Мәңлілік елдің ұраны мызғымас бірлік



Дата28.01.2018
өлшемі67,12 Kb.
#34515
Мәңлілік елдің ұраны – мызғымас бірлік.
Биылғы жылғы Елбас Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашыққа бастар жол» атты халыққа болдауына «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биліктерімізді бағалау тұрғысынан белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясымен Коституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.

Қазақ халқы ерте заманнан қоныстанған және билік жүргізген өңірде сақтардан, ғұндардан, түріктерден тағы басқа рулық ұлыстық елдерден қалған аса құнды мұралардың және еркерткіштердің табылғаны жұртқа аян. Солтүстік және Батыс Шыңжаң өңірінен, Қазақстаннан, Маңғол Халық Республикасына қарасты Орхон, Тамыр, Тұла өзендері аңғарларынан табылып жатқан мұралар мен тарихы еркерткіштер жұртты қызықтырып жүзінің құрамын толықтырған, тіпті қазірге дейін байырғы атын өз қалпына сақтаған тайпалар және үлыстар жасаған. Үйсін, қаңлы, түрік, түркеш, оғыз, керей, найман, жалайыр, қоңырат, меркіт, уақтар сияқты өз заманындағы рулық ұлыстық атаулар қазірге дейін қазақ тайпалары арасында сақталып отырғаны даусыз. Олар қоныстанған және өмір сүрген өңірді ХІІІ ғасырдың басында араб, парсы тарихшылары «Дешті Қыпшақ» деп атаған. Ал ХV ғасырдан кейінгі тарихшылар мен этнографтардың «қазақ даласы» деп атаған жұтрқа аян.

Міне, осы «Қазақ даласына» Х ғасырда күннің шығысынан күннің батысына дейін алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Кезінде қазақ – тарихсыз бұл халық еуропалық жұрттар сияқты таңбалауға жарайтын, шежіреге, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған. Ашық айтылмаған бұл тұжырым қалай негізделеді десеңіз, ең алдымен қазақта бұрын – соңды ұлттық мемлекет болмады деп жарияланады. Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрылыстық кейбір элементтері ғана ұшырасқан.

Халқымызда мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» демекші біріншіден қазақ хандығы ХІІІ – ғасырдың басынан ХV – ғасырдың ортасына дейін «қазақтар біртұтас халық болып қалыпталасқанға дейін» Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының қоластында болған көшпелі түркі тайпалары «Алаш» қауымынан бастап біртіндеп бірлесіп екі ғасырдан астам уақыт «қазақ» атты халық болып қалыптасу барысын бастан кешірді. Екінші сөзбен айтқанда алғашқы «Алтын орда» хандығы, одан кейінгі «Ақ орда» хандығымен Өзбек хандығы дәуірі, міне, осылайша біртұтас «қазақ» халқы болып қалыптасуға алғышарт – жағдай әзірленген.



«Қаған парызы – халқының қарнын тойғызып мерейін өсіріп отыру түнде-ұйқы көрмедім, күндіз – күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара жерім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып – бәрі мәңгі елім үшін!» - дейді баба Тоныкөк. Ия, бұл кешегінің ұраны, бүгіннің арманы келешектің еншісі. Ханның мұраты, қарашаның тілегі.

Мәңгі болу-мәңгілік арман.Мәңгіге шектеме болмайтын секілді, мәңгілік елге айлану өркениетке ілескен бұл күннің толқыннында жүрген жұрттың арманы. Қазақ деген ұғымды еншілегенімізге де өте ұзақ, болмаса да,арғы бабамыз сақпен ғұннан, үйсін мен қаңлыдан тарата айтсақ бәрі де мәңгілік жұрттың негізін қалады. Мәңгілік ұрпақтың шекарасын айқындады, қазақтың қай тұсын алып қарасақ та мәңгілік болудың мақсаты айқындалады, тайға басқан таңбадай із тастайды. Кир патшаның басын алып, «мәңгі елдің тыныштығын алғың келсе, мәңгі қанға тойып торсықта жат»-деп халқының ертеңі үшін атқа қонған Тұмар ханым тірлігі де осы елдің, баба жұртының бас қамы еді. Желмаямен желе жорытып, мәңгілік «жерұйық» іздеген Асан қайғының да қайғы атанғаны еліне тұрақ, ұрпағына мәңгілік мұрат болар жері құнарлы, ауасы жұпарлы, шөбі шүйгін жұртты көксемеп пе еді? Қой қоздап, түйе боздатып, желілеп бие байлап, жер бетінің жайлысын таңдап ұрпақ өсіруді арман еткен Асан жыраудың сан жорығы мәңгілік ұрпақтың қамы емес пе? Қайда барса өзіне қызылған, өзінің атына жазылған көрден құтылмаққа Қорқыт баба да қобызын күңірете тартып мәңгілік ғұмырды аңсамады ма? Мәңгілік үнді, мәңгілік әуенді аңсамады ма? Сырдың бойын сырлы қобыз үніне ұластыра сыр шерту де мәңгілік арманы еді ғой. Әбілқайыр сұлтаннан ат басын бұрып, артына мәңгілік мұраты мен мақсаты бір қауым етіп, қазақ хандығының қара шаңырағын тіккен Керей мен Жәнібектің жан мұңы да, өз ақылшысы Асан қайғы армандаған жұмақ мекенде өз халқын бақытты ету емес пе? Даланың заңын қазақтың хәлімімен ұштастыра ұлттың болуына сай «жеті жарғынаң» жасаған жұрттың тіршілігі де ел іргесін бүтіндеу, ел ертеңін түгендеу емес пе? Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада қиындай қырылған жұрттың «біріксең ел боласың өзгемен тең боласың» деп елдікке бастаған хан Абылайдың да аңсағаны да есіл жұттың ертеңгі амандығы, баланың баба топырағында ғұмыр сүретін деген ниеті емес пе? Хан Кененің көкірегі қақ айрылып қан жұта жорық жасауы, жұрттың ертеңгі болашағы, елдің келешегі үшін күрес, мәңгілік ұлт үшін, мәңгілік атамекен жұрт үшін күрес емес пе? Әр дәуірдің зиялысы ертеңінің жарық болуы үшін күресті. Әр дәуірдің мәңгілік болудың өз әлінше сырын айтты. Абай болып толған заманда «мәңгілік ғылымның сырын ұқ, мәңгілік ілімнің ертеңіне бойла» деп сыр төкті. «Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім. Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...» - деген Абайда ұлттық мінімен арпалысты, ертеңін ойламас жұттың сынымен алысты. Кінәлау үшін емес жету үшін, әрине. Түзету арқылы елдің ертеңін нұрландырғысы келді, сол мамандың жетегінде өмір сүрді. ХХ ғасыр қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуы күмәнға айналған, мәңгілік у түгілі, мәйекті ұлт болуы арманға айналған алмағайып кезең болды. Апат ашаршылық, қолдан жасалған зұлматтар ұлттың үнін бәсеңдетті. ХХ ғасырдың қанды қырғындары мен ұлт зиалыларын қойша көргенде жалаға алып, дарға асуы біздің мәңгілік ел боламыз деген рухтан қорыққан қалалардың тірлігі еді. Ұлттың аймаған, жұрттың жақсысын қырды, жойды, қорқытты, үркітті. «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, өткізбей қараңғыда бекер жасты» – деп, мәңгілік мұратты еске салғысы келген Міржақыптарды дарға асты, елден қуды. Мәңгілік арманды өлтірдім деді басқыншы жұрт. Бірақ, атам қазақша айтсақ адам ұрпағысен мың жасайды демек бар екен. Көп өтпеді, рух қайта тірілді, жай тірілген жоқ, сесімен өткір жырымен тірілді. Қорқыту, үркіту, жанған рухты жөргегінде тұншықтырғысы келетін тегеуріні қатты заманда да біздің жұрт ұрпақтың көзіндегі ұшқынды байқады. Байқап қана қойған жоқ: «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін» – деп Мағжан ақын ертеңіне сенім тастап, ұрпақ пен мәңгілік ұлы мұратты тірілтіп кетті. Ақындардың жырымен «мәңгі өлмеске» тірілді, қайта әлсіремек емес. Өйткені, бұл ұлттың жаны, қазақтың бойындағы ыстық қаны еді.

Тұғыры көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұлпақтың еншісінде. Ата бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халық үшін жасап отырған «Елін сүйген, елі сүйген» елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер байлығы мен эканомикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлкеттердің санатындағы мемлкеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» мен елбасы салған сындарлы сары жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі күнде мерзімінен бүрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төреғалық ету, әлемдік діндер ұйымының конференциясының өтілуі, 2010 жылы қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЭХРО-2017 көрмесінің ұтып алуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан-толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.

Керей мен Әз-Жәнібек құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні Тәуелсіз Егенменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп, әрұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін салт-дәстүрін дүние жүзіне мойындатқан ел болдық. Оған дәлел 2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасының «Нұрлы жол» халыққа жолдауында «біздің Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік елді басты бағдар етіп – тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.»

Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші – ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриоатизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік ел! Ол барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтанышымыз да, гүлденген келешекке сенім де, «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сиып тұр.

Отанды сүйю – бабалардың мирас болған ұлы қадырлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша Қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні де осы! «Мәңгілік ел» идеясының бастау тым тереңде жатыр. Осыдан ХІІІ ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел,» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі.

Ауызбіршілік қашқан, арауыздық тасыған жерде ешқашанда бағындырған биліктерінің ең басты себебі – татулық, бірлік, берекесі» деген еді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік ел» нығайту – біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз.

Бір болашақ – бұл Мәңгілік елдің – біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуі!

Міне осындай ерекшеленетін Жолдауда айтылған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының біз шабытпен қабылдадық.

«Мәңгілік ел» азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың арманы.

«Мәңгілік ел» бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі болашақтың қорғаны.

«Мәңгілік ел» Қазақстанды мекендеген барша халықтың қасиетті ортақ Отаны. Бүгінгі күні «Мәңгілік ел» болашық ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырады деп кәміл сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Күлтегін Тоныкөк ежелгі түркі руын жазбалары «Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр Әли..» - Алматы, «Өлке баспасы – 2001.»

2.Н.Ә.назарбаев Тарих толқынында. – Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010ж

3. «Асыл мұра» түркі антологиясы. – Астана..Сарыарқа, 2012ж

4.Тоғысбаев.Б. Сужекова.А. Тарихи тұлғалар. – Алматы, «Алматы кітап баспасы»



5.Мәңгілік ел, халықаралық ғылыми, көпшілік журналы.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет