Мазмұны кіріспе



бет5/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7467
1   2   3   4   5   6   7

Жоғарыда алынғандар негізінде әр қатысушының қобалжу деңгейі (ҚД) келесі формула бойынша анықталды:

ҚД= жағымсыз эмоционалды таңдаулар саны * 100% : 14. Нәтижесі 3-кестеде көрсетілді.

Кесте 3



Сыналушылардың қобалжу деңгейі


Қатысушылар реті

Жағымсыз таңдаулар саны

* 100%

: 14

ҚД

Эксперимент тоббы

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Бақылау тобы







Эксперимент тобы

Бақылау тобы

1

1

6

3

100

: 14

43

22

2

2

5

3

100

: 14

36

22

3

3

8

7

100

: 14

57

50

4

4

8

9

100

: 14

57

64

5

5

7

5

100

: 14

50

36

6

6

4

6

100

: 14

29

42

7

7

7

5

100

: 14

50

36

8

8

9

8

100

: 14

64

57

9

9

8

5

100

: 14

57

36

10

10

7

7

100

: 14

50

50

11

11

7

6

100

: 14

50

42

12

12

8

6

100

: 14

57

42

13

13

7

5

100

: 14

50

36

14

14

7

5

100

: 14

50

36

15

15

7

6

100

: 14

50

42

16

16

6

3

100

: 14

43

22

17

17

7

3

100

: 14

50

22

18

18

7

3

100

: 14

50

22

19

19

8

6

100

: 14

57

42

20

20

7

5

100

: 14

50

36

21

21

7

6

100

: 14

50

42

Зерттеу көрсеткіші бойынша эксперимент тобында:

Жоғары деңгейдегі қобалжу - 29%;

Орташа деңгейдегі қобалжу - 71% ;



Бақылау тобында:

Жоғары деңгейдегі қобалжу- 9%;

Орташа деңгейдегі қобалжу- 91%;

Белгілі болғандай, «бала-бала» қарым-қатынасы көрсетілген суреттер бойынша қобалжу деңгейлерінің жоғырылығы байқалады. Ал «бала-ересек» қарым-қатынасы бейнеленген суреттерде қобалжу деңгейлері едәуір төмен екендігі байқалып отыр.

«Ағаш» тесті. Әдістеме мақсаты: қатысушылардың жекелік-типологиялық ерекшеліктерін анықтау. Қатысушыларға 15 х 10 пішініндегі парақтар, қалам таратылып беріліп, келесі нұсқау берілді: «Алдарыңдағы парақтарға өз қалауларың бойынша кез-келген ағаштың суреттерін салыңдар». Суреттерді талдау барысында, ағаш суретін салудың бірнеше тұрақты жағдайлары ерекшеленіп, сонымен қатар қатысушылардың кейбір жекелік ерекшеліктері анықталды.
Кесте 4

«Ағаш» тесті бойынша зерттеу нәтижесі




Қатысушылар реті

суреті

Тән ерекшеліктер

Экспери-мент тобы

Бақылау

тобы


5,8,16,

14,17


3,4,7,15,17



Шырша суретін салушылар үшін басымдылыққа бейімділік, ұйымдастырушылық қабілеттері, белсенді-

лік тән



9,13,

15,19


1,8,10



Мұндай сурет авторларына «синтетикалық ойлау» тән, оларды жалпы тәртіп мәселелері қызықтырады, философиялық ойлау-

ға бейім



1,3,18

2,6,11,14



Мұндай адамдар өте ұқыпты. Мұндай су-

рет есепке бейім адамдарда жиі кезде-



седі.



4,7,10,11

9,12,20



Сәнді киінгенді қалайды, арманшыл, керемет ойлар, пікір-

лер айта алады, саяхаттағанды жаны сүйеді.




2,6,12,

20,21


5,13,16,18,

19,21




Орынды пікірлер айта біледі, мінезі ерекше, өзіндік ерекшеліктері бар.

Алдыңғы диагностикалық тексеруге қарағанда, графикалық диктант әдісі баланың ішкі жан дүниесіне терең үңілуге мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, сыныпта елеусіздеу жүретін 10 - реттегі қатысушы «графикалық әдіс» нәтижесі бойынша, арманшыл, керемет ойлар айтуға бейім, өзіндік ерекшеліктері бар, 13 - реттегі бала философиялық ойлауға бейім, 20 - реттегі қатысушының өзіндік ерекшеліктері бар, ал 3 - реттегі қатысушының өте ұқыпты, есептеуге бейімділіктерін байқауға болады. Жүргізілген анықтау эксперименті нәтижесінде қалыптастыру эксперименттерінің міндеттері белгіленіп, оны жүзеге асыру жолдары келесі бөлімде баяндалды.


2.2 Психоэмоцияны арт-терапия арқылы реттеу эксперименті
Диагностикалық тестер көрсеткіштерінен байқағанымыздай балардың жекелік қобалжулары басым, ал арт-терапиялық бағыттағы графикалық тест нәтижесі баланың ішкі жағымды қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Осы жерде сурет салу, түрлі-түсті бояулар арқылы баланы тереңірек зерттеуге, оның ішікі жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді деген тұжырымға келіп отырмыз. Балалар өте сезімтал, ересектерге қарағанда, олар өздерін қорғай алмайды, осыған байланысты қобалжу, мазасыздану жағдайларында болады. Қобалжулы баланың көңіл-күйі әрқашанда төмен, айналасындағылармен қарым-қатынасы күрделенген. Осы жағдайлар олардың қоршаған әлемді қабылдауларына да ықпал ете бастайды. Осылайша даму балының өзіндік бағысының төмен деңгейде қалыптасуына әкеліп соғады. Ал мұндай адам әрқашанда күмәнданумен жүреді, ауқымды өмірлік жетістіктерге жетуге қабілетсіз, әлеуметтік бейімділігі өте төмен болады. Аталған мәселенің өзектілігі соншалық, уақытында шешімін табуды талап етеді, қарама-қарсы жағдайда сенімсіз, қобалжулы, адамдар өміріне бейімделе алмайтын ұрпақтың қалыптасуына жетелейді. Осы анықталғандарға орай бастауыш сынып оқушыларының жеке бас қасиеттері ерекшеліктерін арт-терапиялық бағыт арқылы дамыту жоспарланды.

Арт-терапиялық бағыттағы сабақтың құрылымы келесі түрде айқындалды:



  1. Сәлемдесу дәстүрі

  2. Бұлшық ет қысымдарын шешуге бағытталған жаттығулар

  3. Жеке жұмыстар

  4. Топтық жұмыстар

Қобалжуы жоғары деңгейдегі балалардың, атап айтқанда 3,4,9,12 реттегі қатысушылардың өзіндік бағалары төмен, осыған байланысты оларда қолайсыздық пайда болып отыр. Бірінші кезекте қобалжуы жоғары балалармен контакт орнатылды. Яғни оның сеніміне кіріп, қарым-қатынастағы қажетіліктері бекіп және қайта қалпына келтірілді. Бұл ойын түрінде жүзеге асырылды.

Алғашында жұмыс құрылымына балаларға ойларын жеңіл түрде білдіруге, қысымды шешуге мүмкіндік беретін ойындар енгізілді. Сәлемдесу рәсімдеріне қозғалысты ойындарды енгіздік (мысалы, «Бұғылар қалай сәлемдеседі»). Сәлемдесу дәстүрлерінің қобалжуы жоғары деңгейдегі балалардың өзіндік сезімдеріне жағымды ықпалы байқалды.

Бағдарламаны жүзеге асыруда босаңсу және тыныс алу жаттығуларының маңыздылығы байқалды. Бұл жаттығулар қобалжуы жоғары балаларға қандай да бір сәтте тек өз күйін түсінуге ғана емес, сонымен қатар ол күйлерді игеруге және өз қалаулары бойынша өзгертуге мүмкіндік берді [57-59].

Балалардың кез-келген жағымсыз күйі денелік деңгейлерінде байқалды. Қобалжуы жоғары деңгейдегі балалар (3,4,9,12 реттегі қатысушылар) денелері қандай да бір қысымда. Олар өздерінің бұлшық ет қысымдарын басқаруда қиындықтар байқалып отырды. Бұлшық етті жаттықтыру нәтижесінде қол жеткізген босаңсу күйі дене күшін қалпыне келтіріп, бұлшық ет қысымдарын шешуге негіз болды, боланың рахаттану сезімдерін тудырды.

Жеке жұмыс ретінде арт-терапиялық техника оригами қолданылды. Оригами қатысушылардың жасырын қабілеттері мен нышандарын анықтауға мүмкіндік берді. Қобалжуы жоғары деңгейдегі балалар өз әрекеттері өнімдеріне өте сезімтал және қорқыныш білдіріп, сәтсіздіктен қорқатындарын байқатты.

Топтық жұмыс барысында қатысушылар қоршаған әлемде өздерінің алатын орындарын сезіну процесі жүріп және топтық өзара әрекетке түсу дағдылары жасалды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып бағадарлама нәтижелілігінің тиімділігін, келесі түрде алынған көрсеткіштер негізінде көрсетуге болады:


  • топтық жұмыс барысында, баланың не нәрсе үйренгені туралы пікірі;

  • баланың мінез-құлқы және іс-әрекетіндегі өзгерістерді, эмоционалды сезімдерін бағалауы;

-баланың құрбылары арасындағы орнын түзету жұмыстарына дейін және одан кейін салыстыру.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет