Мазмұны критериалды бағалау технологиясы


Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі



бет8/12
Дата07.05.2020
өлшемі39,95 Kb.
#66483
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
баға
баға
1.2.Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі

Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады.

Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.

«Мақсат – жетiстiктiң желкенi» — дегендей, менің алға қойған мақсатым — оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде ойлау, сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сөйлем құрылысын меңгерту болғандықтан. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс жасауға көңіл бөлемін. Өйткені оқушы шағын топтарда немесе жұппен жұмыс жасауда, бірлесіп үйреніп, ортақ мәселелерді талқылай алады. Сонымен қатар барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолданамын:

Фишкалар тарату

— Қол шапалақтау немесе мадақтау;

— Стикерге бағалау;

— » 2 жұлдыз, 1 тілек»;

— «Мақсат ағашы» арқылы бағалау;

— Өзін — өзі бағалау;

— Жұпта бірін -бірі бағалау;

— Топта бірін — бірі бағалау.

— «Сұқ саусақ» белгісі  арқылы бағалау;

— «Алақан» белгісі арқылы бағалау

Фишкалар немесе фигуралар (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) арқылы оқушылардың берген жауаптарын бағаладым. 5-6 сынып оқушыларының арасында фишка алуға қызығуышылықтары жоғары болды. Фишкаларды алған оқушылар бір-бірімен салыстырып, бір-біріне жеткісі келіп, бәсекелестік пайда болды.Қызыл (3-ұпай)және сары (4ұпай) фишкаларды алып қалған оқушылар жасыл (5-ұпай) фишканы алғысы келіп, тырысатыны байқалды, дегенмен де қызыл фишкаға да қол жетіп қуанған оқушылар да болды.Формативті бағалау кезінде бұрыңғыдай неге маған осы баға, оған ана баға деген оқушы болмады, сабақ соңында оқушылар өздерінің қаншаға жауап бергендерін біліп, бағаларын айтып шығып, «Табыс баспалдағы», «Алақан» тренингісі арқылы керібайланыс жасап, өздерінің білім дәрежелерінің қай деңгейде екенін ұялмастан айтып, келешекте неге көңіл бөлу керек екенін түсінді. Ал топ мүшелерінің фишкаларын біріктіріп есептеп, көшбасшы болған топты анықтауға ыңғайлы болды. «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы топтар арасында постер жасап, қорғаған кездегі топтардың жасаған жұмыстарының сапалылығына, мәтіндерінің дұрыс құрастырылғанына көңіл аударып, кемшіліктерін таба білуге үйретеді.

Бас кезінде формативті бағалау бойынша өздерін бағалау қиындау болды. Бір — біріне жалтақтап, сенімсіз танытты. Бір- бірін бағалаған уақытта бір — біріне сенімсіздік танытып, ренжігендерін де байқадым. Сондықтан мен қандай да бір жұмысты бағаламас бұрын оқушылармен бірлесіп, бағалау критерийін құрастырған соң, әділ баға қойылатын болды. Осы кезден бастап, бағалау критерийінің оқушылар үшін маңызды екенін түсіндім.

Бағалау критерийі — дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесінің негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары(әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. ( Глоссарий)

Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет