Мектепте физикадан факультатив сабақтарды ұйымдастырудың Қажеттілігі



Дата26.08.2017
өлшемі68,66 Kb.
#28117
МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАДАН ФАКУЛЬТАТИВ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
А.А.Айдарбекова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын оқыту процесімен қатар оны ұйымдастырушы мұғалімге де жауапты міндет жүктейтіні баршамызға аян. Сондықтан пән мұғаліміне жүктелер міндет те зор екенін бәріміз де білеміз және түсінеміз.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деген екен.

Сондықтан қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруымен қатар уақыт талабына сай оқыту процесін жетілдіру. Сабақ сапасы мен білімділігін арттыру - әр мұғалімнің басты міндеті.

Физика – адам баласының өміріне күшті әсерін тигізетін ілім. Және басқа ілімдерді алға сүйреуші жетекші ғылым. Ол техниканың, биологияның, медицинаның, тіпті тарихтың дамуына үлес қосып келеді. XXІ ғасырда физиканы оқып, түсініп, үйрену - әр азаматтың міндеті. Физика – пәндердің ішіндегі қиыны. Физика пәнін оқытуда барынша теорияны және практиканы ұштастыра отырып, дидактикалық принциптердің жүзеге асуын қадағалау керек. Мектеп физикасында факультатив сабақтарды қалыптастыру өте тиімді болар еді. Физика эксперименттік ғылым болғандықтан, қазіргі заман талабына сай ол арқылы физикалық тәжірибелерді жетілдіру де өте ыңғайлы. Факультатив сабақтар арқылы оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат беріледі, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Факультатив сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. Факультатив сабақтар – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене араласып кетуі.

Ол өз кезегінде төмендегідей міндеттерді шешуге көмектеседі:

- неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді және саналы түрде қабылдауға;

- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға, оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;

- оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға. Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;

- сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;

- оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

- оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Сонымен, факультатив сабақты тиімді ұйымдастырған кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Оқушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда, олардың физика пәніне қызықтыруда физикадан жүргізілетін факультативтік сабақтардың ерекше маңызы бар.

Физикадан жүргізілетін факультативтік сабақтың негізгі мақсаты – біріншіден, оқушылардың физикаға деген тұрақты қызығушылығын арттыру, екіншіден, бағдарлама материалын жан-жақтылы терең білу, үшіншіден, оқушыларды өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларына баулу.

Факультативтік курстың материалдарын терең игеру жолдарының бірі – есеп шығару. Есептерді оқушылардың ынтасына сай іріктеген дұрыс. Алдымен, даярлық есептер оқушылардың өздігінен шығармашылық қызмет ету қабілетін дамытатындай, проблемалық ахуал ретінде берілуі тиіс. Оқушылардың оқуға деген жағымды мотивациясын тудыру үшін терең ой толғаныстарын қажет етпейтін материалдарды қолданып, логикалық ойларын дамытып, салыстырмалы түрде жауап беруге итермелейтін материалдарды пайдаланудың тиімділігі педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дәлелденуі тиіс. Көздеген нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін күрделілігі әртүрлі материалдар мен тапсырмалар қолданылып отыруы керек. Факультативтік курс құрамында тек ғана қызығушылық тудыратын материал болып қоймай, курс мазмұнында физика жайлы толық ғылыми түсінікті қалыптастыратын күрделі материалдар қамтылуы керек.

Кез келген басқа жалпы білім беретін курстар сияқты факультативтік сабақтар да білім берудің жалпы дидактикалық принциптеріне сәйкес құрылады. Оқылатын пәннің жүйесіне сәйкестік, мазмұнның ғылымилығы, осы кезге дейін қолданылып келген курстардың шекарасын кеңейту, оларды тереңдету, іс-әрекеттің практикалық бағыттылығы, пәнішілік, пәнаралық сипатта болуы, дамытушылық тұрғыда құрылуы, оқушылардың жастық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі.

Факультативтік курс мазмұнын таңдау кезінде міндетті түрде мақсаттары мен міндеттерін негізге алып, физиканы оқуға деген қабілетін дамытудың көзделуі негізгі мақсатқа айналады.

Пән бойынша факультативтік курстарды іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі:



  • пәндік сынақтарды өткізу; оқушының бұл бағдарға қатысты мүмкіндіктеріне баға беру, таңдалған пәнді тереңдетілген деңгейде игеруге дайындығын анықтау;

  • бағдар іс-әрекеттерінің құрам бөліктерімен танысу;

  • базалық пәндік білімді кеңейтіп, толықтыру, таңдау бойынша емтиханға дайындалуына жағдай жасау;

  • оқушыларды берілген бағдарға сәйкес келетін іс-әрекет түрлерімен таныстыру.

Пәнаралық факультативтік курстар дәстүрлі оқу пәндерінің бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Олар мектеп оқушыларын бірқатар пәндер бойынша білімдерінің синтезін талап ететін кешенді мәселелер және міндеттермен, сонымен қатар оларды әртүрлі кәсіби салаларда шешу әдістерімен таныстырады. Ұйымдастырылған факультативтік курсқа төмендегідей міндеттер қойылады:

  • оқушылардың білімін жаратылыстану математикалық бағытта жалғастыруына бейімдеу;

  • оқушылардың икемдерін, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту;

  • әлемнің интегративті бейнесін қалыптастыру.

Факультатив сабақ мазмұнын меңгерту барысында оқушыларға үнемі өзіндік жұмыстар орындату жағына баса көңіл бөліну керек.

Осылардың барлығын ескерсек, факультативтік сабақтардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында оқушылардың құзырлығы дамып, іс-әрекетке дайындығы күшейтіледі.

Енді сол нақты мақсат, міндеттерге тоқталсақ.


  1. Оқушылардың физика пәні бойынша өз қабілеттерін бағалауын және болашақ оқу бағдарын саналы түрде таңдауын қамтамасыз ету.

  2. Физикадан алған білімдерін кеңейту және тереңдету, жоғары деңгейдегі білім мазмұнын жалғастыруға және меңгеруге қажетті біліктерін бекітіп, нығайту.

  3. Оқушылардың іс-әрекеттегі іздену белсенділігін және пәнге деген ішкі мотивацияны дамыту, тұрақты әрі саналы қызығушылықтарды қалыптастыру.

Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру барысында әрбір оқушыда келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік туады:

- оқушының ой-өрісі дамиды;

- ойлау іскерлігі қалыптасады;

- ақыл-ойы жетіледі;

- есте сақтау қабілеті артады;

- қызығушылық қабілеті оянады;

- тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

- оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады;



  • шығармашылықпен жұмыстанады;

- даму мониторингі айқын көрінеді.

Әсіресе кешенді түрде өтілген факультативтік сабақтар оқушылардың өмірге, болашаққа деген сенімін оятып, ЖОО-ға тест тапсырғанда физика пәнінен жоғары ұпай алып және әр түрлі жарыстарда (олимпиада, ғылыми жоба, интелектуальдық сайыстарда) биік шыңдардан көрінуіне көп көмегін тигізері сөзсіз.

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Осыған орай, физика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қабілетті оқушылармен жұмысты жандандыруға мүмкіндік мол.

Факультативтік сабақ оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге, алған білім мен дағдыларын бекітуге, белсенділігін арттырып, ғылыми зерттеулік қабілетін ұштауға үйретеді, белгілі бір кәсіпке баулиды. Сондықтан, болашаққа көз жібере отырып, өткеніңді жадыңда тұт деп дана бабаларымыз айтқандай шәкірттерімізді жан-жақты, қандай қиындық кездессе де мойымайтын, өз тілімен дінін қастерлеп ұстауға тәрбиелейміз десек үнемі ізденісте болуымыз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Родина Н.А., Гутник Е.М. и др. Самостоятельная работа учащихся по физике в 7-8 классах средней школы / Под ред. Н.А-Родиной. М.: Просвещение, 2001.



2. Құдайқұлов М.А., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан,1998.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет