол болашаққа деген сенімді қолдады. Өзінің барлық сөздерінде еңбекші қазақ халқын, қарапайым халықтың бишаралық халге түскен балаларын ескеріп, сонымен бірге билеуші топтардың тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының жарамсыз жақтарын көрсетті.

Алтырсариннің тарих, этнография, өлке танудағы бағытта да үлкен маңызды жұмыс атқарғанын да көруге болады.

Алтынсариннің шақыруымен орыстың еңбекші интеллегенциясының өкілдері қазақ балаларына мұғалім болып ең шалғай ауылдарына барды. Мерзімді шығып тұратын баспасөздің беттерінде қазақ жұртшылығының мектеп пен білімге мұқтаждығы, алғашқы мектептердің жұмыс тәжірибелері жайында мақалалар жиі көріне бастады.

Көрнекті совет педагогтарының бірі Е. Н. Медынский өз еңбегінде Алтынсариннің жалпы атқарған қызметін жоғары бағалап былай деп жазды.

«Алтынсарин қазақ мектептерінің инспекторы ретінде өз халқы үшін бастауыш училищелердің ашылуына себепші болды, бұл мектептерде Ушинский ұсынған прогресшіл оқыту методтарын орнатып, осы мектептер үшін бірқатар оқулықтар жазды: «Е. Н. Медынский «Педагогика тарихы» )

Ыбырай Алтынсарин – оқутушы педагог қана емес , оқу-ағарту майданының белсенді қайраткері еді. Оқу инспекторы қызметін атқарып жүрген кезінде ауылдарға мектеп ашты. Ақтөбе, Торғай, Ырғыз, Тройц уездеріне бір-бірден орталық училище ұйымдастырды. 1881 жылы Орск қаласында қазақ мектептерін мұғалімдер даярлайтын училище аштырды. Жеті жерден болыстық мектеп ұйымдастырды. Ол мектептердің бесеуі ұлы ағартушы тірісінде : Бөрте, Қарабұлақ, Обаған, Жетіқара болыстарында 1887 жылы Қараторғай болысында 188 жылы ашылды. Қалған екеуі Ыбырай қайтыс болғаннан кейін 1991 жылы ашылды.

Алтынсариннің педагогикалық тәрбие қиялдары мен мектеп системасы ғылым мен жалпы білімді жоғары бағалауға, балаға сүйіспеншілікпен қарап , рны қадірлеуге және өз халқының мүддесі үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға негізделген.

Алтынсарин- Қазақстанда педагогика білімінің негізін құрады. Мектеп –қашан да маман және дайындығы мол мұғалімдер болғңанда ғана мектеп бола алатынын айтты. Сол уақытта қазақ мектептерінде қанағаттанарлық түрде тіл мәселесін шешуді Алтынсариннің зор еңбегіне санау керек. Алтынсарин қазақ балаларына орыс тілін оқыту құралын құрастырғанда қатаң тәртіпке келтірілген алғашқы лексикалық, фразиологиялық және грамматикалық материал беру арқылы балалар жұмысын барынша жаңілдетуге тырысты. Мұғалімнің ролі материалдарды есте сақтау, есіту дұрыс сөйлеуге дағдылануда ерекше орын алады.Торғай облысында ғана қызмет атқарған Алтынсариннің мектеп системасы соңғы жылдарда(Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін) басқа облыстарда да: Орал, Семей, Ақмола, Бөкей ордасында, ал ХХ ғасырдың бірінші он жылында- Сырдария, Жетісу облыстарында тарады.

Қазақ мектептерін ұйымдастырудың алғашқы тәжірибесі орасан зор қиыншылықтар мен бөгеттерге кездесті. Істі неден , қалай бастау керек, мұғалімдерді қалай дайындау керек, мектепетерді оқулықтар мен және оқу құралдарымен қаклай қамтамасыз ету керек- міне, осының бәрі орасан және қиын мәселе еді, бұл мәселеде миссионерлер мен мұсылман діни адамдардың барлық жердегі кедергілерін жеңу керек болды.

Алтынсарин халық училищелерінің инспекторы ретінде тек мұғалімдердің жұмысын бақылаумен ғана шектелмей ауылдар мен болыстарды аралай жүріп , жұртшылық алдында сөз сөйлеп , мектеп үйлерін салдыруға қаражат жинайтын мұғағалімдердің досы және көмекшісі болған Алтынсариннің жарқын бйнесі мәңгілік есте қалып құрметтеледі. Жаңадан шақырылған мұғалімдер мен онда оқыған оқушылар өздерін « Алтынсарин мектебінің мұғалімдеріміз немесе түлектеріміз деп өздерін мақтаныш сезіммен ұстайтын Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин – Бүкіл өмір бойы өз халқына аз да болса пайдасын тигізуге тырысып, сол үшін тоқтаусыз күрес жүргізді, қайткенде де тілдің әдебиеттің, ғылым мен ағарту жұмысының өмірге қажетті мәселелерін шешудің « бастамасан жасауды» және білімге деген құштарлығын арттырды. Бұл- өз заманымыздағы алдыңғы қатарлы таңдаулы адамтармен бір сапта тұруға лайықты нағыз еңбекші ғалымның жолы еді.

«Оренбургский листок» газеті 1889 жылы Ы. Алтынсаринге арнаған некрологында былай деп жазды. «Алтынсарин - өз тайпаларының қараңғы номадтарының жағдайында Россияның мәдениетіне, оны сүюге және дос болуға шақырған қырғыздардың арасынан шыққан тұңғыш апостол болды.

Қосымша

Алтынсарин өмірінің аса маңызды даталары.

1841ж. 20 қараша (Торғай облысы Арақарағай болысы) туған күні.

1850ж. Шекара комиссиясы жанындағы Орынбор мектебіне түскен.

1857ж. Мектеп бітірген.

1859ж. Орынбор облыстық басқармасының кіші тілмашы болған.

1861ж. Орынбордағы мектепте мұғалім болған.

1870-71жж. Торғай уезінде судьялық қызмет атқарған.

1876ж. Петербургқа барған.

1876ж. Ана тіліндегі хрестоматиялық і- бөлімін алғашқы рет құрастыра бастаған.

1879ж. Хрестоматияның і- бөлімі басылып шыққан.

1879ж. Торғай болыстық инспекторлық қызметін атқарған.

1879- 89жж. Халық училищелерінің инспекторы болып қызмет істеген.

1889ж. 17 шілдеде қайтыс болған.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-Алматы,1981.

  2. Қоянбаев Б.Ж. Педагогика.-Оқу құралы.-А лматы, «Рауан»,1992.

  3. Игнатьев Е.И. Психология в беседах с учителеями.-Санкт-Петербург,2001.

  4. Макаренко А.С. Педагогикалық шығармалары. Т.5.-Москва, 1958

  5. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас.-Алматы, «мектеп», 1987.

  6. Бастауыш мектеп №7, 2001ж

  7. Советская педагогика №7, 1965ж

  8. Қазақстан мектебі №4, 1995ж.

  9. Салтақова Л.Қ. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы оқыту әдістері.

  10. Сарбасова Қ.А. Бастауыш мектепке математиканы оқытуда қазақ халқының ауызша есептерімен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері.

  11. Бейсенбаева М.А. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетке баулуда қазақ этнопедагогикасының орны.

  12. Әлібаева Ж. Балаларға ұлттық тәлім-тәрбие берудегі әдеп мәселесінің алатын орны.

  13. Әлімханов М. Қазақтың халық медицинасы.-Алматы: қазақстан 1992

  14. Бержанов К., Сейталиев К. Ауыз әдебиетіндегі адамгершілік, тәрбие мәселелері.-қазақстан мектебі, 1970

  15. Боданов Ж., Болеев К. Қазақтың халық педагогикасы. Жамбыл: 1992

  16. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. «Қазақстан мектебі», 1989





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет