Мектеп жасына дейінгі балалар сөз мәнінің қандай екендігіне қарамастан, сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалады



Дата15.12.2016
өлшемі47,89 Kb.
#3908
Мектеп жасына дейінгі балалар сөз мәнінің қандай екендігіне қарамастан, сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалады. Балалардың тілін дамыту өсіп келе жатқан ұрпақтың парасаттылық пен сезімталдық, еріктік қасиеттерін қалыптастыруда аса маңызды орын алады. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тіл мен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Ұлы ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту - тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - деген болатын. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыстар мен ересектердің іс-әрекеті беріп отырулары қажет. Баланың сөз қорының молайып жетілуі оның физиологиялық дамуына байланысты психологиялық процестерді жақтарының дамуына әсер етеді. Баланың тілін дамыту, сөйлеу білуге үйрету негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады. Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделед. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізу керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең – тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі тіл дамыту мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер - білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ. Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін cергіту жаттығулары да түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады.
Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс - әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс - әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.
Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал - мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады. Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді.

Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:


«Балапан » тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен ауызша айтып беремін. Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рольдерге бөліп ойнатамын. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Шұбар тауық» т.б ертегілері. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.
Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта», «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.
Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - ойын, танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі.
Оқу жылының басында өз тобымда балалардың кейбір әріптерге з, р, с, ш дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Жаңылтпаш ойындарды пайдаланудың мәні зор. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімді жанр – жаңылтпаш. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді. Мысалы:

Көк кесе,

Көп кесе,

Көп кесені әкелді кеше.


Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 0df5
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0df5 -> Сабақ №2 Күні Тақырыбы: Әдеби тіл туралы түсінік
0df5 -> Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдістері: түсіндіру, слайдпен жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс
0df5 -> Web-сайт бетін жасау,оның түрлері Шымкент қаласы 2013 1 html тілі туралы түсінік
0df5 -> Диктанттар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет