«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Дата03.02.2017
өлшемі248,66 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ

ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІК БӨЛІМІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

АСТАНА

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ

ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІК БӨЛІМІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

АСТАНА


2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген
Пікір жазғандар:

педагогика ғылымдарының докторы А. Е. Жұмабаева

педагогика ғылымдарының кандидаты А. Ж. Салиева

Астана қ. №1 «Бәйтерек» балабақшасының әдіскері Жунуспекова К.У.



Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімі туралы ереже. – Астана, 2013. – 16 б.

Бұл Ережеде мектепке дейінгі ұйымдарға арналған үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімінің мазмұнын толықтыру бойынша талаптар және әдістемелік ұсынымдар берілген.

Бұл Ереже мектепке дейінгі ұйымдар басшыларына, әдіскерлеріне және педагогтарына арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013
КІРІСПЕ

Еліміздің білім беру жүйесін жаңғырту мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде статусын және орнын анықтауға және мектепке дейінгі білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін нақты жаңа құжаттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды.

Жаңа нормативтік құжаттарды енгізу қазіргі балабақшалардағы білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға, атап айтқанда мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім бағдарламаларын әзірлеу бойынша мекеменің өзіндік қызметіндегі маңызды өзгерістерге себепші болды. Дегенмен ғылыми және әдістемелік әдебиетте мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының міндетті бөлімдерін әзірлеу ерекшеліктері барынша толық ұсынылған: оның құрылымы анықталған, әрбір құрылымдық бірліктің қажетті мазмұны жазылған.

Сонымен бірге білім беру процесіне қатысушылар қалыптастырған (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының вариативтік бөлімі) бөлімді әзірлеу мәселесі айтарлықтай қарастырылмаған.

Осы бөлімді әзірлеу – педагогтың шығармашылық жұмысы және тәрбиеші осы тәрізді құжаттарға қойылатын талаптарға сүйене отырып, бағдарламадағы өз бөлігін мазмұнды толықтырырады және құрылымын ерікті таңдайды.

Қазіргі қоғам жас ұрпаққа білім беру жүйесіне, оның ішінде оның бірінші сатысы – мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды.

Мектепке дейінгі білім беру вариативтігі және ізгілік қаидалары өмірге енді. Балабақшаларға арналған көптеген жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламалары пайда болды.

Кезекті маңызды міндет – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік бөлімін енгізу және осы үлгідегі білім беру процестерін нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету негіздерін әзірлеу.

Ғылыми түпнұсқаларда ұсынылған ұғымдар талдауы педагогтардың кәсіби шеберлігін, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелік-білімдік жұмыстардың жоғарғы сапасын қолдап арттыруға бағытталған әдістемелік жұмысты біртұтас өзара байланысты шаралар жүйесі деп білуге мүмкіндік береді.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдар Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімі туралы Ережені әзірлеу

Міндеттер:

- ереженің мақсаты, міндеті және негізгі қағидаларын анықтау;

- ереже мазмұнын әзірлеу;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әр саласы бойынша меңгеруге тиісті білім, білік және дағдылар көлемі мен мазмұнын анықтау.


 
Күтілетін нәтиже:

- мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарын ережемен және балалардың қабілеттерін ашу, бос уақытын ұйымдастыру бойынша әдістемеік ұсынымдармен қамтамасыз ету.



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Оқу жоспары – балабақшаларда оқытылатын тікелей білім беру қызметі түрлерінің саны және құрамы анықталған құжат. Оқу жоспары  екі бөлімнен тұрады: инварианттық (міндетті) және вариативтік.

Жоспардың міндетті бөлімі тікелей білім беру қызметінің негізгі түрлеріне бөлінетін ең аз сағат санын реттейді. Жоспардың бұл бөлімі өзгермейді.

Жоспардың вариативтік бөлімі білім берудің вариативтігін қамтамасыз етеді, мектепке дейінгі ұйымдар қызметтерінің басты бағыттарын және тәрбиешілерге арналған білім беру салаларын кеңейтуді мәлімдейді. Өзіндік қызмет мектепке дейінгі ұйымдар жүйесі қызметкерлеріне көптеген мәселелер мен қиындықтар туғызады.

1. Педагогтар өз бағдарламаларының түрлерін толық жеткілікті білмейді.

2. Педагогтарға бағдарламадағы өз бөліктерінің маңыздылығын және оны нақты топтармен жұмыстың тәжірибесіне енгізу қажеттігін негіздеу қиындық туғызады.

3. Педагогтарға бағдарламаларды құрылымдау қиындық туғызады, олар қосымша білім беру бағдарламасына берілген құрылымға сүйене отырып өздері әзірлеген құжат бөлігі болып есептелетін мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын ескермейді.

4. Педагогтарға өздері әзірлеген бағдарламалар мазмұнындағы «күтілетін нәтиже» анықтамасы қиындық туғызады.

Осыған байланысты білім беру процесіне қатысушылар әзірлеген негізгі жалпы білім беретін бағдарламаның бөлімін құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен ережелер әзірлеу қажеттілігі пайда болды.

Вариативтік бөлім, мектеп жасына дейінгі баланың жеке мінез-құлқын қалыптастырады және олардың тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескереді.

Білім берудің вариативтігі - Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту бағыттары мен негізін қалаушы қағидаларының бірі.

Вариативтік бөлім тәрбие мен оқытудың кешенді бір ізді жүйесі ретінде білік пен дағдылар, нұсқама деңгейінде денсаулыққа деген жанашырлық, арақатынасты құруға мүмкіндік береді:


  • Қазіргі әлемде өзін барынша тиімді және қауіпсіз көрсетуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастастыру;

  • Туындаған мәселелерге шығармашылықпен қарайтын, өзін-өзі реттейтін дағдыларды меңгерген тұлғаны қалыптастыру;

  • Адамдармен тиімді өзара іс-қимыл, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

  • Балаларды тәрбиелеу және отбасылық қатынастарды құруға қажетті білім мен дағдыларды алу;

  • Науқасты күту, аурудың алдын алу және гигиена дағдыларын, салауатты өмір салтына сұранысты қалыптастыру;

  • Ұтымды тамақтану, дене шынықтыру және басқа да жеке денсаулығын жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІК БӨЛІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бірінші кезекте, білім беру үдерісінің қатысушылары қалыптастырған Бағдарламаның бөлігі қазіргі кездегі мектепке дейінгі білім берудің вариативтігін қамтамасыз етуге төмендегілердің әсер ететініне назар аудару керек:

1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мекемелерінің әр түрлілігі.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың бірігу сапасын дамытуды және балаларды одан әрі жалпы білім беретін мекемелерде оқытудың бастапқы тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін балабақшалар қызметінің басты бағыттарының болуы.

3. Санитарлық-гигиеналық, профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары мен ұйымның еркіндегі жағдайларды ескере отырып нақты балабақшаларындағы процедураларды өткізу ерекшеліктері.

4. Нақты топтардағы балалардың және олардың қызығушылықтары, ынталары, сұраныстары мен қабілеттері, сондай-ақ ата-аналар қауымының сұраныстары ескерілген дене, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық-сөйлеу, көркемдік-эстетикалық даму ерекшеліктері.

5. Нақты мектепке дейінгі ұйымның білім беру үдерісін жүзеге асыратын ұлттық-мәдени, демографиялық, климаттық жағдайларының ерекшеліктері.

Осылайша, бағдарлама балабақшаның білім беру қызметінің мазмұнын жаңарту нақты жағдайлары ескерілген жағдайда қалай болатынын көрсетуі тиіс.

Бағдарламада педагогикалық технологияның жаңартылуы көрсетілуі тиіс.

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік іс-әрекетін жандандыруға көңіл бөлу ұсынылады. Сондықтан бағдарламада мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің білімдік қызметтерін ынталандыру қалай арттырылатыны көрсетілуі тиіс.
Вариативтік бөлімде бір баланың қосымша жүктемесі төмендегіден жоғары болмауы тиіс:

▪ 1-2 кіші және орта топтар: аптасына 1 сабақтан артық болмауы;


▪ 5-7 жастағы балалар тобы: аптасына 2 сабақтан артық болмауы; 
▪ Факультативтік топтар (үйірмелер) жас ерекшеліктертіне байланысты 10-30 минут аралығында айналысуы тиіс.
▪  Сабақтар, үйірмелер топ-топқа бөлініп өткізіледі (12-15 бала).

Осылайша, вариативтік білім беру үдерісі – мазмұнды (мемлекеттік стандарт аясында), құралдар мен тәсілдер таңдау және қарым-қатынас, жеке тұлғаның мақсатқа, мазмұнға, білім процесіне деген құнды мағыналық қарым-қатынасы жағдайында жүзеге асырылатын білім мақсаттарын іске асыру бойынша білім беру үдерісі қатысушыларының өзара байланыстағы қызметі.

Вариативтік бөлім – ұйымдастырылған іс-әрекеттен тыс мектепке дейінгі ұйымдардың тақырыптық бағыты бойынша жұмыс, педагогтардың шығармашылық жұмысы, дарынды балалармен жұмыс, балалардың қызығушылығы бойынша және шет тілін оқыту.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімдері ЖМББС білім беру салалары: «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта» бойынша балалардың жас кезеңдерін ескере отырып, педагогикалық процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімін білім беру процесіне қатысушылар қалыптастырады.

ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІ БӨЛІМІ МАЗМҰНЫН ТОЛЫҚТЫРУ БОЙЫНША ӘРТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ ТОПТАРҒА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
1. Бағытты анықтау
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру әрекеті барлық негізгі балалар дамуының бағыттары бойынша үйірме жұмыстары арқылы іске асырылатын қандай да бір басымдықтармен (танымдық-тілдік; көркемдік-эстетикалық дамуы және т.б.) жүзеге асырылады.
Балабақшадағы үйірме жұмыстарының бағыттары:  
- табиғатпен кепілденген, баланың шығармашылық әлеуетінің дамуы;
- таным және шығармашылыққа уәждемелік дайындығының дамуы;
- зияткерлік және рухани дамуы;
- баланың шығармашылық өзін іске асыру және оның шығармашылық сұранысын қанағаттандыру;
- баланың жеке тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау;
- психикалық және физикалық денсаулығын нығайту;
- педагогтың жанұямен қарым қатынасы.


Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қызығушылығы, ұнатуы, бейімділігі бойынша еркін, түрлі әрекетін ұйымдастыру үшін білім кеңістігін барынша кеңінен қолдануға ерекше назар аударылады.

Қойылған мақсатты іске асыру келесі міндеттерді шешуді болжайды:

  • Әрбір баланың жігерлігін қолдау және шығармашылықпен өз ойын білдіру;

  • Жағдайлар жасау: топтардағы дамытушы ортаның материалдық-техникалық базасын арттыру.

  • Балалардың білімін тереңдетуге мүмкіндік беретін, олардың қабілеті мен сұранысына сәйкес, әдістерді, құралдарды, тәсілдерді анықтау және қолдану.

  • Балаларды тәрбиелеу мен білім берудің жекелік-бағытталған тәсілі.


2. Вариативті бөлімді іске асыру үшін бағдарламаларды таңдау

Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру үшін білім беру бағдарламаларын таңдау:

- инновациалық;

- авторлық технологиялар;

- жұмыс бағдарламалары.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымында негізгі білім беру бағдарламаларының вариативті бөлімі ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтарында үйірме жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.



3. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жағдайлары

  • Балабақшалардағы қызығушылығы бойынша үйірмелер мектепке дейінгі 4-тен 7 жасқа дейінгі балаларға арналып мақсаттарға сәйкес, жылдық міндеттерімен, қажетті материалдық-техникалық жағдайлар және кадрлік қамтамасыз етіліп құрылады.

  • Үйірмелерді мектепке дейінгі ортаңғы және ересек балалармен жұмыс жасайтын мамандар, тәрбиешілер ұйымдастырады және өткізеді.

  • Сабақтардың ұзақтығы сәйкес 20 минуттан 30 минутқа дейін, 30 минуттан аспайды.


4. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
Үйірме жұмыстары мектепке дейінгі ұйымдарда апта сайын, кешкі мезгілде 16.00-ден 16.30-ға дейін өткізіледі.


  • Үйірме жұмыстары мектепке дейінгі ортаңғы және ересек топ балаларымен ғимараттарда жүргізіледі:

  • Топтық бөлмелер

  • Музыка залы

  • Бейнелеу өнері студиясы

  • Денешынықтыру залы

  • Компьютер сыныбы

Тәжірибе көрсеткендей, үйірмеде айналысатын балалар, қаланың қосымша білім беру жүйесінің көркем, музыка, спорт мектептерінде үйренуді табысты жалғастырады. Балалар ұжымдары балалар шығармашылығы фестивальдарының, қалалық көру-байқауларының тұрақты қатысушыларына айналады. Түрлі спорттық жарыстардағы жекелеген тәрбиеленушілердің жеке жетістіктері де есепсіз.
5. Негізгі жалпы білім беру бағдарламасының вариативтік бөлімін жүзеге асырудағы негізгі тәрбиелік-білімдік ерекшеліктерді, инновациялық әдістемелерді пайдалану: 
Балабақшаларда балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың физикалық және психологиялық дамуына тиімді жағдайлар жасалуы тиіс: кешендік сауықтыру, емдік-профилактикалық іс-шаралары, 4-7 жастағы балаларға арналған ауладағы физкультура сабағының үшінші сағаты аулада өткізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды физикалық дамытуға жағдайлар жасалған: физкультура сабақтарында қозғалу белсенділігі режимін ұйымдастырудың әртүрлілігі; белсенді демалысты жоспарлау: физкультуралық ойын-сауықтар, мерекелер, жұмыстың дәстүрлі емес түрлері, үйірмелердің жүргізілуі.

Ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың талаптарына сәйкес маңызды және мазмұны жағынан әртүрлі заттық-дамытушылық орта.

Қосымша мамандар, жоғары білікті педагогтар дамудың барлық бағыттары бойынша мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. 

Оқытуды жоспарлы, жүйелі, біртіндеп ұйымдастыру балабақшалардағы негізгі сатылар арасындағы бірқалыпты өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Іске асылып жатқан бағдарламалар мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдайларға және балалардың даму деңгейіне бейімделеді. Педагогтар балалардың жастайынан туған өлкенің ұлттық мәдениетінің қайнар көзіне қанық болып өсуіне тырысады. Бұл білім берудің қосымша мазмұнына іріктегенде, жергілікті авторлардың әдеби шығармаларын оқып, таңдағанда көрінеді. Туған қаланың көпұлтты екенін ескере отырып, этномәдени компонентке әртүрлі мәдениеттер диалогы арқылы көңіл бөлінеді (қазақ, орыс және т.б.)..

Мектепке дейінгі білім берудің өңірлік компонентінің мәдени бағыттылығын тиімді іске асыру үшін келесі педагогикалық жағдайлар анықталып, негізделген:

  • мектепке дейінгі білім берудің өңірлік компоненттерінің мазмұнын жаңарту негізінде мектеп жасына дейінгі тұлғаның мәдени бағыттылығын қалыптастыру;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың мәдени-дамыту ортасы; 

  • мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен отбасының тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

Инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалануға арналған алғы шарттар:

  • білікті мамандар бар;

  • инновациялық қызметте педагогтар сұранысы артуда;

  • мектепке дейінгі білім беру бойынша негізгі жалпы білім беру бағдарламалары, инновациялық технологиялар пайланылуда,; 

  • базалық және қосымша білім беру интеграциясы, бірыңғай білім беру кеңістігін құру жүзеге асырылуда ;

  • отбасыларын тәрбиелік-білім беру процесіне тепе-тең тарту жүріп жатыр;

  • балабақшадағы дамыту ортасы жетілдірілуде;

  • әлеуметпен көпфункционалды іс-қимыл жүзеге асырылуда.


6. Балалардың бағдарламаны меңгеруде жоспарланған

жетістіктерінің мониторинг жүйесі
Балалардың бағдарламаны меңгеруде жоспарланған

жетістіктерінің мониторинг жүйесі


Объект

Мазмұн (білім беру бағдарламасы бойынша)

Түрі (әдіс/
әдістеме)

Кезеңдігі

Мерзімі

Жауап

тылар


1-қосымша


«Жасыл планета» оқыту мен тәрбиелеудің үлгілік вариативтік

кешенді бір ізді жүйесі (экология)



Жылдар

Тақырып

Жас

I оқыту жылы

«БҰЛ ӘЛЕМ ҚАНДАЙ КЕРЕМЕТ!»

3-4 жас екінші кіші топ

II оқыту жылы

«ӨМІР ҒАЖАБЫ»

4 – 5 жас

Ортаңғы топ

Ш оқыту жылы

«ЖАСАП ШЫҒАРУ СИҚЫРЛЫҒЫ»

5 – 6 жас

Ересектер тобы

IV оқыту жылы

«МЕН ҒАЛАМШАРДАҒЫНЫҢ БАРЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫМЫН»

6 – 7 жас

Дайындық тобы

2-қосымша
Қосымша білім беру қызметтерінің үлгілік тізбесі




Бағыт

Білім беру саласы

Үйірме атауы

Жас тобы

Өткізу мерзімі

1

Дене дамуы

«Денсаулық»



«Қызықты дене тәрбиесі»



кіші, ортаңғы

аптасына

1 рет


ересек, дайындық

аптасына

1 рет


дайындық

аптасына

1 рет


2

Танымдық - тіл

«Таным»

«Білгірлер»

дайындық

аптасына

1 рет


«Қатынас»

«Дарабоз»

дайындық

аптасына

1 рет


3

Көркемдік-эстетикалық даму

«Шығармашылық»



«Көңілді палитра»

ортаңғы

аптасына

1 рет


«Сөйлейтін таяқшалар»

ортаңғы

аптасына

1 рет


«Сиқырлы саусақтар»

ортаңғы

аптасына

1 рет


«Халық шығармашы-лығы»

ортаңғы

аптасына

1 рет


«Тамшы»

ересек

аптасына

1 рет


«Шебер қолдар»

дайындық

аптасына

1 рет



ҚОРЫТЫНДЫ
Вариативтік бөлім оқу жоспарының негізгі бөлімінің салаларын қолдауға бағытталған. Балабақшалар күн тәртібіне қосымша қызметтерді енгізу барысында балалардың жас және жеке ерекшеліктері, күні бойы тікелей білім беру қызметінің саны мен ұзақтығы ескерілуі тиіс.

Қосымша білім беру – балабақшадағы баланы тәрбиелеу мен оқытудың негізгі компонентінің құрамдас бөлігі.

Қосымша білім берудің мақсаты – жалпы білім беру үдерісінде жеке педагогикалық психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланың үйлесімді дамуы.

Қосымша білім беру жүйесіндегі баланың қызметі олардың өз халқының өнері мен мәдениетіне, әртүрлі білім салаларына деген қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді. Қосымша білім беру бойынша жұмыс балалармен күннің екінші бөлігінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тиісті деңгей көлемінде жүргізіледі. Сабақты жоғары білікті мамандар жүргізеді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жабдықталған жағдай әрбір баланың дамуына және жақсы бейімделуіне, қажетті білім мен білік алуға көмектеседі.

Оқыту бағдарламасы балалармен өзара іс-қимыл қазіргі бар білім деңгейінде жүзеге асырылады және жоғары және төмен шапшаңдықта оқуға қабілеттілігімен негізделеді.

Балалар сәбилер жүрегінде әдемілікке деген махаббатты жандыратын, өнердегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектесетін тамаша педагогтармен кездеседі. Сабақ балалар шығармашылық әлеміне жақындай алатын және оның тікелей қатысушысы болатын арнайы жабдықталған кабинеттерде өткізіледі.

ӘДЕБИЕТТЕР


    1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, 2007 жыл 27 шілде, № 319-III.

2. ҚР МЖМБС «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту», 2012 жыл 23 тамыз, № 1080


3. Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

4. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға 1 жастан 5(6) жасқа дейін арналған Үлгілік оқу жоспары, 2012 жыл 20 желтоқсан, № 557.


5. «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ..........................................................................................


3

Жалпы ережелер .........................................................................

5


Мектепке дейінгі ұйымдардың Үлгілік оқу жоспарының

вариативтік бөліміне қойылатын талаптар ..............................



7


Әртүрлі жастағы топтарға арналған Үлгілік оқу

жоспарының вариативтік бөлімінің мазмұнын толықтыру

бойынша әдістемелік ұсынымдар .............................................



9

1-қосымша. «Жасыл планета» оқыту мен тәрбиелеудің

үлгілік вариативтік кешенді бір ізді жүйесі (экология) ..........


13


2- Қосымша. Қосымша тегін білім беру қызметтерінің

үлгілік тізбесі...............................................................................


14

Қорытынды ..................................................................................

15

Әдебиеттер тізімі ........................................................................

16



Мазмұны ......................................................................................


17

Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу