Мектеп директоры: Н. К. Шокаев Аманкелді орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасының



бет1/5
Дата27.12.2016
өлшемі1.32 Mb.
  1   2   3   4   5
Бекітемін:

Мектеп директоры: Н.К.Шокаев

Аманкелді орта мектебі бойынша Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай іс - шаралардың жоспары

2015-2016 оқу жылы



Іс шаралардың атауы

мерзімі

Жауаптылар


1

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арналған салтанатты жиын


11.01

Мектеп әкімшілігі

2

Кітапханада  « Тәуелсіздік тірегім»  тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастыру.

6.01

Сатаева Ш.К.

3

« Ел рәміздері- ел рухы»

aшық тәрбие сағаты.

1-4 сыныптар


9.01

Бастауыш сынып мұғалімдері

4

«Үлкен ел -үлкен тағдыр » эссе, шығармалар сайысы. Конкурс сочинений «Большая страна- большая судьба» 9-11 сыныптар

5-11.01

Негметжанова Б.К.

Жарова К.Т.

Амиржанова Р.Б.


5

« Тәуіелсіз елдің баласы - » патриоттық әндер байқауы


9.01

Какимов К.А.

Муканмедияр Д.

Камалиева Н.Х.


6

« Елімізге арнаймыз өнерімізді» сурет көрмесі

11.01

Амиржанов М.Е.

7

5-7 сыныптар аралығында интеллектуалдық сайыс

« Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері »



9.01

Камалиева Т.А.

Камалиева Н.Х.

Мухамеджанова Д.А.


8

8-9 сыныптарда «Рәміздерім- мақтанышым» ашық сынып сағаты

11.01

Жолдасова И.З.

Балтабаева К.С.



9

«Тәуелсіздікке толғау» атты сынып сағаты ( сахналық қойылым) 10 сынып

9.01

Айтмаганбетова А.Т.

10

10-11 сыныптар аралығында дөңгелек үстел «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым »

8.01

Негметжанова Б.К.

Жарова К.Т.



4-11 қаңтар аралығында  «Үлкен ел- үлкен тағдыр» республикалық акция басталуына орай «Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері» атты мерекелік іс-шаралардың

МӘТІНДІК ЕСЕБІ

         Міне, 2016 жыл да келді. Әр жыл өз ерекшелігімен , өзіне тән жаңалықтармен назарымызды аударады. Өткен жылымыз да еліміздің қоғамдық саяси, рухани әлеуметтік өмірінде талай талай дүбірлі оқиғаларымен, ел есінде қаларлық ауқымды іс шаралармен артта қалды. Енді міне биыл Мемлекетіміз Тәуелсіздігін жарияланғанына биыл 25 жыл толады. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық. Отан - жерім, Отан - суым, Отан қуат, нәр береді. Отан - ұран, Отан - туым, Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. 2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. 
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
Аманкелді орта мектебінде жоғары аталған акцияға орай барлық сыныптарда белгіленген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Мақсатымыз: Оқушыларды Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. 

Оқушыларға, жалпы барша қауымға еліміздегі рәміздерді, оның маңызы және рәміздердің авторларының ерең еңбектері туралы жан-жақты ашып түсіндіру, дәріптеу болды. «Тәуелсіздікке 25 жыл» 4-11 қаңтар күндері «Үлкен ел- үлкен тағдыр» атты  мектепішілік лездемеден басталды. Бұнда барлық мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары бірдей болып, мемлекеттік рәміздер туралы айтылып одан кейін дайындық тобының жас бүлдіршіндерінің Елбасына деген өздерінің тақпақтарын айтып барлығымызды тәнті қылды.  Ұлт басшысының ерен еңбегін,  жақсылығы, сарынды саясатын түсіну негізінде бастауыш сыныптарда « Ел рәміздері- ел рухы» атты сынып сағаттары, « Тәуелсіз елдің баласы» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Мектеп кітапханашысының « Тәуелсіздік -тірегім»  атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Бұнда Президентіміздің дәстүрлі жолдаулары және еңбектері қойылды, рәміздердің суреттері, оқушылар қызығушылықпен көріп танысты. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімінің ұйымдастырылуымен « Тәуелсіздікке толғау» атты сынып сағаты 10-11 сынып оқушылары арасында сахналық қойылыммен өткізілді. Алаштың алпауыт ханы Абылай мен Елбасымыздың тарих сахнасындағы ұқсастықтары айтылды. Жоғары сынып оқушылар арасында шығармалар, эссе жазу сайыстары, «Елімізге арнаймыз өнерімізді» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар сабақтарға жан-жақты, тыңғылықты дайындалған сапалы әрі саналы баяндамалары көпшіліктің көңілінен шықты, сұрақтар қойылып, 10-11 сыныптарда пікір-талас та болды. Іс-шара соңында мектеп басшысы қорытынды жасап, ерекше көзге түскен оқушыларды атап өтті.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет