Менің өмірімдегі жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесі



Дата08.02.2022
өлшемі16,51 Kb.
#121954
Байланысты:
1513856013, Ерғали Аяна БЖДк-20-1 РГР2 7нұсқа бжд ворд

Менің өмірімдегі жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесі

Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан. Онда: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған.


Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеялар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: мейірімділік, қамқорлық, шыдамдылық,табандылық, төзімділік, шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеяларды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.
Жалпыадамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші.
Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді», - дейді.
Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы қалыптасады. Құндылықтар – адам үшін пайдалы, адамзат қоғамының іргелі дамуына тиімді ықпал ететін құндылық қасиеттер болып табылады.
Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің мәні де болмайды. Әрбір адам - өзінше жеке тұлға.
Рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан–дүние қасиетінің өлшемі адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.
«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ құрылымы да өзгеріп, негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтар аясында өткізіліп келеді. Атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
Адам өз өмірінің әрбір сәтін өмір ақиқаттарына сүйене отырып, әділ, шыншыл өткізсе, оның жүрегі сүйіспеншілікке тола береді, ал, сүйіспеншілікке толы жүрек әрқашанда дұрыс іс-әрекеттер жасауға итермелейді, дұрыс іс-әрекеттер жасап жүрген адамның әрқашан жаны тыныштықта болады, себебі ары таза, ал өзі шыншыл, жүрегі сүйіспеншілікке толы, әрбір әрекеті дұрыс, жаны таза адам ешқашан ешкімге қиянат жасамайды.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі деп атауға болады.
Бұл пәннің ең басты құндылығы адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделетіндігінде десек, әрбір сабақта бала жүрегіне осы адамгершілік құндылықтарын ұялата алатындай әсер қалдыруымыз керек. Сонда ғана бала өмірдің қарапайым ақиқатына тәрбиелене отырып, халқының адал перзенті, адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйренеді деп ойлаймын. Оқушы өзін-өзі тану арқылы алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білсе және қоғамға қызмет етуге белсене қатысуда өзін көрсете алса нұр үстіне нұр.
Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды. Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегін жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет