Менің оқушыларымның шығармашылық жұмыстары Алғы сөз



бет1/8
Дата14.02.2018
өлшемі1,43 Mb.
#37643
  1   2   3   4   5   6   7   8
Менің оқушыларымның шығармашылық жұмыстары

Алғы сөз

Бүгінгі күні заман талабына сай оқушыларымызды шығармашылық жұмысқа баулу талабы тұр. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін, логикасын дамыту, әр берілген тапсырма, сұраққа өзіндік пікірін, келісу, келіспеуін, қажеттілігі мен қажетсіздігін айқын дәлелді, фактілер келтіре отырып, жеткізе білуіне бағыт беруіміз керек. Түрлі шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы біртіндеп ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасау керек. Әрине, әр шығармашылық тапсырманың өзіндік мақсаты бар. Сол мақсатқа жетуге мұғалімнің қандай бағыт беруі керек? Эссе мен шығарманың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? – деген сұрақтар мазалады. Заманауи сабақ беруде эссені жаздыруда мұғалімдердің қиындықтарға тап болғанын байқадық. Эссе тақырыптары не жақтау, не жақтамау, қолдау немесе қолдамау көзқарасын білдіре алатын тақырыптар таңдай білу биік шеберлікті қажет ететіндігін байқадық. Сондықтан, эссеге мынадай тақырыптар таңдалғаны дұрыс: «Бүгінгі күні жастардың кітап оқымауына компьютер кінәлі ме, әлде оқушылардың жалқаулығы басым ба?», «ЭКСПО – 2017 Қазақстанды неге жетелейді?», «Жаңа жылда отшашу керек пе?», «Күннің көзі адамның жүрегін жылытады ма?» және тағы басқалары. Шығармашылық жұмыстар өмір тәжірибесімен тығыз байланысты және өміршең болуы тиіс. Төменде қазақ және орыс сынып оқушыларының түрлі шығармашылық жұмыстары берілген. Олар: ертегі құрастыру, өлең жазу, шығарма жазу, эссе жазу, шежіре құрастыру және тағы басқалары. Әрине, бұл жұмыстар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жазылған. Жоғары сыныпта жазатын шығармашылық жұмыстардың бастамасы, бейімделуіне арналған. Өз әріптестеріме үлгі болсын деген ниетпен ұсынып отырмын.

7 «г» сынып

Половников Никита

Ерте, ерте, ертеде....

Ертеде мектептер болған жоқ. Адамдар ақылсыз болды. Балалар үйде отырды, компьютерде ойнады. Ештеңе ітемеді. Бір күні елбасы мектептерді ашты. Балалар мектепке қуанышпен барады. Кейін мектептер балаларды жалықтырды. Олар компьютер ойнауды жалғастырды. Бірақ олардың ата-аналары компьютерлерді өшірді және түсіндірді. Балалар неге оқу керек? Оқушылар түсінді. Мен ертеңінде мектепке бардым. Енді балалар оқу керек, бұл өте жақсы, себебі олар жақсы адамдар болады.



Пузырева Милана

Ерте, ерте, ертеде мектепте қыз оқиды. Онда жаман бағалар бар. Ол оқуды ұнатпайды, әсіресе, орыс тілін. Түнде ол ұйықтап жатты. Ол қорқынышты түс көрді. Түсінде әпіртер оны жеуге келеді. Әріптер: «оқу», «сабақтарыңды жаса», «сауатты бол» - депті. Қорқыныштан қыз оянады, қатты айқайлайды. Содан бастап қыз жақсы оқиды. Оған түсі есіне түссе, ол қорықты. Ол өте ақылды болып өсті, сондықтан оқу озаты болды. Олимпиадалар мен байқауларда бірінші орын иеленді.



Ищимцева Екатерина

Ерте, ерте, ертеде Серік өмір сүрді. Ол өте ақылды және тілдерді жақсы көрді. Бір күні ол сабағын істеді. Бір кезде айқай естіді. Ол бұрылды. Ол кішкентай адам көрді. Адамның қалпағы мен таяғы бар. Ол:



  • Сәлем!

  • Сәлеметсіз бе!

  • Мен сиқыршы – Берікпін.

  • Ал мен - Серікпін.

  • Екеуіміз достасайық. Жарайды.

  • Мен сенімен саяхатқа шыға аламын.

  • Қалай?

  • Қазір мен саған көрсетемін.

Сиқыршы таяқты сермеді және олар әріптер елінде болды. Онда Берік әріптер туралы айтты. Серік әріптер елін жақсы көріп кетті. Осылай олар дос болды және әріптер еліне жиі саяхатқа шықты. Осылай Серік тілдерді үйренді.

Косинов Игорь

Баяғы заманда өте көп әріптер болыпты. Бір күні әріптердің көңілі түсіп қалыпты. Олардың ойнағысы келді. Бір әріптер алтыбақанға отырды. Басқалары тығылмақ ойнады. Қалғандары асық ойнады. Бір кезе әдемі сөздер шыға бастады. Ана, әке, әже, ата, отан деген және басқа да әдемі сөздер. Осылай сөздер көбейе берді. Сөздерден сөйлемдер шықты. Осылай әр түрлі тілдер пайда болды. Олар бүкіл әлемге тарады.



Бочкарева Вика

Бір күні «т» әрпі болды. Ол өте жалғыз еді. Оған барлық әріп ұрысады., соққы береді. Сонан соң қалаға «д» әрпі келеді. Келесі күні «т» әрпін ренжітіп алады. Басқа әріптерде ренжітеді. «Д» әрпі «т» әрпін аяп, жәрдемдеседі. «Т» рахмет айтады. «Д» әрпі: Сіз неге жылайсыз? Олар сізге неге наразы болады? – деді. «Т» әрпі: «Мен жалғызбастымын. Менің ешкімім жоқ» - деді. Сонан әріптер тату болады. Олардың ісі бейбіт жолмен шешіледі.



Орленко Настя

Ерте, ерте, ертеде ана өмір сүреді. Оның аты – Әліпби. Оның қырық екі баласы болады. Отбасында ең кішкентай әріп «я» болады. Әпкесі мен ағасы «я» деген әріппен ойнап, сөздер құрастырады. Бірақ «я» әрпіне ұнамады. Олар ойнауды тоқтатты. Ол ренжіп, сөздер жоғара бастады. Бұл: «яблоко», «земля», «жая», «яғни» болу керек. «Я» өзінің аға-інілері, апа-сіңлілерімен достасу керек екенін түсінді. Олар ұзақ бақытты өмір сүрді.



Коровина Александра

Күндердің бір күнінде «У» әрпі өмір сүріпті. Оның екі қызы болыпты. Олар бір-біріне өте қатты ұқсаған екен. Олар жіңішке «Ү» әрпі мен жуан «Ұ» әрпі екен. Жіңішке сөздерге жуан «Ұ»-ны қойып, жуан сөздерге жіңішке «Ү» -ні қойып, әбден шатастырыпты. Көмекке сингармонизм деген көкелері келіпті. Оларға: «сен жуан «Ұ» тек жуан әріптермен А, О, Ы бірге тұрасың!

Сонда жіңішке «Ү»: «Ал мен ше?» - деп сұрады. «Ал сен тек жіңішке Е, І, Ө, И әріптерімен тұрасың» - дейді. Содан олар дәл осылай тұрады.
Пушкарева Алиса
Ерте, ерте, ертеде А әрпі өмір сүреді. А әрпі әліпбидің соңында болады. Бір кезде «Я» әрпі: «Мен ең жақсымын» - деп мақтана бастайды. Барлық әріптер «мен, мен, ең жақсымын» - деп мақтана бастады. Тек қана А әрпі тыныш тұрды. Әліппе барлығын тыныштандырды. Бірақ әріптер бағынбады. Содан әріптер дауыс берді. А әрпі барлығы үшін дауыс берді. Содан барлық әріптер А әрпіне дауыс берді. Содан А әрпі әліппенің басында тұрады деп шешті. Қазір А әрпі әліпбидің басында тұрады. А әрпі ең маңызды.

Горбатюк Юлия
Ерте, ерте, ертеде Сөзстан «Қ» және «К» әріптері жүреді. Олар «кім жақсырақ» екеніне таласады. «Мен қуатты және күшті әріп, себебі менің құйрығым бар. Мен жуан сөздерде тұрамын. Ал сен әлсіз әріпсің» - деді. «Мен өте жақсы әріппін, себебі мен жіңішке сөздерде тұрамын. Мен әлсізбін, бірақ мен көп функциялар атқарамын. Мен бәріне керек әріппін!» - дейді «К». Таңертең әріптерге жеделхат келеді. Ол әліппеден еді. Онда «Құрметті әріптер «Қ» және «К». Бір-біріңді сыйлау керексіңдер. Себебі сендер бір отбасысыңдар. Таласу керек емес, дос болу керек» - деп жазды. Ақырында әріптер барлығы достық пен бірлікте өмір сүреді.
6"А" сыныбы. Жаңа жылда отшашу керек пе?

Сейітжан Әйгерім

Менің ойымша жоқ. Өйткені, ол өмірге өте қауіпті. Әрине, ол қуаныш әкелсе де, адамның бір мүшесіне зақым келуі мүмкін.Осы отшашуды мүлдем алып тастау керек деп ойлаймын. Мысалы отшашудың көптеген түрлері бар, бірақ соның ішінде сертификаттанбаған бар. Мен солай ойлаймын.



Табылдинова Айдана

Иә, дұрыс. Себебі отшашусыз жаңа жыл дұрыс өтпейді. Маған отшашу өте қатты ұнайды. Кейбір адамдар отшашуды атуды білмейді, оны білмесе өте қауіпті. Отшашу өте әдемі, көңіл күй көтеріледі. Себебі адамдардың көбісі отшашуды өте қатты жақсы көреді. Маған отшашусыз жаңа жылда көңілім түсіп қалады.



Исенова Айдана

Бұл қауіпті. Жоқ, бұл дұрыс емес. Мерекелердің жартысы отшашусыз өтпейді. Осы отшашудың соңы жақсылыққа апармайды. Отшашудан қаншама адам дене мүшелерінен айырылып қалып жатыр. Отшашудың әдемілігін емес өз денсаулығымызды ойлайық. Отшашу тек ата-аналарымыздың қатысуымен болуы керек. Адам жарақаттанып, қиындықтар пайда болады. Отшашудан өмірімізді қатерлікке тікпейік.



Күннің көзі адамның жүрегін жылыта ма?

Бекболат Әділ

Күннің көзі адамның жүрегін жылытады. Себебі: адамға жылы болса, адамның жүрегіне де жылы болады.Ал егер адам қатып қалса, оның жүрегі де жылымайды. Адамның ең маңыздысы- ол жүрек. Сондықтан оны сақтау керек. Күн сәулесі адамның терісіне барады, сосын ағзасы жылы болады да жүрегіне жылу тиеді, сосын жүрек ауырмайды.





Мен Қазақпын

Сағындық Дариға

Әр халықтың қазынасы, баға жетпес байлығы ол - ана тілі. Тіл- ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгі. Ата-бабаларымыз сан жылдар арман еткен, аңсаумен өткен тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі де ұлттың тілі. "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін","Қазақстанның болашағы қазақ тілінде " деп, қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де , ғылымда да, білім беруде тиісті жағдайда қолданылуы үшін бар жағдай жасалу керек деп айтылып келеді. Т.Молдағалиевтің Мен Қазақпын атты өлеңі:

Қазақ деген халықтың баласымын,

Ағы менен көзінің қарасымын.

Халқын тақтан ететін әр жерлерде,

Салтын сақтап жүретін бабасының...

Қазақстанды дамыған өркениетті отыз елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндеті- елінң намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі, білімді болуы керек.

Жақсы мен жаман қасиеттер

Тұрсынова Дильназ

"Адамның айналадағы адамдармен қарым-қатынаста жағымды қасиеттерді мәдениеттілікпен көрсете алуы әдептілікке әкеледі",- дегенге мен келісемін. Әдептілікке елгезектік, тілалғыштық, кішіпейілділік және басқа да жақсы, сүйкімді қылықтар жатады. Әдепті адам өзіне және өзгелерге қоршаған ортаға түсіністікпен, сыйластықпен, құрметпен қарайды. Ізгі мінез, түзу қылық болғанда ,екі пайда түгел бірдей жалғанда. Екінші- ұят, сосын шындық- үшіншісі.

Әдептілік- адамгершілік белгісі. Жақсы қасиеттердің бірі. Осы қасиеттермен жүре отырып, адам барлығына да қол жеткізе алады. Бірақ өмірде жаман қасиеттер болады. Жман қасиеттерге: жүрер жолдан тал түсте адасу, өтірік, өсек, мақтану, құлық және т.б ойға келмес істер. Жманның көкірегі- көр, көзі-соқыр, олар әрдайым да бір қателік, я бір қылмыс жасаса оны тіпті түзеуге ол болмас.Сондықтан да жаманның кеудесі үлкен, көзі кесек болады. Жақсы мен жаман адамдарды салыстырғанда айырмашылығы жер мен көктей.Жаман парқы жақсымен бірдей емес. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та бақыт та қонбайды.

Рахимжанова Адия. 7"Д" сыныбы

Шығарма


Менің әуес ісім

Менің ең сүйікті ісім – ас дайындау. Маған ең жақсы шығатын тамақ – итальяндық паста. Маған итальяндық тамақ өте ұнайды. Итальяндар қызанақты жақсы көреді, оны барлық тағамдарға қосады. Менің сүйікті тағамдарымда қызанақ бар. Ең бірінші дайындаған асым - қуырылған жұмыртқа. Тоғыз жас болғанда мен дәмді тамақ істедім. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін, сондықтан ең дәмді тамақты отбасыма дайындаймын. Кейде менің інім маған көмектеседі. Менің арманым – аспаз болу.



Сорокин Никита. 7"Д" сыныбы

Шығарма


Менің әуес ісім

Мен балалық шақта ғарышкер болуды армандадым. Ғарышкер болу үшін өте жақсы денсаулық болуы тиісті. Ғарышқа ұшу өте маңызды. Сондықтан мен ғарышкер бола алмаймын. Менің денсаулығым әлсіз. Сонан кейін мен мұғалім болғым келді. Барлық мамандық маңызды және қажетті. Бірақ бір күні маған ата-анам күшік сыйлады. Мен күшікті алуды әлдеқашан армандағам. Менің арманым орындалды. Мен онымен тез достасып кеттім. Бір күні менің Рексім ауырып қалды. Оған мен аянышты көзбен қарадым, ал мен оған ешқандай көмек көрсете алмадым. Анашым мал дәрігерін шақырды, ол тез келді. Сонда мен түсіндім, "келешекте мен кім боламын?"- деген сұрақ болды. Мен мал дәрігері боламын деп шештім.


Сагантаева Аделия. 7" Д" сыныбы.
Шығарма

Менің әуес ісім

Менің әуес ісім- ән айту. Мен жеті жастан осы әуес іспен айналысамын. Мен мектеп үйірмесіне бармаймын. Мен әр түрлі әнді айтуды ұнатамын. Мен поп жанрын жақсы көремін. Болашақта мен әнші боламын. Менің сүйікті музыкалық тобым- linkin Park. Бұл - америкалық топ. Ал ең сүйікті әншім – Rihanna. Ол да Американдық әнші. Кейде мен мектепте ән айтамын. Менің дауысым жақсы деп ойлаймын. Мен музыканы жақсы көремін.

Бакурова Ксения 7 "Д"сыныбы

Шығарма


Менің әуес ісім

Менің әуес ісім- кестелеу. Мен суреттер кестелеймін. Суреттерді жіптермен инемен кестелеймін. Менде көп суреттер бар. Менің әуес ісім- тауға шығу. Мен тауларға арқанмен көтерілемін. Мен ғимараттарға құралдармен шығуды үйрендім. Маған тауға шығу ұнайды. Менің жаттықтырушым - Кенжин Р.А. Ол мейірімді, жақсы жаттықтырушы. Менің тобым "Искра" деп аталады.



Шарыпова Луиза 7 "Д"сыныбы

Шығарма


Менің әуес ісім

Менің әуес ісім- ән айту. Маған қазақ және орыс әндері ұнайды. Мен төрт жасымнан бастап ән айтамын. Көбіне маған ана туралы әндер ұнайды. Мен мектептің концертінде ән айтамын.

Мен фотаға түсіруді ұнатамын. Менің арнайы фотааппаратым бар. Мен табиғатты фотаға түсіремін. Мен далаға шығуды жақсы көремін. Бос уақытта мен далада інммен ойнаймын. Біз құрбыммен бірге далаға шығамыз. Онда серуендейміз. Маған ән айту, фотаға түсіру, далаға шығу ұнайды.
Татенов Әзізбек 5"А" сыныбы

Шығарма


Балалық шағы- патшаның тағы

Балалық шақты біз жіберіп алмауымыз керек. Себебі балалық шақ қайталанбайды. Анаң сені күнде күтеді. Мен кішкентай болғанда анамның ұйқысын төрт бөлдім. Анам маған сүт беріп, төсегіме жатқызды. Бала отбасында кішкентай патша болып жүреді. Оны бәрі еркелетеді, бәріне рұхсат етеді.

Әр баланың балалық шағы болады. Кішкентай кезде бала жәйбарақат өмір сүреді. Сол уақыт өмір бойы есте сақталады. Балалық шақ- ең бақытты, ұмытылмайтын өмірлік сәт.

Қазисов Дамир 5"А" сыныбы

Шығарма


Балалық шағы- патшаның тағы

Балалық шақ мейірімді ертегі сияқты, бәрінің жанында өмір сүреді.Себебі балалық шағыңда ғана раушан күн жарқырап тұрады, ең ғажап гүлдер өседі, ең батыл армандар келеді. Балалық шақ- бұл бейғам, көңілді уақыт. Барлық ересектер: Кішкентай болғым келеді деп айтады. Әрине, біз балалық шағымызда ғана біз рогаткамен атамыз, қыздардың бұрымдарын тартамыз, қыста шанамен сырғанаймыз. Менің ата-анам бақытты балалық шағыма бәрін сыйлады. Мен оларға өте ризамын. Менің балалық шағым әрқашан жүрегімде болады.



Исенова Айдана 5"А "сыныбы

Шығарма


Білімдінің сөзі ем

Қыс келді. Айнала аппақ қар. Бүгін балалар ойнауға шығуға келісті. Ержан да ойнауға шыққысы келді. Ол апасына келіп:



  • Апа, далаға шықсам болады ма?- деп сұрады. Апасы:

  • Балам, сен далаға шықсаң ауырып қаласың,- деді. Ержан бұртиып ренжіп қалды.

Бір кезде апасы айтады:

  • Ержан, мен дүкеннен азық-түлік алып келейін,- деді. Ержан ішінен:

  • Алақай, апам кетсе, мен далаға шығамын,- деді. Есік тарс етіп жабылды. Ержан көзді ашып жұмғанша киініп, шығып кетеді. Айдос оны көріп:

  • Ержан, мұнда кел! - деп шақырды. Ержан оларға келді де:

  • Достар, білесіңдер ме, мен үйден рұқсатсыз шықтым,- деді. Ақылбек басын шайқап, бұл дұрыс емес екенін айтты.




Каталог: uploads -> doc -> 021c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
021c -> Ахмет Байтұрсынұлы
021c -> Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Сабақтың мақсаты
021c -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Негізгі ұғым дар
021c -> 3. 1 Паскаль программалау тiлi


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет