«Мәңгілік Ел» идеясы және білім беру саласындағы интеграция



Дата15.09.2017
өлшемі93,11 Kb.
«Мәңгілік Ел» идеясы және білім беру саласындағы интеграция

Абдыкадырова Т.Р.

Тараз қ. ТарМемПи
«Отаның мықты кезде оны сүю де жеңіл әрі жағымды. Отаныңды сын сағатында сүйген анағұрлым маңыздырақ»,-деп Елбасымыз елінің басынан небір қиын қыстау кезінде ел басқарғанын, өзінің саналы өмірін елі үшін оның өркендеп дамуы үшін арнағанын өз сөздерінде тілге тиек етті.

Ал, бізге 1991 жылы жағдай мүлдем басқаша болғандығы, Алдымызда қатаң дилемма: «Боламыз ба, жоқ әлде бордай тозамыз ба?» - деген қатаң үкім тұрғандығы, еліміз «жабайы капитализмге» қарай бет алып бара жатқандығы аян еді.1990 жылдан бастап Қазақстаннан 3 миллион 568 мың адам көшіп, жыл сайын бір-бір қаладан құрып жатқандығы қай-қайсымызға да анық ащы шындык... Сол жылдары ел халқының саны 17-ден 14 миллион адамға дейін азайып, экономикамыздың көз алдымызда құлырауы да ақиқат еді. Әлемге біз қызық емес едік, әрі керегіміз де шамалы болатын. Міне, осындай кезде Отанын шын сүйген Елбасымыз өз тағдырын халқының тағдырымен байланыстырып, тәуекелге бел буғаны ақиқат... Сондықтан да «Тәуелсіздік – миллиондардың қанатты үміті және орындалған ғасырлық арманы»,-болды дей аламыз...

Экономикалық күйреу мен дағдарысты, торығу мен қорқынышты, күдік пен бытыраңқылықты да жеңе білдік. Тар жол тайғақ кешуде ел билеу ісіне араласып, халқымен бірге болған Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігі мен сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлемге танылып, табысымыздың сарқылмас қайнар көзі елдегі бейбітшілік пен халықтың бірлігі және келісімі арқасында өркениетті мемлекетке айналып отырмыз.

Біз бұрын әлем картасында болмаған мемлекет – Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүрудеміз. Қазір, мемлекеттік шекарамыз халықаралық деңгейде бекітілген, Конституция негізінде жұмыс істеп тұрған тиімді жүйесі бар, әлемде ынтымақтастықтың барлық мәселелері бойынша беделді және жауапкершілікті әріптес елміз. Ең бастысы, біз кез келген адам «Мен – қазақстандықпын, бұл – менің елім, мен мұнда бақытымды таптым!» деп айта алатын әділетті қоғамның мүшесіміз. Осындай қоғамның негізін қалап отырған Қазақ деген ұлтпыз. Ал,Тәуелсіздік – біздің ең қасиетті және басты құндылығымыз. Тәуелсіздік – мемлекеттілікті қалыптастыру туралы ата-бабаларымыздың көпғасырлық армандары орындалған, Қазақстан халқының мүддесін іске асыратын, халықтың тілі, дәстүрі мен мәдениетінің негізі қаланатын қасиетті ұғым.

Қазақстан, бір мақсат, ортақ құндылықтар, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы айналасында бірыңғай азаматтық қоғамдастықты нығайтатын көпэтносты және көпконфессиялы ел болып, өмір сүріп отырған бірегей мемлекет.

Біз - қасиетті ҚАЗАҚ ТІЛІ мен ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІҢ жаһандық гуманитарлық кеңістікке еркін енуін қамтамасыз еткен ұлтпыз.

Қазақтың тілі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төрінен де,

ғарыштан да естілді. Ол бүгінде интернеттің де тілі, отандық ақпарат құралдарының басым көпшілігі қазақша шығуда.

Бәріміздің есімізде (аға ұрпақтың әрине), бір кезде Алматыда бір ғана қазақ мектебі болса біздің Тараз өңірінде де жалғыз ғана Жамбыл мектебі бар еді. Өткен 25 жылда елімізде қазақ тілінде білім беретін бір мыңнан астам мектеп ашылғаны кеудемізде қуаныш сезімін кернейді. Ойымызды еркін айтып, мөлдір бұлақтарымызға еркін сүңгіп, сусынымыз қанып отырған бақытты ұлтпыз.

Біздің тілімізді Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Мажарстан, Польша, Әзербайжан мен Армения сияқты елдердің белді университеттерінде оқытатынын да тілге тиек етіп мақтанышпен айтқымыз келеді.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының үштен екісінен астамы, студенттердің 60 процентке жуығы мемлекеттік тілде білім алуда.

Еліміз бойынша қазақ тілін оқытатын 350 орталық табысты жұмыс істеп жатыр, өз ана тілін білмейтіндерді тек мәңгүрттер деп атамасқа болмас...

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы.

Біз өшкенімізді жандырып, жоғалтқанымызды түгендеген «Мәдени мұра» стратегиялық жобасын жүзеге асырып, «Мәңгілік Ел» болып –елдің біріктіруші күшіне, ешқашан таусылмас қуат көзіне айналудамыз!

«Мәңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіріп тұрған Тәуелсіздігіміздің рухани сенімді тірегі!

«Мәңгілік Ел» - бұл қазақстандық мемлекеттілігіміздің көне тарихынан бастау алатын жалпыұлттық идея!

«Мәңгілік Ел» - бұл өз Отанын сүю, қазақстандық патриотизмнің, күш жігердің жоғары дәрежесі, Отанға деген сенімділік, халыққа адалдық, азаматтық парыз.

«Мәңгілік Ел» - «Менің елім» халықтық, отаншылдық ұғымымен тығыз байланысты ұғым. Бұл санаттарда біздің халықтың, қоғамның, мемлекеттің өмірлік философиясы жатыр.

Біздің ұлы мұрамыз, інжу-маржанымыз – жаңа елордамыз Астана. Астана – планетамызда ХХІ ғасырда пайда болған бірінші астаналық қала. Бәрі жетіспейтін, Еңбекақы, зейнетақы төленбейтін, қиындықтардың бәріне қарамастан оның бәрін еңсеріп, елордамыздың салынғанын да жақсы білеміз.

Қазіргі таңда Елордамыз қасиетті Тәуелсіздік рухының – Жасампаздық пен бірлік рухының қайнар көзі болып отыр! Астана бүгінде өз тарихының бастауында ғана тұр. Ол біздің мемлекеттік қуатымыздың биік самғауын бейнелей отырып, жылдан – жылға ажарланып келеді. Біз оны әлемнің мәңгі қалаларының біріне айналарына сенімдіміз, өйткені Астана дегеніміз Тәуелсіздіктің киесі.

Қазақстан жаңа моделді ықпалдастырудың бастамашысы болып отыр оған Елбасының сонау 1994 жылы айтқан еуразиялық интеграция туралы идеяларын жүзеге асыруы, оған оның табандылығы мен ерік жігері, еліне деген махаббаты күш қуат бергендігі куә. Бүгінде біздің еліміз Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресеймен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа қатысып отыр.

Интеграция – сенім, достық, өңірдегі тұрақтылық. Сонымен қатар Еуразияның барлық елімен өмірдің барлық саласындағы тығыз ықпалдастық және серіктестік болып табылады, олай дейтініміз біз дамудың инновациялық моделіне көшуді қамтамасыз етудеміз. Осыған орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында да жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға яғни білім саласындағы интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда жастардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Білім беруді интеграциялауға деген жаңаша көзқарас қалыптастырылуда. Сонымен қатар, ұлттық білім беру жүйесі әлемдік білім стандарттарына сай сапалы білім беруге бағытталуда.

Білім кеңістігіндегі интеграциялық ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеру, әлемдік білім қауымдастығына ұлттық білім жүйесінің ерекшелігін сақтай отырып бару қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Оқу мен тәрбиенің, негізгі және қосымша білімнің, білім мен тәрбие беруде дамытушылық мақсаттарының сабақтастығы және инвариативті, варииативті білімнің, білім, білік, дағдыларының бірігуі ықпалдасуы, сабақтасуы интеграцияға баратын жол екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл  технологияларды оқыту үрдісінде кешенді қолдану арқылы студенттердің танымдық даму дәрежесі артады: ақпаратты алу, қабылдау, сараптау, сақтау және қолдану өрісі кеңиді; олардың ойлау, сөйлеу қабілеті, біртума құндылық жасай алатын креативті, шығармашыл, дарындылық қасиеті дамиды; бүгінгі өркениет нәтижесінде пайда болған күрделі мәтіндер әлемін түсіне алатын, логикалық ойлау жүйесі өзгеше қабілетке ие болатын, ұжымдық еңбек үрдісі арқылы қатысымдық дағдысы қалыптасатын тұлға қалыптастырамыз.  Оқытудың  интегралды технологиясы міндеттер қою арқылы мақсаттарды айқындай отырып, бейінді оқытуды нақты жүзеге асырамыз. Интегралды технологиясы арқылы мемлекеттік білім стандартындағы талаптарды орындап қана қоймай, оқу жоспарының инваритивті және вариативті бөлімдерін біріктіре отырып жоғары деңгейдегі білім жүйесі беріледі. Жаһандану дәуіріндегі ақпараттық білім беру технологиясы да интегралды білім беру технологиясын жетілдіріп, ақпарат көздерінің қолжетімдігі, көптігі, алуан  түрлілігі арқылы жеке тұлғаны дамытып, оқытушының ақпарат тасушы ретіндегі еңбегін жеңілдетеді. Яғни, оқытушы – ақпарат көзі, оны жеткізуші трансфлятор емес, студентті жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытушы фасилитаторға айналады.

  Интеграция -  ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференция үрдісімен қатар  жүреді. Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту – әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден-бір жол.

Қазақстандағы тұңғыш халықаралық деңгейдегі зерттеу университеті ретінде ойластырылған Назарбаев университетінде қазіргі таңда әртүрлі бағыттағы заманауи зертханалардың жұмыс істеуде. ЖОО құрамында ғылыми зерттеулердің өндіріске енгізетін инновациялық кластерлердің жұмыс істеуі ғылым саласының интеграциялануы яғни ғылым мен өндірістің ықпалдасуын қамтамасыз етеді.

Яғни, адамды жан-жақты дамытатын табиғи ортаның, қоғамның, әлеуметтік  ортаның даму заңдылықтарын тереңдете танытатын неғұрлым ірі интеграциялық байланысқа негізделеді. Білім мен ғылым саласы ұштасып сапалы маман дайындауға ол сапалы өнім шығаруға ұштастырылады.

Бұл орайда, «Барша үшін жалпыға ортақ кәсіптік білім» бағдарламасы бойынша білікті жұмысшы мамандықтарының 1 миллионға жуық кадрларын дайындау үлкен рөл атқаратын болады. Ғылыми зерттеу талдамаларына шығындар ұлғайтылып, оның көлемі ІЖӨ-нің 3 пайызына дейін жетпек. Ол Қазақстанды ғылымды қажет ететін экономикалы елдер деңгейіне жақындатпақ». Қазақстан мектептік білім беру сапасының рейтингі ең жоғары алғашқы 30елдің қатарына еңбек. Біздің шешуші университеттеріміз әлемнің жетекшісі ЖОО – ларының жүздігінің қатарына қосылып, Қазақстан әлеммен қоян қолтық араласып, өзге дамыған мемлекеттердің қатарынан табылмақ.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасыры – Еуразия жүрегінде Ұлы Далада жазылған мыңжылдық тарихтың иегері.

Біздің кең – байтақ даламыз - ғасырлар бойы сан алуан өркениеттерді тоғыстырған тоғыз жолдың торабында орналасқан. Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік осындағы Ұлы Жібек жолының бойында түйіскен қасиетті мекеніміз

Мыңжылдықтар толқыны бізге сол заманның көптеген ғажайып жәдігерлері мен көне дәуірлердің теңдессіз мәдениеті жайлы тылсым жаңғырықтарды жеткізсе, одан болашақ ұрпақ бұл құндылықтарды жадында мықтап ұстап, одан тағлым алып өсуі тиіс. Біздің Ұлы Даламыздың – қазіргі түркітілдес халықтардың бәрі өрбіген алып бесік екендігін білуі керек.

Барша түркінің бабасы Алаш туралы аңыздар, Қорқыттың күңіренген күйлері, Күлтегін ұстынындағы өсиеттер – бәрі де қазақ жеріне тікелей қатысы бар екендігін, тұтас түркі руханиятының көне тамыры болғандығын мақтан тутуымыз қажет.

Тәуелсіздігіміздің қазіргі кезде және болашақта қандай қайнар бұлақтардан нәр алып, нығаятынын да жас ұрпақ білуі тиіс.

Тәуелсіздіктің өзегі – Ел бірлігі. Ол біздің мәңгілік құндылығымыз Бірлік болғанда ғана Тәуелсіздігімізді сақтап, Мәңгі ел бола аламыз. Бірлік – біздің көпұлтты Отанымыздың аспанымен астасқан көк байрағын мәңгі шалқыта желбірететін мызғымас тұғырымыз болары анық.

Бес жарым ғасыр бұрын Ұлы Дала төріндегі аласапыран оқиғалардың алапат құйынында бүгінгі еліміздің тікелей тамыры – Қазақхандығы құрылып, даңқты да тауқыметті жолды жүріп өткендігі де біздің тамырымыздың тереңде жатқандығының куәсы болмақ. Сан ғасырлық тарихының қай кезеңінде де бабаларымыздың алды тұманды, болашағы күмәнді болса да, мыңдаған жылдар бойы ат үстінде жүріп, сайын даланы ақ сүңгінің ұшымен, ақ білектің күшімен қорғай білді. Жерінің шетіне қада қағып, келісімге мөр басып, ата қонысын біржола иемдене алмаса да, дәуірдің барлық дауылдарына қайыспай төтеп бере алған қайсар ұрпақтың, текті ұрпақтың ізбасарлары екендігімізді жас ұрпаққа үйретіп, бойына сіңіріп, бой тұмарына айналдыруымыз керек. Ол үшін ұрпағымыз білімді, мәдениетті болуы тиіс. Біз жастарымызға тек бір ғана байлықтың ешқашан да сарқылмайтынын, уақыт өте келе керісінше өсіп арта түсетінін, ол – білім екендігін ұғындыруымыз керек.

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімдарлығымен анықталатыны ақиқат. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның білім беру саласы жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Соңғы 15 жылда БҰҰ-ның адами даму индексі бойынша Қазақстан адамзат дамуының жоғары әлуеті бар елдердің қатарына кіре отырып, 27 орынға ілгерілеуі біздің Тәуелсіз мемлекетіміздің қол жеткен табыстары, оның «Мәңгілік ел» боламыз деуінің ақиқаты демекпіз.

Ұлы Дала Елі құндылықтары: «Мәңгілік Ел» идеясы - сенім, достық, тұрақтылық және ықпалдастық. Ұлы Даланың ұлы тарихында қалған ізіміз, күш – қуат алған тарихи жолымыз мәңгілік болғай


Пайдаланылған әдебиеттер

1 Eлбacы Н.Ә.Нaзaрбaeвтың Қaзaқcтaн хaлқынa Жолдaуы. «Қaзaқcтaн жолы- 2050: бір мaқcaт, бір мүддe, бір болaшaқ», 2014 жыл17 қaңтaр.


2 «MANGI EL» хaлықaрaлық ғылыми-көпшілік тaрихи журнaлы. Бac     рeдaкторы Eрлaн Cыдықов.- Aлмaты: «Pride Print» бacпacы, 2013. -108 бет.

3 Пірәлиeв C.Ж., Нәрібaeв К.Н., Жaмпeиcовa Қ.Қ., Қойгeлдиeв М.К., т.б. Қaзaқcтaн ЖОО-лaрындa «Мәңгілік Eл» ұлттық идeяcын жүзeгe acыру тұжырымдaмacы Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық пeдaгогикaлық унивeрcитeті. - Aлмaты, 2015. - 27 бет.

4 Пірәлі Г. Қaзaқ әдeбиeттaнуы жәнe ұлттық идeя. - Aлмaты: «Eлтaным бacпacы», 2014. - 240 бет.
5 Cыздықов C., Қaнaeв C., Жeңіc Ж. Мәңгілік eл» идeяcы: қaлыптacуы, үш    нeгізі, тaрихи caбaқтacтық. - Acтaнa: Фолиaнт, 2013.- 320 бет.

6 Егемен Қазақстан газеті материалдарынан, 2016.-2бет, желтоксан айы



7 Интернет материалдары
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет