«мектепке дейінгі мекеменің Әдістемелік жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды пайдалану» атырау облысы индер ауданы «райхан» балабақшасының Әдіскері



Дата25.01.2017
өлшемі96,45 Kb.
#7862
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ»

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИНДЕР АУДАНЫ «РАЙХАН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мектепке дейінгі тәрбие педагогтарының инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару тәрбиешінің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру саласының өзі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынын ескерсек, балабақша қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда тәрбиешілер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында пайдалана отырып, оның сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 3 нақты тапсырма берген болатын, олар:



  1. Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу;

  2. Балаларды мектепке дейінгі білім беру мен қамту мәселелеріне қатысты жүйелі ұсыныстарды егжей-тегжейлі әзірлеу;

  3. Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету.

Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу– жаңа формация педагогын қалыптастырудың, баланы жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің алғы шарттарының бірі болып отыр.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз»,– дейді. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар :



  • дамыта отырып оқыту әдістемесі

  • «тәй-тәй» технологиясы

  • ақпараттық технология

  • ойын технологиялары

  • топпен жұмыс

  • жобалау

  • рольдік ойындар

  • сыни тұрғыдан ойлау

  • проблемалық оқыту әдісі

  • «Миға шабуыл» әдісі

  • Эвристикалық әңгіме әдісі

  • Арт-кластер әдісі

  • Экскурсия сабағы

  • Жеке адамға бағдарлы технология

  • Коучинг технологиясы

Жалпы, балабақша бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында ұйымдастырылып отырған жұмыстарға әдістемелік басшылық жасау Коучинг технологиясы негізінде жүргізілуде.

Коучинг– оқудың нәтижелілік дәрежесін арттыру арқылы оны жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс. Табысқа жету үшін тренерлер үдерісті білуге және түсінуге, сондай-ақ коучинг жүзеге асырылатын мән-мәтінге сәйкес келетін стильді, дағдылар мен әдістемелерді меңгеруі қажет. Коучинг үйретпейді, ол үйренуге көмектеседі.
Коучингті жұмыс уақытында қолдану жағдайлары:

  • Ұжымды ынталандыру

  • бағалау мен аттестация

  • тапсырма беру барысында

  • тапсырманы орындау барысында

  • мәселелерді шешу

  • жоспарлау мен қадағалау

  • қарым-қатынас мәселелері

  • ұжымды дамыту

  • команданы құру

  • топтық жұмыс

Қазіргі таңда осы технологияны қолдана отырып, балабақшадағы шығармашылық топ жұмысы Кембридж университетінің іс-тәжірибесі негізінде Lesson Stady моделі бойынша ұйымдастырылуда. Күні бүгін Lesson Stadyдің тиімділігі анық байқалды. Lesson Stady- оқыту әдістемелерін жетілдірудің негізгі тұғыры болып есептеледі.

Педагогтардың, балалардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында аталған әдістермен қатар балабақшада жобалау жұмысы жақсы жолға қойылған. Осы орайда балабақша бойынша «Жобалау әдісі- инновациялық технология ретінде», «Шебер-классты өткізу әдістемесі» тақырыбында бірнеше семинар, «Үздік жоба», «Үздік шебер-класс» конкурстарымен қатар, «Интернет-фестиваль» заманауи сабақ конкурсы мен «Ашық сабақ-педагогикалық идеялар фестивалі» конкурстарын өткізу дәстүрге айналып отыр. Балабақша бойынша ұзақ және қысқа мерзімді жобалар жүзеге асырылуда. Балабақшадағы жобалау жұмысын жүзеге асыру кезінде ең алдымен балалардың жас ерекшелігіне назар аударамыз. Ұзақ мерзімді жобалар көбінесе жыл мезгілдеріне орай, ұзақ мерзімде бақылау жұмысын қажет ететін кезде, ал қысқа мерзімді жобалар ұйымдастырылған оқу әрекеті кезінде, ертеңгіліктер барысында жұзеге асырылады.

2014 жылдың маусым айында Астана қаласында «Мектепке дейінгі жастағы балаларды ерте жастан дамыту: жай-күйі, бағыт-бағдары және перспективалары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Осы конференцияның секциялық отырысында мен «Жобалау технологиясы- балаларды ерте жастан дамытудың құралы» тақырыбында баяндама жасап, өз іс-тәжірибеммен бөлістім. Шетелдік және отандық ғалымдар бас қосқан бұл конференциядан алған әсерім шексіз.

Мектеп жасына дейінгі балаларды заман талабына сай ерте жастан дамыту үнемі жаңашылдықпен ізденісті талап етеді. Коучинг технологиясы, Lesson Stady әдістемесі сияқты жаңа технологиялар мен әдістемелерді енгізу мен басшылыққа алып жұмыс жасау- педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру, яғни жаңа формация педагогын қалыптастыру қажеттілігінен туындап отыр.

Берілген топтамада «Райхан» балабақшасы педагогтарының 2014 жылы облыстық инновациялық педагогикалық идеялар фестиваліне дайындаған материалдары ұсынылып отыр.

_____________________________________________________________________


Естиярлар тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: Күзгі ағаш

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Сурет салу

Мақсаты:Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: ақ қағаз, майлы бояулар, тіс пастасы, пекиндік орамжапырақтың жапырағы, тіс тазалағыш, дөңгелек мақта.

Әдіс- тәсілдер:түсіндіру, көрсету, үйрету, сын тұрғысынан ойлау әдістері: “галереяны шарлау”, “мен көргенді сен көресің бе”,ТРиЗ әдістері, тренинг

Билингвальді компонент: пекиндік орамжапырақ - пекинская капуста,

тіс тазалағыш - зубная щетка.




Қызмет кезендері


Педагогтің басқару

іс-қимылдары


Балалар қызметі


1 кезең

уәждік-түрткі болу


Кіріспе:

- Балалар, қазір жылдың қай



мезгілі?

- Енді мен сендерге «Күз

келді» атты өлең оқып

беремін:

Сарғайды тоғай,

Сап- сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Жапырақ ұшты,

Суықта түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.



Күз мезгілі


2 кезең

проблемалық- ізденістік

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

“Мен көргенді сен көресің бе?”стратегиясы:

  • Күз мезгілінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын айталық.



  • Біз бүгін пекиндік орамжапырақтан күз ағашын жасаймыз.

  • Ол үшін ақ қағаз, пекин орамжапырақ, тіс пастасы, майлы бояу, қылқалам, стакандағы су керек.

  • Стакандағы суға тіс пастасын салып, түрлі – түсті майлы бояумен арластырып, пекиндік орамжапырақты бояймыз.

  • Ақ қағазға боялған орамжапырақты беттестіреміз.

  • Жапырақтағы бейне ақ қағазға түскен соң, түрлі – түсті боялармен тіс тазалағышты пайдалана отырып ағаш бейнесін жасаймыз.

  • Ағаштың жоғарғы жағына күн бейнесін дөңгелек мақтамен жабыстырамыз да, мақтаны сары бояумен бояймыз.

Билингвальды компоненттерді қолдану:

  • Балалар, орыс тілінде пекиндік орамжапырақты – пекинская капуста деп, ал тіс тазалағышты – зубная щетка деп атаймыз.

Галереяны шарлау:

Балалар жұмысына талдау жасау.



Тренинг: “Табиғат құбылыстары”

Қатты нөсер басылды

Күн жарқырай ашылды

Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды

Жақсы жақтары - әдемі түрлі - түсті жапырақтар, жеміс – жидектер піседі, дәнді дақылдар піседі.

Жаман жақтары – жиі – жиі жаңбыр жауады, күн салқындайды, суық тиеді, теректер жапырақсыз қалады.

Балалар бейнелеу жұмысына дайындалады.


Түрлі – түсті бояуларменен тіс пастасын араластырып, орамжапырақты бояйды.

Орамжапырақты беттестіреді.

Тіс тазалағышпенен ағаш бейнесін жасайды.

Дөңгелек мақтаны жабыстырып, сары бояуменен бояйды.

Балалар орыс тілінде қайталап, үйренеді.

Өз жұмыстарына риза болады, баға береді.



Жаймен тырсылдатады.

Қолдарымен күн жасайды.

Жарты доға жасайды.

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау

  • Балалар, бүгін біз оқу іс – әрекетінде не істедік?

  • Ағашты немен бейнеледік?

  • Күн бейнесін неден жасадық?

Ағаш бейнеледік.


Пекин орамжапырағымен.

Дөңгелек мақтамен.




Күтілетін нәтиже:

Білу:Күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысады.

Меңгеруі:Жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, күзгі ағаш бейнесін бере білуге үйренеді.

________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет