Мазмұны: Кіріспе


Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы



бет2/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,85 Mb.
#7926
1   2   3

Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы меңгерудің психологиялық кезеңдері

Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бүдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арықлы әліг белігелерді жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлұматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты Бұл кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін қолданудағы ұқсас белгілерін дерексіз түрде тануды үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау операцияларын меңгереді. Мысалы, бастауыш класс оқушылары қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен II кластағы «Сөз» тарауынан бастап таныса бастайды. Ең алғашқы тақырып - «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер». Бұл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тануы қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақта нақтылы заттар туралы әңгіме (сұрақ-жауап) әдісімен бастайды.


  • Балалар мынау не?

  • Өшіргіш.

Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын ала дайындап әкелген жазуды көрсетеді.

- Ал, мынау не?

Балалар бұл сұраққа тағы да «өшіргіш» немесе «өшіргіштің жазуы» деп жауап беруі мүмкін. Мұғалім олардың жауаптырын түзетеді:


  • Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.

  • Мынау не?

  • Кітап.

  • Ал, мынау не?

  • Кітаптың атын білдіретін сөз.

  • Бұл сөзге қандай сұрақ қоямыз?

  • He? деген сұрақ қоямыз.

Осылайша мұғалім кім? не? деген сұраққа дауап беретін сөздер тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде тануға үйретеді.

Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің салыстыру және жинақтау сияқты операцияларын меңгереді. Мысалы. 2- кластағы «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында оқушыларға бірте - бірте адамға қатыста атауларға кім? не? деген сұрақ, жансыз заттар мен құбылыстардың, жан-жануар мен аңдардың атауларына не? деген сұрақ қойылатыны ұғындылады. Содан кейін бү атауларды көпше түрінде кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерге жалғаулар (жіктік, септік, тәуелдік) жалғауы ретінде танылады, т.б.

Бұл түста аталған тақырыпты меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге тиіс: 2-класта оқушылар «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» 10 сағат оқиды. Берілуге тиіс мағлұматтар мен дағдылардың көлемі де біршама. Сондықтан мұғалім мағлұматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық ұғымның әр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған- материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет.

Үшінші кезең - грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын оқыту барысында «адамға қатысты сөздерге кім? не? сұрақтары қойылады.» деген анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бұл сұрақ кісі аттарына қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген ұғымды кеңейтіп түсіндіру қажет: кісі аты жөнінде, мамандықты немесе кәсіпті білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге, адамға қатысты басқа да атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың таным мен сөздік қорын дамытады, әрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық ұғымды жақсы меңгеруге эсер тигізеді.

Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығуларорындау арқылы іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерту.

Бұл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық ұғымды пысықтау жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі тақырыптарды өту кезінде орындалады. Мысалға, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында түсіндірілген грамматикалық ұғымдар әр түрлі жаттығулар орындату арқылы пысықталады. Оқушылар сөздерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтарды қойып үйренеді. Ал жинақтау мен қайталау сабақтары барысында берілген сөздерді қай сұраққа жауап беретініне байланысты топтап, немесе берілген сұрақтарға сай сөз ойлап жаттығады. Жалғауларды дұрыс, қатесіз қосып жазуға дағдыланады. Сөйлем ішінен атауды білдіретінсөздерді табады. Кейін «He істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» немесе «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқушылар атау сөздер мен қимылды білдіретін сөздерді тіркестіріп, сөйлемді дұрыс құрауды, сөйтіп, өз ойларын дұрыс айтуды салалы түрде меңгере бастайды.

Белгілі бір грамматикалық ұғымды оқытудың өз кезеңдері әр класта қайталанып отырады. Себебі бастауыш класта оқытылатын грамматикалық ұғымдар кластан класқа өткен сайын бірте - бірте күрделендіріліп, сабақтастыра берілген.

Тілдің ойлау және қарым - қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егер ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеніінің бәрі босқа қалар еді. Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:



  1. сөз құрамы;

  2. сөздердің жасалу жолдары;жалғаулардың жалғаны тәртібі;

  1. сөз таптары және олардың қызметі;

  2. әрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену және өзгеруі,
    т.б.

Оқушылардың қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі кластарда (6-7 кластар) тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бұл жүйеден қарапайым мағлұматты жоқ бала бастауыш кластарда меңгеруге тиіс сөйлеу мен жазу дағдыларын мүлде игере алмас еді. Сөзге қосылатын тиісті қосымшаны дұрыс қоса алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ?! Немесе заттың атын бідіретін сөз бен сол заттың сынын, қимылын білдіретін сөздердің бір-бірімен байланысу тәртібінен хабарсыз бала қалайша дұрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында тежелу болатыны психолог ғалымдар айтып, жазып жүргені де белгілі. Демек, бастауыш кластарда тілдік морфологиялық жүйесінен мағлұмат беру ісі тек жеке пәндік тұрғыдан ғана маңызы емес, бұл — осы кластардағы оқыту процесін-ің табысты болуының кепілі. Сондықтан «бастауыш кластарда оқушының ана тілінің морфологиялық жүйесін міндетті түрде оқыту керек пе?» деген сұрақтың жауабы біреу ғана: - «Иә, міндетті түрде оқыту қажет. Бірақ қай кластан бастап және қандай дәрежеде мағлұмат беру керек? Міне, бұл күрделі мәселе...»

Бастауыш кластарда берілетін морфологиялық білім мазмұнын дәл анықтаудың күрделілігі мынада:



  • егер оқушының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін
    ескермей, берілетін теориялық ұғымдардың көлемін көбейтіп
    жіберсек, оқытудың ісін ауырлатып алар едік. Әрі бұл таза
    теориялық мағлұматтарды меңгертуге айналып, басты мақат
    балалардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыру
    мақсаты кейінге ығыстырылар еді. Керісінше, оқушылардың іс-жүзілік дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөліп, берілетін теориялық білімнің көлемін
    ықшамдауға тырыссақ, онда балалардың сөйлеу және жазу
    дағдысының дамуына нұқсан келер еді. Себебі тілдегі
    заңдылықтарды меңгермей тұрып, дұрыс сөйлей немесе жаза
    білу мүмкін емес.

Демек, бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесінен берілетін теориялық мағлұматтар мен іс жүзілік дағдыларын үйлесімді дәл табу қажет. Әрі Бұл үйлесімнің әр кластағы морфологиялық ұғымдардан кейін оқылған «Сөйлем» тарауындағы тақырыптарға да сай келіп отыруы талап етілуге тиіс.


III. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту және оны басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту маңызы .

Бастауыш мектепте негізгі сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, шылау оқытылады. Оқушылар сөз таптары олардың лексикалық мағыналары мен сұрақтары және грамматикалық тұлғалары (жалғау - жұрнақтары) арқылы танитын болады. Сөз таптарын танытуға даярлық І-сыныптан басталады. Бұл сыныпта кім? не? кімдер? нелер? не істеді? не қылды? қайтты? қандай? қай? қанша? неше? нешінші? т.б. сұрақтарға жауап беретін сөздермен танысады.

Мұндай сұрақтарға жауап беретін сөздер заттын атын, қимылы, сынын, санын білдіретінін меңгереді. Сөз таптары, негізінен алғанда күрделірек көлемде 3-4 сыныптарда оқытылады. 3 сыныпта «Сөз таптары» деген тақырыпта өтіледі. Аталған сыныптарда сөз таптарынан берелітен мағлұматтар жеңілден ауырға қарай сатылап, бірін-бірі толықтыра береді. 3 сыныпта зат есім (жалқы есім мен жалпы есім, негізгі және туынды зат есімдер, зат есімнің жекеше және көпше түрлері, зат есімнің тәуелденген түрі) сын есім (негізгі және туынды сын есімдер), сан есім (есептік пен реттік сан есімдер), етістік (негізгі және туынды етістіктер, болымсыз етістіктер) өтіледі. Оқушылар сөздердің бас әріппен не кіші әріппен жазылуын жете меңгереді, жұрнақ, жалғану арқылы жаңа сөз жасалуын, жалғаулар арқылы сөздердің түрленуін және өзара бір-бірімен байланысатын біледі, аталған білім негіздері ауызша және жазбаша тіл ұзартуға пайдаланатын болады. Бұларға қоса оқушылар сөз формалары, олардың өзгеру, түрлену жолдары жөніндегі білімдерін ІІ-ІІІ сыныптарда сөз таптарын оқумен байланысты тереңдете түседі. Мысалы: II сыныпта зат есімді өтуге орай көпше зат есім жасайтын көптік жалғауларды үйренсе, сын есімді оқығанда зат есім мен етістік туынды сен есім жасайтын жұрнақтармен толысады, ал сан есімді өткенде реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды меңгереді. Үшінші сыныпта сан есумді өткенде оқушылардың сөз құрамы, сөз бөлшектері (морфемалары) жөніндегі білімдері әлдеқайда үлғаяды. Олар тәуелдік, септік, жіктік жалғауларымен сондай-ақ әр сөз табынан туынды сөз тудыратын сөздерді байланыстыру сөйлем мүшесін жасау жолындағы әр алуан синтаксистік қызметінен аздап болса да, ғылыми мағлұмат алады. Бастауыш сыныптарда сөз таптарынан біршама білім беріледі. Балалар сөз таптарын төмендегі 5 түрлі белгісі бойынша таниды:

Сөздің мәнін, заттың аты, сыны, қимылы туралы және

басқа да мағыналарын ұғынады.

Сөздің қандай сұраққа жауап беретінін айырады

Сөздің қалайша өзгеретінін, қандай-қандай категориясы бар екенін таниды.

Сөздің өзіне тән қандай жалғаулары болатынын, олардың көбіне - көп қалай жасалатынын ұғынады. Сынып жоғарылаған сайын сөз таптарын оқыту тереңдей түседі. Бірінші сынып оқушылары сөз таптарын сұраққа сүйеніп, сұрақ қоя жолымен таныса, екінші сыныпта оқушы әр сөз табының өзіне тән лексикалық, грамматикалық жжалпы белгілерімен танысады, яғни сөздер белгілерін, сөйлемдегі қызметін біршама меңгереді. Үшінші сыныпта әр сөз табынің морфологиялық-синтаксистік сипатын түсінеді, демек зат есім немесе сын есімнің септелетіні, етістіктің жақпен өзгеретіні т.б. туралы ұғым алады. Сөздердің дұрыс жазу дағдысына төселеді. Бастауыш сыныптарда сөз таптары бірізділікпен оқытылып үйретіледі, оның өзі тіл кұбылыстарының қандай да болса, өзара ұқсастық байланыстыра қарай қарастырылады. Сөз таптарының ішінде есімдер тобына жататын түрлерінің арасындағы ұқсастықтар олардың мағыналары мен формалдық белгілерінен танылды. Мысалы: зат есім болса белгілі бір заттың, нәрсенің атауын білдіреді де, сын есім мен сан есім сол заттың өзіне тән айырым белгілерін және сан мөлшерін көрсету үшін зат есімге байланысты пайда болып, қолданылады.

Сөз таптарын бір-бірінен ажырату олардың айырмашылық белгілерін салыстыру тәсілі арқылы танытылады. Сонда етістік те зат еісмге байланысты қолданылғанымен, ол заттық белгілері емес, заттардың қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы екендігі танытылды. Соған орай етісітіктің өзіне меншікті морфологиялық белгісі жіктік жалғауы екендігі оның жақпен жіктеліп өзгеретіндігі түсіндіріледі. Мектеп бағдарламасы етістіктің болымды - болымсыз түрі жөнінде ұғымдар беруды енді-енді ғана қолға алды. Алайда балалар ауызша, жазбаша сөйлеу қызметтерінде күнделікті өмірде болымсыз етістікті үнемі қолданып отырады. Сол себепті етістіктің болымды - болымсыз түрі туралы мәліметтер беру аса маңызды. Бастауыш мектепте оқытылатын қазақ тілі бағдарламасында сөз таптары мен дұрыс жазу таруы - ең күрделі бөлім, сондықтан оған көп сағат берілген. Өйткені сөздердің әр алуан формалық құбылысы сөз таптарын оқып үйренуге байланысты айқын таныла түседі.

Кім? кімдер? не? нелер? Сұраққа жауап беретін сөздерді оқыту.

1 - сыныпта берілген бастапқы мағұламатты пысықтап,
толықтырамыз, оқушылардың сөздік қорына "сөз таптары" деген жаңа
термин енгізіледі.

2 — сыныпта зат есімге қатысты алғашқы сабақ заттын атын


білдіретін сөздерді түсіндіруден басталады. Аталған заттар балаларға
бұрыннан таныс, әрі нақты болу керек.

Мұғалім: - балалар айналаға қараңдаршы, сыныптағы сөздеріңді көріп отырған заттарының әр қайсысының өз аты бар. Соларды атаңдаршы, - дейді.

Балалар сыныптағы заттарды, содан кейін адамдарды атайды.

Мысалы: Мынау не? Мынау тақта. Мынау кім? Мынау оқушы. т.с.с.

Заттың атын білдіретін сөздер жөнінде 1-сыныпта түсінік алған оқушылар зат есімнің анықтамасын тез ұғады. Зат есімді оқытудағы тағы бір мақсат - балаларға заттардың әр салалы болатындығын, мағыналық тобын, яғни ара қатынасын білдіру, кім? кімдер? сұрағының тек адамдарға қойылатынын, жануарлар мен заттарға не? нелер? сұрағының қойылатынын дұрыс ұғындыру.

Жаңа сабақты бірден оқулықтағы 301-жаттығуды орындатудан бастауға болады. "Зат есім деп аталатын сөзжұмбақты шешу тапсырылған (қажетті сөздердің суреттері бёрілген).

Мұнда да суреттегі заттардың аты аталып, оларға сұрақ қойылады, табылған сөздер санына қарай алфавит ретімен орналастырады, бұл жаттығу оқушылардың ойлауын дамыту мақсатында да, балардың алфавитті меңгеруіне де пайдалы.

Оқулықтағы 300-жаттығудың мағынасы түсіндіріліп, жазбаша орындалады.



  1. Ақыл — тозбайтын тон, Білім таусылмайтын кен.

  2. Шешен сөз бастар, Батыр қол бастар.

Оқушыларға кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөзді тапқызу. Мақалдардың мән мағынасын терең түсіндіру.

302-308 - жаттығуларда да дәл осылай, зат есімнің сұрақтарына


жауап беретін сөздерді тапқызу. \

Ал, 309-жаттығуда жұмбақ шешу көзделген.

1. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна.

(Көл).


2. Қант еемс
Қатты
Мүз емес -
Тәтті.

(Шекер).


Бұл жаттығуда зат есімдерді тапқызып, астын сызду көзделген. Жұмбақ шешу арқылы оқушылардың логикалық, ойлау қабілетін дамытамыз.

Заманымыздың талантты педагогі В.А.Сухомолинский: "ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчестосыз, фантазиясыз толық, мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі деген болмайды", - деп атап көрсеткендей ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуларына көмектеседі.

Сабақ үстінде ойын әлементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты, баланың білімін үштай түсуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізу керек. Мысалы, "қай әріпті жоғалттым?" ойынын заттың атын білдіретінсөздірде оқытқанда пайдалануға болады.

Ойынға сөз ішінде бір әріпті қалдырып кеткен (яғни, бір әріптерін жоғалтқан) бірнеше үлестірмелі қима қағаздар жасалынады. Олар сыныптағы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Ойынға қатысушы әрбір оқушы өзіндегі әріптерден керектісін алып, әр сөздегі жоқ әріптердің орнына қоюға тиіс. Қай оқушы жылдам қойса, сол ұтқан болып саналады да, мұғалімінің мадақтауымен тиісінше бағасын алады.

2-сыныпта зат есімнің жалқы есім мен жалпы есім түрлері, олардың қолданылуы мен жазылуы емлесі үйретіледі. Бұл тақырыпты оқытуда оқушыларға кісі есімдері, жер, су, үй жануарлары аттарын білдіретін сөздерді жалқы есім деп аталатынын, солардан басқа заттардың атауы жалпы есім екенін ұғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.

Зат есімнің жалқы, жалпы ксім түрлерін меңгерту онша қиынға түспейді.

Жалпылама мағынаны білдіретін заттардың ішінен затты жеке — дара көрсеткіміз келсе, оған бір арнаулы ат қойып, оны сол өзіне қойған атымен атаймыз. Мысалы, мына сендер ғой, бәрің де балаларсыңдар, қыздарсыңдар, үлдарсыңдар. Бұл айтылған балалар, оқушылар, қыздар, ұлдар дегендер сендерге жалпы атаулар. Ал енді әрқайсыңды жеке даралап Айдана, Төрахмет, Ақбота, Молдабек деп өзіңе қойылған аты-жөнімен атасақ, Бұл атаулар жалқы есімдер- болады, - деп, шәкірттердің түсінігіне бірден қона кететін өздеріне таныс нәрседен бастаған жөн.

Жалқы емісдердің облыс, аудан, қала, көше, жер, су, тау аттарын білдіретін географиялық атауларды рет - ретімен мұғалім плакатқа мынадай түрде жазып қояды:

1. Облыс аттары: Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы,
Жамбыл облысы.


  1. Қала, ауыл атттары: Леңгір, Шұбар, Темірлан, Кентау, Түркістан
    т.б.

  2. Аудан аттары: Төле би ауданы, Ордабасы ауданы т.б.

  3. Көше аттары: Т.Әубәкіров көшесі, Төлеби көшесі т.б.

  4. Өзен, көл аттары: Арыс өзені, Ақсу өзені, Балқаш көлі т.б.

  5. Тау аттары: Алатау, Қаратау, Қазығұрт, Алтай, Орал т.б.

7. Жұлдыз аттары: Үркер, Шолпан, Темірқазық, Жетіқарақшы т.б.
Тақтаға алғашқыда тек атаулар жазылып, қос нүктеден соң ештеңе жазбай, сабақтың бұл кезеңі бұлай түсіндіріледі. 1. Жалқы есімдер облыс аттарын білдіреді.

Қандай облысты білесіңдер? Қане, айтып жіберіңдерші, - деп сыныпқа сұрақ қойып, оқушылардың да жұмыс істеуі талап етіледі. Оқушылар көптеген облыс атауларын атайды, солардың ішінен бірер сөзді мұғалім іріктеп жазып қояды.

2. Жалқы есімдер аудан аттарын білдіреді.

Қандай аудан аттарын білесіңдер? - біз тұрған аудан қалай аталады? — деп оқушылардың жауабына екінші қатар тұсына сөздер жазылады.

Осылайша сұрақтың құрылысы өзгерілмей, географиялық атауларға қойылуы арқылы оқушылардың өздеріне жұмыс істету процесі үстінде жалқы есімдердің көптеген мағынасы аңғарылады.

312-321 - жаттуғылар тақырыпқа байланысты берілген ұғымды кеңейте, бекіте түсу, солға сұрақ қоя беруге үйрету, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында жүргізіледі.

312 — жаттығуды мәнерлеп оқытып жалқы есімді тапқызу. Мектебінен қашпайды Қарсы алғанда анасы, Бес саусығы шошайды, "Бес" алған-ау шамасы.

Жалқы есімді оқытқанда олардың әрқашан бас әріппен жазылатынына 313-321 — жаттығуларды орындау барысында көз жеткізуге болады.

Оқушылардың ойлау процесін дамытудың бірден-бір жолы оларды өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуге үйрету жұмыстары дидактикалық принциптерге негізделіп жүргізіледі.

Жаңа тақырыпты қортындылау барысында үлестірмелі қима қағащдарға жазылған тест сұрақтарын беруге болады. Қима қағащдар оқушыларға үлестіріліп берілген соң, оларға ойлануға бес минут уақыт беріледі. Содан соң дайын оқушыларға дұрыс жауаптарын шеңбермен белгілеп көрсетеді. Жауапты ауызша да айтуға болады.

1. Медеу деген сөз зат есімнің қай түріне жататынын тауып


белгілеңдер.

а) Жалқы есім

ә) Жалпы есім

2. Қала деген сөз зат есімнің қай түріне жататыны тауып,


белгілеңдер.

а) Жалқы есім

ә) Жалпы есім

3. Төменнен жалқы есімді тауып, белгілеңдер.

а) шөп
ә) айран

б) марал


3. Төменнен жалпы есімді тауып, белгілеңдер.

а) Арыс
ә) Айдана

б) Бала

Өздігінен жұмыс істеу баланың ойлау қабілетін дамытады.



1-сыныпта оқушыларға жеке заттың атын білдіретін сөздер мен көп заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік алған болатын. Енді соны грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бұл үшін, бірдей заттың жеке және бірнешеуі бейленген суреттерді пайдалануға болады. Мұғалім олардың мағынасын тұсындіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Оқулықтағы 322-323 — жаттығулар соны байқатуға арналған. Аталған жаттығулар орындалғаннан кейін зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны түсіндіріледі.

322— жаттығуда балапанның сурет берілген.

323- жаттығуда қоянның суреті берілген. Мақсат - сөздерді
салыстырып оқу. Олардың бір — бірімен қандай айырмасы бар екенін
айту.

Одан кейінгі сұрақтар зат есімдердің жекеше түрін бірінші бағанаға, көпше түрін екінші бағанаға жазу керек.

324 - жаттығуды жаздырып, талдау.

3. е. Жекеше түрі З.е. Көпше түрі

Инелік Көбелектер

Ұшқыш Қарлығаштар

Тал Қайыңдар

Шырша Оқушылар

Ақын Суретшілер

325- жаттығуда көп нүктенің орнына көптік жалғауцларын қойдырып жаздыру.

Зат есімнің көпше түрін түсіндіруге, оған қойылатын сұрақтардың да көптік жалғаулары арқылы айтылатыны көрсетіледі. Бірақ кім? не? сұрағына көптік жалғаулардың жіңішке түрлері - лер, -дер, -тер ғана жалғанатынын көрсетіп қою жеткіліксіз. Көптьік жалғаудың барлық, түрлерін танытқан жөн. Ол үшін көптік жалғауларға раналған кестені пайдаланған дұрыс. Көптік жалғаулар

-лар,-лер,-дар,-дер, -тар,-тер

бала-лар, қыз-дар кітап-тар

кеме-лер, көл-дер күрек-тер

Жуан түбірлі сөзге көптік жалғаудың, жуан (-лар, -дар, -тар) түрлер, жіңішке түбірлі сөзге көптік жалғаудың жіңішке (-лер, -дер, -тер) түрлері жалғанатын емлесі үйретіледі.

Ал сөз аяғында дыбыстарға қарап көптік жалғаулардың басқа дыбыстарынын -л, -д, -т болып түрлететін емле ережелерін әзір түсіндіріп жату ертерек, себебі әлі тіліміздің дыбыс заңдылықтарын меңгеріп болмаған бастауыш сынып блаларына мұндай білімді ұсыну ауырлық етеді. Жеке зат, көп зат деген ұғымдарды таныстыру балалрдың 1-сыныпта үйренген дағдылық жұмысы 2-сыныпта одан әрі жаңғыртылып дамытылады.

328-жаттығуда зат есім болатын 4-5 сөз тауып, толықтырылып жазу берілген.

Жекеше Көпше

Батыр батырлар

Оқушы оқушылар

Кітап кітаптар

Дәптер дәптерлер

Бала балалар

Бұл жаттығуды орындау барысында зат есімдер жекеше, көпше тұлғада жүмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін түбірге көптік жалғауы жалғанатынын ереже ретінде берілгенін меңгерту көзделеді.

329-330-жаттығулар ережеде айтылғандарға қанық болу үшін пысықтап, білімді орнықтыр түсу үшін берілген.

331-жаттығудай мәтіндірден зат есімнің жекеше, көпше түрлерін айырып оларға сұрақтарды дұрыс қоя алатын болуы керек.

Қазақ тіліне алған білімдерін практикалық жағынан жан-жақты талдау, ажырата білуде және толықтыра түсуде үлестірмелі қима қағаздардың алатын орны ерекше.

Үлестірмелі қима қағаздар жеке оқушының өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне басшылық ететін әдістің біріне саналады.

Ол оқушы біліміндіге олқылықты толтыратын, абсракты мәселелерді нақтылай түсетін, сауаттылықты арттыратын, ой өрісін кеңейтіп, тіл байлығын молайтатын көмекші құрал болып есептелінеді.

2-сыныпта оқушыларға зат есімді оқытқанда мынадай үлестірмелі қима қағащдар пайдалануға болады.

1. а) Өлеңді көшіріп жазыңдар.

Ой балалар, балалар! Жылы-жылы жел соқты Жылғалардан су ақты. Ауыл көшті қыстаудан Әне апам қой сойған. э) Зат есімнің жекеше, көпше түрін тап.

2. а) Көп нүктенің орнына сұраққа сәйкес жауап жазыңдар.
Кім? Кімдер? He? Нелер?

Немере гүл

Сәби жұлдыз

Ғалым тау

э) сұрақтары мен мағыналарындағы айрырмашылықты тап.

3. а) Мақалды көшіріп жазыңдар. Мағынасын түсіндір. Ата - асқар тау, Ана - бауырындағы Бұлақ, Бала - жағасындағы қү_рақ. • Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.

ә) Кім? не? деген сұрақтардың астын сызыңдар деген сияқты т.б. үлестірмелі немесе кеспе қағаздарын мұғалім өз сыныбының қабілетіне қарай түрлендіруге болады.

2-сыныпта зат есім тақырыбын меңгертудің тағы бір жолы — ойын. Мысалы, сабақтағы ой-толғанысы кезеңінде балаларға Венн диаграммасы, яғни шеңбер ойынын ойнатқан дұрыс. Ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды топтай білуге, сондай-ақ олардың неге керектігін ажыратуға, заттардың атын қатесіз жазуға дағдыландырады. Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін шеңбер және оған қажетті заттардың аты жазылған жеке сөздер үлестірмелі жасалады. Оқушылар аталған жануарлардың пайдасы мен зиянын айтып өтеді. Зат есімді оқытуға арналған сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің көпше түрі. Көптік жалғаулары. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға көптік жалғаулар туралы түсінік беру.


  1. Сөздерді топтай білуге үйрету.

  2. Балалардың бағыт бағдар бере отырып өз беттеріңше жұмыс
    істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қортынды шығаруға
    машықтандыру. Сабақтың көрнекілеп: кітап, суреттер, үлестірмелер т.б.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

I. Психологиялық дайындық.

II. Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақ.
    1 .Кіріспе

  3. Оқушыларға бір кітапты көрсетіп:

Мынау не? деп сұрау

Ол кітап тағы бірнеше кітіпты алып көрсетіп:

Мыналар нелер? Бұлар кітіптар.

Кітап деген сөзбен кітаптар деген сөздің айтылуында айырмашылық бар ма? Бар. Кітаптар деген сөзге —тар деген қосымша жалғанған. Өте дұрыс. Заттың көптігін білдіру үшін түбірге -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер деген жалғаулар деп аталады. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз көптік жалғаулары. Сабағымыздың мақсаты: көптік жалғауларын зат есімге дұрыс жалғай білуге үйрету.

V. Оқулықпен жұмыс.
329-жаттығуды орындау.

Өлеңді мәнерлеп оқу, көпше түрдегі зат есімді тауып, өлеңді көшіріп жазу.

Айдын көлді сағынып,

Қаздар қанат қақты бір.

Ақ бантигін тағынып,

Алма ағаштар атты гүл.

1. Нелер? сүрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

VI. Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атып, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биік ұшады. (Осыған сәйкес қимылдар жасайды) (Е.Өтетілеуов «Балақай» Алматы, «Жалын» 1986 ж 137 бет).

VII. 330-жаттығуды орындау, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, зат


есімдерді тауып, олар зат есімдердің қай түрі екенін айту. Зат есімдердің
жекеше, көпше екенін ажырат.

Осыдан соң жаңа сабақты қортындалау барысында оқушыларға тектік сұрақтар жазылған үлестірмелер таратылып беріледі.

1. Төменнен зат есімнің жекеше түрі болатынсөзді тауып, белгілеңдер.


  1. Ағаштар

  2. Сандар

3. Аға

2. Төменнен зат есімнің көпше түрі болатын сөздерді тауып, белгілеңдер.



  1. Қаздар

  2. Жусан

  3. Балалар

3. Құстар деген зат есімінің қай түріне жататынын тауып, белгілеңдер.

  1. Зат есімнің жекеше түрі

Зат есімнің көпше түрі

Үйге 311-жаттығуды орындап келуді тапсыру.

VIII. Бағалау.

Екінші және үшінші сыныптарда өтетін сөз таптарының кестесі.

Болымды және болымсыз етістік. Зат есімнің септелуі

He істеді? не қылды? қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.

1-сыныпта оқушылар заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алғашқы мағлұмат алған болатын. Бірақ ондай сөздер тобының етістік деп аталатын үлкен сөз табын (тобын) құрайтынын, заттын әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін, тағы басқа грамматикалық сипаттарын әлі білмейді. Алдымен сөз табы ретінде таныту көзделеді.

Оқулықтағы 334-336 - жаттығулар осыған арналған. Аталған жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылар заттардың қимылын, іс-әрекетиін білдіретінсөздердін етістік, деп аталатынын, оларға не істеді? қайтіп? не қылды? Сұрақтары қойылатынын білуі тиіс.

Мысалы, 334-жаттығуды орындау, суреттке қарап, әр адамның не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауын айту.

Марат ағаш жарды.



Айдана ойнады.

Ағам домбыра тарты.

Ақбота гүлге су құйды.

Әжем ұршық иірді.

338-жаттығуда жануарлардың төлдеуін білдіретін етістіктер қай сөзбен байланысып тұрғаны тапқызылады.

Бие құлындайды.

Қой қоздайды.

Ешкі лақтайды.

Түйе боталайды.

Сиыр бұзаулайды.

Ит күшіктейді.

Мысық балалайды.

Сөздерге сұрақ қойылып мағынасы түсіндіріледі.

Ал 339-жаттығуда берілген етістіктердің мағынасын түсіндіру тапсырылған. Әуелі әр етістіктің мағынасы жеке-жеке сұрақ-жауап әдіс арқылы түсіндіріледі. Содан соң оқушылар сол сөздерді қатыстырып сөйлем қүрап жазады.

341-349 - жаттығулар етістік туралы берілген ұғымды бекіте түсуге, етістіктің өзге сөздермен байланысын дұрыс таба білуге, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлем қорын дамытуға бағытталған. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтыны да жаттығулар орындау барысында байқатылуы тиіс.

«Дара және күрделі етістіктер» етістік туралы жалпы мағлұмат берілгенен кейін оқытылады. Яғни басты міндет - етістіктің күрделі түрін таныту. Дара етістікті оқушылар бұрыннан біледі, ал күрделі етістікпен оқу сабақтарында, сөйлеу кезеңдерінде үнемі кездескенмен, олардың күрделі етістік деп аталатынын білмейтін.

Оқулықтағы 350-351 жаттығулар дара және күрделі етістіктерді бір жаттығу ішінде қатар беріп, салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін байқатуды көздейді.

Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желімбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

Бұл жаттығудағы «желінбейді, желімбейді» сөздерін, «төлдеп жатыр, шөлдеп жатыр» тіркестерімен немесе «жауды-жауып тұр, ұшты-ұшып барады, оқыды-оқып отыр» жұптарын өзара салыстырып, олардың бәрі іс-қимылды білдіретінін қойылатын сұрақта бірдей екенін айтқызып, өзгешеліктері тек сөз санында екенін байқатады.

Кейінгі жаттығулар дара және күрделі етестіктің мағынасы дара етістікпен салыстырғанда мүлде басқаша екенін аңғартады; оқыды – оқи бастады, оқып отыр, оқып болды, тікті - тігіп жатыр, тіге бастады, тіге алады т.б. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады. Ал 354 -жаттығу дара етістікті үлгі бойынша күрделі етістікке, айналдырып жазумен бірге, «күреді, үйді, күйді, сүзді, үшты» етістіктерің орфоэпиялық ерекшеліктерін байқатуды, сол арқылы сауатты жазуға үйретуді мақсат етеді.

357-жаттығу де ерекше назар аударуды қажет етеді. Оқушылардың сөз мағынасы туралы алған білідеріне сүйеніп, берілген етестіктердің мағынасын түсіндіру, оларға қарама-қарсы етісікті табу талап етіледі.

Мысалы, жапты - ашты.

байлады — шешті т.б.

358-368-жаттығуларда негізгі тақырыпқа байланысты тапсырмалармен бірге оқушылардың сөз мағынасы, мәтін, сөйлем тақырыптарынан алған білімдерін пысықтап бекітуге арналған тапсырмалар да берілді. Олар оқулықтағы әр жаттығудың тұсында анық көрсетілген. Мұғалімнің міндеті — бір жаттығуданығ тапсырманың мәнін дұрыс түсініп, соны оқушыға меңгертудіңтиімді жолын тандау.

Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.

2-сыныпта «Сын есімді» оқытудың басты мақсаттары төмендегідей.

1. Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту.

2. Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға
үйрету.


  1. Белгілі бір нақты заттың әр алуан қасиеттерін көрсетіп, сипаттап
    айтуға баулу.

  2. Сын есімді ауызекі және жазбаша сөйлеу тілдеріндемағынасына
    қарай дәл тандап қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған
    ортадағы құбылыстар мен заттардың әр алуан қасиеттерін, белгілерін
    бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.

Оқушылар заттың сынын білдіретін сөздермен 1-сыныптан бастап таныс. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге қандай? қай? сұрақтары қойылатынын да біледі. 2-сыныпта оқушылардың сол ұғымдары кеңейтіліп, сын есім сөз табы ретінде танытылуы тиіс

369-370 жаттығулардағы қарамен жазылған сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін, мағыналарын ай-гқызу арқылы оқушылардың заттын сынын білдіретін сөздер жайлы білетіндері еске түсіріледі. Одан әрі мұғалім сұрақ - жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет.

Мысалы, мұғалім алманың суретін көрсетіп, оның не екеін айтқызады дәмі, түсі, пішіні қандай екенін сұрайды, немесе қалың жұқа кітаптарды салыстырады т.б. Нәтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дәмін тағы басқа сапа, белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп аталатынын біледі, оларға қандай? қай? деген сұрақтар қойылатынын.

Бұдан кейін сын есімдерді зат есімдермен қатыстырып айтуға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Ондай мақсат - сын есімдердің кез келген зат есімдермен тіркесе бермейтінін аңғарту. Оқулықтағы жаттығулардың бірқатар осы ұғымды бекітуге арналған. Мәселен 372-жаттығуда зат есімдердің алдында керекті сын есімдерді қойып жазу берілген. ...бәтеңке, ...тон, ...сай, ...айран, ...шие, ...көше.

Керекті сөздер: қалың, жылы, ащы, терең, кең, тәтті.

Ал 373-жаттығуда бүған керісінше, .берілген сын есімдерді зат есімдермен қатар қойып айту.

Жуас, таза, биік, сүйық, жүйрік, ұзын.

Үлгі: жуас ат, таза көрпе, биік тау,...

374-жаттығуда қандай? қай? сұрақтарының орынан тиісті сын есімдер жаздырылып, оның қай сөзбен байланысып тұрғаны айтқызылады.

Әселдің (қандай?) көйлегі бар. Мен (қандай?) кітап оқыдым. Бізге (қандай?) оқушылар көмектесті. Ауылда (қандай?) үйлер көбейді.

Керекті сөздер: қызыл, қызық, көп, биік.

375-жаттығулардың мақсаты балалардың, байқау қабілетін арттыру, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйрету. Мәселен, тақтай десек, оқушы жалпақ тақтай деумен шектеліп қоймай, оның қалың не жүқа, ұзын неқысқа екеніне көңіл аударуы тиіс. Сөйтіп бір заттың бірнешебелгісін білдіру үшін жоғарыдағы жаттығуды мынадай үлгіде орындатуды ұсынамыз;

Жалпақ

Қалың - ^Zp* Тақтай



Тегіс

¥зын


376- жаттығуда берілген сын есімдерге қарсы мағыналы зат есім тауып жаз, олардың мағыналарын салықтыру талап етіледі, әр сын есім оған қатысты зат есіммен байланыстырылып айтқызылады.

үлкен


жаңа

жіңішке


қысқа

ірі


күшті

Үлгі: үлкен үй, жаңа көйлек,...

Сын есім үнемі зат есімнің анықтауышы ретінде келе бермей, кейде сөйлес соңына келіп, сөйлемді аяқтап түратынын да аңғарту мақсат етіледі.

381-382 — жаттығулар осыған арналған. Көп нүктенің орнына зат есімнің алдыңғы сын есімдерді қойып жазу. Екі бағанды салыстырып, қай бағандағы сөздер сөйлем, қай бағанадағы сөздер сөйлем емес екенін айту.

таза ауа ауа таза

ақ мақта мақта ақ

жазық дала дала жазық

жақсы бала бала жақсы

Сын есімге 8 сағат уақыт бөлінген, соған орай отыз екі жаттығу берілді. Соның бәріне жеке тоқталып жатпай-ақ, негізгі назар аударылатын мәселелерді баяндап өттік. Кейінгі жаттығулар сын есімге байланысты берілген ұғымды бекіте, кеңейте түсуді, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорын молайтуды, белгілі бір затты сипаттай білуге үйретуді, айтылған белгелері бойынша суреттелғен нәрсені тапқызуды, т.б. мақсаттарды көздейді.

Ал, енді сын есімді оқытуға раналған сабақ жоспары:



  1. Сабақтың тақырыбы: сын есім.

  2. Сабақтың мақсаты: заттың түрін, түсін ажыратуға үйрету
    Сұрақтары қандай? қай? екенін түсіндіру.

Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

3. Сабақтың тәрбиелік мәні:

Оқушыларды көркемдеп сөйлеуге көркем етіп, әдемі етіп жазуға, әдеміліке, кішіпейілдікке, адамгершілік - имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру, оқушылардың қазақ тілінде мақалдап, шешен сөйлеуге, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

4. Сабақтың көрнектілігі:

Суреттер, қолдан жасалған плакаттар, үлестірмелер, ойыншықтар, оюлар салынған буклеттер.

5. Сабақтың әдісі:

Ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.

І.Кіріспе әңгіме. Оюлардың түрін көрсетіп:



  • балалар, мыналар нелер?

  • оюлар

  • оюлар қай халықтың өнері?

  • Қазақ халқының

  • ою не үшін керек?

  • әсемдік үшін.

  • ою қандай жерлерде қолданылады?

  • Түс киізде, текеметте, ұлттық киімдерді қолданылады.

  • Ою қандай түстермен өрнектелінген?

  • Көк, қызыл, сары, қара, күлгін, ақ түстермен.

  • Заттың түсін білдіріп тұрған қай сөз?

  • Қызыл сары
    Тақтаға плакат ілінеді.
    Жақсы үл - еліне бас
    Жаман ұл - еліне қас.

Заттың сынын білдіріп тұрған қай сөз? Жақсы, жаман.

Заттың түрін, түсін, сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады.

2. Оқулықпен жұмыс.

378-жаттығуды бірнеше оқушыға оқытып, сын есімдерді тапқызамыз.

Ақ жүрекпен таза ақыл. Қылсаң адал еңбек. Бәрінен де сол мақүл -Артқыға жол бермек. Сен бол көр аққа жақ, Болам десең адам, Адал еңбек берер бақ, Бассаң соған қадам.

3. Тақтамен жұмыс.

Бір оқушы тақтаға, қалғандары орындарында отырып, жаза бастайды.

4. Сергіту сәті.

Қоюланып тағы бұлт, Жаңбыр жауды себелеп. Жапырақты жамылып, Бұғып қалды көбелек.

5. өздігінен жұмыс істеу.

Сын есім қатысты мақалдар айтқызу.


  1. Өтірік сөз өрге баспас.

  2. Жылы киім тәнді жылытар,
    Жылы сөз жанды жылытар.

  3. Жалған сөз жанға қас,
    Жалқау қойшы малға қас.

  4. Еріншек адамның ертеңі бітпес.

6. Жаңа сабақты қортындылау барысында суретті билет ойынын
ойнатқан жөн. Оқушыларға сурет салынған үлестірмелер таратылып беріледі де, сол суретке байланысты оқушылар сөйлемдер ойлап табады. Суретті билет ойынын айрықша тапсырма бойынша жүргізуге болады. Мысалы, сурет бойынша оқушылар мындай сөйлемдер ойлап табуға тиісті:

Ту Қара торғай

Көгілдір ту желбіреді Қара торғайға үя жасадық,

Машина Қоян

Бақыт жеңіл машинаға мінді Сұр қоян қашты.

Алма Жапырақ

Мамам қызыл алма әкелді. Күзде жапырақ сары түске боялады.


  1. үйге 388 - жаттығуды жазып келу тапсырылды.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
    «Заттардың санын білдіретін сөздер» 2-сынып оқушыларына математика сабақтарынан жақсы таныс. Олар сан есімдер қатысқан әр алуан қиын есептерді шығара алады. Бірақ олар 2,7,13,46 сияқты сандарды қосу, алу, көбейту амалдарының объектілері ретінде, санау таңбалары ретінде ұғынады. Ал олардың сан есім екенін, затқа қатысты сөздердің грамматикалық тобы екенін жөнді үқпайды.

Оқулықта осылар ескеріледі де, сан есімдер негізігі есмі сөздердің бірі ретінде баяндалады. Әзірге Бұл сыныпта сан есімнің есептік, реттік, түрлерінен бастапқы мағлұмат беріледі. Ол үшін сан есімдерге неше? қанша? нешінші? деген сұрақтарды қойдыру арқылы сане есімдердің осы екі түрін танытамыз. Жаттығуларда берілген материалдарды игеріп, тапсырмаларды дұрыс орындау нәтижесінде оқушылар ережелерді жадында сақтап, жүзге дейінгі дара, күрделі сан есімдерді әріптермен дұрыс жаза алатын болуға тиіс, есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыруға үйрету.

Жаттығуларды орындау барысында оқушылар сан есімге сұрақ қоя білуге, олдардың зат есімдермен байланысын аңғартуға, мәтінен сан есімдерді таба білуге үйретіледі. Сондай-ақ зат есімдер заттың санын, ретін білдіретінін үғады. Жаттығулардың кейбіреуінде сандарды сөзбен жазу талабы қойылады. Ондағы мақсат - бір таңбалы сан бір сөзбен, екі таңбалы сан екі сөзбен жазылатынын білдіру. Сонымен бірге жаттығу ретінде ұсынылған «санамақтар», «есепжұмбақтар», «жаңылтпаштар» арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсат етілді.

Сан есім жайындағы сабақ 401-жаттығуда берілген өлеңді оқытудан басталады.

Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін.

Екі қолын не үшін керек? Елге көмек беру үшін (Қ.Мырза Али).

Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беретінін айтқызу. 402- жаттығу жұмбақ түрінде берілген. Тоғыз белбеу, қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек.

(Домбыра).

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой делінген. Бү_л арада заттың санын ретін білдіретін сөздерді сан есіме дейтінімізді және олар қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретінін айтып өту артықшылық етпейді.

412-жаттығуды орындау тапсырылады, сандарды сөзбен жазып бір таңбалы сан мен екі таңбалы сандардың жазылуындағы айырмашылықты етпейді.

Осы жерде оқушылардың назарын кітапшадандағы ұлттық аспаптардың суреттеріне аударамыз.

Балалар, суреттен нені көріп тұрмыз? Ұлттық аспаптарды Бұл қай халықтікі? Қазақ халқының ұлттық аспаптары Суретте ұлттық аспаптар қалай көрсетілген? Бір немесе бірнешеуі көрсетілген Аттарын атаңдар

Бір қобыз, үш сыбызғы, үш домбыра, бір шертер, бір-бірден асатаяқ пен даңғыра, жетіген. Мүндағы бір, үш деген сөздерег қанша? деген сұрақ қоямыз да оның сан есім екенін айтамыз. Зат есім мен сан есімнің өзара байланысып тұрғанын түсіндіріп кетеміз.

Жаңа сабақты тереңірек түсіндіру үшін жаттығулар орындатамыз. 5,6,7,10,30,90 15,16,17,21,77,99

418-жаттығуда сан есімнің сөйлем соңында да кездесетінін іс жүзілік түрғыда таныту үшін берілген. Бұл жаттығуды орындатқан кезде сан есімдер сөйлемнің қай жерінде тұрғанына баса назар аудару керек.



  1. Еріншектің ісі - екі,

  1. Ағайын - алтау,
    Ана - біреу.

Сан есімдерге сұрақ қойдыру тапсырылған.

Сабақты тереңірек түсіндіру үшін ребустар қолдануға болады. Ребустарды шешу балаларды демалдыру үшін сергіту сәті ретінде қолданылады. Әрі олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Сабақтың соңында қортындылау барысында оқушыларға бірнеше сұрақтар жазылған үстемелер таратылып беріледі. Оқушылар Бұл сұрақтарға ауызша немесе жазбаша түрде (дұрыс жауапты белгілеу) жауап береді. Бұл оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуі үшін пайдасы зор әрі тест әлементімен таныса бастайды.

1. Жеті деген сөз қай сөз табына жататынын тауып белгілеңдер.



  1. Зат есім.

  2. Сан есім.

  3. Етістік

  4. Кіші.

2. Төменнен сан есім болатын сөзді тауып белгілеңдер.

  1. Асық.

  2. Бес.

  3. Жинады.

  4. Кіші.

1. Тоғыз деген сөз қай сөз табына жататынын тауып белгілеңдер.

  1. Сын есім.

  2. Сан есім.

  3. Етістік

  4. Зат есім.

Үйге сан есімге байланысты сөйлемдер жазып келу тапсыралады.

Қазірігі Атамұра бағдарламасы бойынша 3-сыныпта сөз таптары жалпы түрде қайталанады, сөйлемдерді сөз таптарына талдайды. Бірден сөздерді оқы, олардың қай сөз табына жататынын анықта. Сөздерді әр сөз тобынын тұсына топтап жаз. Сөздердің қай сөз тобына жататынын қалай білдің? Деген тәрізді тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Одан әрі сөз таптары жеке-жеке өтіледі.

Зат есімге қатысты үш сабақ осы тақырыпка байланысты екіншгі сыныпта берілген білімді есіне түсіруге арналады. Өйткені зат есім сөз табы ретінде екінші сыныпта таныстырылған. Сол себепті Бұл тақырыпты өткенде, алдымен зат есіиге қандай сұрақ қойылатыны, зат есім жалқы есім және жалпы есім болып бөлінетіні, олардың емлесі, зат есімнің жекеше, көпше түрлері арнайы жаттығулар негізінде толық еске түсіріледі. Зат есімді саналы түрде меңгергеннен кейін негізгі және туынды зат есім тақырыбы өтіледі. Оқулықтағы 296-жаттығу негізгі және туынды зат есім туралы тілдік фактілерді байқату арқылы түсінік беруді көздейді. Мысалы, өнер - өнерпаз, күй - күйші, сый - сыйлық, балық - балықшы тәрізді нақты мысалдарды салыстыру арқылы зат есімдердің негізгі және туынды болып бөлінетінін аңғартамыз. Осы үлгіде тағы да мынадай бірнеше мысалды салыстырып талдатқан жөн: біл — білім, үш — үшқыш, адал — адалдық, жақсы — жықсылық. Мұндағы мақсат туынды зат есімдер тек негізгі зат есімдерден ғана емес, басқа да сөз таптарынан да жасала беретінін аңғарту.

Оқулықтағы осы тақырыпқа ұсынған жаттығулардың барлығы ла негізгі зат есім мен туынды зат есімге байланысты берілген түсінікті кеңейте, бекіте түсу, соларға сұрақ қоя білуді үйрету, оқушылардың сөз байлығын молайту мақсатын көздейді.

Негізгі және туынды зат есімді оқытуға арналған

Сабақ жоспары:



  1. Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

  2. Сабақтың мақсаты: а) зат есімнің негізгі және туынды болып
    бөлінетіні жайлы түсінік беру;

э) олардың бір-біренен өзгешелігін саналы түрде түсінік беру; б) Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту.

3. Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушылардың кішіпейілдікке,


үйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

4. Сабақтың көрнекілігі: Кесте, оқулық - сабақтың әдісі: әңгімелеу


сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:

I. Үйымдастыру.

II. Үй тапрсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ: тақтаға кесте ілінеді.


Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Күй, ән

күйші, әнші

Балықшы

балықшы

Құрылыс

күрылысшы

1. Жаңа сабақты түсіндіру, кестедегі мысалдарды талдаудан бастаймыз.


  • Күй сөзіне сұрақ қойыңдаршы
    -He?

  • Бұл сөзді одан әрі бөлшектеуге болама?

  • Күй сөзі одан әрі бөлшектелмейді, ол түбір сөз.

  • Ал күйші сөзі ше?




  • Күйші сөзі кім? деген сұраққа жауап береді, түбірі - күй, -ші,
    жұрнақ.

  • Балалар, енді күй, күйші сөздеріне назар аударайықшы. Бұл екі
    сөздің бір - бірінен айырмашылығы неде? Бұлар қай сөз табы?
    Бұлардың екеуі де зат есім , бір - бірінен айырмашылығы -

мағынасында және жасалуында. Біреуі түбір сөзден, екіншісі жұрнақ жалғауы арқылы жасалған. Осы ретпен басқа сөздер де талданады.

- Сонымен, балалар, зат есім жасау жолына қарай нешеге бөлінеді


екен?

- Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.


Оқушылардың жауабын толықтырып, қортындылап өтеміз: негізгі

түбірден жасалған зат есімнің, негізгі зат есім, ал негізгі түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атаймыз.

2. Берілгей түсінікті бекіте түсу үшін оқулықтағы 296,297,298 -
жаттығулар орындатылады.

өнер - өнерпаз,

күй — күйші,

сый - сыйлық,

балық - балықшы,

орын - орындық,

көл - көлшік.

Жаттығуды жазу, сөз құрамын талдау, сұрақ қою.

3. Ойын кім жылдам? Ойынның шарты.

Мұғалім негізгі зат есімді атайды, оқушылар сол аталған зат есімнен туынды зат есім жасауы керек.

Керісінше туынды зат есімнің түбірін тапқызуға да болады. Кім жылдам әрі дұрыс жауап берсе, сол оқушы жеңімпаз атанады. Мысалы: мал - малшы егін — егінші жылқы -жылқышы Достық - дос Емші — ем Сөздік - сөз

4. Сабақты қортындылау мына сұрақтар бойынша іске асырады.



  • туынды зат есім қалай жасалады?

  • негізгі және туынды зат есімнің айырмашылығы неде?
    Мысал келтіру.




  1. Бағалау.

  2. Үйге 299 - жаттығуды орындап келу тапсырылады.

Зат есімнің тәуелденуі деген тақырыпты тәуелдік жалғауын танытудан бастаған жөн. Жаңа сабақты тусіндіруде мынадай кестені пайдалануға болады.


Зат есімнің тәуелденуі

Жақ

Жекеше

Көпше

I жақ

-м, -ым, -ім

-мыз, -міз, -ымыз,






(анам, кітабым)

-іміз (кітабымыз)

II жақ

-ң, -ың, -ің,

(анаң, кітабың)



-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, (кітаптарыңыз)

III жақ

-сы, -сі, -ы, -і, (анасы, кітабы)

-ы, -і (кітаптары)

Кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғаулы сөздердің үш жақөты, жекеше және көпще түрде айтылатыны аңғартады. Берілген түсінікті бекіте түсу мақсатында Қайда менің өз жағым? Ойыны ойнатылады.

Ойын тәртібі: Қолдарында I жақ, II жақ, III жақ деп жазылға үлестірмелері бар үш оқушы тақтаның алдына шығып тұрады. Отан, әке, дәптер сөздер іүш жақта жекеше, көпше тәуелденген үлестірмелер оқушыларға бірден таратылып беріледі. Содан кейін тақта алдында тұрған III жағым? — деп шақырады.

Сыныптағы қолдарына үлестірмелер алған оқушылар өз тәуелдік жақтары болып тұрған баланың қатарына келіп, қолындағы үлестірмелерін көрсетіп тү_ра береді. Мұғалім тексеріп шығып, қай жақта қате тұрған оқушы көп болса, сол жақтын үтылғанын хабарлайды.

Оқулықтағы 309 — жаттығуда досым, қарындасым, апасы деген сөздердің қосымшасын тауып, олардың қандай мағынана білдіріп тұрғаныны айту тапсырылған. Мүндағы мақсат - тәуелді жалғаудың мағынасын байқату, яғни заттың, қандай да бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенің білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру. 309-310-жаттығуларды түсіндіріп орындағын оқушы тәуелдік жалғаудың не екенін өздері-ақ пайымдап, соған лайық ереже шығара алады.

310-жаттығуда берілген сөздерге қосыша жалғап жазу және бұл қосышалар қандай мағына беріп тұрғанын түсіндіру.

Әке, әже, іні, кітап.

Үлгі: Менің әкем,... Сенің әкең,... Оның әкесі,...

Тәуелдік жалғауын танытқаннан кейін күрделі мәселе - түбір сөзге дауысты дыбыстан бастаған тәуелдік жалғау жалғанғанда, түбір сөздің соңғы буынындағы —ы, -і дыбыстарының түсіп қалатындығы.

Мысалы: Халық+ым-аулым.

Оқулықтағы 317-319-жаттығулар осьіндай сөздердің тәуелденген кездегі жазылу емлесін меңгертуге арналған, сол сияқты тәуелді жалғау жалғанғанда, түбір сөздің соңында қатаң дыбыстардың үянға айналатынын да аңғарту мақсаты көзделді.

Мысалы: лақ-лағың, білек-білегің.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет