Мазмұны Кіріспе Жаңақорған ауданының табиғи-климаттық жағдайы 5


Топырағы мен егін шаруашылығы



бет7/16
Дата01.06.2020
өлшемі0,79 Mb.
#71931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Практика отчет Аида

Топырағы мен егін шаруашылығы.

1960 жылдардан бастап Жаңақорған ауданының жайылымдық жерлерін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960–1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970–1980 жылдар аралығында өңірдің көлдеріне құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері — антропогендік факторлар еді. Негізгі су көзі болған өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, соның салдарынан Сырдария бойындағы мыңдаған көлдердің су тартылып, сортаңдарға айналып қалды. Оның үстіне өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10–15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар өңірдегі көлдерді экологиялық апатқа ұшыратты. Көлдердің апатына себеп болған факторларға: — жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; — ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; — суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; — жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер өңірдің экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Өңірдің фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Көлдердегі балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1–2 жылда ғана қайта қолға алынды. Әрине, соңғы онжылдықтағы Сырдария суының азаюына байланысты қаншама байлық, көлдермен қоса шабындық пен жайылымдық жерлер жұтаң тартты. Мұндай қиындық балық шаруашылығын да айналып өтпеді. Республикалық табиғи бассейндерге Сырдария өзенінің арнасы мен Кіші Арал жатқызылады, ал облыстық мәртебеге аудандардағы кіші өзендер мен көлдер кіреді. Бұдан екі-үш жыл бұрын өңірде 215 су тоғаны бар болатын, бірақ дария суының аздығынан бірқатары құрғап қалды. Бүгінгі таңда облыстық маңыздағы 158 су айдыны бар, олардың барлығы облыс әкімдігімен бекітілген, су айдындарының жалпы көлемі 41 гектарды алып жатыр. Аудан бойынша 12 нысан резервтік, ал 10 көл ұзақ мерзімге жалгерлерге бекітіліп берілген. Негізінен су тоғандары жалгерлерге 10 жылға бекітіліп беріледі. Көлдерді пайдаланғаны үшін олардан бір тиын да алынбайды. Бірақ олар барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген болуы керек. Жыл сайын балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жоспарын ұсынып, атқаратын жұмысын, қаржысын, балық өсіру жұмыстарын көрсетеді. Әрине көлдің биоалуантүрлілік ерекшелігі ескеріледі. Әрбір табиғи бассейннің балық аулау лимиті белгіленеді. Ол үшін жалгерлер салық төлейді. Жалпы аулау лимитін балық шаруашылығы институтының ғалымдары есептеп береді. Көл иелері оларды өздері шақырып, ғалымдар балық қорының сәйкес аулау мүмкіндігінің биологиялық негіздемесін жасайды. Жаңақорғандағы Қалғандария, Ақтас, Өзгент, Қойлақ ата су айдындарында жаңа жобалар қолға алыну жоспарланып отыр. Жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жобаның аясында көлдерге су жеткізетін каналдарды жөндеу мен қайта қазу, гидротехникалық құрылыстар мен шлюздер салу, құрылыстарға да күрделі жөндеу жүргізу мен балық өткізбейтін құрылғылар салу және балықшылар үйлерін тұрғызу секілді жұмыстарды атқарылады. Жоғарыда келтірілген мәліметтердің барлығын түйіндей келе Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдер жүйесін сақтап қалу, ол жерлерді мекендейтін құстарды қорғау өте маңызды. Ол үшін Орта Азия мен Европа аралығында құстар жолындағы көлдер жүйесінде арнайы мемлекеттік дәрежедегі қорықтар ұйымдастыру келешектің маңызды ісі (Сарысу-Телікөл, Қамбаш т. б.). Ал аудандағы Қаратаудың солтүстік-батысынан ағып шығатын суы аз, шағын өзендер (Жиделі, Бесарық, Ақүйік, Арыстанды т. б.) тау баурайының бірден-бір суландыру көзі. Шатқалдарда шағын тал, жыңғыл-шеңгел аралас тоғайлар осы өңірдің жануарларының жаз жайылымы болса, қыс қыстауы, панасы болады. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облыстық бюджеттен 8213,0 мың теңгеге «Жаңақорған және Жалағаш аудандарының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасы бойынша су қорғау белгілерін орнату жұмыстары толығымен атқарылуы қажет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет