«Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл»



Дата31.01.2018
өлшемі44,16 Kb.
#36653
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

«Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл»

атты тақырыппен өтілетін тілдер мерекесінің ашылу

Дайындаған: А.С.Садыкова

Г.К.Карабатырова

Ж.Кадиков

Н.Ж.Биғарин

1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздер тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты салтанатты жиынға қош келіпсіздер! Бұл мерекемізд елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика » халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

Әнұран орындалады.



1 – жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Ердің құнын екі ауыз

Сөзбен шешкен ұлы тіл.

Жатпасам десең көміліп,

Намыстың үрле төрінен.



( Қазақ тіне байланысты слайд – мәтін, фильм)

1 – жүргізуші: Е ндеше, тіл – халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Әр халықтың өзінің ана тілі, дәстүрі бар. Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан – ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады – ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа – шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады дей келе кезекті әдеби монтажға береміз.

1. Құтты болсын, қасиетті тіл мерекесі,



Өсе берсін еліміздің мәртебесі

«Өнер алды – қызыл тіл» - деген дейін,

Ақын – жырау, жазушы – ел еркесі

Өз тілінде сөйлеп өсті сан ұрпақ

Қазақ тілі – өнерінде шаңырақ

Қазақ тілі – өз жұлдызын көктегі

Қазақ тілі – кеудеңдегі шам – шырақ

Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде

Қазақ тілі тамыр жайған тереңде

Қазақ тілін болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге!

2. Тілім менің!

Тіршілігім, тынысым, құным менің!

Бас бергенмен, Махамбет тіл берген жоқ

Тіл кесілсе, неболмақ күнім менің.

Тілім менің!

Тұтастығым, елдігім, үйім менің

Ел қорғаған ерлерге рух берген

Осы тілде толғады биім менің

Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, иенің де бүлінгенім

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

Аралыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау – парызым бүгін менің!

3. Өз тілінде сөйлейді бәрә де

Құрметтейміз басқа тілді де

Өлең сөзге ауғанда бір құмарым,

Қазағымның өмірін жыр қыламын

Ана тілдің түсініп қасиетін,

Әр қашан Ата салтын сақтайық

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!

Ана тілің – анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көр соқыр,

Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

1 - жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Э.МХалеловаға беріледі.

1 - жүргізуші: В Казахстане в единой семье живет около 16 млн. человек, представителей более 120 национальностей и народностей. На казахском, русском, уйгурском, корейском , татарском языках издаются книги и газеты, работают национальные программмы, радио и телевидения. Всех нас, людей всех национальностей объединяет общее, имеющее одно из ажнейших понятий: Мы народ Казахстана! И в этом Казахстан – уникальное государство с многообразием культур и религий.

1 - жүргізуші: Қазақ ұлтының бір ғана Отаны бар. Ол – Қазақстан екені барлығымызға мәлім. Қазақстан сонымен қатар онда туып – өскен және оған түрлі жағдайлармен қоныс аударып, азаматтығын алған жүзден астам басқа да ұлттардың Отаны. Осы халықтардың барлығы бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүруде. Бұл Елбасымыздың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз.

( Елбасының сөзі видео)

Сахналық қойылым.

Өзбек:

Амансыздар ма? Біз отбасымызбен бірге осы жерге қоныс аударған болатынбыз. Қазірге барар жеріміз болмай тұр. Көмек бере аласыздар ма?



Қазақ: Оу, бауырым, сол да сөз болып па? Қазақ халқы – қашаннан қонақжай халық. Төрлет .

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір – бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт. Тілдер апталығының жоспарымен қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі А.С.Садыкова таныстырады.



«Ана тілі» туралы ән.
Каталог: 1E7973318117C007
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні. Сабақтың мақсаты: білімділік
1E7973318117C007 -> «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды»
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. «Ұлпан» романы. Сабақтың мақсаты: Білімділік
1E7973318117C007 -> Сабақтан тыс іс шара Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде»
1E7973318117C007 -> Сабақ тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі
1E7973318117C007 -> Тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»
1E7973318117C007 -> Сабақтың атауы Тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі Сілтеме
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы Күні уақыты Сынып Екі өрнектің квадраттарының айрымының формулалары
1E7973318117C007 -> Сабақ тақырыбы: §28 Адамның шығу тегі туралы алғашқы және қазіргі кездегі көзқарастар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет