Мектебіміздің жеңісі- біздің жеңісіміз !



Дата27.12.2016
өлшемі26,99 Kb.
#5732
Мектебіміздің жеңісі- біздің жеңісіміз !

С. Серіков атындағы орта мектептің мемлекеттік тілде білім алатын бастауыш сынып оқушылары аудандық,Республикалық мерекелік іс-шаралардан да тыс қалмады. Көптеген оқушыларымыз ән байқауы, сурет салу, өлең оқу сияқты сайыстарға қатысты.Мысалы:Қыркүйек айында даярлық тобының оқушысы Нұрболат Мади балалар шығармашылық үйінде өткен аудандық «Қазақстан-Отаным»атты мәнерлеп оқу сайысына қатысып, І-ші орын иеленді сынып жетекшісі-Халхабай Н.

Ал, аудандық «Абай оқулары» байқауын №3 қазақ мектебінде аудандық білім басқармасы мен мәдениет бөліміндегі тіл қоғамының мамандарының ұйымдастыруымен өтіп, оған 2сыныптан Қапар Дастан,3-сыныптан- Жантлеева Ж. атты оқушыларымыз өлең оқуға,Сәрсенбай Арнур атты 3-сынып оқушысы ән байқауына қатысып, Жантлеева Жанель 3 «а»сынып оқушысы ІІ-ші орын иеленсе, қалған оқушылар белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Сынып жетекшілері: АльжановаМ.К. және Лақай Риза

Журырда Астанада (12-14 -наурыз) аралығында өткен «Фариза, Фариза қыз, Фариза-жан» атты ән байқауына Какимжанова Дана атты оқушымыз қатысып Республикалық ән байқауынан І-ші орын иеленді. Мұғалімі- Бердигулова А.Ж., Нұрбала Ж.Ж.

Аудандық балалар шығармашылық үйінде өткізілген«Тәуелсіздіктің 25- жылдығы» тақырыбындағы өлең оқу сайысына 2-ші сынып оқушысы-Серикова А қатысып, белсенділігі үшін марапатталды. Сынып жетекшісі- Лақай Риза.

Наурыз айының 28-ші жұлдызында басауыш сынып оқушыларының аудандық кіші олимпиадасы С.Сериков атындағы орта мектебінде аудан әдіскерлері мен мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Оған ауданымыздың әр ауылдарынаң сондай-ақ қала мектептерінен келген дарынды, білімді,озық ойлы, тапқыр таланттар қатысты.Олимпиада жеңімпаздары жайлы айтар болсақ: әдебиет оқу пәнінен-Аятхан Аяулы І-ші орын, математика пәнінен -Усупова Данажан І-ші орын, дүние тану пәнінен -Аманбай Данияр ІІІ- ші орын, орыс тілі пәнінен-Салимова Томирис ІІІ-ші орын иеленді. Сынып жетекшісі Альжанова М.К. Сонымен қатар « 2016- жыл оқушысы» сайысына қатысатын оқушылар арасында тест өткізіліп, 4 «а» сынып оқушылары Хасенова Камила, Хасенова Айша, Искакова Дамира,Жакибаева Томирис сынды оқушыларымыз ІІ-ші кезеңге өте жоғары ұпаймен өтті. Сынып жетекшісі-Кистаубаева А.М.3-4 сынып оқушылары "Золотое руно" интеллектуалды ойынына қатысып,сертификаттар алды. 2"А" сынып оқушысы Төлеухан Айтмухамед №10 Лидер Республикалық журналына Наурыз мерекесіне орай "Дәмді көже" тақырыбында шағын әңгіме мен құттықтау жолдады. Мектебіміздің жеңісі-біздің жеңісіміз!- деп білеміз.



С.Серіков атындағы орта мектептің Мемлекеттік тілде білім беретін бастауыш сынып мұғалімдері

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет