Мереке шошакўЛЫ



бет1/5
Дата18.06.2020
өлшемі56,5 Kb.
#73858
  1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-19453 (1)
тест сұрақтары информатика, тест сұрақтары информатика, тест сұрақтары информатика, тест сұрақтары информатика, 00045ebb-28a0bc48

Мереке ШОШАКҰЛЫ,

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Оқу үрдісінде оқыту әдістерін тиімді қолдану
3. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама

Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқьпу әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.

Оқу үрдісінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:

Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.

Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. В. А. Сухомлинский: "Сөз — ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың..."- деп оның маңызына ерекше назар аударады

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:"Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шүбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек".

Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. үрдістерін) байланысты да әрекет. жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет