Мазмұны кіріспе 1 Саясаттану пәнінің әдістемелік негізі


Демократия туралы ұғым және оның белгілері. Демократияның антикалық теориясы. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориялары. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары



бет2/21
Дата08.11.2016
өлшемі0,9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

2.6 Демократия туралы ұғым және оның белгілері. Демократияның антикалық теориясы. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориялары. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары.

2.7 Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар. Партиялардың пайда болуы және мәні. Партиялардың типологиясы және атқаратын қызметі. Партиялық жүйелер. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы мәселелері.

2.8 Саяси тәртіп түрлері. Демократиялық және антидемократиялық режим, тоталитарлық және авторитарлық тәртіптің орын алған кезеңдері. Әртүрлі елдердегі алуан түрлі тәртіп түрлеріне сипаттама.

2.9 Саяси элита және саяси топ бастаушылық. Элита туралы классикалық теориялар. «Олигархияның темірдей заңының» мәні. В.Парето, Р.Михельс, Г.Москаның саяси теориялары. Қазіргі замандағы саяси элита. Басшы түрлері және тегі. Қазақстандық саяси элита және саяси жетекшілік.

2.10 Қоғамның саяси мәдениеті. Саяси идеологиялар. Саяси әлеуметтану концепциясы. Идеологияның пайда болуы және оның қызметі. Идеологияның типтері.

2.11 Саяси даму. Саяси даму туралы ұғым және концепциялар. Саяси дамудың дағдырыстары. Саяси модернизация туралы теория. Қазақстандағы тұрақты жағдай республикада саяси модернизацияны жүргізудің шарттарының бірі. Саяси процесс: мазмұны және типологиясы. Қазіргі замандағы Қазақстандағы саяси процесс.

1.12 Тұлға саясат объектісі және субъектісі. Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Жеке адамның құқығы мен бостандығы. Жеке адамның құқықтарының жіктелуі. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен жалпыға бірдей адам құқығының декларациясы

2.13 Саяси мәдениет, оның мәні және қызметтері. Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер. Саяси мәдениеттің мәні мен мағынасы.Саяси мәдениет және саяси мінездеме. Қазақстандағы саяси мәдениеттің жағдайы

2.14 Ғаламдану және ғаламдық мәселелер қатарының өсу тенденциясы. Экологиялық және демографиялық саясат. Ғылыми-техникалық прогресс пен дегуманистік саясаттың экологиялық және демографиялық нәтижесі. Қоршаған ортаны қорғау. Экологиялық шаралар және өндіріс тазалығы.

2.15 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Халықаралық саясаттың тегі, мазмұны, принциптері. Халықаралық қатынастардың типологиясы. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі және дамуындағы жаңа тенденциялар. Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстанның алатын орны.

3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ



3.1 Саясаттану пәніне кіріспе

1 Саясаттану пәнінің міндеттері мен мақсаттары.

2 Саясат түсінігі, саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.

3 Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

4 Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.

Білуге қажетті түсініктер мен категориялар:

Саясат, саясаттану, саясаттану объектісі мен пәні, саяси философия, саяси әлеуметттану, бихевиоризм, құрылымдық функционализм, қолданбалы саясаттану, позитивизм, салыстырмалы саясаттану.

Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы:

  1. Саясат деген не, ол қашан пайда болды?

  2. Саясаттан тыс адам өмір сүре ала ма? Аристотель «адам өзінің табиғаты бойынша саяси жануар » деп не себепті айтқан.

  3. Саясаттанудың негізгі қарастыратын мәселелері қандай?

  4. Саясаттың қызметтеріне не жатады?

  5. Саяси процестерді зерттегенде саясаттану қандай әдістерді пайдаланады?

  6. Саясат пен моральдың ерекшеліктері неде?

  7. Саясатты тек ғылым ғана емес, өнер деп те атайды. Неге?

  8. «Теориялық» және «қолданбалы» саясаттанудың ара қатынасы қандай?

  9. Басқа әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың ішінде саяси ғылымның орны қандай?

  10. Тұлғаның саяси мәдениетін қалыптастыруда, оның демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруде саясаттанудың маңызы қандай?

  11. Саясаттанудың Сіздің мамандығыңызға қандай қажеті бар ?

  12. Саясаттанудың болашақта қажетсіз болып қалу мүмкіндігі туралы ойыңыз?

  13. Бихевиоризмнің негізгі белгілері туралы біліміңіз?

3.2 Саяси ілімдер: даму тарихы мен негізгі кезеңдері




1 Құлдық дәуірдегі саяси ойлар (Ежелгі Шығыстағы Вавилон, Египет, Қытай, Ежелгі Греция және Рим).

2 Орта ғасыр(Батыс Европа мен Арабтық Шығыс) және Қайта Өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.

3 Жаңа Дәуірдегі саяси ойлар.

4 Қазақ даласындағы саяси пікірлер. ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.

Білуге қажетті түсініктер мен категориялар:

Аристократия, олигархия, плутократия, демократия, теократия, табиғи құқық, билікті бөлу принципі, қоғамдық келісім, гуманизм, либерализм, позитивизм, билер институты, «жеті жарғы», «Алаш-орда» , консерватизм, социал-реформизм, анархизм, прагматизм, плюрализм, аксеологизм, конвергенсия, футурология, марксизм, постиндустриалды қоғам мен ақпараттық қоғам теориялары, элита.

Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы

  1. Саяси ғылымның тарихын оқып білудің маңызы неде?

  2. Аристотель мемлекеттің түрлерін бөлгенде қандай өлшемді басшылыққа алды?

  3. Платон, Аристотель, Цицерон жеке меншіке қалай қарады? Неге?

  4. Платон мен Аристотель мемлекеттік басқарудың түрі ретінде демократияға не себептен қарсы болды?

  5. Орта ғасырлық саяси ойлардың ерекшеліктері неде?

  6. «Макиавилизм» деген не?

  7. Социал-утопистердің саяси көзқарастарының кемшіліктері қандай, олардың еңбектеріндегі жалпы адамзаттық идеяларға нелерді жатқызар едіңіз?


  8. Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource
    Resource -> Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы
    Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
    Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
    Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
    Resource -> 6 саяси режимдер
    Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
    Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
    Resource -> Көркем әдебиет стилі


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет