Мен –Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, «Заречный орта мектебі» кмм директоры -илз



Дата06.02.2020
өлшемі25,04 Kb.
#57281
Байланысты:
тәлімгер

Мен –Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, «Заречный орта мектебі» КММ директоры -ИЛЗ

Тәлiмгер болуды қaлыптaстыру үдерiсi бiлiм беру тәжiрибесiн жaқсaрту мaқсaтындa ынтымaқтaстық жaғдaйдa мектеп ортaсындa жүзеге aсырылaтыны белгiлi

тәлiмгерлiк ұзaқ уaқытқa созылaтын, өзaрa ынтымaқтaстық қaтынaсқa негiзделген кәсiби қолдaу көрсету үдерiсi болып тaбылaды

Тәлiмгер етудегi бaсты ұстaнымым әрiптестерiммен кәсiби бaғыттa қaрым- қaтынaс жасау, тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшу, стрaтегиялық деңгейде жaңaлықпен aлмaсу, мaқсaт қою мен оғaн жету жолдaрын жоспaрлaуғa көмектесу болып табылады.


Мен мектептегі тәлімгерлік жасау үшін жас маманды тәлім алушы ретінде жұмыс жүргізіп жатырмын

Тәлім алушым өз жұмыстарына тиянақты қарайтын, жаңашылдыққа бейім, тіл табысуда қиындық тудырмайтын өз пәні бойынша жетістікке ұмтылатын деңгейлік курстан өтпеген, мұғалімдік қызметте бір жыл көлемінде жұмыс жүргізген, санаты жоқ мұғалім.

Тәлім алушының қажеттіліктерін анықтау үшін алғашқы кезде бейресми кездесу өткізіп, тәлім алушы мен тәлімгерліктің ұзақ уақыт бойы жүйелі жалғасатын қарым –қатынас екенін түсіндіріп, сенімді қарым-қатынас орнаттым.

Тәлім алушының бірнеше сабағына ене отырып сабақтарын бақылаймын, және енген сабақтарымда маңызды деген мәселелерді қағазға түсіріп отырамын және міндетті түрде рефликсиялық есеп жүргізіп отырамын, өйткені ол тиімді.

Тәлім алушыма өз сабақтарыма енуіне ұсыныс жасаймын. Сабақтарыма енген соң тәлім алушымен кәсіби байланыс жасаймын. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстыра отырып өз тәжіртибесінде нені жетілдіру керектігін өзіне анықтататамын. Жеті модуль стратегиясын таныстыра отырып өз сабағында қандай көмек қажеттігін бірлесе анықтаймыз. Тәлім алушыға «Сіз нені басқаша істер едіңіз?» «оқушылардың арасында тиімді диалог орнату үшін сіз не істеуді жоспарлайсыз ?» деген сұрақты қою арқылы сабаққа өзгеріс енгізуіне ықпал етемін. Жеті модуль стратегиясы аясында жұмыс жүргізуге кеңес беремін.

Оның алдағы жұмыс жоспарының негізімен танысамын. Жоспарға қосымша өзгеріс енгізу керек болса кеңес беремін, жаңаша үлгіде жасалған сабағына қатысамын. Сабақты талқылай отырып «Сіздің пікіріңізше не жақсы өтті? Неге?» деген сұрақ беру арқылы өз сабағына қорытынды жасатамын.

Орта мерзімді жоспарлау мен қысқа мерзімді жоспарлаудың құрылымын таныстырдым. Бірлесе отырып тізбектелген сабақтар жоспарын жасадық. Сыныптағы дарынды оқушылар зерікпес үшін оларға танымдық деңгейлерін арттыратын деңгейлік тапсырмалар беруіне бағыт беремін. Оқушыларға арналған тапсырмалар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай болу керектігін басты назарға алуын ескертемін. Оқушының ойлау қабілеттерін арттыратын шығармашылық тапсырмалар түрін көбейтуге кеңес беремін. Ерекше тапсырмалар дайындаған кезде ғаламтормен жұмыс жүргізуге, оқушыларды бағалауда ашық журнал, өзін-өзі бағалау, топтарды бағалау түрлерін пайдалануды, сынып оқушыларының ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс жасауы үшін топтық, жұптық жұмыстарды пайдалануына кеңес беремін. Жаңа әдіс-тәсілдермен толыққан сабағына қатысып кәсіби сұхбат жүргіземін.

Тәлім алушы өз жұмыстарының қаншалықты тиімді өзгергендігі туралы мәлімдеме жасайды. Жоспарлау барысында қандай әдіс- тәсілдердің тиімді қай әдістің тиімсіз болғанын айтады. Сабағындағы қиындықтарды қалай жеңгендігі жайында, оқушыларда болған өзгерістер туралы рефлексивті есебін таныстырады. Тәлімгер ретінде тәлім алушының жұмысына баға беріп, алдағы уақыттарда да тәлім алушының кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында өз тәжірибеммен бөлісіп, кәсіби қолдау көрсетіп, проблемалардың шешімін бірлесе шешеміз деген ойдамын.


Тәлім алушымның сабақ барысын бейнежазбаға түсіріп алдым. Сабақ соңында тәлім алушымен бейнежазбаны қарап, сабақ жоспарымен танысып, сұхбат жүргізіп отырдым.





Тәлімгерлік кезінде бақылайтын мәселем өзгерген жоқ. Бақылау барысындағы өз ойларымды арнайы дәптерге жазып отырдым, сабақ соңында тәлім алушыммен сөйлесіп, бағыт-бағдар беруге, жаңашылдыққа ұмтылдыруға тырыстым.

Әрине, әр бақылаудан кейін алдағы жұмысыма да мақсат қойып отырамын.

Мен үшін тәлімгерлек тәжірибемнің ең маңызды сәттері-тәлім алушыммен сұхбат. Себебі, осы сұхбаттасу барысында екеуміз тәжірибедегі қиындықтар мен кедергілерді болдырмауға тырысып, алдағы уақытқа жоспар құрып отырдық.

Сонымен қатар, тәлім алушымен қарым-қатынас құра отырып, әртүрлі сабақтан тыс –шараларға, коучинг, тренингтерге қатыстыра отырып оны ән айту, қолөнермен айналысу сияқты басқа да қырларынан тани білдім және осы қасиеттерін ары қарай шыңдауға жетелеп келемін.



Тәлімгермен тәлім алушының қарым-қатынасы міндетті түрде мына қасиеттермен белгіленеді: сенімділік, ортақтастық, шынайылылық, адалдық, жасөспірімді тәрбиелеуге деген талпыныс. Мектепте тәлімгерлік жұмысымды жүйелі түрде жүргізу арқылы менің еңбегімнің жемісі көп күттірмейтініне сенімдімін.






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет