Мазмұны: Кіріспе



бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,85 Mb.
  1   2   3
Мазмұны:



Кіріспе
...............2-3

І.Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің


зерттелуі ...........4-13

II. Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы меңгерудің


психологиялық кезеңдері ............14-16

III. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту және оны басқа сөз


таптарымен байланыстыра оқыту маңызы ..............17-33

III. 1 Зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту ..............34-36

III. 2 Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту ..............37-39

III. 3 Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту ..............40-41



Қорытынды ..............42-43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............44-45


Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.

Бастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:

а) оқуға үйрету;

ә) сөздік қорын, стилистикалық дәлдіті, мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;

б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы
(морфология, синтаксис) меңгерту;

в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.


Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.

Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С. Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептепде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп, айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады.Сондықтан тақырып өзекті.



Диплом жұмысының мақсаты Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы ұғым беру.

Диплом жұмысының міндеттері:

  1. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту тәжірибесімен танысу;

  2. Тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау;

  3. Оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіру.

Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды

Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері пайдаланылды.

Диплом жұмысы екі кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, диплом жұмысының мақсаты, нысаны айқындалды.

Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіруге арналған оқыту әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында зат есімді оқыту тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.

Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушыларға зат есімді оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.

Диплом.жұмысының практикалық маңызы

Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінің сөйлем жөнінде алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


I. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің

зерттелуі

Қазақ тілі пәнін оқыту - мемлекеттік тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бәрінің ортақ өзегі әрі ұйытқысы. Ана тілін жақсы білмей тұрып, ол тілде дұрыс, еркін сөйлеп сауатты да сындарлы жазуға үйренбей тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық. Осы білім, дағды, біліктіліктердің барлығының негізгі бастауыш сыныптарда қалатыны белгілі. ¥лы педагог К.Д.Ушинский: "Халық тілі - тарих шекарасынан әрі қайда әріректен басталатын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі, оның күллі барлық терең, толық ойы мен сезімі туған елінің тілінде",- деп көрсеткен болатын. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. Осындай күрделі міндеттерді шешуде ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: "Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тілі ". Бұған "Мұралардың ең қымбаты — сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн шықпас суық көңілді жылытады. Асыл сөз мәңгі жасайды.", - деген Ғ.Мұстафиннің сөздеріне қоса ана тіліміздің алатын орнын, Конституцияға қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенін, халқымыздың егемендікке ие болуы нәтижесінде қолы жеткен ұлы қуаныш, бақытымыз екені жайында әңгімелей келе оқушыларымызға оның мәнін терең ұғындыра түсу үшін көрнекті тұлғалардың ана тілі жайында айтатын қанатты сөздерінен мысал келтіруді жөн көрдім. Л.Н.Толстойдың "Қанша айтсаң да, ана тілі қашанда ана тілі болып қала береді. Шешіліп бір сөйлеген келген кезде бірде-бір француз сөзі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мәселе басқа", М.И.Калинин "Ана тілін үйрену - ұлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл - ана тілі", М.Әуезовтің "Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті, ұжым деп санауға болмайды", Ғ.Мүсіреповтің "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан қол үзеді," - деген сөздерінен - ақ ана тілінің ерекше екендігі көрінеді.

Осыдан қазақ тілі пәнін оқытудың бес түрлі маңыздылығы шығады:

1. Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру)

2. Тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді
қалыптастыру).


  1. Дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру).

  2. Аралық қызмет (ұлттық дәрісханаларда қазақ тілі арқылы басқа
    пәндерді ұғындыру)

  3. Қатысымдық қызмет (қазақ тілін оқыту арқылы басқа қабілетін
    жетілдіруі).

Қазіргі танда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар тууы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық ұғындыру-әрбір мұғалімнің алдында тұрған мақсат. Сондықтан қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады. Соның бірі - бастауыш сынып оқушыларына арналған "Атамұра" баспасынан шыққан жаңа бағдарламаларға негізделген "Қазақ тілі" оқулықтары. Бұл оқулықтар жаңаша оқыту бағыттарын талап етеді. Себебі "Атамұра" баспасынан шыққан "Қазақ тілі" оқулықтары мынадай оқу-әдістемелік принциптерге негізделген:

1. Оқулықтарды жасау барысында авторлар мынадай мәселелерге


басты назар аударған:

а) Қызметтік. Қазақ тілінің фонологиялық, лексикалық,


грамматикалық жақтарынан білім ала отырып оқушы, қатынас қызметін
қолдану мүмкіншілігі.

ә) Жүйелілік. Қазақ тілін оқыту барысы белгілі бір жүйеге бағындырыла жасалынған.

б) Тәрбиелік. Әрбір сөйлем, мәтін оқушыға тәрбие беру
мақсатында іріктеліп алынған.

2. Оқыту барысын жеңілдету үшін оқулықтармен қоса оқыту


кешенін құрайтын көмекші оқу - әдістемелік құралдар шықты. Бұл
кешенде басты орынды, негізі болып "Қазақ тілі" оқулығы тұрады.
"Қазақ тілі" оқулығын негіз ете отырып "Таза жазу" дәптерлері, түрлі
"Қазақ тілі" оқыту жөніндегі әдістемелік құрал, көмекші, диафильмдер
түрлі бағдарламалар, көрнекті құралдары т.б. шықты.

3. Оқулықта балаларға білім беру жүйесі толық сақталынған. Әрбір тақырып бастауыш мектеп оқушыларына оқу және жазу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында берілген. Сондай-ақ әрбір тақырып жеңілден - ауырға, оңайдан — қиынға принципіне сүйене отырып, бүкіл бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес жүйемен берілген.

4. Оқулықтардың құрылымы мен мазмұны оқушылардың жазу және оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру ісін жетілдіруде өтілген тақырыпқа қоса келесі тақырыпқа негізделіп отырады.

5. Оқулықтарда тілдік материалдың берілуі мен іріктелуі қазақ


тілінің фонологиялық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,
грамматикалық заңдылықтарына негізделе отырып алынған. Тілдік
материалдар әліппеге дейінгі, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезеңдерді
толық қамтиды. Тілдік материалдар негізінен лексикалық және
грамматикалық принциптерге сүйенген. Әрбір сөздің мағынасы жекеше
тұрып та, басқа сөздермен байланысқан түскен жағдайларда толық
ашуға әрекет жасалынған.

6. Оқулықта оқушылардың фонетикалық, орфографиялық,


грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру үшін түрлі
практикалық жаттығулар берілген.

7. Оқулықтағы түрлі тапсырмалар мен сұрақтар балалрдың оқу


және жазу, түсіну дағдыларын қалаптастыруға негіз болады.

  1. Оқулықта оқушылардың саналылығы мен белсенділігін
    арттыруға түрлі іс-әрекеттер басымды.

  2. Оқулықтар оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес
    психологиялық заңдылықтар мен тұжырымдары негізге алынған.

10. Оқулықтар бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес
жасалынған:

а) әліппе және тіл дамыту.

ә) оқу, фонетика, грамматика және тіл дамыту.

б) фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.

в) грамматика, емле және тіл дамыту.

11. Әрбір сынып оқулығы келесі сынып оқулығының басы, келесі


сынып оқулығы бұрынғы сынып оқулығының жалғасы ретінде
жасалынған.

Бірінші сынып оқулығында - • қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.

Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.

Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында — бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.

Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман
талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің
арасында оқыту ісін жетілдіру жұмыстары сөз болып, түрлі семинарлар
өткізе бастады. Әдіскерлердің осында іс-әрекеттері нәтижесінде жаңа
ғылыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика
деп аталады. Терминды академик' Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы.

Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.

Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бұл ретте алға қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да тұжырымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізе алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың, сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.

Мұндай нәтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер қазіргі кезеңдегі ғылым жетістіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тәжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нұсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбйе алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді. Бірінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.

Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.

Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында - бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.

Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің арасында оқыту ісін жетілдіру жұмыстары сөз болып, түрлі семинарлар өткізе бастады. . Әдіскерлердің осында іс-әрекеттері нәтижесінде жаңа ғылыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика
деп аталады. Терминді академик Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы.

Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.

Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бұл ретте алған қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да тұжырымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізі алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың, сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.

Мұндай нәтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер казіргі кезеңдегі ғылым жетілдіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тәжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нұсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, Бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбие алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде ғалымдардың зерттеулері бойынша сабақты ойын түрде өткен жағдайларда ғана бала санасына білім тез және толық енетіндігін көрсетеді.

1 -сызба


Оқыту пирамидасы. (игерудің орташа проценті)

Дәріс 5%


Оқу 10%

Көрнекі және аудио материалдар 20%

Көрсету 30%

Пікірталас тобындағы жұмыс 5 0%

Іс-қимыл арқылы оқу 75%

Басқаларды үйрету 90%

Ғалымдардың көрсетуі бойынша сабақты тек мұғалімнің өзі ғана жүргізіп, оқушылар мен мұғалім арасында, іс-әрекет тек бір жақты болған жағдайда бүкіл сабақты игеру мүмінкіндіктері 50%-ке жетпейтіндігін көрсетті. Мұндай сабақтарды оқушылардың іс-әрекеті төмен, тек дәріс, оқу, көру ғана болғандықтар сабақтан тез жалығады, қызығушылығы төмендейді. Егер сабақты мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас "таратқыш-қабылдағыш" түрінде емес, "мұғалім-оқушы" немесе "тұлға-тұлға" түрінде өткен жағдайларда оқушы білімді тезірек және сапалы түрде сіңіре алады. Мұндай сабақтарда оқушылардың іс-әрекеті жоғары, бір-бірімен сөйлесу, сабақты ойын түрде өткізіп бүкіл білімін 75%-тйін өзіне сіңіре алатындығын сызбадан көрінеді.

Балалардың оқуына түрткі болған жағдайларды психолог ғалымдар екіге бөледі.

1- сыртқы түрткілер болса, 2- ішкі түрткілер. Бірақ бұл түрткілердің арасында белгілі бір шекара. жоқ, сыртқы түрткі ішкі түрткіге, керісінше ішкі түрткі сыртқы түрткіге оңай өте алады. Бастауыш сынып оқушыларына мұғалімнің сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы, қимыл іс-әрекеттерінің барлығы баланың ішкі түрткісінің оянуына себеп болады. Бастауыш сынып оқушыларына тағы бір тән қасиет - мұғалім сөзіне имандай сену айтқанын Бұлжытпай орындау мұғалімді "ата-аналар" қатарына қосу. Міне сондықтан, мұғалімнің істеген іс-қимылдары, айтқан ақылдары, оқушылардың оқуға деген ішкі түрткісіне айналады. Ал сыртқы түрткісіне оқитын сыныптастары, түрлі әдістемелік құралдар, көрнектеліктер т.б. жатады. Егер сыртқы түрткілер оқушылардың бойында психологиялық және физиологиялық белсенділігін арттырған жағдайда балалар бойында ішкі түрткі іске асады. Балалардың сабақта бір орында тыныш отырып, сабақ тындауы, сабаққа қатысуы төмен болса оқуды жөнді игере алмайды.

Сабақ неғұрлым қызықты жан-жақты ойын түрде өтілетін болса, оқушылардың білімді игеруі де соғүрлым жақсара бермек. Бастауыш сынып оқушыларына сабақты ойнап отырып қабылдайды, ойнай отырып оқиды. Мұндай сабақтарда мұғалім де ойынға қатысушы мүшелерінің біріне айналуға тиіс.

Н.А.Байбуртян, И.А.Геодекян, т.б. ғалымдар ойын сабақтардың балалрға тигізетін ұғымды тұстарын атап өткен, сондықтан, біз ойын —сабақтарға терең тоқталмай, тек оқушыларға іс-әрекеттің қаншалықты пайдалы екенін атап көрсетті.

Білімді игерудің ең жоғары түрі балалардың біріне-бірі сабақ өтуі, түсіндіруі болып табылады.. Мұндай қос оқушының сабақтарында мұғалім оқушыға ертеңгі тапсырманы түсіндіріп, үйде оқып, дайындалып келуін тапсырады. Дайындалып келген оқушы өзінің білгенін жанындағы оқушыға түсіндіреді. Мұндай тәсіл екінші тілді оқытқан кезде ғана тиімді болып есептелінеді.

Бастауыш сынып оқушыларына зат есімді оқыту барысында сабақты ойын — сабақ түрінде, этнопедагогикамен байланыстыра өтуді жөн көрдік. Осындай жағдайда оқушыларға мынадай білімді, біліктілікті:

а) Өз ойларын мазмұнды грамматикалық тұрғыдан сауатты


стильдік жағынан жатық, дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдылары
мен икемділіктерін қалыптастыру;

ә) Оқушылардың сөздік қорын молайтудың, өз мағыналарын дұрыс ұғынып, сөздерді орынды жүмсай білу дағдысын қалыптастыру;

б) Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем және сөйлеу
үлгілерін негіз ете отырып сөйлемді дұрыс құруды үйрету;

в) Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мақа-мэтел, жұмбақ-


жанылтпаштар және қазақ халықның көрнекті ақын жазушыларының
шығармаларын ребустар мен сөзжұмбақты, гараматтикалық
тапсырмалар талабына сай іріктеп алып оқушылардың бойына сіңдіру;

д) Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту;

Секілді т.б. қасеиттерді үйрете алатынымызды көрдік.

2. Бастауыш сыныптарды грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі.

Баланың сөздік қорында сөздердің барлығы сөйлеу процессінде қолданысқа түсіп, бір-бірімен байланыста болады. Психолог А.Н.Гвоздев балының сөйлем, сөздерді тіркестіре айта бастауы 1,10 ай — 2 жасында пайда болып кейінірек дами түсетіндігін көрсетеді. "Ребенок еще не обучавщися родному языку, практический полностью владеет гарммматическим формами: дети никогда не делает ошибок, "лампа стояла над столом", то есть своейречевой практике слогают, спергают и согласуют слова. Овледевает этими речевыми операциями ребенок в процессе "фактического приспособление своей речевой деятельности к тем языковым условым, в которых она протекает, т.б. в процессе "прилаживания", "подражания", - деп мектепке келген баланың тілдік бүкіл гармматикалық заңдылықтармен білетіндігін көрсетеді.

Бала алғаш сөйлем қүрап сөйлеген кезінен бастап — ақ, түбірлер мен қосымшаларды дұрыс жалғап, қолдана алады. Бала тілі зерттеген Д.Н. Шмилев, Қ.Молдабеков, К.Р.Львов т.б. секілді ғалымдар бала

гармматикалық заңдылықтары дұрыс қолдана алтындығын көрсетеді. Д.Н.Шмилев "Препринятое послендие годястатистические исследование функционально стилистического расспределения грамматических форм слов, содерит интересные данные, но они в основном ориентированя на формы слов но не их значение, между тем как возможности "перенсоного" употребление грамматических форм как раз и различны в разных типах речи", - деп бала өзінің сөйлеу тілін гармматикалық формаларды дұрыс қолдана алтындығын көрсетеді.

М.Р.Львов "В интеллектульной жизни подростка речь наяинает выступать в разных вариантах: все болыпую роль играет писменная речь, постепенно происходить стилевая дифференциация: на ряду с разговорно-бытовым стилем все больше развивается и совершенствуется в книжной стили речи", - деп, атап көрсетеді. Мұның өзі бала тілінің өзгеруіне байланысты баланың сөйлем құрау жобасы, нүсқасы да өзгеретіндігін білдіреді. Сондықтан баланың сөздік қорында сөз таптарының басымдылығы сөз болады. Бұл жөнінде М.Ф.Скорнякова: "отсюда напрашивает вывод о необходимости учета особенностей значения грамматических форм в разных типах речи и степени владения учащимися как самим набором грамматических форм, так и смысловыми возможносями их", - деп , мектепте грамматиканы оқытудың қажеттілігін атап көрсетеді: "Целенаправленное изучение в школе языка и в частности грамматики, вызывает существенные изменение в речевой деятельности детей".

Бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесі жөнінде XX ғасырдың басында үлкен дау-дамай, пікір таластап болған. Кейбір ғалымдар грамматиканы бастауыш сыныптарда оқтудың қажет жоқ, балалар грамматиканы оқымай-ақ сөйлей алады, өзінің пікірін жеткізе алады десе, (А.Б.шапиро, П.С. Державин, Д.Н.Ушаков, А.Машкин т.б.), А.Машкин: "...оставить в покое грамматику навык к языковым (речевым) формам", - дейді. А.Б,Шапиро "..іграмматика не имеет ничего общего ни с орфографией, ни с развитием речи", - деп гармматиканы оқытудың қажеті шамалы, грамматиканың баланың жазуына, тіл дамытуына эсері жоқ екенің айтады.

Екінші топтағы ғалымдар (А.М.Пешковский, П.Гуревич, А.Слетова, М.Соколова, М.Янчевская, т.б.) гармматиканы оқытудың қажетттілігін айта келе гармматиканы оқыту арқылы балаларда жазу дағдылары мен икемділіктері қалыптасатындығын атап көрсетеді.

А.Н.Пешковский: "Если прежде утверждали, что "гарамматика-служанка правописания", то я утверждаю что грамматика служанка и првописания, и литературно речевых навыков, и стилевых навыков. "Граматика служанка - навыков " - вот как я формулирую роль грамматики в школе", - деп грамматиканың дағды қалыптастыруда ең бір дұрыс жолы-екенін көрсетеді.

Бастауыш сыныптардағы грамматиканы оқыту жөнінде пікір таластар нәтижесінде қазіргі кезде грамматика емлеге, фонетикаға қатысты болып оқытылып келе жатыр. Бұл балардың сөздік өорын молайтпай, қайт тек белгілі бір аз мөшердігі сөздерді жаттатып, жаттықтыруға әкелді. Осындай пікірді Г.И.Белоусова "Вопросы развитя речи в методических книгах 20-х годов", - деген кандидаттық дисерттациясында атап өтеді.

"В последующие десятилия, особенно в конце 40-х начале 50-х годов, наптроив, на урогах русского языка на столько сильно увеклисьграмматикой, что забывали осамом языке, боготмо, живом и ранообразном. Грамматические правила превращались в самоцель и не имели никакого практического приложение к навыкам а устной и письменной речи. Такая практика работы по языку не могла способствовать развитию речи учащихся, и речывая культура родолжала оставаться бедной".

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде (бастауыш мектепте оқыту) грамматиканы оқыту жөнінде зерттеу ісіне А.Байтүрсынов, С.Жиенбаев, С.Х.Сарыбаев, Х.Бозжанаова, Ә.Сэдуақасова, Г.Уайсова, Ы.Маманов, Р.Әміров, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов т.б. үлес қосқан және қосуда.

А.Байтұрсыновтың "Тіл құрал" (1914), "Тіл - құрал" (1925), "Тіл -құрал" (1915), "Тіл - құрал" (1925), "Методика мәселелері" (1922),"Оқу құралдары" (1912), "Әліп-би" (1928), "Сауат ашқыш" (1926). т.б. қазақ тілінің әдістемесіне арналған еңбектері мен мақалаларының қазіргі кезеңге дейін өз қү_нын жоймағандығын айта аламыз.

А.Байтүрсыновтың оқулықтарында грамматикаын оқыту мәселесі туралы айтылған пікірлері кездеседі. Ол: "қазақ тілінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: 1. Сөздің тұлғасын өзгертсе де ішкі мағынасын өзгертпейді. 2. Сөздің түлғысын да мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастан тысқары (яғни жалғау — Е.М.), соңғысы ішкері жалғау (жұрнақ Е.М.), деп аталады. "Құлақ" деген сөзге (тың) деген жалғау қоссақ, құлақтың болады. Тұлғасы өзгерілді мағынасы өзгершген жоқ. "Құлақтың" деген де бастын мүшесінің атын көрсетеді. Егер "Құлақ деген сөзге" "шын " деген жалғау (жұрнақ Е.М) қоссақ "Құлақшын" болады. Мұнда тұлғасы да мағынасы да өзгерілді. " Құлақ" бастың мүшесін көрсетуші еді, "Құлақшын " болған соң басқан киетін киімнің атын көрсетіп түр", - деп түбір мен қосымшаларды оқыту жайында сөз етеді.

А.Байтұрсынов сөз таптарын үлкен екі топқа бөледі: 1-атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік), 2-шылау сөздер (үстеу, демеу, жалғаулық, одағай). 1925 жылы шыққан "Тіл - құрал ' еңбегінде гармматиканы сөз тұлғасына қарай 5-ке бөледі:

а) Түбір сөз

ә) Туынды сөз (туғын сөз)

б) Қос сөз- \

в) Қосалқы сөз

г) Қосымшалар

Сөз мағынасына қара тоғыз топқа бөледі.


  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Етістік

Есімдеуіш атау сөздер

  1. Үстеу (үстеуіш)

  2. Демеу (демеуіш)

  3. Жалғау (жалғауыш)

  4. Одағай (еліктеуіш, лептеуіш)

  5. Шылау сөздер

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1946), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1957), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1939), тағы басқа секілді қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан еңбектері мен мақалалары бар.

С.Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1949) жылы шыққан атты еңбегін үлкен-үлкен екі тараудан тұрады.

Бірінші тарауы - "Грамматика оқыту методикасы" деп аталса, екіншісі - "Кітап оқыту методикасы" - деп аталады. С.Жиенбаев сөздің мағынасын жеке тұлғада емес, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда ғана өз мағынасын береді, - деген пікір айтады. "Сөздің мағынасын сөйлем ішінде тұрғанда ғана байқалады. Жеке тұрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем ішінде басқа мағына беретін тілде көп ұшырасады", - дейді.

Ғ.Бегалиев "Әріп, дыбыс, буын" (1935), "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) т.б. еңбектері арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесіне өзіндік үлес қосқан бірегей ғалым.

Ғ.Бегалиев "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) атты еңбегінде грамматиканы оқытуға ерекше тоқатлған. Кітап алты тараудан тұрады:


  1. Оқу-жазуға үйрету методтары;

  2. Жазуға және көркем жазуға үйрету;

3. Оқу сабағына қойылатын міндеттер мен оқыту методтары
туралы;

  1. Грамматика мен емле программасы материалының мазмұны;

  2. Дұрыс жазуға үйрету;

  3. Тіл дамыту.

Ғ.Бегалиев "Оқушы қаншалықты пысық тиянақты болмасын - өз ойындағысын ауызша айтып беретіндігідей етіп жазбаша білдіре алмайды, ауызша тиянақты түрде мазмұндай алғанын жазуға келгенде, ауыз екі айтқандағысыдай еркін мазмұндай! алмайды", - деп түбір сөзге жалғанып оған қосымша мән беретін жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтарды білдіретін 2-3 сөз келтіру керек", - дейді.

Х.Арғынов - бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселесіне өзіндік құнды үлес қосқан ғалым. Оның "2-класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нұсқау" (1970), "Қазақ тілі методикасы" (1974), "Қазақ тілінен 2-классқа арналған дидактикалық материалдар" (1980) т.б. еңбектері бар.

Х.Арғынов, бастауыш сынып оқушылары грамматикасыз ешқандай білімді игере алмайды, тілдің басқа салаларын түсіне алмайды,- дейді. Бастауыш класс оқушылары, оның ішінде 3-ші класс оқушылары, сөздің түбіріне саналы түсінбесе, сөз құрамының басқа салаларын да меңгере алмайды".

Ш.Сарыбаев - қазақ тілінің методикасын қалаған ғалымдардың бірі.

Ш.Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), атты еңбегінде "Бір тақырыпты не бір тақырыпшаны оқыту үшін сол пәннің өзін жақсы білу керек. Оқытатын пәнді көңілдегідей білмей тұрып, оны оқытудың методикасына жармасу бос еңбек" - мұғалімнің білімді болуы, көп ізденуі қажет екендегі атап көрсетті.

Аталған еңбегінде ғалым зат есім, сын есмі, сан есім, үстеу етістік, шылау секілді сөз таптапына тоқталып, өзінің оқыту әдістемесін ұсынады.

И.Қ.¥йықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" (1962) атты еңбегінде сөз таптарын оқытудың қажеттілігіне баса назар аударады. Балалардың сөз байлығын молайтуға, тілін жаттықтыруға грамматиканың • орны ерекше екендігін көрсетеді. "балалардың сөз байлығын көбейтіп тілін жаттықтыру үшін бірнеше сөз беріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөз жасатып, сол сөздердің кейбіреулерін келтіре, сөйлемдер құрату керек, сонда оқушылар жұрнақ пен жалғаудың мәнін іс жүзінде анық байқайды."

у - сызу ушы - сызушы сыз ^^^^ - сызылу сызықша сызғыш

М.Балақаев — қазақ тілі білімінде алатын орын ерекше ғалым. М.Балақаевтың қазақ тілін оқыту мәселесені арналған "Бастауыш мектептің екінші сыныбына арналған "Қазақ тілі" байқау оқулығына методикалық нұсқау", "Тіл әдебиеті және қазақ тілін оқыту" т.б. М.Балақаев грамматикалық жаттығуларды іріктеуде мынадай талаптар қояды.


  1. Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс.
    Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз
    тіркесі, сөйлем ішінде алынып талданыладьі.

  2. Екіншіден, әрбір мысал, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль)
    жағынан мүлтіксіз әдеби норманы ұстануы тиіс. Ол үшін оқушылар
    дұрыс құралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің
    жақсы үлгілері бойынша әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша
    тәрбиеленеді.

  3. Үшіншіден, алынған жаттығу тағы да басқа материалдар
    құрамынан, керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар,
    сөйлемдер жиі кездесетін болсын

М.Балақаев гармматикалық жаттығулар, бытыраңқы, шашыраңқы болады дей келе "оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты сөздер тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жұмыстары жүргізілуі тиіс" - деп грамматиканы оқыту арқылы "баянды білімнің белсенді "ойшылы" етіп тәрбиелейтіндігін атап көрсетеді".

Бұлардан бөлек бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне арналған: Х.Арғынов пен Ғ. Сүлейменов "2 - сыныпта картина бойынша тіл дамытуға арналған көрнекті құралдарға қосымша ңұсқау" (1965), Х.Арғынов "қазақ тілі программасы мен оқулығын жетілдіру жайында" (1965), Х.Арғынов "Қазақ тілінен 3 - сыныпқа раналған табилицаларға нұсқау" (1967), Ш.Сарыбаев "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), Р.Әміров "1 класта қазақ тілін оқыту" (1962), Р.Әміров, А.Асқарова "2-3 класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нұсқау" (1983), Ш.Сарыбаев "3 класта "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нұсқаулар" (1955), Р.Әміров "1 класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар" (1957), Ә.Садуақасов "Қазақ тілінен методикалық құрал" (1964), Бозжанова К, Әміров Р. "бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту" (1964), С.Рахметова "Қазақ тілін оқыту методикасы" (1992), М.Балақаев "Бастауыш мектептік 2 класына арналған "Қазақ тілі" методикалық нұсқау" (1969), Байқуатова "Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту (1997), "Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы" тағы басқа еңбектер жарық көрді.

Мүның барлығы бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне үлес қосқан еңбектер.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу