Мектептің білім беру ортасында арнайы жағдайды қалыптастыра отырып, оқушылардың психологиялық даму үдерісін басқару



Дата08.09.2017
өлшемі55,22 Kb.
#30072
Дөңгілағаш негізгі мектебіндегі 2015-2016 оқу жылындағы

психологтың жылдық есебі


Дөңгілағаш негізгі мектебіндегі психологиялық қызмет көрсетудегі негізгі мақсат: мектептің білім беру ортасында арнайы жағдайды қалыптастыра отырып, оқушылардың психологиялық даму үдерісін басқару.

Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады.

Мектеп психологының құзырына баланың психикалық ерекшелігін анықтау, білімінің, білігінің, дағдысының даму деңгейінде жаңа психологиялық өзгерістердің қалыптасуын жас шамасына қарай жеке және аралық әрекеттерін күн талабына бағыттау кіреді.

Оқу жылының басында, ІІ тоқсан бойы дайындық топ балаларының, 1, 5,9 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін бақылау, зерттеу анықтау, диагностикалау жұмыстары жүйелі түрде арнайы жоспар бойынша жүргізілді. Мектептегі мазасыздықты анықтай отырып, қажетінше диагностикалық зерттеу қорытындылары бойынша пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріңе ата-аналарға, оқушыларға кеңестер беріліп отырылды. Оқушылардың психологиялық картасы толтырылды.

1 сынып оқушыларының мектепке дайындығын анықтау мақсатында Керн-Йерасек әдістемесі бойынша бақылау тесті жүргізілді. Оқушылардың мектепке икемделу деңгейін, икемделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының, құрдастар тобындағы әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына жағдай жасау мақсатында Сьюзен Делингер әісі (психогеометриялық тест), өзін-өзі бағалау тесті, графикалық диктант, мектепке деген жалпы қатынасты анықтау әдістемелері қолданылды. Оқушылардың барлығы мектепке психологиялық тұрғыдан ақыл-ой өрісі жағынан толық дайын. Олармен аптасына бір рет психологиялық дамыту сабақтары жүргізіліп отырды. Бастауыш сынып оқушыларымен де бірқатар жұмыстар жасалды. Балалардың отбасымен, қоршаған ортамен, туыстарымен, ата-анасымен қарым-қатынасының қандай екендігін анықтау мақсатында «Отбасы суреті», «Біздің ұстаз» және «Әлемде жоқ жануар» проективті сурет әдістемесі қолданылып, жүргізілді. Оқушыларға қаншалықты көңіл бөлінетіндігі мен қамқорлықтың, ата-ана тарапынан зейіннің қажет ететіндігі анықталды. Ата-аналарына ұсыныстар мен кеңестер берілді. Бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдермен сауалнама мен тренингтер жүргізіліп, олардың сабақ үдерісінде оқушыларға жүргізілетін ес және ойлау қабілеттерін дамытуға арналған психокоррекциялық жаттығулар ұсынылды. Сабақ үлгерімі төмен оқушылармен түрлі психологиялық зерттеулер жүргізіліп нәтижесі шығарылды.

Ал, 4-ші, 9-шы сыныптар оқушыларына ОЖСБ-ды тапсыруына және оқушылардың мектепке, оқу үдерісіне бейімделуіне байланысты Т.А.Ратанованың «мектепке бейімділік» әдістемесі жүргізіліп, сынып жетекшілірі мен пән мұғалімдеріне ұсыныстар тапсырылды. Сондай-ақ оқушылардың алғашқы жеке психологиялық қызығуы мен бейімін, қабілетін, кәсіби ой-ниетін танып, зерттеу мақсатында сынып жетекшілерімен бірлесе отырып бірнеше іс-шаралар өткізілді. Сюжеттік-рөлдік ойындар, сурет сайысы, сауалнамалар, тестер, тренингтер арқылы диагностика, зерттеулер жүргізілді.

Ал, орта буынға жүргізілген жұмыстарға келетін болсақ 5 сынып оқушыларының ортаңғы буынға бейімделу деңгейін, бейімделу кезіндегі қиындықтарды анықтау мақсаттарында сауалнамалар, бақылаулар, зерттеулер, диагностикалар жасалды. Қорытындысы бойынша пән мұғалімдері, сынып жетекшілер, ата-аналарға тиісті кеңестер беріліп, іс-шаралар жасалды. 5-9 сынып оқушыларының мінез-құлық, темперамент типін анықтау үшін кім зерек сауалнамасы әдістемесі қолданылды. Нәтижесімен сынып жетекілері, ата-аналары, пән мұғалімдері таныстырылды. Орта буын оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында тренинг сабақтар өткізілді. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, келеңсіз (суицид) жағдайлардың алдын алу мақсатында оқушылармен, ата-аналармен, сынып жетекшілермен зерттеулер, түзету сабақтары, тренингтер, ағартушылық жұмыстары өтеді.

Мектептегі қабілетті, дарынды балалармен психологиялық дамыту сабақтары, тренингтер, интеллект дамуын анықтау жұмыстары т.б арнайы жоспар бойынша өткізілуде.

«Қызым саған айтамын ...» тақырыбымен жоғары сынып қыз балалар қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қыздарға аналық тәрбиенің мәнін ұғындыру, қыз баланың өзін мектеп қабырғасында ұстай білуі, қыздардың қазіргі таңда мәртебесі қандай деген сұрақтардың мәнін ашып, оқушыларға жеткізу мақсатында жүзеге асырылды. 6-8 сынып оқушыларымен кәсіптік білімге дейінгі мүмкіндіктерін сауалнама арқылы анықтап, оқушылардың мүмкіндіктерін арттыру үшін түрлі іс-шаралар жүргізілді. «Мамандықтар әлемінде», «Мамандық және денсаулық», «Өзің таңдаған өмір», «Мамандық таңдаудағы қателіктер» тақырыптарында тренинг сабақтар өтіп, тесттер ағарту кеңес жұмыстары жасалды.

9 сынып оқушыларымен кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған барыснда А.Е.Голомшток әзірлеген қызығушылық картасы бойынша танымдық қызығушылықты зерттеу, Е.А.Климовтың «Жекелеп диагностикалау сауалнамасы», Дж. Голланд әдісі бойынша адамның мінез-құлқының типін анықтау әдістері әдістері қолданылды. Сонымен қатар, «Оқушылардың кәсіби ой-ниетін анықтау», «Оқушылардың мамандық туралы хабардарлығы», «Табандылықты зерттеу», «Оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігі», «Кәсіптік ынталануы» секілді сауалнамалар жүргізілді. Таңдау пәндерін тереңдетіп оқытуға ұсыныс жасай отырып, оқушылардың таңдаған мамандықтары бойынша тренинг, кеңестер өткізілді.

9 сынып оқушыларымен ҰБТ-ға психологиялық тұрғыда даярлау жұмыстары жүргізілуде. Ондағы мақсат оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру. Оқушыларға, ата-аналарына жадынамалар таратылды.

ПДТ бағдарламасымен мектепте оқитын оқушымен (9 сынып) психологиялық танымдық процестерді дамыту сабақтары арнайы жоспар құрылып жүргілуде. Сондай-ақ, «Бұлдіршін» шағын-орталық, дайындық топ балаларымен де психологиялық зерттеулер, бақылаулар жүргізіліп, ата-аналарына, тәрбиешілеріне кеңестер беріліп отырылды. Төртінші тоқсанда оқушылармен көптеген жұмыстар атқарылды сауалнамалар,тестар алып отырды.

Ата-аналармен ойындар жүргізілді.9сынып оқушылармен жұмыстар атқарылды.Маманды бірге таңдайық деген ойындар,баяндамалар оқылды.Бастауыш сыныптарымен аптасына бір рет кездесіп әр түрлі жұмыстар атқарылды.Әр сынып пен аптасына бірілет кіріп ойындар,бақылау жұмыстары жүргізіліп отырды.Тестер,сауалнамалар,әңгімелер жүргізілді.Аса қиын балалар болған жоқ. Балармен жеке әнгіме айтылды.Оқушылардың қиын жағдайын бірге отырып шешуге тырыстық. «Менім сырласым»баяндама оқылды әнгіме жүргізілді.Баяндама барысында оқушылардын шын сырласын білу мақсатында өттілді «Менім отбасым» отбасы мәселерін бірге талқылап сауалнама алынды.

Дайындаған:Иватқызы Гүлден

«Дөңгілағаш негізгі мектебі»КММ.

Дөңгілағаш негізгі мектебінің 2015 – 2016 оқу жылының



жылдық жасаған жұмыстардың есебі

Мектеп психологі:.Иватқызы Гүлден


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет