Мазмұны. Кіріспе. 1 тарау


ҚР босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері



бет4/5
Дата19.12.2016
өлшемі1,12 Mb.
#4186
1   2   3   4   5

3.1 ҚР босқындар режимін құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
Босқындар мәселесін реттейтін, Қазақстан Республикасының Заңы мейлінше жас. Біз жұмысымызда көрсеткендей, босқындар ұғымы Қазақстан Республикасының «Халықтың көші – қоны туралы» заңында берілген53.

Қазақстанда, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында босқындар деп мойындау туралы және босқындар статусын анықтау тәртібі туралы өтінішпен келген тұлғалармен жұмыс істеу бойынша Нұсқаулық әрекеттенеді.54 Нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының территориясында тұлғаларды босқын деп мойындау областардың, Алматы қаласының және астананың көшіп-қону және демография бойынша басқармаларымен («уәкілетті органның территориялдық қызметі»), Қазақстан Республикасының «Халықтың көшіп-қонуы туралы» Заңына сәйкес, жүргізіледі.

Босқын статусын анықтау процедурасының басталуы үшін негіз болып, шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның (өтініштенуші) Қазақстан Республикасы территориясында оны босқын деп мойындау туралы жазбаша өтініш хаты табылады.

Босқын статусын анықтау процедурасына кіреді:

- өтінішті беру және сауалдаманы толтыру; өтініш берушімен әңгіме өткізу; өтініш беруші хабарлаған мәліметтердің растығын тексеру (бағалау); өтініш берушіні босқын деп мойындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешімді қабылдау. Осы кезде орындалатын әрекеттер:

а) Уәкілетті органның территориялдық қызметінің өкілдері, өтініш берушіні, жаднама жазбахатта келтірілген, оның құқықтарымен және міндеттерімен таныстырға міндетті. Өтініш беруші босқын статусын анықтаудың алдында тұрған процедуралар бойынша қажетті түсіндірмелер алуы қажет. Босқын деп мойындау туралы өтінішті қабылдау, өтініш берушінің және оның жанұясының мүшелерінің оларды куәлендіретін құжаттары бар болған кезде жүзеге асырылады. Босқын деп мойындау туралы өтінішті қабылдаған кезеңнен бастап, өтініш беруші Қазақстан Республикасының территориясында, оның мәселесі бойынша аяққы шешім қабылданғанға дейін тұруға құқығы болады (апелляцияны қосқанда). Қазақстан Республикасының территориясында босқын деп мойындау туралы өтініш беруші тұлғаға Қазақстан Республикасының «Халықтың көші – қоны туралы» заңына сәйкес және халықаралық нормаларға сәйкес, оның өтінішін тіркеуденде, босқын деп мойындауданда бас тартуға болады.

б) Өтініш берушімен әңгіме жүргізу, өтініш беруші хабарлаған мәліметтердің шындығын және дәлелдерін бағалау үшін қосымша ақпарат алу мақсатында, ол үшін жеткілікті кәсіптігі бар, уәкілетті органның территориялдық қызметінің өкілдерімен жүргізіледі. Әңгіме жүргізудің негізгі міндеті, өтініш берушіден, сол әңгіменің негізінде, әрекеттегі заңға сәйкес, тұлғаны босқын деп мойындауға арналған критерияларға оның сәйкестігі туралы қорытынды жасау болып табылады.

в) Өтініш беруші тұлғаны босқын деп мойындау шешімі уәкілетті органның территориялдық қызметімен, өтінішті тіркеген күннен бастап отыз күннің ішінде қабылданады. Егер, тексеруді талап ететін кейбір фактілердің анықталуы орнықтырылған мерзімде аяқталмаса, онда шешім соларды анықтағанша кейінге қалдырылады, жәнеде қажет болған жағдайда, комиссия осы жұмысқа ХҚК, ІІМ және т.б. уәкілетті тұлғаларын тарта алады. Шешімді қабылдау кезінде ескеру керек, босқын статусын анықтау процедурасы «Халықтың көші – қоны туралы» заңында көрсетілген жағдайлар бойынша, қудалау құрбаны болудың негізделген қауіптенуі болуынан, өзінің азаматтық құқығы бар елдің қорғауын пайдалана алмайтын тұлғалар үшін әзірленген. Осыған байланысты, территориясында көрсетілген жағдайлар туындаған елдің ресми органдарынан (өкілдіктерінен), нақты тұлға (тұлғалар) бойынша, кез – келген ақпаратты сұрау, Қазақстан Республикасының көшіп-қону және демография бойынша Агенттігінің төрағасының ықпалшарасымен ғана жүргізіледі.

Босқын деп мойындалған тұлғаға, ішкі істер органдарымен тіркелу үшін негіз болып табылатын, орнықтырылған үлгідегі куәлік беріледі. Тұлғаны босқын деп мойындаудан бас тартқан кезде, оған бас тарту туралы шешім қадылданған күннен бастап отыз күн мерзімде, бас тарту себептері көрсетілген және қабылданған шешім бойынша арыздану тәртібі көрсетілген жазбаша хабарландыру (ескерту) қағазы тапсырылады. Тұлғаны босқын деп мойындаудан бас тарту туралы шешімді, өтініш беруші, жазбаша хабарландыру (ескерту) қағазын алған күннен бастап отыз күн мерзімде, жоғарғы уәкілетті органдарға немесе соттық тәртіпте арыздана алады. Арыз беруші тұлғаға, оның арызы бойынша ақырғы шешім қабылданғанға дейін, Қазақстан Республикасының территориясында болуға құқық беріледі.

г) Босқын статусы алғаш рет бір жылға дейін беріледі. Босқын статусын, уәкілетті органның территориялық қызметімен мақұлдау үшін, жыл сайын босқындардың есебі жүргізіледі, олардың куәлігі қайта тіркеледі. Оның барысында әңгіме жүргізіліп, олардың отбасылық жағдайлары, тұрған орыны мен жұмыс орыны, отбасы табысы, көрсетілетін көмек мөлшері анықталады.

Тұлға Қазақстан Республикасының территориясындағы босқын статусынан айырылады, егер ол:

- Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің азаматтығын алса; басқа мемлекет территориясында босқын статусын алса; ҚР шекарасының сыртына тұрақты мекен-жайға кетсе; қудалау қауіптенуі салдарынан тастап кеткен елге өз еркінше қайта оралса.

Тұлға босқын статусынан айырылады:

- егер ол оны босқын деп мойындау үшін, әдейі жалған мәліметтер хабарлаған болса. Бұл жағдайда, оны қабылдауда, орналастыруда және басқада қолдауларда Қазақстан Республикасы тартқан шығындар, сот шешімімен алына алады; оны босқын деп мойындау үшін негіз болған жағдайлар жойылған кезде. Бұл жағдайда, тұлға өзі азаматы болатын елдің ұорғауынан бас тарта алмайды және өзінің азаматтық еліне оралуы керек немесе азаматтығы жоқ тұлға ретінде, өзінің тұрақты мекен-жайына оралуы қажет.

Босқын деп мойындалуы туралы өтініш беруші тұлғалармен жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар тізімі:

- ҚР босқын деп мойындалуы туралы өтініш берушіге арналған жаднама жазбахат;

- ҚР босқын деп мойындалуы туралы өтініші;

- ҚР босқын деп мойындалуы туралы өтініш берушінің сауалдамасы;

- территориалдық және уәкілеттік органдар шешімдері;

- босқын куәлігі;

- ІІБ паспорттық және рұқсатнама жұмысы Басқармасына жолдама;

- ҚР территориясында босқын деп мойындалуы туралы өтініш беруші тұлғалардың тіркелу журналы.

1996 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси бассауға беру тәртібі туралы Ереже бекітілді55, оған сәйкес Қазақстан Республикасында саяси бассауға шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде беріледі.

Қазақстан Республикасы, қоғамдық-саясаттық қызметі, нәсілдік немесе ұлттық жағдайы, діни көзқарасы, жәнеде халықаралық құқықтың нормаларымен қарастырылған адам құқығы бұзылған жағдайларда, азаматтық елінде және/немесе тұрған жерінде қудалау құрбаны болуыдың нақты қауіпінен бассауға немесе қорғаныс іздеуші тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне саяси бассауға береді.

Қазақстан Республикасында саяси бассауғаны беру туралы немесе саяси бассауғаны беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан Республикасында саяси бассауға берілмейді, егер тұлға:

1) Қазақстан Республикасы заңымен қылмыс ретінде мойындалатын әрекетпен (немесе әрекетсіздікпен) қудаланатын болса, немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қарсы келетін әрекеттер жасауда кінәлі болса;

2) қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасы территориясында заңды күшке енген, соттың айыптау үкімі болса;

3) оны қудаламаған үшінші елде тұрған болса;

4) алдын-ала жалған деректер берсе;

5) оны қудаламайтын үшінші елдің азаматтығы бар болса.

Ереже, Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси бассауға беру туралы өтініштерді беру және қарау тәртіптерін анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының территориясында, саяси бассауға алуды тілейтін тұлға, Қазақстан Республикасының көшіп-қону және демография бойынша Агенттігіне немесе оның территориялық бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Президенті атына жеке басы жазбаша өтініш беруі керек. Қазақстан Республикасының сыртындағы тұлға, мұндай өтінішті Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемелері арқылы береді. Жасы 14-ке толмаған балалардан, оларға берілген саяси бассауға үшін, жазбаша келісім талап етілмейді.

Өтініш беруші, саяси бассауға берілуі туралы мәселе шешілгенге дейін, айына екі рет көшіп-қону және демография бойынша Агенттікте немесе оның территориялық бөлімшелерінде немесе өзінің тұратын жері бойынша, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілеттілігіне (елшілік мекемесінде) белгіленіп отырады. Бұл тәртіп сақталмаған жағдайда, көшіп-қону және демография бойынша Агенттік немесе оның территориялық бөлімшелері немесе дипломатиялық өкілеттілік (елшілік мекемесі), жағдайды айқындап болғанға дейін материалдарды рәсімдеуді тоқтатуға құқықты.

Өтінішпен бірге берілетін құжаттар: өмірбаян, суреттер, денсаулығы туралы анықтама, оның ішінде иммунодефицит вирусына зерттелуі туралы, жәнеде осы мәселеге қатысты басқа құжаттар. Қазақстан Республикасының көшіп-қону және демография бойынша Агенттігінің территориалдық бөлімшесі немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілеттілігі (елшілік мекемесі) материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік тілдегі аудармасымен немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілде), «көшіп-қону және демография бойынша Агенттікке жібереді. Көшіп-қону және демография бойынша Агенттік, өтініш берген тұлғаға Қазақстан Республикасында саяси бассауға берудің орындылығы туралы Сыртқы Істер Министрлігінен, Ішкі Істер Министрлігінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінен қорытынды сұрайды. Рәсімделген материалдарды (міндетті түрде мемлекеттік тілдегі аудармасымен немесе Қазақстан Республикасында ресми қолданылатын тілде), еңбектену, тұру және басқа орнығу мүмкіндіктері туралы уәжделген қорытындымен, көшіп-қону және демография бойынша Агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің Мемлекеттік – құқықтық бөліміне жібереді.

Саяси бассауға беру туралы өтініш бойынша материалдарды қарау мерзімі, өтінішті берген күннен бастап, үш айдан аспауы керек. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік – құқықтық бөлімі материалдарды, Қазақстан Республикасында саяси бассауға берудің орындылығы туралы немесе саяси бассауға беру өтінішінен бас тарту туралы өзінің қорытындысымен, азаматтық мәселелерін шешетін Комиссияға жібереді.56

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелерін шешетін Комиссия өтініш пен оған қоса берілген материалдарды қарайды және әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне өзінің ұсыныстарын енгізеді. Саяси бассауға беру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасында саяси бассауға берілген тұлғаға және оның, жасы 16-ға толған отбасы мүшелеріне, орнықтырылған үлгідегі куәліктер беріледі.57 Саяси бассауға берілгені туралы куәлік көшіп-қону және демография бойынша Агенттікпен беріледі. Областардың, қалалардың, мемлекеттік маңызы бар қалалардың және Республтка астанасының, аудандардың, қаладағы аудандардың ішкі істер басқармалары және бөлімдері, Қазақстан Республикасында саяси бассауға берілгені туралы куәлік негізінде, тұру рұқсатын рәсімдейді. Саяси бассауға берілген тұлға мен оның отбасы мүшелері, Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдары қарастыратын құқықтар мен еркіндіктерді пайдаланады, жәнеде міндеттерді жүктейді.58

Саяси бассауға беру туралы өтінішті қабылдаудан уәкілетті органның негізсіз бас тартуы, өтінішті қарау мерзімін бұзу немесе лауазымды тұлғалардың, өтінішті қараумен байланысты және қабылданған шешімдерді орындаумен байланысты басқада заңсыз әрекеттері жоғарғы органдарға немесе сотқа, бағыну тәртібіне қарай, шағымдана алатынын Ереже орнықтырады.

ҚР саяси бассауға берілген тұлға:

- ҚР-дағы саяси бассауғадан өз еркінше бас тарттса;

- ҚР азаматтығын немесе басқа елдің азаматтығын алса;

- өзі азаматы болатын елге өз еркімен қайта оралса немесе тұрақты тұру үшін үшінші елге кетсе;

- ҚР заңымен орнықтырылатын, босқын статусын алуға арналған заңды негізден айырылса, бұл жағдайларда, ол саяси бассауға құқығын жоғалтады.

Тұлға, ҚР Президентімен, Қазақстан Республикасындағы саяси бассауғадан айырылады, егер ол ҚР ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қарама-қайшылықты, әрекетпен айналысса, немесе тұлға қасақы қылмыс жасап және сол үшін заңды күшіне енген айыптау үкімін алған болса. 1997 ж. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрлігімен «Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси бассауға беру тәртібі туралы» Ереже әзірленді.59 Бұл Ереже, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілеттілігі мен консулдық мекемелерімен шетелде тәжірибелік қолдануға арналған «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси бассауға беру тәртібі туралы»60 Ереже негізінде әзірленді.

Ережеде, Қазақстан Республикасында саяси бассауға шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, жәнеде «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси бассауға беру тәртібі туралы» Ережеге сәйкес, халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары негізінде беріледі.

Ережеде, шетелдік азаматтарға және ҚР азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси бассауға беру туралы өтініштің берілу және қаралу тәртібі қарастырылады. Атап айтқанда, Ережеде ҚР шегінен тыс жердегі және саяси бассауға алуды тілейтін тұлға, Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазбаша өтінішпен, өзі ҚР дипломатиялық өкілеттілігіне немесе консулдық мекемелеріне баруы керек. Егер тұлға саяси бассауғаны беру туралы өтінішті балаларымен бірге берсе, онда жасы 14-ке толған балалардың жазбаша келісімі талап етіледі. Өтініш беруші, саяси бассауға берілуі туралы мәселе шешілгенге дейін, айына екі реттен кем емес, өзінің тұратын жері бойынша, ҚР-ның дипломатиялық өкілеттілігіне немесе елшілік мекемесінде тіркеліп отырады. Бұл тәртіп орындалмаған жағдайда көшіп-қону Департаменті, немесе дипломатиялық өкілеттілік немесе консулдық мекемесі материалдарды рәсімдеуді, жағдай айқындалғанға дейін, тоқтатады.

Ереже ҚР саяси бассауға берілуі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау тәртібін нақтайды; ҚР саяси бассауға алған тұлғаның және оның отбасы мүшелерінің құқықтық жағдайларын қарастырады, сонымен қатар, егер мүдделі тұлғалардың босқын статусын беру туралы өтініш бойынша іс қағаздарын жүргізуге қатысты қандайда бір сұрақтары болса, онда олардың тұрған жері бойынша уәкілетті органның территориялдық қызметіне өтініш бере алатынын орнықтырады.

1997 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі N 622 «Қазақстан Республикасы Президентінің N 3432 «1997 жылға көшіп келу квотасы туралы»61Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысын жүзеге асыру және босқын оралмандардың қоныс аударуын тиімді, ретті ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 30 қыркүйекте «Босқын оралмандардың қоныс аударуын ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар туралы»62 Қаулысы жарық көрді. Осы Қаулы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне Сыртқы істер Министрлігімен, Ішкі істер Министрлігімен, Көлік және коммуникация Министрлігімен, Денсаулық сақтау Министрлігімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кедендік комитетімен, Қорғаныс Министрлігімен, область және Алматы қ. әкімдерімен, ҚР Үкіметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасына Монғолиядан, Иран Ислам Республикасынан босқын – оралмандар отбасыларының қоныс аударуын ұйымдастырып қамтамасыз ету орнықтырылды.

1995 ж. арнайы Шешіммен63 босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры құрылды және босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже бекітілді64. Аталған Ережеге сәйкес, Қор ізгілікті, коммерциялық емес ұйым болып табылады және өзінің қызметінде саясаттық мақсаттарды көздемейді. Қор өзінің қызметінде оның міндеттері мен қызметтеріне сәйкес жүргізеді, халықаралық және ұлттық мекемелермен және ұйымдармен байланыстар орнатады, олармен бірге Келісімге қатысушы – мемлекеттер босқындары мен мәжбүрлі қоныс аударушыларына көмек көрсетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатысады. Қорға Келісімге қатысушы – мемлекеттермен берілетін жарналар мөлшері, сонымен қатар қаражаттар, оларды беру тәртіптері мен мерзімдері Ынтымақтастық үкіметтерінің басшыларының Кеңесі мәжілістерінде орнықтырылады. Қор Келісімге қатысушы – мемлекеттер территориясында, Ережені жүзеге асыру үшін қажетті, өзінің өкілдігін құра алады. Қордың орналаған жері – Мәскеу қаласы.

Қордың негізгі міндеттері болып табылатындар:

- босқындары мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету үшін қаржылық және материалдық қаражаттарды шоғырландыру; босқындары мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қабылдаушы, Келісімге қатысушы – мемлекеттер арасында, олардың қоныс аударуын ұйымдастыру және орналастыру мақсатында, қаражаттарды бөлу; Келісімге қатысушы – мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарына, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың азаматтық, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғауда көмек көрсету; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар проблемаларына қоғамдастықтың көңілін аудару, шындық, ізгіліктік идеяларын насихаттау.

Өзіне жүктелген міндеттерді шешу үшін Қор келесі қызметтерді орындайды:

- Қор қаражаттарын орналастыру және жинақтау үшін, Келісімге қатысушы – мемлекеттер банкілерінің мекемелерінде, орнықтырылған тәртіпте, ағымды және есеп айырушы шоттар ашады; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетуге, Келісімге қатысушы – мемлекеттерге қаржылық және материалдық қаражаттарды бағыттайды; Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығына қатысушы – мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, өзінің қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру.

Қордың қаражаты Келісімге қатысушы – мемлекеттердің жарналары мен басқада мүліктік және ақшалай салымдары есебінен қалыптастырылады; территорияларынан босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар келетін Келісімге қатысушы – мемлекеттермен бірдей қаржылық нормалар бойынша, міндетті тәртіпте берілетін қаражаттар; кәсірорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, меншіктерінің пішініне тәуелсіз, өтеусіз немесе қайырымдылық жарналары мен азаматтардың, сонымен қатар шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қайыр көрсетуінен қалыптастырылады. Қордың жарналары есебінен үймереттер, ғимараттар, жабдықтар және басқа материалдық құралдар беріле алады.

Жарналарды бағалау кезінде, жарнаны салу күніндегі айырбастау курсы немесе ресми валюталық курс ескеріледі. Қордың қаражаттары келесі жағдайларға жұмсалады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды қабылдаушы Келісімге қатысушы мемлекеттерге қаржылық және материалдық көмек көрсетуде; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету бағдарламаларын, шартты жағдайлармен тартылған, мамандар еңбегіне ақы төлеуді қоса, қаржыландыру мен әзірлеуде; Қордың аппаратын ұстауға және оның ағымды қызметтерін қамтамасыздандыруға.

1992 ж. бастап Қазақстан Республикасында, босқындармен жұмыс тәртібін анықтайтын және оларға бірінші кезектегі көмек көрсетуді анықтайтын, босқындармен жұмыс туралы Уақытша ереже әрекетте болды65. Уақытша ережеге сәйкес, ҚР «Көшіп келу туралы» Заңына сәйкес басқа мемлекеттерді тұратын қазақ диаспорасы тұлғаларына, олардың құқықтары мен еркіндіктерінің шектеулілігіне, қудалау мен ығыстырылуына байланысты Қазақстан республикасына оралуға мәжбүрлі болуынан, және өзінің тарихи отанымен қосылу ойына байланысты, босқындар статусы беріледі. Болу уақытына тәуелсіз, Қазақстан Республикасы территориясындағы барлық босқындар тіркелуі керек. Тіркелу негізі болып, жазбаша өтініш және паспортты (тууы туралы куәлік) көрсету немесе оны ауыстыра алатын құжат (қызметтік, зейнеткерлік куәлік, оқышының немесе студенттің билеті, еңбек кітапшасы, диплом, білім туралы куәлік немесе кәсіптік дайындық куәлігі) болып табылады.

Тіркеу туралы өтініште көрсетіледі:

- Қазақстан Республикасына келу уақыты, мақсаты және негізі;

- жастарының көрсетілуімен жанұя құрамы, алдыңғы жұмыс орыны, кәсібі, мамандығы;

- ҚР территориясына келмес бұрын тұрған елі мен тұрақты мекен – жайының адресі;



  • ҚР территориясындағы уақытша тұру орынының адресі;

  • қажетті көмек көрсету туралы өтініш.

Босқындарды тіркеу халықтың көшіп-қонуы бойынша Департаменттің уәкілетті өкілімен жүргізіледі. Әрбір босқынға тіркеу карточкасы толтырылады. Босқындарды тіркегеннен соң, халықтың көшіп-қонуы бойынша Департаменттің уәкілетті өкілдері, қалалық және аудандық әкімшіліктер, халық депутаттарының ауылдық Кеңестері саудалық, медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдайды, басқада қажетті көмектер көрсетеді, ал баспанасы болмаған жағдайда оларды уақытша орналасу орындарына жібереді.

Өтінішкерді солай деп мойындаған жағдайда, ішкі істер органдары оған орнықтырылған үлгідегі уақытша куәлікті береді, куәлік келесі құқықтарды береді:

- әрбір еңбекке жарамды отбасы мүшесі мен зейнеткер үшін, есептеу көрсеткіші мөлшерінде, біржолғы көмекті және әрбір асырауындағы жан үшін – айлық есептеу көрсеткішінің 50 пайызын алуға ;

- қажетті медициналық және әлеуметтік көмекті алуға;

- арнайы берілген орындарда (елді мекендерде) уақытша тұруға;

- босқын – көшіп келушілердің топтық шаруашылығын және орналасуын ұйымдастыру үшін иммиграциялық жер қорынан бос жерлерді беру туралы ұсынысты сәйкес жергілікті атқарушы органдарға енгізе алады.

Босқынның уақытша куәлігі 3 айға дейін мерзімге беріледі. Қажет болған жағдайда бұл мерзім куәлікті берген органмен ұзартыла алады. Қазақстан Республикасы халқының еңбек пен жұмыспен қамтылу органдары босқындар мен олардың отбасының еңбекке жарамды мүшелеріне жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді. Халықтың көшіп-қону бойынша Департамент және оның уәкілетті өкілдері, жергілікті жерлерде, босқындардың келешек қызметтері туралы, оларға тұрақты тұратын жер беру мүмкіндігі және жұмысқа орналасуы, босқынның тілегі бойынша басқа мемлекет территориясына өту немесе репатриация (бұрынғы тұрған елге қайта оралу) жайлы ұсыныстар дайындайды.

Босқындарға материалдық көмек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көшіп келу қорынан көрсетіледі. Мемлекеттік көшіп келу қорынан төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек Министрлігі жанындағы халықтың көшіп-қону бойынша Департаментпен анықталады .66



3.2 Босқындар проблемалары бойынша мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығындағы Қазақстан Республикасының қатысуы.
Қазақстан Республикасы, дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі бола отырып, босқындар проблемаларын шешуде белсенді қатыса бастады. Бұл Қазақстанның босқындар проблемаларына арналған, әртүрлі халықаралық құқықтық актілерде қатысуымен көрінеді. Жоғарыда айтылғандай, республика 1951 ж. БҰҰ Конвенциясына және 1967 ж. Хаттамасына қосылды.67 Бұл актілер, ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, республика территориясында тікелей әрекетте болады, егер ішкі заң оған қарама-қайшы болатын жағдай туса, ішкі заңдар нормалары емес, халықаралық шарттар нормалары қолданылады. Қазақстанның көрсетілген құжаттарға қосылуы, оның босқындар проблемасы бойынша халықаралық интеграцияда белсенді қатысуға мүдделілігі туралы айтады. Осы саладағы негізгі құқықтық актілерді бекітіп алып, республика дүниежүзілік тәртіпті орнықтырудағы өзінің жайғасымын мақұлдады.

Қазақстан көрсетілген актілерге қосылғаннан өзге, көш-қны саласында көпжақты және екіжақты көптеген келісімдер жасасты. Осындай құқықтық құжаттар қатарына босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісімде бар (Мәскеу, 24 қыркүйек 1993 ж.)68.

Келісімде айтылған бойынша, осы Келісімнің мақсаты үшін босқын деп, бассауға берген Жақтың азаматы болмастан, өзінің басқа Жақ территориясында тұрақты тұратын жерін, оған немесе оның отбасы мүшелеріне қатысты зорлау немесе қудалау немесе нәсілдік және ұлттық жағдайына қарай, дініне, тіліне, саяси көзқарасына, жәнеде белгілі бір әлеуметтік топқа қатысы бойынша, қарулы және ұлтаралық жанжалдармен байланысты жағдайлар салдарынан тастап кеткен тұлға аталады. Бейбітшілікке қарсы, адамзатқа қарсы немесе басқа қасақы қылмыс жасаушы тұлға босқын деп мойындала алмайды.

Мүдделі Жақтардың көмек көрсетуімен шығатын Мемлекет:

- оның Жақтардың бірінің территориясына кедергісіз кіруі үшін мүкіндік бере отырып, қарулы және ұлтаралық жанжалдар аймағынан халықты алып шығуды жүзеге асырады;

- көшірілетіндердің жеке және мүліктік қауіпсіздіктерін қаматамасыздандырады, ол үшін соғысты тоқтатуды талап етеді, көшу кезінде қоғамдық тәртіпті ұорғауды сақтайды;

- көшушілерді қаржылық, материалдық – техникалық, азық – түліктік, медициналық және көлікпен қамтамасыздандыру мүдделі Жақтар арасында шешіледі.

Бассауға беруші Жақ өзіне келесі міндеттерді алады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар үшін, олардың уақытша орналасқан жерлерінде қажетті әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыздандырады; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларды, халықты жұмыспен қамту туралы әрбір Жақтың қабылдаған заңына сәйкес жұмысқа орналасуға көмек көрсету.

Бұл кезде жақтар өзіне келесідей міндеттерді алады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға, азаматтықтарымен байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды талап ету және беру;

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға бұрынғы тұрған жері бойынша неке туралы, туу туралы куәліктер, еңбек кітапшасын және зейнеткерлік қамтамасыздықты шешу, еңбек мерзімін, шетелге шығуын шешу үшін, т.б. қажетті басқада құжаттарды алуға көмек көрсету;

- босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушы тастап кеткен мемлекет территориясында тұратын туыстары туралы жәнеде сонда қалған мүліктері туралы деректер алуға көмек көрсету.

Келісімнің 7 бабында айтылған: шыққан мемлекет босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушыға оның территориясында қалған баспанасы мен басқа мүліктерінің құнын өтейді, денсаулығына келген зиян мен жоғалтқан жалақысын өтейді. Материалдық өтемақының мөлшері шыққан мемлекеттің бағалауы бойынша анықталады. Жылжитын және жылжымайтын мүліктерін жоғалтқан босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың материалдық зиянын және төленетін өтемақы мөлшерін есептеу тәртібі мүдделі Жақтармен бірігіп анықталады. Бұл кезде Жақтар босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қорын құрады. Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек туралы Келісімнің бөлінбес бөлігі болады.

Келісім бекітуді керек етеді, және осы ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасынан өзге оны бекіткендер: Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Молдовия.

Алматы қаласында 1993 ж. 24 қыркүйектегі Келісіміне Хаттамаға қол қойылды.69

Осы саладағы құқықтық көздердің бірі болып көшіп-қону саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды мойындауға болады (Алматы қ., 8 шілде 1994 жыл)70. Меморандумға Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қол қойған, олар достасқан елдер халықтарының тарихи, мәдениет және рухтық ортақтығына және мемлекеттер арасындағы өзілмес байланыстарға негізделген. Бұл Меморандум Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы Шартқа сүйенеді және келесідей мақсаттарды көздейді: зиялы ой және еңбек әлуетін бекіту, сақтау және дамыту, қатысушы-мемлекеттердегі саяси тұрақтылыққа қол жеткізу, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді жүзеге асыру, регионда тұратын әрбір халықтың ұлттық бірегейлігін сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, ұлттық мәдениет пен тілді дамыту, экономиканы үйлестіруге көмек көрсететін трансұлттық және регионалдық компаниялар, ғылыми-өндірістік орталықтар құру үшін жағдайлар жасау, басқа мемлекет территориясында тұратын бір мемлекеттің азаматына өзінің меншігін құруға, қолдануға және т.б. кепілдік беру, оның ішінде тұрған мемлекетінің заңына сәйкес өндіріс құралдарынада және басқаларға.

Меморандумды жүзеге асыру мақсатында мемлекет Басшылары өздерінің үкіметтеріне 1994 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы халықтар көші-қоны саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасын әзірлеуді тапсырады.

Қаралатын құжаттар қатарына кіретіндер:

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы қоныс аударушылардың қоныс аударуы мен қорғау процестерін реттеу туралы Келісім (Москва қ., 6 шілде 1998 жыл)71;

Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Қазақстан Республикасына еңбек шарттары бойынша келген тұлғалардың өз бетінше қоныс аударуы мен азаматтығын реттеу мәселелері туралы Шарт (Алматы қ., 2 желтоқсан 1994 жыл).72

1995 ж. босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға (1993 ж. 24 қыркүйегі) көмек туралы Келісімнің Хаттамасына қол қойылды. Көрсетілген Хаттамаға сәйкес 1993 ж. 24 қыркүйектегі босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісімнің 8 бабы толықтырылды, үшінші бөлімінің мазмұны келесідей болды: «Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорының қызметі шеңберінде бір жақтан екніші Жаққа кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар (қызметтер, жұмыстар) кедендік баждар, салықтар және ақша жинап алудан босатылады».

1998 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көшіп-қону бойынша Халықаралық ұйымның арасында ынтымақтастық туралы өте маңызды келісімге қол қойылды (13 қаңтар 1998 жыл)73. Келісуші Жақтар болып Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көшіп-қону бойынша Халықаралық Ұйым (КХҰ) табылды.

Келісімде, көшіп-қону бойынша Халықаралық Ұйымның Басқарушы Органдарының қатысты және қабылданған шешімдеріне және сыртқы донорлармен қамтамасыздандырылған қорлардың болуына сәйкес, Ұйым Қазақстанда келесідей көшіп-қону бағдарламаларын жүзеге асыратыны көрсетілген:

- көшіп-қону мәселелеріндегі техникалық ынтымақтастық бойынша әлуеттілік құру, кеңес беру қызметін көрсету және басқа шаралар жасау;

- көш – қоны бойынша ақпарат беру;

- ішкі жіне сыртқы көш – қоны, Қазақстан Республикасының Үкіметіне этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына, босқындарға көмек көрсетуде, экологиялық қоныс аударушыларға, мемлекет сыртына және ішінде орын ауыстырушы тұлғаларға және басқада қажетсінуші адамдарға көмек көрсету; мамандықты кадрларды қайтару және селективті көшіп-қону.

Ұйым Қазақстанда өкілеттік ашуға және оның қызметін жүзеге асыру үшін, қызметкерлер жалдауға құқық (1 бап). Қажет болған жағдайда, Жақтар арасындағы ынтымақтастықтың нақты саласы, бекітілген және келешектегі бағдарламаларға қатысты, Жақтар арасындағы хат жазысу жолымен келісіледі. Ұйымға Қазақстанда БҰҰ мамандандырылған мекемелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі, бұл 1947 ж. 21 қарашадағы мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияға сәйкес74.

Қызметкерлер статусы - Өкілеттілікте жұмыс істеуші Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек контрактісі, шарты немесе келісімі негізінде Қазақстан Республикасының заңымен анықталады.

Соңғы жасалған келісімдер ішінде, 2002ж. 7 қарашада Кишиневта қол қойылған, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек көрсету туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекеттері басшаларының Кеңесінің Шешімін атауға болады.75 Қарастырылып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы мемлекеттері басшаларының Кеңесінің Келісіміне сәйкес, 1995 жылы 10 ақпандағы Ынтымақтас мемлекеттер басшыларының Кеңесі Шешімімен бекітілген, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ережемен анықталған қызметтерді атқарудың мүмкінсіздігіне байланысты, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорын жоюды шешті және 1995 жылы 10 ақпандағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қорын құру туралы туралы Ынтымақтас мемлекеттер басшыларының Кеңесі Шешімін күшін жойды деп мойындалды.

Әлдеде қолдануға енгізілмеген, дегенмен ерекше көңіл аудартатын құжат, бұл босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі мен Ресей Федерациясының ішкі істер Министрлігі арасындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі (22 желтоқсан 2003 жыл)76, қоныс аудару процесін реттеу және қоныс аударушылар құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама Жобасы.

Жобаға сәйкес, Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қоныс аударғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары немесе Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына қоныс аударғысы келетін Ресей Федерациясының азаматтары Келісімде анықталған шарттарға сәйкес, орнықтырылған пішінде сәйкес өтініш береді:

а) Қазақстан Республикасының азаматтары - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне немесе Қазақстан Республикасының көшіп-қону мен демография бойынша Агенттігіне;

б) Ресей Федерациясының азаматтары - Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігіне немесе Ресей Федерациясының ішкі істер Министрлігіне.

Уәкілетті орган немесе кіретін мемлекеттердің елшілері тіркеу жүргізеді және өтініштің Келісім шартына сәйкестігін тексереді және шығатын мемлекеттің уәкілетті органына жібереді.

Кіретін мемлекеттің уәкілетті органы өтінішті қарайды, онда шығуға кедегі келтіретін жағдайдың бары немесе жоғы туралы белгі соғады және кіретін мемлекеттің уәкілетті органына немесе мемлекет елшілігіне бағыттайды. Шығуға кедегі келтіретін жағдай болмаған кезде, кіретін мемлекеттің уәкілетті органына немесе мемлекет елшілігі өтініш берген тұлғаға, қоныс аударуға (келуге) орнықтырылған үлгідегі рұқсатты береді. Қоныс аударуға (көшіп келуге) рұқсат беруден бас тартылған тұлға, екінші рет, шығуға кедергі келтіретін жағдай әрекеті біткен кезде, қоныс аударуға (көшуге) өтініш бере алады. (3 бап).

Уәкілетті органдар, әрбір жарты жылдықта қоныс аударуға (көшуге) рұқсат алған тұлғалар туралы ақпараттарды алмастырып отырады (4 бап).

Өтінішті шығатын мемлекеттің уәкілетті органында қарау мерзімі бір айдан аспауы керек. Өтініште көрсетілген жағдайларды қосымша тексеру қажет болған кезде, бұл мерзімді созуға болады, бірақ бір айдан асық уақытқа емес. Өтінішті қару мерзімі ұзартылған жағдайда, шығатын мемлекеттің уәкілетті органы, кіретін мемлекеттің уәкілетті органына немесе мемлекет елшілігіне хабарлайды.

Қоныс аударуға (көшуге) берілген рұқсат Келісімге сәйкес тұлғаның тұрақты мекен-жайға көшуін мақұлдайтын және қоныс аударушы статусын мақұлдайтын құжат болып табылады. Қоныс аударуға (көшуге) берілген рұқсат, берілген күнінен бастап бір жылға дейін күшінде болады. Қоныс аударуға рұқсат алған тұлғаға, уәкілетті орган қоныс аударушы статусын мақұлдайтын, орнықтырылған үлгідегі куәлікті береді.
Қорытынды.
Сонымен, босқындар проблемасы бүгінгі күнде ерекше мүдделі мәселелердің бірі. Соңғы уақыттарда таралған, ең алдымен, адамдар үшін жоғары қатерлі, терроризм актілерімен, регионалдық соғыстармен туған жағдайлар сөзсіз, жанжалдар пайда болған жерлерден қашқан босқындар ағынын тудыруда. Олардың ішінде, барынша айқын мысал ретінде көруге болатын, Америкадағы террористік актілер, оның жауабы ретіндегі Ауғанстандағы әскери әрекеттер, соның нәтижесінде Ауғанстаннан қашқан босқындардың өте үлкен армиясы пайда болды (2001 – 2002 ж.ж); Израилдың Палестинге қарсы әскери әрекеті, оның нәтижесінде палестиндік босқындардың ағыны күннен – күнге артуда (2002 ж.) және т.б.

Сонымен қатар, босқындар табиғи катаклизмалар, саяси соқтығыстар және көптеген басқа себептер нәтижесінде пайда болады. Көрсетілген кез-келген жағдайларда адамдар олардың құқығы мен еркіндігі бұзылған, өмірі мен денсаулығына өатер төнетін жерден қашады.

Соған қарамастан, босқындар жағдайын реттеуші халықаралық құқық нормалары әлдеде, құқықтық қорғау жүйесі ретінде, толық қалыптаспаған, өйткені төтенше деп есептелетін жағдайларды реттеу қажеттігін қамтамасыз ете алмайды. Белгілі шамада олар зәбірленуші тұлғалардың жағдайын жеңілдетеді, бірақ олар ақырына жеткізілген болып табылмайды, өйткені босқындар мен бассауға іздеушілерге, бұрынғыша уақытша бассауға немесе уақытша қорғау, өзінің үйлеріне қауіпсіз қайту немесе өтемақы төлеуден бас тартылуы мүмкін.

1) Жүргізілген талдаулар негізінде, бүгінгі күнге босқындарға қатысты қолданылатын негізгі әзірленген ережелер келесілер болып табылатынын айтуға болады:

- кемсітушілікке тыйым салу, еркіндік пен жеке қауіпсіздік;

- босқындарды, олардың өмірі мен еркіндігіне қатер төнетін елге немесе территорияға қайта оралуын сақтандыру;

- босқын статусын орнату процедурасына жетуді қамтамасыздандыру;

- бассауға (баспана) беруді қамтамасыз ету;

- жер аударуды болдырмау;

- тұтқыннан босату;

- жеке басының куәлігі мен жүру құжаттарын беру;

- өз еркінше өз еліне қайтаруға ықпал ету;

- жанұялардың қосылуына ықпал ету;

- оқу орындарына жетуді қамтамасыздандыру;

- еңбекке құқықтылықты және басқада экономикалық және әлеуметтік құқықтарды қолдануды қамтамасыздандыру;

2) Көрсетілген ережелердің көбісі бірінші дәрежелі маңызы бар ережелер болып есептеледі, ал non-refoulement принципі тұрақты шешімдер іздеудің ең маңызды бастапқы нүктесі қызметін атқарады. Дегенмен, босқындарға қатысты қабылданатын шаралар және олар өмір сүретін жағдайлар, жеке бастың қауіпсіздігі, отбасылардың қосылуы, шешімге жету үшін халықаралық күштің көмегі туралы талаптарға үлкен салмақ береді.

3) Халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда босқындарға қараудың дәл стандарты, олар тұрған мемлекет Конвенция мен Хаттаманы немесе басқа сәйкес шарттарды бекіткеніне тәуелді ерекшеленеді. Ол босқын ұғымы терминіне кең немесе тар мән берілуіне байланысты болады, тұлғаның ресми түрде босқын деп мойындалуы және мемлекет территориясында заңды тұруыда осыған байланысты.

4) Босқын статусын орнықтырудың ресми процедурасы маңызды дәрежеде 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттаманың жүзеге асырылуы мен қолданылуының тиімділігін қамтамасыз етеді, сондықтан Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңындағы процедура деп аталған заңды бекіту босқындар сияқты құбылыспен күресте мемлекет саясатын анықтайтын маңызды кезең болып табылады.

5) Қазақстан Республикасында босқындардың саясаттық – құқықтық статусыарнайы заңда бекітілмеген, бұл әрине өз кезегінде ағаттық болып табылады. Бұл жағдайға қатысты Ресей Федерациясын мысалға келтіруге болады, онда босқындардың құқықтық қатынастары жеке салалық заңдық актіде бекітілген. Біздің республикамызда ондай заң жоқ және босқындардың құқықтық статусы заңдардың толық блогімен реттеледі. Бәрінен бұрын, бұл ҚР «Халықтың көші – қоны туралы» заңы, одан соң әртүрлі тектегі үкімет қаулылары, ведомстволық ережелер, нұсқаулар және т.б. жүреді.

Осыған қарамастан, Қазақстан зерттелінген салада екіжақты және көпжақты келісімдерге келе отырып, өзінің тыныштық пен достыққа ұмтылатын бағдарламаларын жүзеге асыруда. Осыған байланысты, көптеген елдерден айрықшылықты, Қазақстанның босқындарды құқықты реттеу саласындағы қатынасы тұрақты болып қалатынын атап айту керек. Мысалы, атап айтқанда, АҚШ президенті Д.Буштың өкіміне сәйкес, 2006 жылы Құрама Штаттар 70 мыңнан артпайтын саяси босқындарды қабылдайды, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл қудалауға ұшыраған немесе АҚШ-та тұратын өзінің жақын туыстарымен қауышқан адамдар. Квота 10 мыңға азайтылды, бұл иммигранттарды (көшіп келушілерді) қабылдауды шектеудің жалпы онжылдық беталысын көрсетеді. Р. Рейганның кезінде квота 200 мыңды құрады. Бұрынғы Кеңестік Одақ елдерінің ішінен келесі жылы босқындар статусын 17 мың адам ала алады77.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет