Мазмұны Кіріспе I. Заманауи технологиялардың білім беруде алатын орны 1



бет1/3
Дата28.06.2017
өлшемі246,48 Kb.
#20384
  1   2   3
Мазмұны

Кіріспе
I. Заманауи технологиялардың білім беруде алатын орны

1.1 Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

1.2 Интерактивті тақта мүмкіндіктерінің сабақта қолдану технологиясы.
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен тәрбие сапасын көтеру туралы әркез айтып келеді. Бірақ, бұдан қорытынды жасап, проблеманың себебін іздеп, анықтап, шаралар қолдаудың орнына, тиісті оргындар оқушылардың оқу деңгейін тексереміз, тесті жүргізіп жатырмыз, деп проблеманың салдарымен уақыт өткізуде. Әрине, мәселелердің салдарымен күресіп көзге түсуге болады.

Ройс Сэдлер: «Сапа тұжырымдамасын мұғалім қалай түсінсе, оқушының да солай түсінуі, жұмыс нəтижелерінің сапасын үздіксіз бақылау мүмкіндігі жəне кез келген сəтте пайдалануға болатын баламалы адымдар мен стратегияларға қол жеткізу оқытуды жақсартудың міндетті шарттары болып табылады».

Біздің еліміз ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі  қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне келіп отыр. Қазіргі кезде қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтер қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие және білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс – әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі –маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой – өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім беру жүйесі қоғам мен оның дамуына ықпал жасайды. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Демек, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек салдары болып қалмай, қажетті шарттары болып табылады. Оқу үрдісін басқару тек қана техникалық оқу құралдарын сабақ үстінде дамыту немесе компьютерлендіру емес, жоғары нәтижелерге бағытталған біртұтас өзара байланысты әдістер, тәсілдер, мазмұнның жиынтығы деп қарастыруға болады. Мұғалім оқытудың әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдеріп отыру, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Бұл міндетті орындамайынша сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.

I. Заманауи технологиялардың білім беруде алатын орны

1.1 Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары

Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту керек. Биыл біздің мектебіміз білім көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Сол себебі түгел білім беру процесін өзгерту мақсатымен жұмыс істеуде. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жекетұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.Осы бағдарлама бойынша мұғалім өзі-өзіне баға бере білуі және жұмыстың барлық түрін коррекциялық жағдайда ұйымдастыруы дәрежесін анықтай отырып жеке тұлғаға адамдық,азаматтық түрткі жасай білуі қажет. Сол үшін мұғалім мына қағидаларды назарда ұстауы тиіс:

-Білім беру үрдісін басқару ісіндегі белсенділік;

-Сыныптың әр оқушымен ізгі қарым-қатынас орната білу;

-Мұғалінің жұмысты ұйымдастырудағы жаңашылдығы;

- Мұғалімнің белсенді әрекетке кәсіби және психологиялық даярлығы.

Мектебіміз соңғы үлгідегі информатика, мультимедиа кабинеттерімен жабдықталғандықтан, мұғалімдер компьютер, қашықтықтан оқыту, электрондық оқулықтар арқылы сабақ жүргізуіне мүмкіндік алды.


Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. 
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе-білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды даярлау.  Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты- білімді сапалы ету, оқушының толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.  Жалпы білімнің үш міндеті бар, олар-баланың өзіндік жалпы дамуы, жан –жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау.  Дәл қазіргі кезде оқытудың кең көлемді қоры жинақталған. Солардың бірі –оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру.  Мұғалім оқыту үрдісін басқаруда оқытудың мотивін, мақсатын, мазмұнын, құралдарын, әдіс-тәсілдерін және қорытындысын жақсы меңгеруі және қолдануы керек. Сонда ғана балалардың өз пәніне деген қызығуын арттыра алады. Қызығу- адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі.Оқушының танымдық қызығуы танымдық саласына қатысатынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы болып табылады.       Бұл орайда белгілі ғалым Л.Выгодский былай деген: «Ең алдымен бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса. Осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса тек сол әрекетті басқарып отыруы керек. Оқушылардың таным деңгейі олардың берілген білімге деген қызығуы және білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты , ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына байланысты.» Сол үшін мұғалім өз білім деңгейін де әрқашан арттыруға тиіс. Ол қазіргі заманға сай мұғалім тәжіреби-эксперименталдық бағдарламаны жасап, негізгі дидактикалық мақсат пен міндеттерін айқындап, өз жұмысын ғылыми түрінде жоспарлап,оқушылардың білім деңгейін көтеруіне басшылық жасау. Осындай бағдарлама жасау кезінде мен өз алдыма мынандай мақсаттар мен міндеттер болуы керектігін тиімдедім:

-оқыту үрдісін жоспарлай білуі;

-оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы;

-жүйелі түрде бақылау мен бағалау үрдісін жүргізіп отыруы;

- оқушыларға берілетін білімдердің мақсаты мен қажетін түсіндіру мен оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді қалыптастыруы;

- оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауына мүмкіншілік жасаумен қатар басшылық етуі; 

- оқушылардың берілген білімді толық қабылдауы мен ғылыми ұғымдарды санасына қалыптастыруды басшылыққа алуы;

- берілген білімді тәжірибеде қолдануға және бекітуге басшылық жасауы; 


- оқушылардың алған білім бойынша таным –түсінігін есепке алу, тексеру, және бағалау үрдісін іске асыруы. Информация- ақпарат: - адамдар арасындағы бір-біріне берілетін мәлімет;-хабар беру арқылы анықталмағандықтың азаюы;

-кез келген нысан және үрдістің әр түрлілігін кескіндеу және хабарлау.


Өзімнің іс-тәжірибем  бойынша , биылғы оқу жылынан бастап сабақтың ұйымдастырылуына, өту жолына, түріне, өту кезендеріне жаңа сипаттама жасалды. Оқушының дербес ізденуі, жаңа тақырыпқа сай қосымша әдебиетпен жұмыс істеу жолдары белгіленді. Оқу үрдісінің басқару кезеңі төрт бөлікке бөлініп,оның сипаттамасы анықталды:

-Бірінші кезеңде оқушы өзінің алдағы орындайтын жұмыс нысанымен танысады, мөлшерлейді. Ол үшін жалпы тапсырманы оқулық бойынша жеделдете қарап шығады. Көлемі мен міндетін анықтайды, жоспар жасайды. Қандай логикалық жүйеде орындалу керегін сезінеді. Осы тапсырманы орындауда қажетті заңдылықтар мен ұғымдарды, ережелер мен сыбаларды есіне түсіреді. Бұл даярлық кезең деп аталады.

-Екінші кезеңде жасалған жоспары бойынша түсіну, тақырыпты игеріп оқу, тану мақсатындағы белсенді дербес танымдық әрекетке жұмылады. Грамматикалық ұғымдар мен түсініктерді игереді. Танымдық түсіну, қабылдау үрдісі жүреді: талдау, түсіну, салыстыру, қорыту жасай отырып дербес игеру міндетін атқарады. Тақырыпты материалдық, мазмұндық тұрғыдан өздігінен игереді.

-Үшінші кезеңде оқушы ұғынған оқу материалдарын ішінен айтып шығады. Болмаса жазбаша орындауға болады. Басқару осы кезеңі де аса маңыздысаналады. Қабылдағанын ойша айтып, не жазып отырғанда бұрын мән бермеген, қалып қойған жағдайлар мен ұғымдар анықталады. Барлық білгені талдаудан өтеді. 

-Төртінші кезеңде оқушының білім мен дағдысын сырттай бақылау жүзеге асады. Оқушы өзін ойын, түсінігін білдіріп, тақырыптағы негізгі мәселе төңірегінде пікір айтады, талдауға қатысады. Ал екінші жолы- жазбаша жауап қайтару. Ол шығарма, эссе, т. б. Үлгіде болуы мүмкін.
Оқушылардың білім алуын басқау- бүгінгі таңда мектептің алдындағы басты міндеті. Сондықтан жаңа білімді игеру жолдарын, игеру жүйесін білім алушылардың бойында қалыптастыру мұғалімнің жетекші парызы деп санаймын.

Оқу үрдісін басқару сабақ үстінде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында өзара белсенді қарым-қатынастың жоғары деңгейде қалыптасуын талап етеді. Сондықтан оқу үрдісін басқаруына М.М. Жанпейісованың модулдік оқыту әдістемесі көп нәтиже беретінін айқындадым. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді:


Біріншіден,оқушыларға мұғалім алдын ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын таратын береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлумат алады.
Екіншіден,ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателегін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады.

Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды.

Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.

Сонымен бірге модулдік технология оқушының білімін тексеріп бағалауға зор мүмкіндік береді.

Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие және білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс – әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі –маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой – өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп,білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш құаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім беру жүйесі қоғам мен оның дамуына ықпал жасайды. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Демек,білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек салдары болып қалмай, қажетті шарттары болып табылады.

Сонымен, оқу үрдісін басқаруы тек қана техникалық оқу құралдарын сабақ үстінде дамыту немесе компьютерлендіру емес, жоғары нәтижелерге бағытталған біртұтас өзара байланысты әдістер, тәсілдер, мазмұнның жиынтығы деп қарастыруға болады. Мұғалім оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдеріп отыру, жаңа технологияларды меңгеру тиіс. Бұл міндетті орындамайынша сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.


2.2 Интерактивті тақта мүмкіндіктерінің сабақта қолдану технологиясы
Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, студенттердың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.

Интерактивті тақта – барлық аудиторияны оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс оқытушының жаңа материалдарды студенттерге өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: Оқытушылар мен студенттер материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.

Интерактивті тақтаның оқытушы сабақ барысында қолдана алатын анықталған құралдар жиынағы бар. Олар студенттерге жұмысқа деген шығармашылық подходта барынша көп әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Оқытушыларге экранда қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға, барлық идеяларды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда, әр түрлі түстер интерактивті тақтаға қолайлы. Мысалға, географиялық картамен жұмыс істеуде немесе адам ағзасындағы асқорыту жүйесінің схемасын көрсетуде.



«ACTIVBOARD – пен танысу»


«ACTIVBOARD - ты» іске қосу

1. Проекторды қосу үшін компьютерді желіге қосып, пульті алып

проекторға дəлдеңіз, содан соң сол жақ жоғарғы бұрыштағы батырманы екі рет басыңыз. F4. батырмасын басыңыз. Пайдаланушының атын 7 теріңіз, мысалы: “BOARD” жəне пароль мысалы 111111.

2. Қаламмен екі рет интерактивтік тақтаның жұмыс панелінде

орналасқан AV - белгісін басыңыз. Экранда екі хабарлама шығуы

мүмкін ОК басыңыз. Жұмыс үстелінде Флипчартты құру (таза бетті білдіреді)



1. Басты аспаптар панелінде орналасқан AV - белгісін қаламмен 1


Каталог: uploads -> doc -> 0cd1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cd1 -> Сабақтың тақырыбы Еуразия материгінің климаты. Мақсаты
0cd1 -> №2 Преснов орта мектебі 2016-2017 оқу жылына арналған сынып жетекшісінің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет