Мазмұны критериалды бағалау технологиясы


Оқу процесінде оқушылардың білімін бағалаудың түрлері



бет6/12
Дата07.05.2020
өлшемі39,95 Kb.
#66483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
баға
баға
1.1.Оқу процесінде оқушылардың білімін бағалаудың түрлері.

Бағалаудың жаңа жүйесінде жиынтық бағалаумен қатар қалыптастырушы немесе формативті бағалау қолданылады. Жиынтық бағалаудың немесе Оқыту үшін бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды.Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және «атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге болады. Формативті бағалау немесе оқу үшін бағалау күнделікті әр сабақта жүргізіліп тұрады. Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Аталған бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.

Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзара бағалау білім алушыларға бір-біріне кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды. Өзін-өзі бағалауда білім алушы Тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме? Тапсырманы толығымен жеке өзі орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? деген сұрақтарға жауап іздейді. Өзін-өзі бағалау өзін-өзі реттеуге жетелейді. Дегенмен бағалаудың өзіндік қиындықтары да бар. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда білім алушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.

Өзін-өзі бағалау білім алушының танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі танымдық әрекет кезінде ол өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет