Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


адамның жастық əрi психикалық кемелденуiмен байланыстырады



бет3/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, анатомия руб, 1 лек, 1-2 практ сабак

адамның жастық əрi психикалық кемелденуiмен байланыстырады.

Егер жеке адам өз сапа жəне iс-əрекетiн қоғамдық прогресс бағытымен ойластыра алса, өз

бойына игерген сапа мен қасиеттердi неғұрлым айқын көрсете алса, өз iс-əрекетiне ерекше

жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседi. Бұл тұрғыдан ''адам'' жəне ''жеке

адам'' түсiнiктерiнiң сипаттамасы ''даралық'' түсiнiгiмен толықтырылады.

Даралық бiр адамның екiншiсiне ұқсамайтын, өзiн-дiк ерекшелiгi мен өзгешелiгiн

сипаттайды. Даралық, əдетте, мiнез бен темпераменттiң айрықша бiтiстерi (сал-мақты, сабырлы),

шығармашылық iс-əрекет жəне қабiлетiнiң ерекшелiктерiнiң (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзiндiк

көрiнiстерiмен бөлектенедi. Аталғандар сияқты мұғалiмнiң де даралық белгiлерi оның терең

бiлiмдар-лығында, педагогикалық ой-өрiсiнде, балаларға жайлы-лығы мен еңбектегi

жасампаздығында танылуы мүмкiн. Даралық түсiнiгi бiр адамды екiншiден айырып, оған өзiндiк

қайталанбас сəн беретiн жалпылық жəне жалқылық қасиеттердi бiлдiредi.

Адамның қоғамдық тiршiлiк иесi сипатының толықтығы үшiн ''индивид'' түсiнiгiн де бiлген

жөн. Бұл латын сөзi қазақша ''жекелiк'' дегендi бiлдiредi. Түсiнiк ретiнде одан адамзат тегiнiң əрбiр

бөлек өкiлiн, оның сапа-қасиеттерiне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан əрбiр ақыл-есi дұрыс

адам ''индивид'' бола алады. ''Жеке адам'' түсiнiгiнiң жəне онымен байланысты ғылыми

категориялардың мəнi мiне осындай.

Ал жеке адамдық сапалар адамның өмiр барысында дамуы жəне қалыптасуынан

педагогика үшiн ''даму'' жəне ''қалыптасу'' категорияларының мəнiн ашып беру өз алдына

маңызды. Сонымен бұл түсiнiктер ненi бiлдiредi?

Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттерiндегi сандық өзгерiстер жүйесi. Адамның

туған күннен бастап дене құрылымы мен əртүрлi мүшелерi ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздiк

қоры молая түседi; көптеген əлеуметтiк-тұрмыстық жəне рухани ептiлiктер мен еңбектiк дағды

жəне əдеттердi игередi. Бiрақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгi, ондағы

сапалық өзгерiстер. Оны мына мысалдардан түсiнуге болады: тiлдiк қызметтiң жiктелуi адамның

танымдық қабiлетiн арттырады, сезiмдiк аймағын кеңейтедi. Танымдық қызмет барысында

абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмiрге деген көзқарас пен наным-сенiмдер орнығады.

Елiктеушiлiк мiнез-құлық бiрте-бiрте белсендi – жасампаз, шығармашылық iске ауысады, өз

қылық-əрекетiн басқара алу мен өзiндiк билiк қабiлетi көркейедi. Бұл өзгерiстердiң бəрiнен

адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуiндегi, жүйке жүйесi мен психикасының жəне

танымдық пен шығарма-шылық iс-əрекетiнiң жетiлуiндегi, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-

саяси көзқарастары мен наным-дарындағы бiр-бiрiне кiрiге байланысқан сандық жəне сапалық

өзгерiстер үрдiсiн бiлемiз.

Қалыптасу түсiнiгiне келетiн болсақ, ол жеке адам дамуының нəтижесi ретiнде оның

кемелденуi мен тұрақты сапалар мен қасиеттердi иемденуiн бiлдiредi.

2. Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөнiндегi

теориялық көзқарастар

Адам жөнiндегi басқа ғылымдардағыдай педагогика үшiн де ең басты мəселе - жеке

адамның дамуы жəне сол дамудың көзi мен ықпал күштерi. Идеалистiк жəне материалистiк

ағымдар бұл туралы əртүрлi тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бiр-бiрiне қарама-

қарсы келе жатқан теориялық пiкiрлердiң дұрыс-бұрыстығына баға берудi оқырманның өзiне

қалдырып, оларға тек қана объектив сипаттама берудi өз мiндетiмiз деп есептеймiз.

Идеализм өкiлдерi, қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала

болжастырылған бағдарламаға телiп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз бетiнше өрiс

алатынын уағыздайды. Ал тəрбие олардың ойынша, жəрдемшi рөл ___________атқарып, сол бағдарламаның

iске асуына көмектесушi ғана құрал.

Қазiргi заманғы иедалистiк философия, психология мен педагогика əлеуметтiк төңкерiстер

мен күйзелiстерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепшi, сондықтан да адам өзiнiң шын

кемелiне жету үшiн қоғаммен байланысын үзу қажеттiгiн дəрiптейдi. Бұдан шығатын қорытынды:

адамдық мəн рухани жəне əлеуметтiк бостандықты алу үшiн күрес емес, өз болмысының шын, ең

жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тəңiрлiк кемелге жақындау (неотомизм).

Идеалистiк педагогикада жеке адам дамуы жөнiндегi пiкiр-сайыста бiрнеше теориялық

концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық)

жетiлуiмен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттерi

қалыптасады. Адамдар арасындағы моралдық қатынастар биологиялық негiзде орнығады

(Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Ш. Летурно, Ч. Ломброзо). Психоаналитикалық бағыт: жеке

адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мiнез-құлқы толығымен жыныстық

инстинктке тəуелдi (З. Фрейд). Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума

инстинктерге байланысты, əрбiр адамды тұрақты нəсiлдiк қасиеттердi сақтаушы ерекше саналық

гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен əлеуметтiк топтардың қоғамдағы орнын иеленуi

олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиiс, себебi əртүрлi халықтар мен нəсiлдердiң бiрi

табиғатынан дарынды, ал екiншiлерi – кемiрек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Л.Торндайк).

Материалистiк бағыттағы философия жəне оның көрнектi өкiлдерi жеке адамның дамуы

мен қалыптасуы туралы:

- ежелгi грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының əртүрлi болуы оның

табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;

- француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нəсiлдiк жəне тəрбиеге байланысты

бiртұтас əсерлердiң нəтижесiнде қалыптасады. Соның ___________iшiнде аса маңыздысы - тəрбие;

- В. Г. Белинский: адам табиғаттан, бiрақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;

- Н. Т. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтiретiн табиғат не олардың нəсiлдiк кемiстiгi

емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тəрбие.

Осы күнгi педагогикада жеке адам дамуы жөнiнде қалыптасқан ой-пiкiрлер төмендегiше:

- Адамның қоғамдық тұлға ретiнде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабiлетi аса

маңызды. Əр адам iс-əрекеттiң түрiне негiз болар нышанмен дүниеге келедi, сондықтан да

адамның биологиялық жəне əлеуметтiк даму мүмкiншiлiгi бiр-бiрiмен тығыз байланыста, бiрақ

əлеуметтiк фактордың рөлi басымдау.

Жеке адамдық дамудың ықпалды көзi – тəрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар

тұрса, ол адам қалыптасуына жетекшi фактор.

3. Жеке адамның дамуындағы өзiндiк

белсендiлiктiң маңызы

Адам дамуында тəрбиенiң ықпалды күш екенiн айта отырып, оның қоршаған орта мен

нəсiлдiк əсерлердiң енжар объектiсi деп тануға болмайды. Бұл процесте жеке адамның өз

белсендiлiгi мен шығармашыл-жасампаздық iс-əрекетiнiң маңыздылығын ескеру қажет.

Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы əсерлер екi топқа бөлiнедi: iшкi

жəне сыртқы. Қоршаған орта жəне тəрбие - сыртқы əсерлер: табиғи икемдiлiк пен құмарлықтар.

Сыртқы тəрбие орта əсерлерiнен пайда болатын сезiмдер мен толғаныстардың жиынтығы -

iшкi əсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың байланысынан

болады. Тəрбие адамның iшкi жан дүниесiне ұнамды қозғау салып, (өзiне бағдарланған) өзiндiк

өңдеу белсендiлiгiн арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметiн орныдай алғаны.

Бақылау сұрақтары

1. Адам, жеке адам жəне даралық түсiнiктерiнiң мəнi қандай? Олардың педагогика үшiн маңызы

неде?

2. Жеке адамдық дамудың өлшемдерi (критерийлерi) қандай?

3. Даму мен қалыптасу түсiнiктерi ненi бiлдiредi?

4. Жеке адам дамуы жөнiндегi идеалистiк көзқарастар қандай?

5. Материалистiк педагогика жеке адам дамуын қалай түсiндiредi?

6. Тəрбиенiң айрықша жетекшiлiк рөлi неде?

7. Адам дамуындағы iшкi жəне сыртқы əсерлердiң бiр-бiрiмен байланысын қалай түсiнесiз?__

1.4 Педагогикалық қызмет ретiнде тəрбиенiң мəнi жəне

оның жалпы заңдылықтары мен принциптерi

1. Тəрбие - арнайы ұйымдастырылған жəне саналы

жүргiзiлетiн педагогикалық қызмет

Тəрбие түсiнiгi мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тəрбиенi

өсiп келе жатқан əулеттi тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы

ұйымдастырылған тəрбие қызметiнiң барысында iске асыруға болады, сонымен бiрге ол

балалардың күнделiктi үлкендермен араласа жүрiп, тұрмыстық iс-əрекетке үйренумен де

орындалуы мүмкiн. Бiрақ аталған екi жағдайдағы тəрбиелiк əрекеттер əртүрлi мағынаға ие

болатыны сөзсiз. ''Қоршаған орта тəрбиеледi'', ''Отбасының тəрбие жемiсi'', ''Мектеп тəрбиесi

адам қылды'' деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бiр мақсатты сияқты əрекеттердiң өзара

теңгерiлмейтiнiн байқаймыз. ''Қоршаған орта тəрбиеледi'' немесе ''Отбасы тұрмысы тəрбиеледi''

деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына əлеуметтiк-экономикалық жəне тұрмыстық

жағдайлардың күнделiктi жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсiнемiз. Ал ендi

''мектеп тəрбиесi'' десек, əңгiме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған жəне саналы iске

асырылатын тəрбиелiк қызметтi бiлемiз. К. Д. Ушинский: ''Педагогикадағы тəрбие – алдын-ала

ниеттелген жəне арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс'' - деп тұжырымдаған.

2. Арнайы ұйымдастырылған тəрбиенiң мəн-мағынасы

Тəрбие мəнiн дəлiрек топшылау мақсатымен американ психологы жəне педагогi Эдвард Ли

Торндайк былай деген едi: ''Тəрбие сөзiне əркiм əртүрлi мағына бередi, бiрақ ол қашанда өзгерiс

дегендi аңдатады. Егер бiреудi өзгерiске келтiре алмасақ, бiз оны тəрбиелемегенiмiз''. Ал ендi осы

өзгерiстер жеке адам дамуында қалай көрiнедi? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс ''Адамның

қоғамдық тұлға ретiнде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен iске асады''-

деген едi. Бұл тұрғыдан тəрбиенi өсiп келе жатқан əулеттiң адамзаттық болмысты игеруге

пайдаланатын құрал-жабдығы деп бiлу қажет.

Ал ендi осы болмыстың өзi не жəне оны игеру қалай өтедi? Адамзаттық болмыс дегенiмiз

адамдардың көптеген ұрпағының еңбегi жəне жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық

тəжiрибе. Бұл тəжiрибе өз iшiнде келесi құрылым бiрлiктерiн қамтиды: 1) адамдардың табиғат

жəне қоғам жөнiнде жасаған бiлiмдерiнiң жиынтығы, 2) еңбектiң əрқилы саласында қажет

ептiлiктер мен дағдылар жəне шығармашылық iс-əрекет əдiстерi, 3) əлеуметтiк, рухани

қатынастар.

Аталған тəжiрибе көп ұрпақтың еңбегi жəне шығар-машылық күшiмен жасалатындықтан

бiлiмдер де, тұрмыстық ептiлiктер мен дағдылар да, сондай-ақ ғылыми жəне көркемдiк туындылар

мен рухани-əлеуметтiк қатынастар да адамдардың əртүрлi танымдық, көркем шығармашылық,

əлеуметтiк жəне рухани қызметiнiң нəтижелерiнен қалыптасады. Ендi осы тəжiрибенi өз ''игiлiгiне''

айналдырып, ''меншiктеп'' алу үшiн жаңа əулет қайтадан бұл ''затты'' ақыл-саналық сипатқа

келтiруi тиiс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған iс-əрекеттi (еңбектiк,

танымдық, əлеуметтiк, көркемдiк-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып,

қайта жаңғыртып, бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзiнен кейiнгi ұрпаққа жеткiзуге борышты.

Тек өз қызметiнiң күшiмен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тəжiрибенi

жəне оның құрылымдық бiрлiктерiн игеруi мүмкiн. Осыдан тəрбиенiң негiзгi қызметi – жас

адамды қоғамдық тəжiрибенiң əр тарапын заттықтан саналылыққа айналдыру iсiне жұмылдырып,

өткен тəжiрибенi өзi қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойында қоғамдық сапалар мен

қасиеттердi өзi баулуына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерiлуiне көмектесу. Бұдан тəрбиенiң

терең астарлы күшi үгiт-насихаттық құрғақ сөзбен жас адамды iске бағдарлауға емес, ал оның өзiн

жеке адамдық қасиеттерiн қалыптастыратын қоғамдық тəжiрибенiң əр түрлi тарапын игеруге,

пайдалы қызметке қосуда.

Педагогика үшiн жəне бiр маңыздысы – жеке адамдық даму тұлғаны тəжiрибе игеру

қызметiне қосумен ғана шектелмейдi, ең бастысы, оның сол сəттегi iсте белсендiлiгiне, оның

бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты.

Жеке адамның дамуы үшiн оның ұйымдастырылған iс-əрекеттегi белсендiлiгiнiң бағыт-

бағдар сипаты да бiршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептiң жалпы табысы еңбектегi

белсендiлiк пен өзара байланысқан көмек болуы мүмкiн.

Ұйымдастырылған iс-əрекет барысында əрдайым оқушылардың белсендiлiгiне жол бере

отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды жəне шынайы адамгершiлiк қатынас қалыптастыру

қажет.


Келтiрiлген пiкiрлер, бiздiңше, тəрбиенiң мəнiн жеткiлiктi əрi түсiнiктi де ашып, оған ғылыми

анықтама беруге негiз болуы мүмкiн. Сонымен, тəрбие - бұл жеке адамның қоғамдық



тəжiрибенi (бiлiмдi, ептiлiктер мен дағдыларды шығармашылық iс-əрекет тəсiлдерiн, əлеуметтiк

жəне рухани қатынастарды) игеру үшiн бағытталған белсендi iс-əрекетiн қолдап, қуаттаушы



əрi ұйымдастырушы мақсат бағдарлы əрi сапалы орындалатын педагогикалық процесс.

3. Тəрбие заңдылықтары туралы түсiнiк

К. Д. Ушинский ескерткендей, тəрбие заңдылық-тарын ғылыми тұрғыдан тану өте қажет.

Себебi, оның айтуынша, педагогикалық ережелердi қара дүрсiн жаттау ешбiр пайда бермейдi. Сол

ережелердi туындататын ғылыми негiздердi зерттеу мiндеттi iс. Ұлы педагогтың кеңесi:

басқарылуы қажет болған психикалық құбылыс-тардың заңдарын ашып, өз iс-əрекетiңдi

сол заңдарға жəне оларды қолданатын жағдайларға орайластырған жөн.

Тəрбиенiң астарлы терең заңдылықтарын бiлместен, оны жетiлдiруге ұмтылудың өзi бос əрекет.

өмiр шындығы заңдылықтары мен жеке адамның дамуы жəне кемелденуiндегi қайшылықтарды

тану ғана белгiлi бiр дəуiр тəрбиесiндегi күнделiктi шараларды iске асырудың жəне сол процестi

ғылыми тұрғыдан басқарудың теориялық-əдiснамалық негiзiн бере алады.

Сонымен, тəрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсiнiктiң мəнi: орындалуы жеке адам



дамуы мен қалыптасуында тиiмдi нəтижеге жеткiзетiн тəрбиелiк процестегi орнықты,

қайталап отыратын қажеттi байланыстар. Мұндай заңдылықтарды бiле отырып, тəрбие

жұмыстарын алдын-ала болжауға жəне ол iске терең мазмұндық, əрi əдiстемелiк мəн-бағдар

беруге болады.

4. Тəрбиенiң жалпы заңдылықтары

1. Барша тарих кезеңдерiнде тəрбие объективтiк-қоғамдық қажеттiлiктен туындайды жəне ол

қоғамға қызмет етедi. 2. Тəрбиенiң мақсаты, мазмұны жəне тəсiлдерi бiртұтас байланыста, бiр-

бiрiнсiз нəтиже бермейдi.

3. Бiртұтас педагогикалық процестегi оқу мен тəрбие (тар мағынадағы) өзара кiрiге ұштасқан.

Келтiрiлген заңдылықтар тəрбиенi ұйымдастырудың жалпы негiздерiн құрайды, ал ендi сөз

болатын заңдылық-тар тiкелей тəрбиелiк процестi iске асырудағы педагогика-лық құрал ретiнде

танылуы тиiс. Олардың қатарына кiретiндер:

1. Дамушы жеке адамның тəрбиесi сол адамды тiкелей iс-əрекетке қосу барысында орындалады.

2. Тəрбие - ұйымдастырылған iс-əрекеттегi жеке адамның белсендiлiгiн арттыруға ықпал етушi

фактор.


3. Тəрбие барысында тəрбиеленушiге деген жоғары гуманизм мен сый-құрмет орынды талаппен

ұштасуға мiндеттi.

4. Тəрбие барысында оқушыға алдағы жетiстiктерiн көрсете отырып, табыс қуанышына ере бiлуге

көмектесу.

5. Тəрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану

қажет.


6. Тəрбиелеуде оқушылардың жастық жəне даралық ерекшелiктерiн ескеру орынды.

7. Тəрбие ұжымда жүргiзiлiп, ұжым арқылы iске асырылуы қажет.

8. Тəрбие барысында мұғалiмнiң, мектептiң, отбасының жəне қоғамдық мекемелердiң

педагогикалық ұмтылыс-тарының бiрлiгi мен келiсiмi қажет.

Мектептегi оқу жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық сапаларды тəрбиелеу де осы

заңдылықтарды ескеру негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.



Бақылау сұрақтары

1. ''Тəрбие'' түсiнiгiнiң педагогикадағы анықтамасы қандай?

2. Тəрбиенiң мəн-мағынасы неде?

3. Тəрбиенiң жалпы заңдылықтары қандай жəне олардың мəнi мен психологиялық негiзi қалай

түсiндiрiледi?

4. Тəрбие заңдылықтары деп ненi түсiнемiз?

5. Не себептi жалпы заңдылықтар оқытуға да, тар мағынадағы тəрбиеге де бiрдей қатысты?

1.5 Педагогикада мақсат болжау проблемасы

1. Тəрбие мақсаты түсiнiгi

Педагогтiң кəсiби қызметi адамның барша iс-əрекетiндегiдей мақсат қоюдан басталады.

Педагогтiң балалармен жүргiзiп жатқан iсiнде мақсат болмаса, ол iстi кəсiпқой маманның жұмысы

деп бағалауға болмайды, оны əншейiн бiр əрекет, тəрбиелiк процеспен ешбiр байланысы жоқ, жəй

белсендiлiк деп түсiну керек.

Мақсатты сезiну əрқандай iс-əрекетке қуат бередi. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар

шығармашылық күшiне қанат берiп, оны өрiстете түседi. Мақсатқа жету адам бағытының негiзi

болған терең де толық қанағат-танушылық тудырады.

Тəрбие мақсаты – педагогика ғылымының өзектi категориясы. Оны нақтылау, жобалау,

дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.

Кейде педагог балалармен оқу-тəрбие жұмыстарын нақты айқындалған мақсатсыз-ақ

орындаған сияқты болады. Бiрақ сол бағыт-бағдарсыз бастаған iсiнде қаншалықты сарсаңға түсiп,

оңды-солды ұрынғанын, нəтижеге жете алмай шаршап-шалдыққанында бiр-ақ түсiнедi. Егер

түсiнсе!


Шынында да, күнделiктi мектептегi педагогикалық тəрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат

проблемасы өте нашар шешiлуде, кейде ол мəселе тiптi естен шығарылады, осыдан ''мақсатсыз

тəрбие'', яғни жол-жөнекей тəлiм етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтiң кəсiби

қызметiнiң өнiмi жоқтың қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкiншiлiктерi iске

қосылмайды, ал кəсiптiк iскер не iстерiн бiлмей, ақырында түңiледi, жұмысынан қанағаттанушылық

рахат көрмейдi.

Тəрбиелiк iстiң мұндай келеңсiз жағдайларының объективтi себептерi мақсаттың

əлеуметтiк-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсiне бiлу қажет.



Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан

туындайтын əрекеттiң нəтижесi туралы ой болжамы. Демек, мақсат - жағдайлар себептi пайда

болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан – ол объективтi құбылыс. Мысалы, өмiрiнде

домбыра ұстап, үнiне зер салмаған педагог балаға музыкалық тəрбие беруi мүмкiн емес т.б.

Мақсат объективтi себептерден бастау алумен бiрге субъективтiк те категория, себебi ол

сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, əр нақты тұлғаның сана-сезiмдiк ерекшелiктерiнiң

көрiнiсiн бередi. Ертедегi латындар айтқандай: ''Екi адам зат жөнiнде бiр əңгiме айтуы мүмкiн,

бiрақ бiрiнiң əңгiмесi екiншiсiне ұқсамас''. Бiр мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзiн

əртүрлi баламада түсiнедi, себебi олардың əрқайсысы кəсiби əрекеттiң нəтижесiнде өз сана

деңгейiнен баға бередi. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы – тəрбиелi адамның идеалды

образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкiн-дiгiнше

нұсқасын анықтау – байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да талап етедi.

Адам өзiне ықпал етушi объективтi жəне субъективтi əсерлердiң нəтижесiнде өмiр бойы

қалыптасады. Бiрақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейiнгi, мектептiк, мектептен соңғы) жеке

адамның қалыптасу деңгейi мен сапаларын нақты көрсететiн өзiнiң уақыттық шектерiне ие

болғандықтан, əр саты аяғындағы тəрбиелiк нəтижелер жөнiнде сөз қозғауы мүмкiн.

өсiп келе жатқан ұрпақты тəрбиелеу мақсаты – кең əлеумет пен ғылымның араласуымен

тек мемлекет белгi-лейтiн педагогикалық саясаттың басты құрылым бiрлiгi. Жарияланатын

тəрбиелiк мақсаттардың экономикалық, құқықтық жəне ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету

мемлекеттiң мiндетi. Былайша айтқанда, құқық негiзiнде бекiген тəрбие мақсатының iске асуына

қоғамның бар мүмкiндiктерi бағытталуы қажет, əлбетте, бұған да тиiстi бақылау қажет.

Тəрбие мақсатының мазмұны неде, ол қалай айқындалады?

өсiп келе жатқан ұрпақты тəрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттiлiгiне

(цивилизованность), оның демократиялық сипатына, экономикалық мүмкiн-дiгiне, педагогикалық

жүйелер дамуын болжастыратын жəне нақты жағдайларды үйлестiрiп отыратын мекеме-лерiне

байланысты.

Мақсаттың жалпыланған сипаты жағдайлардың əртүрлi көрiнiске енуiне тəуелсiз, оның iске

асып отыруын қамтамасыз етедi.

Мақсат əрекетi адамның саналық (идеялық) өнiмi болғандықтан өте құбылмалы, тез

өзгерiске түседi, себебi ол үздiксiз ауыспалы дүниемен, сонымен бiрге өзгерiстегi тұлғамен де

əрекеттiк-қозғалмалы байланыста болады. Тəжiрибе, бiлiм, оқиға т.б. адамды байытып отырады,

бiрақ құбылмалы сана иесi – субъект сол байлыққа жету жолында өзiнiң де өзгерiп жатқанын

байқай бермейдi, не оған тiптi мəн бермейдi. Мысалы, педагог ''кеше'' де, ''бүгiн'' де өзiн бiр мақсат

ұстағандай сезiнедi, ал сырттан қарағанға, оның кəсiби педагогикалық iсiнде өзгерiстердiң болғаны

айдан анық байқалады. өмiрдiң өтпелi-ауыспалылығы мақсаттың да бiр қалыпта өзгерiссiз

қалмауына ықпал жасайды.

Мақсаттың өзгермелi қозғалысы педагогикалық процесте өте айқын көрiнедi. Себебi,

баланың сыныптан сыныпқа қарай, жастан жасқа дамып өзгеруi қас қағымдай, сондықтан өсiп

келе жатқан жеке адамның əлеуметтiк-психологиялық жаңа құрылымдары бiр мақсаттың

ысырылып, орнына екiншiсiнiң қойылуы табиғи талаптар дамуының нəтижесi болып есептеледi.

Ал, соңғы нəтиженi көздеген жалпыланған сипатты мақсат жастық өзгерiстер

байланыстылығын сақтап, ''тəрбиелi адамның'' жеке образын баламаластырып қарауға,

айқындауға мүмкiндiк бередi.

Момын да, айдағанға көнгiш бастауыш сынып оқушысы да, тынымсыз___________, беймаза жасөспiрiм

де, менмен-сiнген ''данагөй'' жоғары сынып шəкiртi де – бəрi де мұғалiм бастаған бiр даму жолын

басып өтедi, əңгiме сол жолдың кең болып, күтiлген жеке адамдық əртүрлiлiктi сыйғыза алуында.

Осы мысалда көптеген əр жас деңгейiне бай-ланысты күтiлген нəтиже – нақты мақсатқа

байланысты 6 жастағы балаусаның мектеп жолын түгелдей басып, 17 жасында жетiлетiн нəтижесi

– жалпы мақсат өнiмi.

Мақсаттың қозғалмалылығы мен ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтiнiн

көрсетедi. Мақсатты, көр-кемдеп айтсақ, жақындаған сайын, алыстай түсетiн жұлдызбен

теңестiрген жөн. Мақсаттың бiтуi – рухани не заттай жойылу деген сөз. Мақсат өзiн белгiлейтiн

субъект - адаммен бiрге дамып отырады, себебi ол сол субъектiде жасалады, сондықтан да

субъектiнiң өрлеуiмен мақсат та жоғарылай бастайды. өссем деген кəсiпкерге тəн қасиет: көңiл

толмау, күйзелу, алас ұру; ал тоқтаған кəсiп иесi - мəңгi тыныштықтағы өлi жан. Мiне дамудың бiр

көрiнiсi.

Жеткiзбес мақсат - мақсат болып қала беру үшiн, оған жетем дегендi шарш атып,

шалдықтырмас үшiн, шексiз мақсатқа жетудiң қиындығынан адам бас тартып, бос

арманшылдардың қатары толыспас үшiн, мақсат жалпы сипатқа ие болуы керек, сонда ғана ол

iлгерiлеген сайын ұлғайып, iс-əрекетке бағыт-бағдар бола алады. Қарапайым мысал, бiр кiсi кiрiп,

жасасам болар дегендей, баспана жоспарлап, бастады. Бiрақ көптi көрген бiр көршiсi келiп:

''Бөлмелерiңдi былай жаса'' – деп ақыл бердi: мақсат туды – бөлме өзгердi, екiншi көршi тұрып

''Айна, есiктерiңдi олай ет''- деп ақыл айтты. Мақсат өзгердi – айна, есiктер көрiк алды. үшiншiсi

келiп: ''Шатырыңды сен олай қылма, былай қыл''- деп жəне бiр кеңес қосты: сəндi шатыр шықты.

Ақыр аяғында кiсiнiң жалпы мақсаты – баспана да бiттi, бiрақ əншейiн баспана емес, көз тойдырар

үй болды. үй салушының мақсатқа орай жоспары мен əдiсi негiзiнен сақталды, бiрақ ол жасаған

өнiм бастапқы күтiлген нəтижеден айрықша болып шықты, оның себебi – мақсаттың жалпы

сипатындағы шығармашылық еркiндiктiң болуынан туындады. Iскер мақсат аймағында əрекет еттi,

бiрақ осы аймақ тар болғанда оның шеберлiкке жетуi күмəндi болар едi.

Сонымен, мақсат - өз қызметiн атқару үшiн жалпы сипатқа ие болуы тиiс. Сонда ғана

тəрбие мақсатының жалпы тəрбие процесiне байланысты орны нақ көрiнедi: мақсат – бастау көзi,

педагогтiң кəсiби қызметiнiң бiрiншi элементi. Схема түрiнде бұл былайша сипатталады.

Тəрбие мақсаты ® Тəрбие процесi ® Тəрбие нəтижесi

Бұдан туындайтын ой – мақсат тəрбие процесiнiң мазмұнын айқандайды, мақсат тəрбие

нəтижесiне негiз болады, мақсат - педагогтiң кəсiби iс-əрекетiнiң баға-өлшемi, мақсат - педагог

санасының үздiксiз айналымда жүретiн ой объектiсi. Бұған қосымша, тəрбие жүйесi толығымен

мақсатқа тəуелдi, оған орай өз мəн-мағынасына ие болады.

Сонымен, педагогикадағы мақсат болжау анықтамасы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет