«Мен өз елімнің патриотымын!» Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Мақсаты



бет1/9
Дата18.02.2018
өлшемі1,56 Mb.
#37915
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Мен өз елімнің патриотымын!»

Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Мақсаты: 
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: мақал - мәтел, нақыл сөздер.
Барысы: 
1.    Ұйымдастыру.

•    Аспаны ашық еліміздің, 


Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
2.    Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
                     Көп аузынан түспейтін,
                     Отан деген немене?
                     Оның тұлға түс кейпін,
                     Достым білгің келе ме? 
1 - оқушы:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,
                    Отан дейміз өсірген елімізді.
                    Отан дейміз туған жер, атамекен – 
                    Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
2 - оқушы: Отан дейміз кең-байтақ астананы,
                 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
                  Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
                  Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
3 - оқушы: Отан- тарих, Отан – тіл,
                   Жасаған елің, өз- халқың.
                   Отан – өлең, Отан-жыр,
                   Көтерген көкке ел даңқын.
4 - оқушы: Отан – сенің ата-анаң,
                    Отан – досың, бауырың,
                    Отан – өлкең, астанаң,
                    Отан – аудан, ауылың.
1 - оқушы: Отан – осы достарым,
                     Көңілге мұны түйе біл!
                     «Отан» деп өс жас қауым,
                     Оны ардақтап сүйе біл!
Хор: «Отан»
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның атымен басталады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.


Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Базарбек: Туған өлкем
 Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
               Ел болдық ерік алдық астаналы
               Енді кімнен қазағым жасқанады?
               Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
               Нұрсұлтанның атымен басталады.
Аумалы - төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.
Көрініс: «Үш арыстың үлгілері»
Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
Би: «Қамажай»
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.
Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Дидар:    Көк аспандай көкпеңбек,
                       Қазақстан жалауы.
                       Көк емес ол тектен-тек,
                       Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық,  молшылықты білдіреді.
Жан:            Елтаңбасы елімнің,
                         Неткен әйбәт, әдемі
                        Тұнығындай көңілдің
                         Ортада аспан әлемі.
Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.
Малика:         Оттай жанып жанарың
                        Одан қуат аламын
                        Әнұран ол - тынысы
                        Кең жазира даламның.

Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?


-    Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
-    Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?
«Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.
Б- білімімді арнайтын 
О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгергн 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор, 
Болашағы елімнің! 
Ән «Көк тудың желбірегені».

Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: 
                         Өткеніңді еске алсаң, 
                         Өскеніңнің белгісі. 
                         Өткеніңді ұмытсаң, 
                         Өшкеніңнің белгісі, 
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 

                       Өскеніңнің белгісі. 


                         Өткеніңді ұмытсаң, 
                         Өшкеніңнің белгісі, 
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 

«Тұңғыш Президент Н.Назарбаев»

Тақырыбы: «Тұңғыш Президент Н.Назарбаев»
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» .

Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.


Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1-оқушы: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
2-оқушы: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
3-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
4-оқушы: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
1-оқушы: 1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
2-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
3 - оқушы: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
4 - оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан»

«Қос жұлдыз» ән байқауы

Тақырыбы: «Қос жұлдыз» ән байқауы
1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, 3 - рет ұйымдастырылып отырған «Қос жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
2 - Жүргізуші: Біз бүгін сайыста мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
1 - Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып кетсек.
1. Ибраева Аида Атотбергенқызы
2. Ермагамбетова Дина Батырбековна
3. Бүгінгі кешіміздің хатшысы Абузара Айнур Сагынбековна
1 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық. Малика мен Шолпанның Армансыз күнім болмайды әнімен қабыл алыңыздар!
2 - Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы айтар пікірлеріңіз қандай?
1 - Жүргізуші: Келесі жұбымыз да өздерінің бағын осы әннен іздемекші. Әннің қалай шығатынын мына сіздермен бірге тыңдап көрейік.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат. – демекші,
Сахна төріне Дидар мен Маяны «Өмір – өзен» әнімен қарсы алыңыздар!
2 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
1 - Жүргізуші: Тағы да керемет жұбымыз өз өнерлерін көрсетпекші.
Қарсы алыңыздар, Айнұр мен Әділбек Сағынамын әнімен
2 - Жүргізуші: Тағы да бір тамаша жұбымыз өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе әке балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді – дей келе,
Алдарыңызда Жаслан мен Тамерланды «Әкелер» әнімен қарсы алайық.
1 - Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар?
2 - Жүргізуші: Сахна төрінде өздерінің тамаша әндерімен Жан мен Аружанды «Жас қалам» әнімен. Құрметті көрермендер қол соғып қолдап отырыңыздар.
1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
2 - Жүргізуші: Тамаша «Аяла» әнімен осы жұбымыз орындап көрмек. Сахна төрінде Малика мен Жанды «Аяла» әнімен қарсы алыңыздар.
1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
2 - Жүргізуші: Келесі ән әлемдегі барша ақ жаулықты аналарға арналады. Әйелдер қауымына көбірек ән арнасақ артықтау етпейді деген ойдамыз.
1 - Жүргізуші:
Анадан жаралған ғой дана біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір, ана, түсінбесек,
Еркелеп сәби, жастық, балалықпен – дей келе, сахна төрінде өздерінің әсем әндерімен Жанар мен Ораз орындауында «Кешір ана» әнімен. Қабыл алыңыздар.
2 - Жүргізуші: Жұптарымызға айтар сөздеріңіз.
1 - Жүргізуші: Келесі орындалатын ән адам өмірінде бірақ рет қайталанатын керемет шақ бақытты балалық шақ туралы.
Әділет: Бақыт есіңде ме мұғалім бізге бақыт туралы шығарма жаздырды.
Бақыт: Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...
Әділет: Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің,
Бақыт деген - әркімдер де бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір, - дей келе,
Біздерді балалық шаққа апарып қайтатын жұптарымыз Руслан мен Бөтегөздің орындауында «Бақыт деген» әнімен қарсы алайық.
2 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
1 - Жүргізуші: Осы жұбымыз Қайрат Нұртастың хит әндерінің бірін орындап көрмекші.
Амал бар ма, махаббатқа жан пидалық ете алмадың,
Аққу - арман жалт бергенде, қуып көрдiң, жете алмадың.
Жете алмадың, көлеңкеңнен алыс ұзап кете алмадың,
Жанар майын жағып бiткен машинадай от алмадың.
Көрермендер қалай ойлайсыздар осы әнді жұлдызды жұбымыз хит қылып айта алар ма екен.
Оны сіздермен бірге тамашалайық. Ортада Гүлнұр мен Батырбектің орындауында «Бара алмадым» әнімен
2 - Жүргізуші: Қазылар пікірлеріңіз.
1 - Жүргізуші: Сахна төрінде Сәния мен Гүлнәрды «Сүйген жүрек» әнімен
2 - Жүргізуші: Қазылар не айтасыздар
1 - Жүргізуші: Тағы да бір тамаша ән алау от боп лауламақ. Сахна төрінде Анар мен Мейірланның «Сұранамын» әнімен қарсы алайық.
2 - Жүргізуші: Қазылар сіздер не дейсіздер.
1 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер кешіміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын жұлдызды жұбымыз Ғарифулла мен Гауһар болмақ.
Бізге белгілісі олар қазір сахна төріне шықпақ. Ал қандай өлең айтатындары бізге белгісіз.
2 - Жүргізуші: Сахна төрінде Ғарифулла мен Гауһар «Белгісіз жан»әнімен
1 - Жүргізуші: Қазылар сөз сіздерде
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.
Музыкалық номер. Қазылар ойланғанша.
1 - Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
2 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың әнұраны.

«Туған жер тұғырың»

Тақырыбы: «Туған жер тұғырың»
Мақсаты: 1. «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру,тиянақтау, дүниетанымдарын кеңейту; 
2.оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру; 
3. Отанын сүюге,рәміздерді ,Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу, достықты күшейту,ынтымақтастыққа баулу,патриоттық сезімдерін ояту. 
Түрі: танымдық-тәрбие сағаты 
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,сұрақ-жауап, 
Пәнаралық байланыс:әдебиет,география,тарих 
Көрнекі құралдары: карта, рәміздер, Елбасының портреті, Қазақстанның әсем қалаларының көрінісі, ребустар, алтын сандық. 
Барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі. 
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге мейіріммен қарап, амандасайық (оқушылар хормен). 
Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 
-Орындарына отыра қойыңдар. 
ІІ.Негізгі бөлім. Қазақстан дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін! - деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай,бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы: 
«Туған жер тұғырың » деп аталады. 
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. (картамен жұмыс). 
Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен,Семей, Талдықорған. Бұлар - әдемі қалалар. 
Астана-Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 
Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. (Астана қаласының әсем, көрікті жерлерінің суреттері көрсетіліп, әңгімеленеді). 
Қазақстан тарихында төрт астана болды. Олар: Орынбор(1920-1925), Қызылорда (1925-1929), Алматы(1929-1997), Астана (10 маусым 1998ж.) 
1-ші оқушы: Туған жер-тірегім, 
Сенде өстім түледім, 
Бір сен деп үнемі 
Соғады жүрегім. 
2-ші оқушы: Күлеміз,ойнаймыз, 
Демаламыз алаңсыз, 
Ризамыз саған біз 
Ұлы Отан – анамыз. 
3-ші оқушы : Асқарлы,қарлы шың, 
Аялаған ән құсым, 
Туған жер,армысың! 
Саған мың алғысым. 
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы,мемлекеттік рәміздері бар.1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Адам дүниеге шыр етіп келген күннен оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.Әр оқушы тұңғыш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап Конституцияда жазылған өз құқығы жайлы білуі керек. Мектепте ол өзінің білім алу құқығын пайдаланады. Құқық бойынша мемлекет оны ақысыз оқытады. Оқушының бұдан кейінгі мақсаты, борышы-жақсы оқу,  терең білім алу. 
Құлақтан кіріп бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй, 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең,менше сүй,-Абай атамыз жырлағандай,кезекті әнге берейік. Ән «Жерім менің». 
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар:ту,елтаңба,әнұран.Тудың түсі-көк.Көк түс бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.Тудың ортасында күн орналасқан.Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Ені-1 метр,ұзындығы-2 метр. 
Каталог: uploads -> doc -> 0d80
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d80 -> Сабақтың тақырыбы: «Еуразия материгінің зерттелуі.»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет