Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері



Дата27.08.2017
өлшемі90,17 Kb.
#29807
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері.




Жақыпбаева А.Р. пед.ғ.маг, оқытушы

ҚазМемҚызПУ


Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, 14 желтоқсан 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілдік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.» деп айтылғандай, қазіргі қоғам мәселелерінің бірі тек қана экономикалық жағдайға бейімделген тұлғаны тәрбиелеу емес, сонымен бірге нақты заманға лайық белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.


Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілінде қатынас жасау мақсатқа сай болуы тиіс. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының оң ыңғайын жасау керек.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында ойын арқылы олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырылады. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіге үйретеді. Сонымен қатар, балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызығырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.



Сондай-ақ, ойын арқылы балалар оңай қарым-қатынасқа түсіп, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:

- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;

- танымдық  қабілетін;

- өзіндік шығармашылық әрекетін;

- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;

- үйірімділік қабілетін;

- елестету мүмкіндігін;

- есте сақтау қабілетін;

- мектеп өміріне бейімделушілігін  жетілдіруге мүмкіндік береді.



Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады.

Ағылшын тілін оқытуда ең негізгі орын фонетика екенін ескере отырып, фонетикалық әдісті белсенді қолдану маңызды болып табылады. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылғаны маңызды. Мысалы, фонетикалық жаттығуды әр түрі тіл ұстартуға арналған тақпақтар айтқызу, ертегі айтып беру, ойындар ойнату арқылы жасатуға болады.
Жаңа сөздер енгізгенде 4 - 5 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беріледі. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады. Ашық, түрлі - түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен, немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс - әрекетте қолданылып көрсетілсе бала өте тез меңгеріп кетеді. Бала бір сүретті қайталап көре беруден жалығады, сондықтан көрнекіліктерді тез - тез ауыстырып тұрудың да маңызы зор.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады. 
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде дамытады. 
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады: 
Фонетикалық ойындар; Сөздік ойындар; Оқу ережесіне байланысты ойындар; Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар; Сергіту ойындары; Сан есімге байланысты ойындар; Дидактикалық мақсаттағы ойындар.

Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады.

1. Ертегілер әлемінде қонақта болу. Сабақ ауызша өткізіледі. Саусақ театрының көмегімен My name is…/ I am… (My name is Дара, I am Боти т.б.)., «Ат ойлап тап» ойыны (Балалардың өздерінің аттарын өзгертіп атау керек «Good morning. My name is Micky») 

2. Сабақ тақырыбы: Жануарлар туралы 
1. Аңдар. Жаңа сөздерді үйрету (Жануарлардың даусы мен жанарлар бейнеленген презентацияны балаларға көрсетеміз). «Аңды тап» ойыны (балалардың алдына ойыншық жануарларды қоямыз. Педагог балаларға жануарларды табуға ұсыныс жасайды: «Айнур, find a dog, please». Егер бала таба алмаса, онда достарының көмектесуін өтінеді). 

3. Орманды дала. «I have…» сөзін үйрету, монолог құру (балалар үйінен алып келген ойыншық жануарларын қолына алып, бір-біріне қарма-қарсы отырып, монолог жасайды. Мысалы: «Hello. My name is Сабина. I have a rabbit»)., «Аю және оның достары» спектакль ойыны (қуыршақ театрының көмегімен педагог жануарлардың іс-әрекетін көрсетеді). 

3. Сиқырлы орман. It is… лексикасын үйрету. ( It is a snake, It is a monkey деп педагог компьютерлі презентация жасайды. Балалар педагогтың артынан қайталайды.) «Менің сүйікті жануарларым» тақырыбында проект жасау (Флакатқа әдемілеп салынған орманның суретіне балалар орманда мекен ететін жануарлардың суретін жекелеп әкеліп It is a bear, fox, деп жапсырады). 

4. What is missing? 
Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету. 
Қажетті Қажетті құралдардар: ойыншықтар. 
Ойын мақсаты: Кілем үстіне ойыншықтарды қоямыз. Педагог «Close your eyes!» деген нұсқау береді да 1-2 карточканы алып қояды. Содан соң балаларға «Open your eyes!» нұсқау беріп, «What is missing?» деп сұрақ қояды. Балалар жоғалған ойыншықты еске түсіріп, айтады. 

5. Simon says 
Бұл ойын түрі өте қызықты және қимыл-қозғалыс ойны. Ойын шарты мынада: Жүргізуші балалардан бір әрекет жасауын сұрайды, Бірақ егер жүргізуші «Simon says» десе орындайды, айтпаса орындамайды. Мысалы: 
T.: Simon says “Sit down!” (балалар отырады) 
T.: Stand up! (балалар тұрмайды) 

Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында, әсіресе шетел тілін меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы. 

Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан 2050» Стратегиясы 14 желтоқсан 2012 ж

2. Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана. 2013ж. 3-5 б. 
3. English. Play and Learn. №7\2006 ж. 
4. Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп, 2001, №7. -Б. 40-46 б. 
5. Биболетова М.З. и др. “Enjoy English-1”, Обнинск: Титул, 2005 г. 2 с. 

6. http://www.eslteachersboard.com/
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет