«Мен және сен қазақша сөйлейміз» тілдер мерекесіне арналған іс-шара Мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі46,58 Kb.
#39302
«Мен және сен қазақша сөйлейміз» тілдер мерекесіне арналған іс-шара

Мақсаты: оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу

Жүргізуші: -Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар! «Мен және сен қазақша сөйлейміз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

-Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіздер, қадірмеңді қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап біздің төрімізге

Жүргізуші: Тіл-адамзат баласына тәң ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Тіл-халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз.

-Армысың, ардақты анам-қазақ тілім,

Бір өзіңнен тараған өнер-білім

Құтты болсын бүгінгі тіл апталығы,

Жарқын болсын әрқашан келер күнің!

-Қазір сіздердің алдарыңызда екі топ сайысқа түседі, ортаға сайыскерлер шақырылады.

1. –Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші, әділ қазыларды таныстырып өтейік.



1-сайыс «Таныстыру»

2. Білім деген –биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты

топтар өздерің таныстырып өтеді.

-Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік, жырлайық

Ортамызды ашайық,

Інжу-маржан шашайық-деп топтар өздерінің өнерін көрсетеді (Ән орындайды)

2-сайыс: Топ басшылары өздерің таныстырып өтеді.

3-сайыс «Ұйқасын тап»

1.Родник-бұлақ , ухо-.....

2. Борода-сақал, пословица-.....

3. Нация-ұлт, облако-.......

4. Слово-сөз, глаз-......

5. Старик-шал, мед-......

6. Язык-тіл, слон-.....

7. День-күн, ночь-......

8. Берег-жаға, оценка-.....

9. Жизнь-өмір, уголь-......

10. Число-сан, кровь-........

11. Рыба-балық, народ-....

12. Дверь-есік, колыбель-.....

13. Возьми-ал, мед-.....

14. Город-қала, ребенок-.........

4-сайыс: «Өз жұбыңды тап» мақал-мәтелдер сайысы

орысша баламасын тап



  1. Жақсы сөз-жарым ырыс (Доброе слово-половина блага)

  2. Жүздің көркі-көз, ауыз көркі-сөз. (Глаза украшают лицо, уста слово)

  3. Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді. (Кто слов не ценит, сам себя не ценит)

  4. Жақсы сөз-жан азығы. (Хорошее слово-душе опора)

  5. Айтылған сөз-атылған оқпен бірдей. (Сказанное слово-вылетевшая пуля)

  6. Ойнап айтсаң да, ойлап айт. (Даже говоря в шутку-подумай)

  7. Тамшы тас жарады, тіл бас жарады. (Капля камень расколет , слово голову)

  8. Өнер алды-қызыл тіл. (Начало искусства красноречие)

  9. Мағынасыз сөз болмайды, мақаласыз сөз болмайды. (Нет народа без пословиц, как нет слова без значения)

  10. Бала тәрбиесі бесіктен. (Воспитание ребенка начинается с колыбели)

  11. Байлық байлық емес, бірлік-байлық. ( Достаток не богатство, единство-вот настоящее богатство!)

  12. Жаман жолдастан таяғым артық. (Крепкая палка лучше плохого друга)

  13. Күлме досыңа, келер басыңа. (Над бедой друга не смейся, то же может случиться и с тобой)

  14. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. (Одежда хороша новая , а друг старый)

5-сайыс: «Казахская родня»

Я смышленный ученик,

Сам читаю и пишу,

Вот и деда говорит:

Я о них вам расскажу.

Папа с мамой всех родней,

Он-....(әке), она-.....(шеше)

Надо знать свою родню!

Папы папа-твой.....(ата)

Старшая сестра-....(әпке)

Будешь слушаться ее.

Ну а старший брат-.....(аға)

Не боюсь с ним никого.

Мой іні-братишка мне,

А сестренка-........(қарындас)

Қарындас твоей әпке,

Как сіңлі-все любят вас,

Папе будешь ты -....(бала)

А аташке- .....(немере)

Бабушка твоя-....(әже)

А детишке немере

Называют.....(шөбере)

Вскоре после шөбере

Появляются.....(шөпшек)

Так промчится целый век,

Доживешь до.....(немене)

До внучат, до прапра

Продолжается семья.



6-сайыс «Пәндер айдары»

«Қазақ тілі»

  1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

  2. Қазақ тілінде неше септік бар?

  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  4. Заттың атын білдіретін сөз табы

  5. Қазақ тілі қай тіл топтарына жатады?

«Қазақ әдебиеті»

  1. Жүз жасаған ақын

  2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңнің авторы?

  3. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері

  4. «Абай жолы» романның авторы кім?

  5. Қазақ тіл білімнің атасы кім?

«География»

  1. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

  2. Қазақстанның «Швейцариясы» қандай аймақ

  3. Қазақстанның астанасы қай қала?

  4. Қазақстанның тарихындағы үшінші астанасы қай қала?

  5. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан?

«Тарих»

  1. Тарихта болған 3 биді атаңдар

  2. Ұлы жүздің төбе биі

  3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні

  4. Қазақстанның атақты суретшісікім?

  5. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы?

Қорытынды: сайыстың қорытындысы жасалып , топтар марапатталады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет