Мазмұны Кіріспе: 3-4 Теориялық бөлім



бет1/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,35 Mb.
#33251
  1   2   3   4   5   6




Мазмұны

Кіріспе: 3-4
Теориялық бөлім
1.1. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын

табиғи апаттарда зерттелуінің психологиялық

астары 5-10

1.2. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу теориялары мен механизмдері 11-22



ІІ. Эксперименттің зерттеу бөлімі
2.1. Эксперименттің зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері 23

2.2. Эксперименттік зерттеу барысы 24-29

2.3. Зерттеу мәліметтерін өңдеу 30-33

Қорытынды 34-35
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36-38

Кіріспе
Адам баласы табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы адамның психологиялық жетілуі табиғат пен адамның әлеуметтік – психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады. Бұл табиғаттың өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда болды. Табиғат құбылыстарының апаттары : жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат құбылыстарының адамға әсері жөнінде Кореленко И.П., Гостюшин А.В., Лебедев В.И., Черноушек М., Душков Б.А. еңбектері болса, қорқыныштың ерекшеліктерін В.А. Андрусенко, В.Б. Сапунов, Ю. Щербатых, мазасыздануды Ч. Д.. Спилбергер, Г.Н. Кассиль өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи апаттардың адам психологиясына әсер ете, оның күнделіікті өмірде өзін ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі, жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды. Мүмкін болатын табиғат апаттарында адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын бөліседі.

Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Жер шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым - үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі – сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп, тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.



Өзектілігі: Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы жаңадан ХХ ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде аса маңызды көкейтесті, өзекті мәселелердің қатарына көтерілді. Адамның эмоциялық толғаныстарының ерекшеліктері негізінде зерттеу мәселесі психологиядағы теориялық және әртүрлі қолданыстық мәселелерді шешу өте маңызды. Бұл мәселенің маңыздылығы адамның мүмкін болатын табиғи апаттардағы қорқынышы мен мазасыздығын Алматы қаласының сейсмологиялық қауіпті зонада орналасқанына байланысты зерттеуге алынды.

Адамдардың табиғи апаттардың алдын-ала сезінуі ғылыми тұрғыдан түсіндірілмеген. Сонымен бірге, қарастырылатын жұмыс психологиялық жаңа және өзекті болып табылады.



Мақсаты: Мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу кезінде психологиялық әдістер көмегімен қорқыныш пен мазасыздықтың психологиялық сипатын анықтау.

Негізгі міндеттері:

  1. Тақырыпқа байланысты шетел және отандық психологтардың

еңбектерін қарастыру.

  1. Мазасыздық пен қорқынышты психологиялық зерттеуде әдістер арқылы анықтау.

  2. Ғылыми негізделген ұсыныстар келтіру.

Зерттеу пәні: Мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу.

Жалпы болжамы: Табиғи апаттардың ықтималдығына байланысты адамдарда қорқыныш пен мазасыздық күйлері бар.

Жеке болжамдар:


  1. Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныш және мазасыздық күйлерінде айырмашылық болады.

  2. Мүмкін болатын табиғи апаттар адамдарда қорқыныш пен мазасыздық тудырады.

Жаңашылдығы: Алматы қаласының тұрғындарының мүмкін болатын табиғат апатына сәйкес қорқынышы мен мазасыздығын психологиялық зерттеу болған емес.

Әдістер:

  1. Сауалнама

  2. Тейлер пікіртерімі

  3. Тұлғаның мазасыздығын бағалау мәселелері

(Ч. Спилбергер мен О.Л. Ханин бойынша)

  1. Тұлғаның А типін диагностикалайтын сауалнама


Теориялық маңыздылығы: Мүмкін болатын табиғи апаттарды және тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын сипаттайтын психологиялық механизмдердің талданылуы және осы мәселе бойынша әртүрлі психологиялық еңбектердің қарастырылуы.
Практикалық маңызы:

Зерттеу нәтижелері Алматы қаласында

мүмкін болатын табиғи апаттардағы

тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын

зерттеу жалпы психология мен

психофизиологияда сынау мүмкіндігін

береді.

І. Теориялық бөлім

1.1. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын табиғи апаттарда зерттелуінің психологиялық астары

Эволюция процесінде адам арнайы жағдайларға қоршаған орта, метеорологиялық - климат, әлеуметтік-психологиялық қатынастарға бейім. Қазіргі замандағы өркениеттің даму барысында адамға жаңа міндеттер қойылып, принципиалды жаңа әсерлердің пайда болуы, ғылыми-техникалық революциямен байланысты, өмір қозғалысының, уақыттың бірлігінде өсу сапасының өзгеруі, әртүрлі ситуациядағы туындайтын жағдайлар, таптаурындардың әдеттегі шегінен аспайды. Адам баласының табиғатқа қатынасы қашанда әдемілік негізін қалаған. 70’’Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат адамды қайырымды, бір мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды етіп тәрбиелейді. Ол денсаулық, шабыт және шығарманың қайнар көзі’’-дейді П.И. Мариковский. 73

Табиғаттың тозуы бұл экологиялық дағдарыс. Бұл - ғаламат опат. Адам табиғаты қалыпты жетіліп дамуы үшін самал желді, жаңбырдың себелеген дыбысын, құстардың дауысын, өзен ағынының дамуын тілейді. Адамзат жер бетіндегі табиғи құбылыстардың бәрінен ләззат алады. 74 Адамдардың климат-метеорологиялық жағдайындағы территорияларында тұруы, тұрғын үй комплекстерінің құрылысы, өнеркәсіптің дамуы, психофизиологиялық бейімділігіне байланысты. Адамның адаптивті ресурстарды максималды қолдану арқылы өмір сүруі организмнің бейімділігінде қалыптасады. 21

Табиғи апаттар адамның психологиялық көңіл-күйіне қатты әсер етуінен қорқыныш пен мазасыздық пайда болып, жеке және топтық жүріс-тұрысқа әсер ете, сыртқы ортаға күнделікті бейімділігімен іс-әрекетін бұзады.11 Мүмкін болатын табиғи апаттардың белгісіз уақытта болу ерекшелігімен айқындалады. Апаттың мүмкін болатын табиғи түрде басталу процесінің екі аспектісі анықталған: қауіптілігі мен катастрофаның болу мүмкіндігі. Қауіпті апатқа адамның психологиясы мен әрекетіне әсерін тигізетін жер сілкінулер, цунамилер, циклондар, жанар таулардың атқылауы, қар көшкіндері, су тасқыны жатады. Қарапайым құбылыстардан “кездейсоқ процесстер” деп, екінші эрозиялар, желдің шаңды көтеруі, құмдардың көшуі. Мүмкін болатын табиғи апаттар адамдарды жиі өз құрбанына айналдырады. Соңғы 100 жылда 9 млн. адам су тасқынынан, 1 млн. жер сілкінуден, 1 млн. қатты желдерден, тайфун және тропикалық циклоннан қаза тапты. Миллиондаған жандардың өмірін қиған эпидемиялық мүмкін болатын табиғи апаттардың спутниктері, құрғақшылықтар. Тарихи және әлеуметтік жағдайларға байланысты территориялардағы экономиканың деңгейі, жерді игеруі, географиялық аудандар басқа процестермен бірігуі, орналасуы, ауа-райы құбылысының ұзақтығы мен интенсивтілігіне орай табиғи апаттар болуы мүмкін. 48

Тұлға-адамның әлеуметтік сапалы жүйесі. Оның санасы, интеллектісі, адамгершілігі, адам құндылықтарының дамуы ішкі дүниесі тұтастай сипаты болып келеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, ақпараттар тұлғаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Жағдайлардың туындауы, шыдамдылықты сақтау мүмкіндігінің, әртүрлі дағдарыстарды шешуге әкеледі. 15 Субьективті нақтылық оның сенім шегінің жоғары болу мақсатымен сәйкестендіру. Субьективтілікті көрініс ретінде қарастырсақ, жекелей алғанда көптеген адамдар өзгелер не істесе соны істеуге өзін көндіреді. Экстремалды жағдайларды сезіну, оқиға барысында өзін меңгеру жағдайлары ескерілмейді. 30

Қазіргі өркениетте адамдар өміріндегі қиыншылықтар мен қауіптерді мүмкін болатын табиғи апаттардың қиянаттарын үлкен мәселе етіп көтеруде. Жер планетасын және әр адам құндылықтарын сақтауда бұкіл ғалам әрекет етуде. Сақтауды қамтамасыз ету өздігімен емес, арнайы қызмет көрсету орындары жүргізу тиіс. Ол адамның жеке өмірін қамтамасыз етуде үздіксіз үзбей атқарылуы тиіс. Адамдар өмірін сақтауға байланысты міндеттер:



  • Мүмкін болатын табиғи апаттардың адамға тигізетін

психологиялық әсерін анықтау;

  • Мүмкін болатын табиғи апаттардағы әр адамның дайындығына байланысты әрекеттері;

  • Мүмкін болатын табиғи апаттардан адамда сенімділік пен жеке мүмкіндіктерінің жетістіктерін мотивтер арқылы қалыптастыру;

  • Апаттардың кездейсоқ екендігіне орай бойындағы сапалы қасиеттерді дамыту (ұстамдылық, әрекетті тез игеру, өзін-өзі басқара білу және т.б.);

  • Апаттар жайында білімдер, дағдылар, іскерліктерді қалыптастыру

  • Арнайы топтардың сенімді көмегін ұйымдастыру. Бұл міндеттердің шешімі адамдардың өмірі мен іс-әрекетінің (тұрғылықты мекен-жайы, жасы, кәсіби әрекеті, әлеуметтік ортасы, әлеуметтік жағдайы) ықтималдығына байланысты.

Адамдарды апат болған жағдайда психологиялық тұрғыдан күйі мен әрекетін, мінез-құлқын тану өте күрделі. Апат-обьективті-субьективті жағдайлардың реалды жиынтығы, адам болмысының ерекшеліктеріне, оның өмір сүру әрекетіне белгілі бір уақытқа байланысты сипаты.
Апат-әлеуметтік-табиғи тұтастылық. Қазіргі кездегі апат барысында адамның психологиясына жүйелі бағытта ерекшелігін анықтап, уақытша қиындаған функционалды тұтастылықты, адамның ішкі-сыртқы жүйесін қарастыру. Өзара байланыс, өзара ұйымдасқан, бір-біріне әсер ететін – адамның шешімі, мінез-құлқы, қылығы, әрекетінің интегралды, оның қалыптасуының жүйелі өнімі.

Адамның апат жағдайындағы жүйесі:





Апат жағдайының компоненттері:



  • Сыртқы орта, сыртқы жағдайлар;

  • Тұлғалық- жағдайды бастан кешірген адамның әрекеттті таңдауы:

  • Мінез-құлық-адамның жету мүмкіндігі.

Компонентер бір адамның өзінде тұрақтылықты сақтамайды. Біркелкі оқиғалар, адамдардың индивидуалды ерекшеліктеріне қарай қабылданады. Бұл негізгі үш компоненттің нәтижесі адамның психикасында сапалық қасиеттері, процестері, механизмдері басты роль атқарады.54

Апат кезінде болған адамның психологиялық құбылыстары:



  • Апаттың жеке факторларындағы адамның бағалауы, кез-келген фактор адамға субьективті қабылданады;

  • Апаттың мәнділігі және оған қарым-қатынас, критерийдің мәнділігін адам кез-келген реакцияда көрсетеді. Апаттың мәнділігі жоғары болған сайын адамға күнделіктен өмірден жоғары психологиялық әсерлер күшті реакция береді.

  • Апатағы мотивациялық белсенділіктер: адам қандай мақсатпен ұмтылады, жету белсенділігі мотивацияға байланысты. Кей мотивтер адамды жетелеп алып шығады. Ұлы қуаттар ұлы мақсатқа жету үшін туылады, кім мақсатына жеткісі келеді тәсілдерін іздестіреді, кімге бәрібір себебін іздестіреді.

  • Мобилизациялы – жеке мүмкіндіктер, апат барысында дұрыс мінез-құлық пен әрекет қажет, жетістік пен сақтануды қамтамасыз ету.

  • Мінез-құлық, әрекетті, шешімді қабылдаудағы бейімділігін апат кезіндегі дайындық анықтайды.

  • Адамның психикалық күйі. Адамның қолайсыз күйден арылудағы мүмкіндіктеріне тәуелді.

  • Мінез-құлықты басқару- адамның өзін-өзі басқарудағы психикалық әрекетті өзін-өзі реттеу, өзін-өзі меңгеру, қадағалау, тепе-теңдік күйін сақтау. 61

Апаттардың типтері:

  1. Обьективті экстремалды апат: Сыртқы ортаның қауіптілігіне адамның шамасы жетпейді. Ол қиянаттар, қауіптерден, қиыншылықтардан тұрады.

  2. Экстремалды мүмкін апат: Жабық түрдегі қауіптер. Оның обьективті дамуына адамның тікелей әрекетінен болады. Мүмкін болатын апаттарды болдырмас үшін байқағыштық, аңғарымпаз, апаттардың ықтималдық пайда болуын, өсу тұстарын білу және түсіну.

  3. Жеке виктимді экстремалды апат: адамның психологиялық және әлеуметтік қалыптасуының төмендігінен пайда болады.

  4. Қиялдағы экстремалды апат: адамның қылығынан емес, қиялында болады. Олар адамға қорқыныш, мазасыздық тудырып, өзіне сенімділігін азайтады. 62

Табиғи апаттардың адамда психикалық күйіне өзгеріс енгізетінн 1979 жылы В.И. Медведев, ’’Апаттың ықтималдығы экстремалды ұғымның абсолютті болуында емес’’ деп көрсеткен. Психологиялық жағымсыз күйлердің әртүрлілігі адамның қабылдау мәнділігіне байланысты. Әр апаттың сипаты адамның белсенділігін талап етеді.

Арнайы белсенділік – адамның қатаң түрдегі ерекше шешімінің нәтижесінде жетістікке жету бейімділігі.

Арнайы емес белсенділік - өзін-өзі қарсылыққа дайындамау, ерік-жігердің төмендігі. Адам тек организм ғана емес, ол тұлға ретінде өзінің күш-қуаты сарқылғанша табиғатпен бірге өмір сүреді. Жағдайға бағдары, шешім қабылдауы, қылықтар жасауы, әрекетті орындауы, жеке өмірін қамтамасыз ету және реттеу адам болмысына табиғи факторлар әсерін тигізеді. Психикалық күйлердің шегіне жетуі адамның жүйкелік ерекшеліктеріне әсерін тигізеді. Адамның бейімділігі жоғары болып, тұрақтылығын сақтау тиіс. 48
1.2. Мұмкін болатын табиғи апаттардың адамзатқа тигізген әсерлері

Табиғи апаттар ішінен адамдарда ерекше қорқыныш қалдыратын жер сілкінісі. Жер сілкінісі – кенеттен тыс болатын жер дүмпуі, жер қыртысының кульминациялық құбылысы. Бұл процесс белгілі аймақтарда анықталған және анықталмаған 10 жылға созылуы мүмкін, адамның психикалық күйіне күшті әсер береді. Адам көбінесе жер сілкінісінен қорқады. Себебі, жерде өмір сүргендіктен оның тербеліске ұшырауы, оның ең үмітті өмір сүру әрекетінің бұзылуына әкеледі. 4

Жылына Жерде 300 ден 600-ге дейін (7 балдан жоғары) жер сілкінулер болады. Сейсмолог Дудтың 1867-1964 жылғы каталогы бойынша 1263 қатты жер сілкінісінң 1004 Тынық мұхитында болғанын көрсеткен. Жер сілкінісі су астында болған кезде бірнеше метр биіктікте үлкен толқындар болып, жақын маңдағы аудандарды су шайып кеткен. Жер бетінде осының салдарынан 1/8 адамдар құрбан болған. Кейбір адамдар жер сілкінісінің қауіптілігін ескермейді.

Жер сілкінісі қалай байқалады? Мұны халықаралық сейсмикалық шкаланы қолдана MSSC - 1964 ж. үш фрагментін мысалға келтірейік.



4 балл. Байқалатын жер сілкінісі.

Жер сілкінісін іште отырған адамдар көп сезінеді. Ашық аспан аясында адамдар онша сезінбейді. Ұйықтап жатқан адамдар оянады, бірақ қорықпайды. Жүріп бара жатқан жүк машиналарына қысым түсіреді. Терезе, есік, ыдыс-аяқ салдырлайды. Қабырға мен еден сықырлап, жиһаз қозғалады. Ашық сұйықтар ақырын тербеледі. Тұрған машина орнында тербеліс байқалады.



7 балл. Ғимараттардың қирауы.

Адамдардың көпшілігі қорыққандықтан үйден сыртқа қашады. Аяқтарын әрең басады. Тербеліс машина жүргізушілерге қатты білінеді. Кірпішті, үлкен блокты және панелді үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болып, кесек штукатурлар бөлінеді. Ауылдың құрылыстарында, кірпішті үйлер бұзылып немесе қабырғалары терең жарылып, мекендерінің кейбір бөліктері қирайды. Тасты қоршаулар, құбыр өткізгіштер бұзылады. Судың жоғарғы бетінде толқындар пайда болып, су лайлы болып өзгеріске ұшырайды.


11 балл. Катастрофа.

Өте жақсы салынған құрылыстар, плотиналар, темір жолдар, транспорт жолдары, құбыр өткізгіштер толық қирайды. Таулы аймақтар да өзгеріске түседі. 21

Әлеуметтік-психологиялық жер сілкінісінің адамның жүріс-тұрысы мен табиғаттағы өзара қарым-қатынасының әсері қалай пайда болады? Жер сілкіну болғанда мынандай сұрақтар адамды мазалайды: Адамдар сол өзі тұратын жерде жер сілкінісі тұрған үйлерін қирататынын біле тұра, неге сол жерде өмір сүреді?

Мұндай катастрофалардан кейін тірі қалған адамдар сол жерге тұрғын үйлер салуы?

Маманға сұрақ түсінікті: бірінші адамдар өз тәжірибелерінен біледі, катастрофаның қайталану ықтималдығы нөлге тең, практикалық тұрғыдан бір ұрпақтың өмір сүруіне болады.

Екіншіден адамдар туған жерінен кеткісі келмейді. Өз туған жерінен кетпеуі, алыстамауы бұл экономикалық емес, психологиялық мінез. Туған жерінен кету, тіпті бұл үй жер сілікінісінен құласа да, туған үйіңді мәңгілікке тастау. 20

Адамдардың жер-сілкінісін алдын-ала сезінуі ғылыми тұрғыдан түсіндірілмеген. Қандай көрінбейтін біздің күнделікті сезімдеріміздің себептері – адамның жер сілкінісін алдын-ала сезінуінде болуы ықтимал. 34 Жапонияда жыл сайын жүздеген жер сілкінулер болып тұрады. Ақырын жер сілкінулер күнде деуге болады. Ал күшті жер сілкінулер жылына бірнеше рет өте күшті жер сілкіну азырақ болады. Ондай кезде адамдар өліп, көп шығын шығып, ғимараттар қирап, өртенеді, темір жолдар істен шығады. 1955 жылы жер сілкінуден Кобе қаласы қирап, 5 мың адам өлді. Сондықтан бүкіл елде оқушыларға, жұмысшыларға жер сілкіну кезінде өздерін қалай ұстауы керек, қайда тығылу керектігін үйретеді. Жапониядағы ескі және жаңа ғимараттар жер сілкінісін есепке алынып салынған. Ауа райына сәйкес тірек ретінде тереңге биік бағана орнатылады. Ал қазіргі кездегі көп қабатты үйлердің қабырғалары қалың, болат қаңқамен бекітілген болады. Ең алдымен, электромагниттік өріске көңіл аудару керек. Көптеген жер сілкінісі алдында жердің бетінде және ауада электромагниттік сәулелердің импульсивті көрінісі тіркелген.69 1948 жылы Ашхабадта үйлердің нашар салынуына байланысты 110 мың адам құрбан болған. 1966 жылы Ташкентте жер сілкінісінен кейін алдыңғы және соңғы жылдармен салыстырғанда, стенокардия, инфаркттің миокардасы, гипертония, мидағы қан айналым бұзылысы, эндокринді аурулардың көбейгені байқалған. Жердің дүмпулерінің жиілігінен тамыр ауруларының саны өскен. Тіпті медициналық сейсмологиялық термин – жер сілкінісі синдромы көрсетілген. 7 желтоқсан 1988 жылы Арменияның Спитен қаласында болған жер сілкінісі салдарынан 25 мың тұрғын жер жастанып, 17 мың адам жарақаттанған. 28-29 мамыр 1995 жылы Нефтогорск Сахалин халқының 70% жойылып кеткен. Болгар ғалымдарының байқауынша, кейбір тіпті сау адамдар жер сілкінісіне дейін есепсіз қорқыныш, бастың айналуы, әлсіздікті сезінген. Жер сілкінісінен адамдарда бас сүйегінің, кеуде клеткалары мен жамбас жұмсақ тканьдерінің соғылуынан зақымданған. 54 Өкінішке орай, әлеуметтік-психологиялық түрткі адамдардың жүріс-тұрысында аз көрінеді. Әлеуметтік-психологиялық жер сілкінісінің эффектісі халықаралық ғалымдар бірлестігінің интенсивті және кең түрде қарастырмаған. 28 Адамның интенсивті әрекеті табиғи апаттарда жоғарылайды, қауіптенушілігі артады. Жер бетінің экосистемалары аудандарында жоғары температура әсерінен біркелкі табиғи процестер бұзылып, экосистема компоненттері өмір сүруін тоқтатады, өзгеріске ұшырайды. Табиғи өрт болу салдарынан адамдар күйік және механикалық жарақаттар алады. Әртүрлі географиялық ортада өзінің арнайы жағдайы туындауына мүмкін болатын апаттың қауіптілігін адам ескермейді. Таулы аудандардағы көшкіннің қауіптілігі өткір мәселе тудырып отыр. Көшкіндердің құбылысы адамда паникалық қорқыныш шақырады. Көшкіндер 200 км/сағ жылдамдығы, тебу күшінің жоғарылауы 100 т-м2, қар көшкінінің көлемі 2-3 млн м3 дейін жетеді. 26

Әдебиеттерде көшкіндермен байланысты аз айтылмаған. 16 наурызда 2004 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылындағы қалың жауған қар мен жаңбырдан болған табиғат апаты 28 адамның өмірін қиған. Мұндағы табиғат апатын тұрғындар былай сипаттаған: ‘’Арт жақтағы биік дөңнің ортасы қуыстанып жарылғанына бірталай уақыт болған. қар суы мен жаңбыр суы оның ішіне әбден сіңіп, тұла бойын кернеген. Қара топырақты қой тасты жыныстың жапсары сөгілген сәтте ол дес бермейтін өте жойқын лай тасқынына айналған. Қысқасы таудың қия беткейі сырғып, екі қабатты тұрғын үй мен оның алдындағы пәкене құрылысты құрдымға жіберді. Бірінші қабатта орналасқандардан тірі қалған жан жоқ. Олармен бірге көрші тоғыз қытай азаматы да опат болды. Мұндай алапат лай көшкіні бұрын-соңды ел өмірінде ешқашан тіркелмеген екен. Қаралы хабар тек жетісулықтарды ғана емес, күллі алаш баласын аһ ұрғызып, қабырғасын қайыстырды’’. 68 Бірінші дүние жүзілік соғыста, австро-италиялық соғыста 50 мың сарбаз қар көшкінінен қайтыс болған. Австрияда қар көшкінініен бірнеше ауылдар жоғалып кеткен. Таулы аймақтарда өмір сүретін адамдарда қар көп жиналған сайын қорқыныш пайда бола бастайды. Көшкіннен қорғану екі категорияға - инженерлік және профилактикалық болып бөлінеді. Инженерлік қорғауда көшкіндерден қауіпті құбылыс орындардан қашу мүмкіндігі жоқ кезде қолданады. Көшкіннен қорғануға галерея, көшкінді тоқтату, бетонды тосқауылдар, қар ұстағыш шиттар, тас қамалдар. Профилактикалық тұрғыда қорғану көшкіннің қауіптілігін болжау туралы ауа-райы, көшкіннен сақтану шаралары, вибраторларды қолдану.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет