Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


борыш қазiргi жағдайда аса көкейкестi мəселе. Бұл сапа тəртiптiлiкпен



бет8/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, анатомия руб, 1 лек, 1-2 практ сабак

борыш қазiргi жағдайда аса көкейкестi мəселе. Бұл сапа тəртiптiлiкпен, яғни тұлғаның маңызды

əлеуметтiк-адамгершiлiк қасиетiмен тiкелей байланысты.

Тəртiп негiзiнде ғана əлеуметтiк қатынасты ұғуға болады. Тəртiптiлiк əр адамның қоғам

нормалары мен қылық ережелерiн саналы орындау əрекеттерiнде көрiнедi.

Саналы тəртiптi үйретудiң негiзгi жолы – ТI-iн ұйымдастыру.

Бұл жұмыстың мақсаты – оқушылардың мiнез-құлық ережесiн, күн тəртiбi талаптарын

сақтауын, өмiрлiк iс-əрекеттер тəртiбiн орындауға үйрету. Сол үшiн əрбiр оқу орнында мiнез-құлық

ережелерi белгiленедi. Ал бұл ережелер бiр жағынан – қоғамдық мораль принциптерiн танытса,

екiншi жағынан – сол оқу орнының жұмыс ерекшелiгiн бiлдiредi.

Оқушылардың өмiрi мен iс-əрекетiнiң тəртiбiн күн ережесi деп атайды. Күн ережесi - бұл

үздiксiз орындалатын ТI. Ереже талаптарын орындау – тəрбиенiң нəтижелiлiгi, ол тұлғаның

тұрақты əдеттерiн тез дамытады.

Қажет болған жерде ереже өзгередi. Ереже сипаты: 1) тəрбиеленушiнiң өмiр жағдайына

сай əрi үйлесiмдi, оның мүмкiншiлiктерi мен қабiлеттерiне сəйкес болуы керек; 2) дəл белгiленген

мерзiмде барлық iс-əрекеттiң бiрге орындалуын мiндеттейтiн болуы қажет; 3) нақты; 4) шынайы

орындалатын əрекеттердi қамтуы шарт.

ТI табысты болуына арқау тəртiптiлiк бағытындағы жалпы талаптар: 1) əрбiр жаңа iс

бұрынғыға негiзделе отырып, сапалы тəртiп дайындығы процесiн жоғары дең-гейде жалғастыруы

мiндеттi; 2) олар жалпы принциптерге сəйкес, бiрақ стандартқа қатып қалмай, орын жəне уақыт

жағдайларын ескеруi шарт; 3) тұлға тəрбие бөлшектелiп емес, бiртұтас жүретiндiктен, тəрбие

iстерi де белгiленген нақты, жинақы жүйеде орындалуы қажет.

Егер тəртiптiлiк сапасы үнемi өзгерiп жатса, онда педагог мiнез ауысуларының қайда,

қашан басталғанын зерттеп үйренуi керек. Педагог шеберлiгi ТI белгiлi кезеңде жаңа сапаға

бағыттай алуынан көрiнедi.

ТI-iн дұрыс ұйымдастыруға кедергi жасайтын себептер:

1) Мектептегi оқу-тəрбие жұмыстарының нашар құрылуы.

2) Тəрбие жұмысының бiр жақтылығы, яғни тəртiптiлiк басқа сапалардан бөлiнiп қалады немесе

оларды кезекпен дамыту ұстанымы белең алады.

3) Тəрбие жұмыстарында науқаншылдықтың жеңiп, бiрiздiлiктiң болмауы.

4)Тəрбиешiнiң оқушылармен қатынасындағы мəдениеттiң кемдiгi.

5) Формализм, педагогтың тек əсiре көрсеткiшке көңiл бөлуi.

6) Тəртiпке шақыру жолдарын пайдаланудағы қателiк: орынсыз төмен не асыра бағалау.

7) ТI-де əрекеттердiң келiсiмдi жүйелi болмауы, басты проблема тасада қалып, елеусiздерiне үмiт

арту.


өмiрлiк ұстаным (позиция) – бұл iшкi наным, тұлғаның қоғамға субъективтi қатынасын

көрсететiн, оның дүниетанымдық, моральдық, психологиялық сапаларынан шығатын сана-сезiм

бағдары. Адамның өмiрлiк ұстанымы белсендi (активтi) жəне енжар (пассивтi) болып келедi.

Белсендi тұлға болып жатқан жағдайға нем-құрайлы қарай алмайды. Ал енжар бағдарлы адам

дайын көзқарас, құндылықтар мен əдет-қылық үлгiлерiн қабыл-дайды, оларды сана талдауына

салалайды, қайшылықтары аз, тiптi жоқ жолды таңдайды.

Əлеуметтiк белсендiлiгi бар тұлға болып жатқан жағдайды түбегейлi шектемейдi, бiрақ сын

сарабына салады. Елде, əлемде болған жағдайларға өз бетiнше баға берiп, өмiрдi жақсартуға ат

салысады.

Енжар ұстаным мəнi – жаңалықтан қорқу, өз белсендiлiгiнен қашу, əрқашан қауiпсiздiкке

бола, бағынышты халде жүру, жауапкершiлiктен бас тарту. Мектеп ықпалы отбасы тəрбиесiн

реттеп, оның қалыпқа түсуiне көмектеседi. Қоғамдық белсендiлiк танытпайтын оқушылар тек

үлгерiмi мен жеңiл жұмысты ғана iстеуiн қадағалайтын отбасылардан шығады.

Əлеуметтiк бағдарлы тəрбие iстерi оқушылардың өмiр позициясын қалыптастыруда қажеттi

жағдайлар жасайды. Олар арасында берiлген тапсырмалар ойын түрiнде емес, нағыз жауапты

жұмыс сипатында бала тарапынан қабылдануы тиiс.

5. Этикалық тəрбие iстерi

Адамгершiлiк тəрбиесi – бұл тəрбиеленушiнiң қоғамдық мораль талаптарына сай

санасына, сезiмiне, əдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелi түрде ықпал ету. Адамгершiлiк

тəрбиесiнiң негiзгi мiндеттерi: 1) iзгiлiк сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезiмдер тəрбиелеу

жəне дамыту; 3) адамгершiлiк əдет-қылықтың ептiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыру.

Адамгершiлiк тəрбиесiнiң құрамы: адам жəне қоғам байланысын қалыптастыру, өз

қылығының қоғаммен сəйкес болуы қажеттiгiн сезiндiру; адамгершiлiк бiлiмдi адамгершiлiк

нанымға ауыстыру; тұрақты адамгершiлiк сезiмдер мен сапалар орнықтыру; адамның

басқалармен қатынасындағы жоғары мəдениет пен адамгершiлiк əдеттердi бекiту.

Қазiргi мектепте адамгершiлiк тəрбиесiнiң мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату

қажеттiгiнен көптеген өзгерiстерге бет бұрды. Осыдан əрбiр оқушыға төмендегi проблемалардың

маңыздылығын түсiндiру лазым: 1) адамға ең қымбат - өмiр; 2) балалар - өмiр жалғасы; 3)

тəртiптiлiкпен байланысқан еркiндiк; 4) отансүйгiштiк (патриотизм); 5) ұлтжандылық; 6)

интернационализм; 7) борыш, ар, намыс, ождан, тəртiп сақтау, кiшiпейiлдiк жəне т.б.

Қазiргi тəрбие жүйесiндегi ең маңызды да көкейтестi проблемалар - бұл оқушылардың

жыныстық тəрбиесi жəне еңбекке қатынасы.

ТI-нiң этикалық бағыттағы құрылымына педагог адам моралi туралы мəлiметтер ендiредi.



Мораль – адам санасының формасы жəне адамзат мəдениетiнiң бөлiгi. Мораль принциптерiн,

нормасы мен мəнiн түсiнуден тəрбиеленушiлер өздерiнiң жəне басқа адамдардың қылықтарын

дұрыс бағалауға үйренедi. Адамгершiлiк жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың

шындығына сенiмдi болады, оларды орындау қажеттiлiгiн мойындайды. Бiрақ, адамгершiлiк

нормаларды бiлу, түсiну наным-сенiмдер бекуiн өзiнше қамтамасыз ете алмайды, тек - олардың

қалыптасуына қажеттi алғышарттар ғана болып есептеледi.

Адамгершiлiк бiлiмдер баланың өмiр тəжiрибесiне өтiп, ой толғанысына енiп,

тəрбиленушiлердiң өзiндiк талқы сарабына түскен болса ғана адамгершiлiк нанымдар дəрежесiне

көтерiледi.

Этикалық ТI-нiң ең басты мақсаты - адамгершiлiк мiнез-құлықтарды қалыптастыру, ТI

күнделiктi өмiр жағдайындағы адамгершiлiк iс-əрекет бiрлiгiнен құралады. өз қылықтарымен адам

айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейдi. Адамгершiлiк əдет-

қылық тудыру үшiн соған сəйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершiлiк iс-əрекет қажеттiгiн

қалыптастыру – этикалы ТI-нiң маңызды бөлiгi.

Тұлғаның адамгершiлiк қажеттiгiн қалыптастыру – оның түйсiк жүйесiне моральдық

нормалар мен прин-циптердi қабылдату процесi.

Адамгершiлiктi қажеттiктiң көмегiмен iзгiлiк мораль негiзi - еркiн таңдау мүмкiндiгi туады.

Адамның еркiн таңдау мүмкiндiгiн дамытудан этикалы ТI функциясы орындалады. Əдет-қылықтар

жүйесi адамгершiлiк əдеттердi қалыптастырады. Əдеттерден адамгершiлiк қылықтарды қалау

тұрақты қажеттiлiкке айналады. Əдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесi, жүрiп-тұру

мəдениетi, тəртiп) жəне күрделi болады (еңбекке дайындық жəне оны қажетсiну).

ТI-нi орындау мақсатында мектеп тəжiрибесiнде тексерiлген келесi ережелердi негiзге

алған жөн:

1. Адамгершiлiк тəрбие процесi адам үшiн ''күреске'' айналмауы тиiс. Тəрбие ''күрес'' емес,

күнделiктi күрделi жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер iсi.

2. Тұлғаның iзгiлiктi қасиеттерi өмiр қажетiнсiз қалыптаспайды.

3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.

4. Бiрнеше əдеттi қатар бiр мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен

ережелердi қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиiс,

олардың жақсы не келеңсiз екенiн түсiндiру ___________қажет.

5. Жоғары адамгершiлiк қасиет қарапайым, жəй нəрселерге негiзделедi. Гуманизм, сыйластық,

қылық мəдениетi дағдыларын дамытпай, адамды мейiрiмдiлiкке тəрбиелеуге болмайды:

сыпайылылық, есiркеушiлiк, сөйлеу мəнерi, мейiр белгiлерi.

6. Ұжымдық, азаматтық тəртiптi түсiну сияқты адамгер-шiлiк қасиеттердi тəрбиелеу үшiн арнайы

əдеттердi ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсiну, өзiнiң эгоис-тiк сезiмiн тежеу, ұжым

талабын орындау, қауым алдын-дағы мiндеттер, өз iсi мен сөзiне жауап беру т.б.

7. Мораль арқылы жаман əдеттердi айыра бiлу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзiн бөлу жəне

тыңдамау, тырнақ тiстелеу, қол сiлтеу т.б.

Арнайы мысалдар арқылы жастарға бiр қарағанда еленбес əдеттердiң салдарынан

болашақ өз өмiрiне келетiн зиянды түсiндiре əрi нақты көрсете бiлуi керек.



6. Эстетикалық жəне дене шынықтыру тəрбие iстерi

Эстетикалық (əсем) iстер – арнайы бағыттағы тəрбие жұмыстарының жалпы атауы,

мақсаты - өмiрге эстетика-лық қатынас баулу: еңбекке, қоғамдық iске, табиғатқа, өнерге, өз

қылығына деген қатынасты таныту. Бұл тəрбиенiң басты мiндетi – эстетикалық түсiнiк, баға, талқы,

қажеттiк, таңдау жəне қабiлет дамыту.

Эстетикалық тəрбие тұлғада əсемдiк сезiмiн дамытады. Адам əсемдiктi сезiнуден, өз

өмiрiн сұлулық заңымен құруға ұмтылады. Эстетикалық тəрбие адамгершiлiк, ақыл-ой, еңбек жəне

дене тəрбиесiмен тығыз байланысты. Табиғатқа, əдебиетке, театрға, музыкаға, поэзияға, көркем

сурет жəне т.б. өнерге деген сүйiспеншiлiк адамның жан-жақты саналы дамуына əсер етедi.

Адамгершiлiк қалыптасуда эстетикалық тəрбиенiң маңызы зор. Əсемдiк рахаты əр адамды

жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейдi. Дене тəрбиесi сұлулықтың көп элемент-

терiне арқау: дене дамуының үйлесiмi, жүрiс-тұрысы, адам мiнезi, ойлау мəнерi т.б.

Əсемдiк ТI-не байланысты оқушылар эстетика теориясы бiлiмдерiн меңгеруi тиiс.

''Эстетика'' терминi гректiң ''эстезис'' - сезiмталдық деген сөзiнен шыққан. Бұл сөздi алғаш рет

немiс өнертану ғалымы Баумгартен ғылыми атау ретiнде енгiздi. 1750 ж. оның ''Эстетика'' деген

еңбегi жарық көрдi. Сол кезден бастап эстетика ғылым саласына айналды. Ал эстетика ұғымының

өзi ертеректе туған. Оның бастауы ежелгi заманға кетедi. өркениет өрiсiнде адам өзiн қоршаған

ортада сұлулық iздеп, сезiнуге үйренедi. Бұл қабiлет эстетикалық сезiм деп атауын алды. Ол

еңбек процесiне орай дамиды жəне кемелденедi. Адам табиғатты жаңалау, өзгерту арқылы өз

табиғатын, əлеуметтiк қарым-қатынасын қалыптастырып отырады.

Эстетика категориясының ең негiзгiсi - əдемiлiк, əсемдiк категориясы. Əсемдiк – бұл

өмiрдiң өзi, бұл табиғат жəне адам қарым-қатынасы мен оның еңбегiнiң жемiсi.

ТI процесiнде эстетикалық бiлiм дамыту шаралары – бұл конкурс, викторина, мектеп

мерекелерi, үйiрмелер, шығармашылық топтар т.б. Оқушылар оларда қысқаша мəлiмет алып

қана қоймай, эстетика ғылымын толықтай түсiнуге бастау алады. Эстетика сабақтары оқушыларға

эстетикалық таным заңдары мен заңдылықтарынан, өнердiң жалпы принциптерiнен ақпараттар

бередi.

ТI-iн ұйымдастырғанда эстетикалық қабылдаудың психикалық заңдылықтарын ескеру



керек, оқушылардың жас ерекшелiктерiне қарай, эстетикалық форма мен мағына жағдайларының

қиын да күрделi сəттерiн пайымдауға бағыттап барған жөн.

Эстетикалық қабылдаудың маңызды тұсы – шындықты бейнелеумен бiрге жүретiн

адамның көңiл шарпулары. Жоғары көркем өнер шығармаларын қабылдай отырып, оқушы қуаныш пен тебiренiс, қорқу мен үмiт сезiнедi. Бұл сезiмдер балаларды əсемдiк заңымен өмiр сүруге бағыттайды.

Эстетикалық тəрбиенiң көптүрлi құралдары көркем-дiк жұмыстарда көрiнедi. ТI-нiң

эстетикалық бағыттағы құралдары сан-алуан: табиғат, еңбек, адам қатынасы, өнер жəне т.б.

тəрбиелеу ___________көздерi - қоршаған орта, оқу-үйрету еңбегi, өнер əлемi, музыка, суреткер шығармасы т.б.

Қазiргi педагогика ТI əртүрлi бағытта ұйымдастыру жəне өткiзуде үлкен тəжiрибе жинады.

Олардың iшiнде: конкурстар, викторина, мектеп мекемелерi, үйiрмелер, шығармашылық топтар,

ұжымдық жаңа жұмыс формасы - ''ұшқын'' концертi, қуыршақ театры, əдеби-шығарма конкурсы,

ұнамды сабақ эстафетасы, гигиеналық мəдениет, тазалық пен тəртiптi тек оқу орындарында емес,

сол аймақта сақтау қажеттiгi мен байланыстыру - бұл эстетика бағытының жұмысы.

ТI дене шынықтыру бағытындағы мақсаты дене саулығы жəне тəн сұлулығы тəрбиесi

мiндеттерiнен туындайды. Олар:

1) Дене шынықтыру, оқушыларды салауаттылыққа дағдыландыру, дұрыс өсуiне көмектесу;

2) Спорт – дене тəрбиесi бiлiмдерiн меңгерту;

3) Қозғалыс дағдылары мен бiлiктерiн дамыту;

4) Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептiлiк т.б.);

5) Адамгершiлiк қасиеттердi тəрбиелеу (ерлiк, тұрақ-тылық, тəртiп, ұжымшылдық);

6) Эстетикалық қасиеттердi қалыптастыру (дене түзулiгi, жүрiс-тұрыс мəдениетi);

7) Дене шынықтыру мен спортпен үнемi айналысуды əдетке айналдыру;

8) Гигиеналық дағды мен ептiлiктi қалыптастыру.

Дене тəрбиесi бағытындағы ТI жан-жақтылығы алға қойылған мiндеттердi адамгершiлiк, ой-

сана, эстетика, еңбек тəрбие түрлерiмен бiрге шешуге көмектеседi.

Бұл бағыттағы ТI-нiң көп тараған түрi - сабақ алдында мектептегi еңбек күнiн бастайтын

дене машықтары.

ТI дене тəрбиесi бағытындағы дене шынықтыру сəттерi, шаршағанда сергiтушi бұл бiрнеше

жаттығулар да маңызды келедi.

ТI-ге ''қозғалысты үзiлiсi'' оқушылардың күнделiктi сабақ арасында таза ауамен тыныс

алуына жəрдемдеседi.



7. Экологиялық жəне еңбектiк тəрбие iстерi

Қазiргi кезеңде экологиялық апат қаупiнiң алдын алатын, жедел табиғатты қорғау

жұмыстарын жүргiзу көкейкестi проблемалардың бiрi болып тұр.

өмiр бiр жақты экологиялық ТI-мен шектелмей, оларды үздiксiз табиғат қорғау əрекетiмен

байланыстыру, еңбек тəрбиесiмен ұштастыруды талап етедi. Осыған орай ТI бастауы экология

туралы бiлiмдерге, яғни қажеттi ақпараттарды қабылдау, талқылау, түсiну.

Жергiлiктi материалдар мен экология туралы жалпы мəлiметтерге қосымша табиғатқа

көмек қажеттiгiн түсiндiру – педагогтың тiкелей парызы.

Егер жасөспiрiм өзiнiң ертеңгi күнi, өзiмен бiрге достары жəне жақындарының бақыты

ауаның, судың тазалығына байланысты екенiн түсiнсе, жасыл желек пен ағын суды таза ұстауға

көмек тигiзсе, ол табиғатты қорғаушылар қатарында болғаны.

Экологиялық ТI негiзi – табиғатты қорғау ниеттерiн тəрбие жүзiнде iске асыру. Бұл iстiң көзi

адам өмiрiнiң бастауы - жер, су, ауа, аң, өсiмдiк. Аймақ қажеттiгi жергi-лiктi табиғат жағдайы ТI

бағытын, түрiн, оны ұйымдас-тыру мен iске асыру формалары мен мазмұнын анық-тайды (жасыл

патрулдер, орман достары, аңдар мен құстар қорғаушылар тобы).

Рухани жəне материалдық байлық еңбек жемiсi болады; еңбектiң арқасында адам

кемелденедi, өз тұлғасын қалыптастырады. Сол үшiн мектептегi еңбек тəрбиесi оқушыларды

психологиялық тұрғыдан жəне тəжiрибе жүзiнде еңбеккерлiкке дайындауға бағытталған.

Қазiргi экономикалық жəне қоғамдық даму кезеңi тұлғаға жоғары талаптар қояды:

1) Еңбектi маңызды қоғамдық борыш ретiнде бағалай бiлу;

2) Барлық жұмыс түрлерiнiң маңыздылығын тану, еңбектi жəне оның нəтижесiн құрметтей бiлу;

3) Еңбекте үнемi белсендiлiк, жаңалық, шығармашылық таныту;

4) Ой-сана жəне дене күшi деңгейiне қарай еңбек ету қажеттiлiгiн iштей түсiну;

5) Еңбектi ғылыми ұйымдастыру принциптерiне сүйене жүргiзу;

6) Еңбекке адам өмiрiнiң негiзгi қажеттiгi ретiнде қарым-қатынас жасау.

Еңбекке психологиялық дайындық ТI жүйесiнде қалыптасады, ол келесi мiндеттер негiзiнде

шешiледi:

1) еңбек мақсаты мен мiндетiн түсiну;

2) еңбек мотивтерiн тəрбиелеу;

3) еңбек дағдылары мен бiлiктерiн қалыптастыру.

Елде экономика жəне экология жағдайларының өзгеруi, маңызды заңдар қабылдануы

оқушылардың еңбек тəрбиесiнiң бағытына өзгерiстер енгiзедi.



Еңбек тəрбиесi процесiнде алған бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың негiзгi мақсаты немесе

педагогикалық iстiң соңғы жемiсi емес, ол тұлғаның басты қажеттiгi - еңбек ету қабiлетiн дамыту құралы.

Еңбекке үйрету мен оған байланысты оқуды ұйым-дастыру формаларын мұғалiм

таңдайды. Еңбек сүйiктi iске айналуы үшiн балаға еңбектiң жемiсi мен одан болатын қуанышын

сезiндiре бiлу керек. Сол үшiн оқу iсiн жоғары сатылап, бiрақ қол жететiн деңгейде құру керек:

iстеген еңбегiнiң жетiстiгiн түсiнген жасөспiрiм өз-өзiне сенiмi артып, еңбегiн мақтаныш ете

бастайды.

Еңбек ТI-нiң белсендi бағыты сынып жетекшiсiнiң өз жұмыс тəжiрибесiне байланысты

мектеп тəжiрибесiне көптеген жаңа жұмыс формалары енуде. Олар: еңбек вахтасы, еңбек

мерекесi, жасалынған заттар көрмесi, тазалық сақтау, гуманитарлық көмек, мектептi көгал-

дандыру, қолөнершiлер сайысы, жақсылық жасау аптасы, көңiлдi ұсталар қаласы, ерiктiлер

жұмысы, қамқоршылық көмек, ниеттiлер көмегi, еңбек десанты, мектеп жөндеу бригадасы жəне

басқалар.

Бақылау сұрақтары

1. Технологиялық терминiнiң мəнi қандай?

2. ''Тəрбие технологиясы'' түсiнiгiнiң мазмұны неде?

3. Тəрбие өнерi мен тəрбие техналогиясының айырма-шылығы неде?

4. Тəрбиенiң комплекстiгi ненi аңдатады?.

5. Комплекстi бағыт талаптары қандай?

6. Тəрбиелiк iстер мəнi неде?

7. Тəрбиелiк iстердiң өзiндiк ерекшелiктерiн атаңыз.

8. Əлеуметтiк бағдарлы тəрбие iстерiнiң маңызы неде?

9. Этикалық тəрбие iстерiнiң мазмұнына талдау берiңiз.

10. Эстетикалық жəне тəрбие iстерi қызметтерiнiң мəнiн түсiндiрiңiз.

11. Экологиялық жəне еңбектiк iстердiң қазiргi заманғы мəнi неде?



1.8 Қоғамдық жəне отбасы тəрбиесi

1. Əлеуметтiк жұмыс

өткен жүзжылдықта үшiншi Еуразиялық революция тыныш та, қантөгiссiз өттi. Ескiрген

мемлекет жəне қоғамдық құрылыс құрылымы опат болып, өзiмен бiрге байырғы тəрбие жүйесiн де

жойып тынды. Мұның зардабы ең алдымен тұлға қалыптастыруда жетекшi маңызға ие болған

қоғамдық жəне отбасы тəрбиесiн күйзелiске түсiрдi.

Қоғамдық (əлеуметтiк) тəрбие – бұл ''адам-адам'' қатынастары желiсiнде жүргiзiлетiн

тəрбие, яғни тiкелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған

қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар, бiрлестiктер т.б.) тарапы-

нан болатын iстер.

Қоғамдық тəрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейдi. Оның пəнi –

тұлға қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дəлiрек айтсақ,

отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, дiни-руханият мекемелерiнiң қоғам мүше-

лерiне жасайтын əсерлерi сарапталады. Педагогиканың басты

назары тағдыр тəлкегiнен адасқан ''тəуекелшiл топ'' (нашақорлар, маскүнемдер, жезөкшелер, бас

бостандығын өтеп жатқандар, қарақшы топтарға iлiккендер мен заңға қайшы дiни секта арбауына

түскендер жəне т.б.) аударылады. Мұндай адамдар маманданған педагогикалық жəрдемге өте

мұқтаж келедi. Əлеуметтiк педагогика шұғылданатын жəне бiр өмiр саласы – бұл ересектер мен

кəрiлер тəрбиесi, нарықтық экономика қыспағынан өзгерiске келген адамаралық қатынастар,

аяусыз бəсекелестiктер жағдайына жеке тұлғаларды икемдестiру. Сонымен бiрге бұл педагогика

саласын қызықтыратын мəселелер - қызмет бабында көтерiлу, əйел-қыздар тəрбиесi, кəсiптен

қанағат табу, жұмыстан бос уақытты пайдалы ұйымдастыру. Адамдарды рухани кемелдендiруге

орай дiни мекемелермен белсендi байланыс жасау проблемалары да осы əлеуметтiк

педагогиканың айналысатын шұғыл мiндеттерiнен тұрады.

Қоғамдық тəрбие өркениеттi елдерде тұрақты тəрбиелiк iске __________айналып, кəсiби деңгейге

көтерiлген. Бұл сала батыстық педагогика ғылымында ''əлеуметтiк жұмыстар'' атамасымен

қабылданған. Бiзде осы терминдi қолданғанды жөн көрдiк.

''Əлеуметтiк жұмыстар'' - адам мен адамның инабат-тылық қатынастары қажеттiгiнен

туындаған əлеуметтiк iс-əрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгi дүниеден келе жатқан адам

қайырымдылығы мен Жаратқан алдындағы борышты сезiнуден, қасiреттi жандарға қол ұшы

көмегiн беру жүйесi ретiнде қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет еткен бұл

əлеуметтiк жұмыстар бiздiң заманымызда ғана қоғамдық кəсiп түрiнде танылып отыр.

Əлеуметтiк жұмыстар, сонымен бiрге - адамның қоғам қолайсыздықтарына икемделуiн

жеңiлдететiн үздiксiз, жүйелi орындалып баратын iс-шаралар бiрлiгi. Тəжiрибеде көрсеткендей,

жекеленген, науқандық тəрбие iстерiнен түсер пайда шамалы, сондықтан əлеуметтiк жұмыстар

мемлекет жəне қоғамдық көзқарас қолдауымен ұйымдасқан қуатты кəсiби ұйымдарды

(коммерциялық, коммерциялық емес) сүйенiш етедi. Əлеуметтiк жəрдем – бұл қоғамның жоғары

мəдениетi мен өркенниеттiлiгiнiң көрсеткiшi. Əдетте, мұндай iстер барша қауымның қолдауы мен

сый-құрметiне iс болып, жоғары беделiмен танылуда, мысалы, қайырымдылық ''Бөбек'' қоры

елiмiзде алғаш ұйымдастырылып, бүгiнде мол игiлiктi əлеуметтiк шараларға бастау берген

əлеуметтiк мекемелердiң ең танымалысы.

Əлеуметтiк педагог қызметiн бiрдей рухани-иман-дылық борыш iсi, кəсiби қызмет жəне

бизнес ретiнде қарастыруға болады.

өз тəжiрибелiк iс-əрекетiнде алғашқы батыстық əлеуметтiк тəрбие қызметкерлерi кең

ауқымды мəселе-лермен шұғылданған: адамдарға тiл үйрету, индустриалды қоғамда қызмет етуге

қажет ептiлiктер мен дағдыларды меңгеруде жəрдемдесу. Əлеуметтiк педагогтар өз алдына

қоғамдағы əделетсiздiк пен теңсiздiктi (əсiресе əйелдер мен балаларға байланысты) жою жəне

ғылым жетiстiктерiн кедейлерге жəрдем көзi ретiнде пайдалану проблемаларын қойып, оларды

шешуге ұмтылыс танытуда. Олардың пайымдауынша, əлем халықтары көбiнiң жоқшылық

жағдайдағы тұрмысы себептерiн тек ғалымдар ғана шеше алады, ал ғылыми əдiстеме нақты

проблемалық ұсыныстардың iске асуын тездетедi.

''Тəжiрибелiк əлеуметтiк жұмыстары'' 1970 ж. берi қолданымда. Алғашқыда бұл жұмыс түрi

əрқилы түсiн-дiрiлiп, əдiснамалық тұрғыдан клиенттермен (қорғаушыларға iсi түскен, алыс-берiс

жүргiзушi мекемелерге қатысты жұмысы барлар) жұмыс, топтар мен қауымдардағы iстер; бағыт-



бағдар тұрғысынан - балаларды əлеуметтiк қамсыз-дандыру, отбасылық көмек қызметтер,

дəрiгерлiк əлеумет-тiк жəрдем, тəрбиелiк түзету мекемелерiндегi жұмыстар; əлеуметтiк қызмет

аясына түскен адамдар мен проблемдi топтар тұрғысынан – кедейлер, мүгедектер, есi

ауысқандар, ақылы кемдер, қараусыз қалған балалар, маскүнем жəне нашақорлармен жұмыстар

мəнi берiлдi. Əлеуметтiк қызметтер мəн-мағынасы бiртiндеп аталған тар бағыттағы iстерден кең

қоғамдық проблемаға айналған мəселелердi қамти бастады. Олардың iшiнде бастылары: жеке

меншiк құқықтарының бұзылысы, балаларға қастандық, ерлi-зайыптылар жанжалы, психикалық

жəне тəн сырқаттары, қаңғыбастық, қоғамнан аласталу, оқу жасындағылардың мектептен тыс

қалуы, балалардың отбасынан қашуы ж.т.б. Бұдан былай аталған проблемалар тобы бойынша

арнайы мамандандыру қажеттiгi туындап отыр, себебi əлеуметтiк қызметтердiң байыпты да терең

дайындығы үшiн бұл өте қажет.

Қазiргi күнде əлеуметтiк тəжiрибе жұмыстары келесi салаларға бөлiнген: ортасы,

балаларға жəрдем, денсаулық жəне салауатты өмiр, есi ауысқандармен жұмыс, кəсiптiк дайындық,

кəрiлер мен жетiмдерге қамқорлық, сауат ашу мен бiлiм көтеру, тəрбие түзету мəселелерi. Бұл

маман-дануға болған аса кең бағыт-бағдар. Осыдан белгiлi əлеуметтiк бағытты таңдаған маман

өзiнен жəрдем күткен адамдар мен топтар жөнiнде __________қажеттi бiлiмдердi жеткiлiктi игерiп, туындаған

проблемаларды шешуде жоғары бiлiктiлiк танытуға ұмтылғаны жөн.

Бұрынғы ТМД елдерiнде əлеуметтiк тəрбие жұмыс-тары осы күнге дейiн ескiрген

мемлекеттiк жүйеден босай алмай отыр. Ал осы процеске жан ендiруi тиiс қоғамдық ұйымдар мен

бiрлестiктер селқостық танытуды. Қоғам мен əрбiр жеке адам үлкен күйзелiске түсiп, қайдан

жəрдем күтерiн бiлмей алаңдауда. Сондықтан да əлеумет-тiк қызмет көздерiн тез дамытып,

нарықтық заман адымына жедел жəрдемге келу – бүгiнгi күннiң шұғыл да көкейкестi мəселесi.



2. Отбасы тəрбиесi

Отбасы тəрбиесi – көзделген нəтижеге жету мақсатын-да ата-аналар мен жанұя мүшелерiнiң




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет