Мәдениеттану



бет4/5
Дата05.11.2016
өлшемі0,53 Mb.
#919
1   2   3   4   5

Тарихи мәдени процесс


Біз осыған дейін мәдениетті ұғымдық жағынан қарастырып келдік. Ал мәдениет болмысы — тарихи-мәдени процесс. Оны әлеуметтік қозғалыстың ақпараттық түрі деп атауға болады. Мәдениеттің заттық пішіндерінде ақпараттық беріліс адам әрекеті нәтижесінде «жасанды табиғатта» ұяланса, ал рухани мәдениетте ол текстер мен тілде жүзеге асады. Тарихи-мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша қисынмен зерттейді. Оның алдында оқиғалар мен тарихи деректердің тізбесін жасау мақсаты тұрған жоқ. Ол осы тарихи-мәдени процестің қисындық модельдерін бейнелеуге тырысады. Егер біз дүниежүзілік тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында екі бағыт бар екеңдігін байқаймыз. Біріншісі, табиғатты меңгеру арқылы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды өркендетумен, білім мен техниканың дамуы нәтижесінде қалыптасатын өркениетпен байланысты. Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адамның руханилығының құндылығы кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған көріністерімен айқындалып тұр. Н.А. Бердяев бұл туралы былай деген: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары қойылған... Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі — машиналық»[6].

Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне көтерді. Дамыған елдерде «не жеймін, не киемін сияқты мәселелер түбегейлі шешілген. Бірақ адамзат үшін бұлардан басқа маңызды талап-тілектер бар. Екінші бағытты — адам руханилығының дамуы (мәдениет) деп атауға болады. Ол адамның ішкі дүниесіне, оның терең сезім қатпарларына, ой-өрісіне бұрылған. Осы екі бағыттың айырмашылығын Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да байқауға болады. Егер Шығыс мәдениетке көбірек көңіл бөлсе, Батые өркениетті дамытуда бірталай жетістіктерге жетті. «Батые адамы Дүниемен, табиғатпен, өзі сияқты басқалармен күресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы — керісінше: ол өзімен-өзі, өзіндегі толымсызбен күреседі» [7]. Егер тарихи-мәдени қозғалыстың динамикасын алып қарастырсақ, онда тарихи тұрғыдан төмендегідей сатыларды бөліп көрсетуге болады.



  • Льюис Генри Морганның ілімі бойынша: 1. Тағылық. 2. Варварлық. 3. Өркениет.

  • Маргарет Мидтің ілімі бойынша: 1. Постфигуративтік (дәстүрлік) мәдениет. 2. Кофигуративтік (замандастық) мәдениет. 3. Предфигуративтік (жас ұрпақтық) мәдениет.

  • Даниелл Беллдің пікірі бойынша: 1. Индустриалдыққа дейінгі қоғам. 2. Индустриалдық қоғам. 3. Индустриалдықтан кейінгі қоғам.

Марксизм бес қоғамдық-экономикалық формацияға (алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік) төн мәдениеттің бес түрін көрсетеді. Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық және жалпылық белгілері бойынша бүкіладамдық қасиет ретінде сипатталды. Алайда, нақтылы тарихта әртүрлі мәдени жүйелер өмірге келіп жатады, олар кейін орнын басқаларға береді. Ал этностық (ұлттық) мәдениеттерді алсақ, олар тіпті бір ғасырдың ішінде талай өзгерістерді басынан өткізген. Мысалы, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті туралы сөз болғанда көшпенділерден бастап кеңестік тоталитарлық мәдениетпен қоса, қазір қайта жаңғырып жатқан қазақтың төл мәдениеті туралы айту қажет. Сонда, әр мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпай, оларды белгілі бір жүйеге, топқа келтіруге бола ма? Бұл мәдениеттер типологиясы туралы және мәдениеттанудағы ең келелі мәселелердің бірі болып табылады.

Типология (грек тілінен «типос» — пішін, үлгі, із және «логия» — ілім, сөз деп аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте 28 зерттеу объектілерін жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне үқсамайтын, көп түрлі құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі қолданылады. Осы сипатта типологияның ХХ ғасырда жан-жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелік ілім мен мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен қолданылатынын баса айту қажет.

Бұл ілімдерде типология әр түрлі құрылымдық заңдылықтарды ашу, олардың негізіндегі архетиптерді айқындау, осының нәтижесінде идеалды типтерді құрастыру және оларды салыстырмалы тәсілдермен түсіндіру сияқты ғылыми негізгі әдістерге жатады. Сонымен, адамзатқа тән сан алуан мәдениетті зерттеу үшін типология ауадай қажет. Қазіргі мәдениеттануда типологияның бірнеше баламасы қабылданған. Бұл жерде шешуді қажет ететін мәселе — мәдени типтердің өзара байланысы. Дүниежүзілік тұтас мәдениеттер эволюциясы бар ма, әлде әрбір мәдениет оқшау, бірбірімен алшақтап кете ме? Осы мәдени типтердің тарихтағы салмағы, оның қосқан үлесі қандай? Неліктен адамзат дамуында белгілі бір мәдени тип алға озып шығады? Ал бұрын гүлденгені, неге кейін солып қалады? Осындай сұрақтарды жалғастыра беруге болады. Енді соларға түсіндірмелерді іздестіріп көрейік. Осы мәселе бойынша мәдениеттануда негізінен үш бағытты бөліп алуға болады. ХЫХ ғасыр тарих тұрғысынан мәдениет типтерін негізінен біртұтас дүниежүзілік өркениеттің қалыптастыру зандылықтарына сәйкестендіре шешті. Дарвинистік эволюциялық ілім ықпалымен пайда болған бір бағыттық прогрессивтік мәдени даму тұжырымдамасы бойынша әртүрлі өркениет жоқ. Тек бір өркениет бар және де барлық дамыған елдер мәдениеттің ұқсас сатыларынан өтеді. Бұлай ойлау, әсіресе, марксизм ілімінде анық айтылған (қоғамдық-экономикалық формациялар, спираль түрінде даму идеялары). Гегель философиясындағы жалпыламалықтың жекелерден жоғары түрып, оларға үстемдік ету принципі мәдениет типтеріндегі өзіндік ерекшеліктерді елемеуге әкеліп соқты.

ХЫХ ғасырдың екінші жартысынан басталған бетбұрыс осы мәселеге де өз әсерін тигізді. Мәдениеттегі ортақ даму заңдылықтарын логикалық тұрғыдан талдаудың орнына әрбір «өркениеттің» көркем өмірбаянын суреттеу алдыңғы қатарға шықты. Ресейде де бұл идея ХЫХ ғасырда терең тамыр жайған. Осы ретте орыстың белгілі мәдениет тарихын зерттеушісі Н.Я. Данилевскийдің тарихи-мәдени тип іліміне қысқаша тоқталып өтейік. Ол өзінің «Ресей және Еуропа»[8] атты шығармасында тарихта 13 мәдени типтің болғанын атап өтеді. Осы тарихи-мәдени типтердің арасынан біз түрік халықтарын таба алмаймыз. О. Шпенглер сияқты Н. Данилевский де «Орталық Азия халықтары варварлық сатыдан шыга алмады» деген еуроорталықтық көзқарас шеңберінде қалып қойған. Әрбір мәдени-тарихи тип оқшау организм тәрізді болгандықтан, олардың бір-біріне қарым-қатынасы шектелген, араларында шынайы сұхбаттасу (диалог) мүмкін емес. Н. Данилевскийдің пікірінше, ұлттық мәдениеттер шығармашылық (творчестволық) және қатып-семіп қалғандар (реликтілік) болып бөлінеді. Тарихи қозғалыс нәтижесінде кейбір мәдениет алға озып шығады да, басқалары оларға этнографиялық материал болудан өзгеге жарамайды. Жалпы қалыптасқан мәдениет шамамен 1500 жылдай өмір сүреді. Оның 1000 жылын қалыптасу, нөр жинау, басқалардан оқшаулануды қамтитын этнографиялық кезеңі алса, 400 жыл мемлекеттік кезеңге жатады. Тек соңғы 50—100 жыл ішінде тарихи-мәдени тип өзін көрсетеді, тарихта із калдырады. Бұл кезеңді Н. Данилевский өркениет деп атайды. Бірақ өркениет түбінде этностық мәдениетке орны толмайтын нұқсан келтіреді, оның архетиптік өзегін жегідей жейді.

Әрине, Н. Данилевский тарихи-мәдени типтердің арасындағы байланысты мүлдем жоққа шығара алмайды. Оның пікірінше, мәдениеттердің арақатынасының 3 түрі бар:


  1. жою, тазарту (мысалы, еуропалықтардың Америкадағы үндістер өркениеттерін мүлдем құртып жіберуі);

  2. будандастыру (Ы Петрдің еуропалық мәдениетті орыс жеріне енгізуі);

  3. тыңайту (мәдениет өзінің негізін сақтап, басқалардың нөрімен толығады). Жалпы алғанда көптеген тың пікір айтқанымен, Н. Данилевский мәдениеттер тұтастығын жеткілікті ескермейді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың салдарынан жиі-жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мәдени бірлігін қалпына келтіре бастайды. Бүкіл планеталық тұтастық идеясы гуманист ойшылдарды тарихтың ішкі мәнісін замандар сабақтастығынан іздеуге ұмтылдырды. Мәдени оқшаулық теориялары өз орнын адамзат өркениеті дамуының біртұтастығы жайындағы ілімдерге бере бастады. Осылардың ішінде белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883—1969) белдеулік (осьтік) уакыт ілімі ерекше орын алады.

К. Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болтан, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашагы ұқсас. Жалпыадамдық мәдениет пен өркениеттің қалыптасуына шешуші эсер еткен фактор — тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірак әрбір дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Оны тек қана «дүниежүзілік тарихтың белдеулік уақытында» пайда болған философиялық сенім тұжырымдады. Бұл — шамамен б.э.б. 800 және 200 жылдарды қамтитын уақыт. Осы кезде планетамыздың әр жерінде (Қытайда, Үндістанда, Персия мен Палестинада, Ежелгі Грекияда) рухани қопарылыс болып, қазіргі адам типі қалыптасты. «Бұл уақытта, — дейді К. Ясперс одан өрі, — керемет құбылыстар болып жатты. Қытайда Конфуций мен Лаоцзы өмір сүрді. Мо-цзы, Чжун-цзы, Ле-цзы және тағы да көптеген философтар өз ойларын дамытты. Үндістанда Упанишадтар пайда болып, Будда өмір сүрді. Осы екі елде де адамзаттың барлық тағдырлық мәселелері пайымдалып, бабына жетті; Иранда Заратуштра жақсылық пен зұлымдықтың арасында толассыз күрес жүретін әлемтуралы өз ілімін уағыздады; Палестинадан Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Иса пайғамбарлар шықты; ал Грекия — бұл Гомер мен Парменид, Гераклит, Платон тәрізді философтардың, Фукидид пен Архимед сияқты трашктердің уақьггы»[9]. К. Ясперс ертедегі ұлы мәдениеттердің пайда болуын адамның өзінің әлсіздігін сезініп, осы жағдайдан құтылу үшін рухани күреске шығуы арқылы түсіндіреді. Адамзаттың рухани бірлігі идеясын К. Ясперс мәдениеттер типологиясын талдауға негіз етіп алған. Оны нақтылы көрсету мақсатымен төмендегідей кестені «Тарихтың түп-тамырлары және оның мақсаты» шығармасында ұсынады.[5]



Каталог: wp-content -> files
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Ілияс жансүгіров
files -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Мерекелер мен атаулы күндер Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
files -> Өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады
files -> Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету. Жоспар
files -> Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады
files -> Шымкент қаласы туралы ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет